ББС телеарнасының дүниежүзілік қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 09:55, реферат

Описание работы

Қазіргі заманғы теледидар әлемін массмедиалық бизнес тарихында өшпес ізі қалған компания - BBC телеарнасының Дүниежүзілік қызметінсіз елестету мүмкін емес. Құрылғаннан бергі жүз жыл ішінде BBC әлемнің бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары теңдесуге ұмтылатын жаһандық корпорацияға айналды. BBC көптеген адамдардың құрметі мен сеніміне ие болған телеарна: мұның дәлелі – 241 миллиондық аудитория.

Содержание

Кіріспе
1 BBC арнасының тарихы
2 BBC дүниежүзілік қызметінің «Жаңа тарихы»
3 BBC Worldwide Television хабар тарату аумағы
4 BBC World News арнасы
5 BBC Entertainment арнасы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

BBC ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗМЕТІ.docx

— 223.94 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 
 
 
 
 
 
 

BBC ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК  ҚЫЗМЕТІ 
 
 
 
 
 

Орындаған:

Нугманова Б.А. 

Тексерген:

Баймолда  Д. 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

    Кіріспе 

    1 BBC арнасының тарихы

    2 BBC дүниежүзілік қызметінің «Жаңа  тарихы»

    3 BBC Worldwide Television хабар тарату аумағы

    4 BBC World News арнасы

    5 BBC Entertainment арнасы 

    Қорытынды 

КІРІСПЕ  

    Қазіргі заманғы теледидар әлемін массмедиалық бизнес тарихында өшпес ізі қалған компания - BBC телеарнасының Дүниежүзілік қызметінсіз елестету мүмкін емес. Құрылғаннан бергі жүз жыл  ішінде BBC әлемнің бүкіл бұқаралық  ақпарат құралдары теңдесуге  ұмтылатын жаһандық корпорацияға айналды. BBC көптеген адамдардың құрметі мен  сеніміне ие болған телеарна: мұның  дәлелі – 241 миллиондық аудитория.

    Компания  жұмыскерлері әр түрлі ұлт өкілдері, бұл жұмыстың жоғарғы деңгейде өтуін  қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен  қатар әлемдік жаңалықтарды анағұрлым  тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. «Әр түрлі тілде жұмыс жасайтын топтардан алынатын көзқарастардың әр алуандығы – бұл BBC ғана жүзеге асыр алатын, басқа жаңалық таратушы ұйымдардың қызметінде кездеспейтін қосымша  кеңістіктің журналистикаға енуі», - дейді BBC дүниежүзілік қызметінің басшысы  Питер Хоррокс.

    Тағы  бір айта кетерлік маңызды жайт, BBC – дамушы, қол жеткен жетістіктерін  місе тұтып, бір орында тоқтап қалатын  компания емес. Ол әрдайым техникалық дамудың көптеген жетістіктері мен  жаңалықтарын компанияның қызметіне  бейімдеуге ұмтылады. Осы себепті BBC – көшбасшылар қатарында. Ол көп  жағдайда бірінші орындарда болды: BBC – алғашқы ұлттық және дүниежүізілік, алғашқы тәуелсіз, алғашқы жаңаық таратушы, алғашқы телевизиялық және алғашқы үйретуші станция. Танымдық бағдарламалар жасауда әлі күнге  дейін оған тең келетін арна жоқ: көптеген шетелдік, оның ішінде америкалық ең бірінші болып осы сала бойынша BBC-ге бәсекелес болуға ұмтылды, алайда көп ұзамай бұл ойларынан бас  тартып, дайын фильмдерді сатып ала  бастады. BBC, сонымен қатар, байланыстың  барлық мүмкін жолдарын пайдаланатын жан-жақты компания: енді сүйікті  бағдарламаларды iphone арқылы қайта қарауға, соңғы жаңалықтармен үйдегі теледидар  арқылы енуге болатын интернет жүйесі арқылы қайта танысуға болады. 
 
 

1. BBC АРНАСЫНЫҢ ТАРИХЫ 

    BBC (British Broadcasting Corporation) негізі 1922 жылдың 18 қазанында Британдық хабар тарату компаниясы ретінде қаланды. Ең алғашқы хабар осы жылдың 14 қарашасынан бастап тарата бастады. 1927 жылы компанияға патшайымның арнайы құқығы беріледі.

