Қоғам және Журналистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 18:25, реферат

Описание работы

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.

Работа содержит 1 файл

Қоғам және журналистика.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Журналистік айғақтаманың мәні және әлеуметтік          жауапкершілік мәселелері

       Журналистік айғақтама дегеніміз не? Журналистік айғақтама дегеніміз журналистің тек тексерілген, шынайы фактілеррге сүйене отырып, қоғамдағы «мен мұндалап» тұрған келеңсіздіктерді дәйекті түрде әшкерелеуі.

     Барлық  журналистік айғақтамаларды бастауға түрткі болатын нәрсе -конфликт, яғни қайшылық.

     Конфликт  дегеніміз – қарама- қайшылықтардың шарықтау шегіне жетуі. Мысалы, шенеуніктің  пара алуы, біреудің қылмыс жасауы азамат пен заңның қайшылығы. Журналистік айғақтаманы бастарда конфликтінің субъектісі мен объектісін анықтап алу керек.

     Конфликтілерді  В.В. Ворошилов бірнеше топқа бөліп  қарастырады: таралу көлеміне қарай  – ғаламдық, ұлттық, аймақтық және жеке; көрініс табатын салаларына орай – экономикалық, саяси, экологиялық, ұлтаралық, қарулық, тұрмыстық; көрініс табу деңгейіне орай – асқынған, басылған, созылған, өсіп келе жатқан.

     Журналист әлеуметтік, ұжымдық, моральдық қақтығыстарға  да айғақтама жүргізе алады. Саяси, рухани, діни, экономикалық қақтығыстар әлеуметтік құндылықтар да журналистік айғақтамаларға арқау бола алады. /5/ Журналистік айғақтамалар саяси тұрақтылықты, заңның беделін, тәртіпті, әділдікті, қапайым халықты қорғау үшін қолға алынады.

     Журналистік айғақтама жанр ма, әлде пішін бе, әлде қызмет түрі ме деген сауалдың туындауы да орынды. Өзге де салалар сияқты журналистика да бір орында тұрмайды, үнемі дамып, жетілу үстінде. Қазір журналистика теориясы мен практикасында әдіс, формат деген жаңа ұғымдар пайда болды. Жанр пішін сияқты ұғымдар қазір ауызға көп алынбайды.

     Оның  үстіне жаһандану ғасырында қолданыста жанрлардың синтезі жүріп, олар түрлі  кейіпке еніп, жаңа атаулар ала  бастады. Қазір телеарналарда бағдарлама, жанр деген ұғымдар емес, жоба, идея, әдіс деген ұғымдар көп қолданылады.

     Сонымен, журналистік айғақтаманы пішін  деп есептеуге бола ма? Айғақтаманың деңгейі, көтеретін жүгі, оған қойылатын  талаптар пішін дәрежесінен жоғары. Журналистік айғақтаманы зерттеген  бір де бір ғалым оны пішін  деп жазған жоқ.

     Ресей ғалымы А.А.Тертычный журналистік айғақтама туралы былай деп жазды: «Достаточно долгое время понятие «журналистское расследование» в отечественной прессе и в науке о журналистике воспринималось как синоним журналистского исследования действительности. И в этом плане оно обозначало собой сбор материала, связанного с анализом различных проблем общественной жизни, подготовкой выступлений прежде всего в жанрах аналитической статьи, очерка, фельетона. И лишь с началом перестройки общества в обиход отечественной журналистики вошло то понимание журналистского расследования, которое на Западе уже обозначало определенный жанр журналистских публикаций» деп жазады. /6/ Сонымен қатар, Б.Н.Лозовский журналистік терминдер сөздігінде журналистік айғақтаманы аналитикалық жанрлар топтамасына енгізген. /7/ Бірақ журналистік айғақтаманың өзі репортаж жанры түрінде жасалады, оның ішінде міндетті түрде сұхбат жанры қолданылады. Жанр белгілі бір қатаң талаптарға бағынуды қажет етеді. Ал журналистік айғақтама жанр сияқты қатып қалған талаптың шеңберімен шектелмейді, шындықты ашудың кез келген тәсіліне жүгінеді, қандай жолмен болсын әділдікті ашуға әрекет жасайды. Демек, журналистік айғақтаманы жанр деп есептеу ғылыми дәлдікке сай емес.