    

                  Көп ұзамай үкімет компанияны ұлттық деп жариялайды, дегенмен де ол редакциялық саясатында тәуелсіздігін  сақтап қалып, кең ауқымды өзіндік  басқаруға ие болады. Ұлыбританиядан тыс жерлерге хабарларын компания 1932 жылдың желтоқсанында тарата бастайды. Шетелдік хабар тарату қызметі сол 

кездегі «Империялық қызмет» деп аталды, оның негізгі мақсаты – Британдық  империяның ағылшын тілінде сөйлейтін  жергілікті халқын біріктіру болды. Хабар тарату басталғаннан кейін  көп ұзамай Георг V монархтардың ішінен ең бірінші болып радиоэфирде жаңа жылдық құттықтау сөзін сөйлейді. Ол өз сөзін «қарлы борандар мен аптап ыстықта жүрген, тек қана эфирдегі дауысты қана ести алатын адамдарға» арнайды.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Суретте: Хабар тарату үйінде (Тамыз 1932) 

    Алғашқы тұрақты телебағдарламаларын BBC 1936 жылдың қараша айында бере бастайды, бұл - басқа хабар тарату компаниялары енді-енді суретті қашықтықта берумен сынақ жүргізе бастаған кез еді. Эфирге ағылшын емес екі тілде (Латын Америкасы үшін испан тілі және араб тілі) шығатын екі қызмет 1938 жылы жұмыс жасай бастады. Ал Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін BBC жеті тілде хабар таратты. Соғыстың басталуымен байланысты хабар таратуды тоқтатқанға дейін арнаның аудиториясы 25-40 мың үйге жетті. Хабар таратуды тоқтатудың себебі мынау болды: хабар тарататын ультрақысқа толқындар неміс бомбалаушылары үшін керемет пеленгі болар еді, оның үстіне инженерлер мен техниктер де соғыс мақсаты үшін қажет болды.

    1946 жылы телехабарлар тарату Alexandra Palace ғимаратында қайта жанданады.

      
 
 
 
 
 
 
 

    Alexandra Palace (үстінен және  алдынан түсірілген  көрініс) 

    BBC Television Service кең ауқымды аудиторияны қамтитын әр алуан бағдарламаларды көрсете бастайды. Соғыстан кейінгі жылдарда жаһандық «транзисторлық даму» болып, соның арқасында халықта миллиондаған арзанқол радиоқабылдағыштар пайда болады. Бұл әлемде радиоаудиторияның тез қарқынмен өсуіне әкеп соқтырды, ал бұл, өз кезегінде, BBC дүниежүзілік қызметі мен басқа да көптеген хабар таратушылар арасында үлкен бақталастық тудырды. Соғыстан кейін BBC әлемдегі телекомпаниялардың алғашқысы болып жекеменшік білімдік телебағдарламалар мен танымдық деректі телехикаялар шығара бастайды, мысалы, «Живая природа» және «Прогулки с динозаврами». 1946 жылы Ұлыбританияда арналар рейтингі бойынша үшінші орында тұрған BBC Two (екінші орында ITV тұрды) арнасы ашылғаннан кейін BBC TV атауын BBC One деп ауыстырады. Battersea электростанциясындағы өрт Лондон бойынша электр қуатының өшуін тудырған еді, осыған байланысты 1964 жылдың 20 сәуіріне жоспарланған арнаның салтанатты ашылуы кейінге қалдырылады. Артынан ашылу шамшырақтың жарығымен өтеді. BBC Two британдық арналардың алғашқылары болып ультражоғары жиілік диапазонында хабар тарата бастайды. Осы аталған бірлестік жасап шығарған Дэвида Аттенбороның «Жизнь на Земле», «Частная Жизнь Растений», «Голубая Планета» и «Планета Земля» атты бағдарламалары бүкіл әлемге танымал. 1967 жылы BBC Two Еуропадағы түрлі-түсті теле бағдарламалар көрсете бастаған алғашқы арна болды (BBC One және ITV түрлі-түсті бағдарламаларды тек 1969 жылдың қараша айында көрсете бастады).

    1974 жылы ВBC алғашқы Ceefax телемәтін жүйесін – мәтін мен қарапайым суреттер таратуды қамтамасыз ететін телевизиялық желілік қызметті көпшілік назарына ұсынады. 1988 жылы Сыртық қызмет атауы BBC Дүниежүзілік қызметі болып өзгереді.

    Бүгінгі таңда BBC иелігінде екі эфирлық және үш кабельдік телеарналар бар. Бұдан басқа, оның құрамына 14 ұлттық сандық радиостанция, екі интернет-сайт және 40 журнал енеді. Өз елінде BBC-дің 20 түрлі телеарнасы бар, оның қатарына тәулік бойы көрсететін жаңалықтар арнасы - BBC News та кіреді.

    BBC 12 адамнан тұратын директорлар кеңесімен және Бас директормен басқарылады, бас директорды үкіметтің ұсынуы бойынша патшайым тағайындайды. Қаржы жағынан алғанда, BBC дүниежүзілік қызметі Foreign Office (Ұлыбританияның Сыртқы істер және Халықтар Достастығы істері бойынша министрлігі) бюджеті есебінен қаржыландырылып отырды, бірақ 2010 жылдың қазан айында министрлік бұл міндеттен бас тартып, BBC-ді Британдық хабар тарату корпорациясы қаржыландыра бастайды.

    Компания  қызметінің заңнамалық негізі Британдық  телерадио корпорациясының негізі болып табылатын хартия-жарғыдан тұрады. Қазіргі Хартия 2007 жылы өз күшіне енді, оның қызметі 2016 жылдың соңына қарай  тоқтайды. Бұл құжат BBC-дің редакциялық тәуелсіздігін толықтай мойындайды және корпорацияның қоғамдық мақсатын, рөлін және құрылымын анықтайды. Бұдан басқа, хартияда BBC-дің негізгі құндылықтары белгіленген:

    1. Сенім – BBC негізі, біз – тәуелсізбіз, әділміз және адалмыз.

    2. Аудитория – біздің қызметіміздің  негізі.

    3. Біз өз жұмысымыздың сапасымен  мақтанамыз.

    4. Шығармашылық – біздің ұйымымыздың  жаны мен тәні.

    5. Біз барлығын құрмет тұтамыз  және әрқайсысына қолынан келетінін  жасауға мүмкіндік береміз.

    6. Біз – бірыңғай BBC-міз: біз бірігіп жұмыс істегенде, алынбайтын қамал жоқ!

    Қазіргі кезде BBC 32 тілде хабар таратады. Соңғы жаһандық зерттеулерге қарағанда, BBC аудиториясы аптасына 183 миллион тыңдарманды құрайды. Бұл миллионның 37,6-на жуығы BBC-ді ағылшын тілінде тыңдайды.

    Дүниежүзілік  қызметтің бас ғимараты – Буш-хаус. Бұл атау осы ғимаратты салған Ирвинг Буш есімді адамның құрметіне  қойылған. Ол – нью-йорктық «Bush Terminal» компаниясының иегері.  
 
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Суретте: Буш-хаус 

    BBC қызметкерлері өздерінің мақсаты – адамдардың өмірін ақпарат беретін, үйрететін әр түрлі бағдарламалармен қанықтыру, сондай-ақ анағұрлым шығармашылық ұйым болу деп біледі. 
 

2. BBC ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ «ЖАҢА ТАРИХЫ» 

    1991 жылы BBC компаниясы үшін спутниктік кезең басталды. 1992 жылдың 15-сәуірінде Африкаға хабар таратыла бастайды. Сол кездегі стратегиялық мақсат – BBC жаһандық арнасын құру болды, ал бұл 1993 жылы жүзеге асты. Лондонда құрылған бағдарлама, негізінде, BBC-дің бұрын көрсетіліп жүрген телевизиялық бағдарламаларының жиынтығынан тұрды. Кешкілік уақытта BBC Дүниежүзілік қызметі ауа райы болжамы мен қаржы саласындағы ақпараттарды хабарлайтын жарты сағаттық жаңалықтар легін көрсетіп жүрді. Ал бағдарламаның қалған уақыты телевизиялық очерктерден, театрлық қойылымдардан, жеңіл көңіл көтеретін әуен-саздан, спорттық және балаларға арналған көрсетілімдер мен жаңалықтардан тұрды.

    BBC Worldwide Television компаниясы – BBC-дің басты коммерциялық саласы – BBC-дің теледидар саласындағы коммерциялық және халықаралық қызметіне қатысты нәрсенің барлығына жауапты. Бұл – хабар таратудың ірі халықаралық операторы және BBC-дің сопродюсері. BBC Worldwide Television 1994 жылдың мамыр айында BBC Enterprises телевизиялық бөлігі мен BBC World Service Television іскер арнасын біріктіру негізінде құрылды.

    1994-95 жылдары BBC Worldwide арнасына 80-нен астам елде бағдарлама көрсету үшін 14500 сағаттық хабар тарату патенті беріледі, бұл BBC-ді телебағдарламалардың ірі еуропалық экспорттаушысына айналдырды. Олардың арасындағы ең танымалдылары: «Большая белая акула», «Середина марта», «Совершенно невероятно». BBC Worldwide Television арнасының өздерінің бағдарламалық саласында маманданып жүрген, BBC-дің қойылым департаментімен, тәуелсіз өндірушілермен және сегіз шетелдік офистермен жұмыс жасайтын арнайы топтары бар. Бұл топтар халықаралық деңгейдегі лицензияларды алу мақсатында басты-басты бағдарламалар үшін инвестиция саясатын, маркетинг және комерциялық стратегияны анықтайды. 1994-95 жылдардың өзінде 14 елдің хабар тарату ұйымдарымен ынтымақтастық жөнінде 111 келісімшарт жасалды, ал BBC Worldwide Television арнасының Канна қаласында өткен фестивальдағы (MIPTV Programme Market) келісімшарттарының көлемі 15,4 млн фунт стерлингке жеткен.

    BBC Worldwide Television арнасының Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Торонто, Сидней, Гонг-Конг, Токио, Париж және Кёльн қалаларында шетелдік өкілдері бар.

    1995 жылдың қаңтар айында BBC World Service Televisions (жаңалықтар және ақпараттық арна) BBC World болып атауын өзгертеді және Еуропада жұмыс істеу мақсатында қайта ұйымдастырылады. Жаңа арна BBC Prime (қазіргі - BBC Entertainment) арнасына қосылып, BBC World Service Televisions компаниясының негізгі телеарналары мен бағдарламалары көрсетілімге қайта жіберіледі.

    2005 жылдың 25 шілдесінен бастап BBC арнасының басшылығы ішкі цензура енгізеді. Бұдан былай, BBC асқан қатыгездікті бейнелейтін көріністерді көрсетуді тоқтатты. Ол үшін тікелей эфирде шығатын барлық көрсетілімдер, оның ішінде қатыгездік кадрлары болуы мүмкін көрсетілімдер эфирге бірнеше секундқа кешігіп шығатын болды. Осы уақыт ішінде арнайы комиссия анықтаған зорлық-зомбылық эпизодтары кесіп тасталынады.

    Дүниежүзілік  қызметтің өзі бірнеше рет  айтқандай, бір орында тұрып қалуға жол бере алмайды, сондықтан технологиялық  өзгерістерден қалыспау үшін компания өзінің қызмет түрлерін жаңартып, ескілерін  модернизациялап отырады. 2006 жылы BBC жоғарғы айқындылық – HD форматындағы теледидардың қол жетімді көрсетілімін іске қосады. BBC-дің HD арнасы Ұлыбританияда жергілікті эфирлік теледидарда, сондай-ақ Astra 2D серігінен тәулік бойы көрсетіліп тұрады. 2010 жылдың 3 қарашасында BBC жоғарғы айқындылық форматындағы тағы бір арнаны іске қосады: BBC One HD – BBC-дің HD форматындағы екінші арнасы. Және 2012 жылғы Лондон олимпиадасын BBC тек HD форматында көрсететін болады.

    2007 жылдың шілде айында BBC әзірге тек Ұлыбритания тұрғындары қол жеткізе алатын жаңа қызмет түрін ұсынды. iPlayer – бұл компьютер арқылы телевизиялық бағдарламаларды көруге мүмкіндік беретін қолдануға ыңғайлы гаджет. Осы құрылғының арқасында соңғы жеті күннің телебағдарламаларын көруге болады, сондай-ақ тікелей және жазылған радиохабарларды да тыңдауға мүмкіндік бар.

    Біріккен  Патшалықтың тұрғындары телебағдарламаларды  iPlayer арқылы тегін көре алады; бұл бағдарламалар жоғарғы сапада және жарнамалық үзінділерсіз ұсынылады. Теле- және радиохабарларды жүктегеннен кейін компьютер қолданушы оны 30 күн ішінде көріп бастап, 7 күн ішінде аяқтауға тиіс. Осы жылы BBC Британдық телехабар тарату корпорациясы жаңа қызмет түрін – теледидар арқылы интернетке кіру қызметін іске қосты.

    Жетістікке  жеткен жағдайда бұл мемлекеттік  корпорация Интернет нарығында көшбасшылардың біріне айналуы мүмкін.

    2009 жылы BBC-да сандық коммуникациялардың жаңа бөлімі пайда болды. Бұл BBC-дің жер серігі және сандық қызмет көрсету арқылы сандық хабар таратуға деген қызығушылығымен байланысты, сонымен қатар, сандық теледидардың аудиториясы да күн санап өсуде. Жаңа бөлімнің жетекшісі болып бұрын BBC Vision-ды басқарған Пол Элмонд тағайындалды. Дәл осы жылы BBC жаңа қызметті іске қосты – өз телебағдарламаларын ұялы телефондар арқылы беру. Көреремендер ұялы телефон арқылы BBC One, BBC Four, CBeebies және BBC News сияқты арналардың бағдарламаларын көре алады.

Информация о работе ББС телеарнасының дүниежүзілік қызметі