     Орыс  ғалымы В.В.Ворошилов журналистік  айғақтаманы «журналистік қызметтің бір түрі» деп атайды. «Журналистское расследование не похоже на другие виды журналистской деятельности. Его основные особенности в том, что журналисты зачастую работают с сырым материалом, проводя множество интервью либо подбирая факты, цифры и сопоставляя их; а сама выбранная тема продолжительно связано с сомнительными делами или халатностью, но доказательств этому нет,…» деп жазады тәжірибелі журналист әрі ғалым Ворошилов. /8/ Америкалық ғалым Дэвид Рэндаллдың да журналистік айғақтама туралы түсінігі осыған келіп саяды. /9/ «Қызмет түрі» деген ұғым жалпылама айтылған. Айғақтама жасауда журналистің ерен еңбек ететіні рас. Журналистикадағы өзге шығармалармен салыстырғанда журналистік айғақтамаға көп жұмыс шығындалады және ұзақ уақыт кетеді. Бірақ журналист айғақтама жасауда еңбек етумен ғана шектелмейді ғой, шығарма да жазады, сюжет дайындайды. Сонда ол тек қызмет түрі емес, шығармашылық түрі болып табылады. Журналист кәсіпкер ретінде халыққа, яғни тұтынушыларға өнім дайындайды. Демек журналистік айғақтаманың анықтамасы қызмет түрі деген сияқты тек журналистке қатысты емес, журналист өніміне де қатысты жасақталуы керек.

     Ресейдің  Журналистік айғақтама агенттігінің директоры, тәжірибелі журналист әрі  ғалым, журналистік айғақтамаларының негізінде жазылған атышулы «Бандитский Петербург» романының авторы Андрей Константинов журналистік айғақтаманы әдіс деп есептейді. Ресейдің Мәскеу облысы Пушкин қаласында 2001 жылдың сәуір айында өткен Айғақтаушылар қауымдастығының конференциясында Андрей Константинов журналистік айғақтаманың табиғатын былай түсіндірді: «С нашей точки зрения, расследование - это определенный метод работы, которым нужно овладеть и который приведет к определенному результату. В мире спорят, стоит ли его выделять в отдельное направление. Некоторые наши коллеги, например, считают, что любой добросовестный материал уже несет в себе его элементы а москвичи выделяют журналистское расследование в отдельный жанр. Мы считаем, что прежде всего это метод. И если им владеть, то можно потом написать материал в любом жанре.» /10/

     Жоғарыда  аталып өткен Тертычный өзінің тағы бір еңбегінде журналистік айғақтамаға  жан жақты анықтама береді: «Расследование журналистское - это особый метод сбора, проверки, обработки информации, а также форма (жанр) журналистского выступления. РЖ предполагает: наличие необходимого и достаточного количества не только открытых, но и конфиденциальных источников информации, юридическую поддержку и защиту журналистов, деловых связей с силовыми и контрольными ведомоствами, развитых аналитических способностей, соблюдение специфических правил техники безопасности. Цель РЖ - в обнародовании фактов правонарушений, обеспечении функции общественного контроля за деятельностью облеченных властью и влиянием лиц». /11/

     Магистрлік  жұмысты зерттей келе біз журналистік айғақтаманың өмірге келгеніне екі ғасырдай уақыт өтсе де, әлі шикі екеніне, ғылыми негізделіп бітпегендігіне көз жеткіздік. АҚШ-та, өзге де Еуропа елдерінде, Ресейде журналистік айғақтама тәжірибеде біршама уақыттан бері кеңінен қолданылып келе жатыр. Алайда сол елдердің ғалымдары журналистік айғақтамаға ғылыми негізделген анықтама бере алмай келеді. Түрлі елдерде осы әдіске арналып жыл сайын оқу-әдістемелік семинарлар өтеді. Сол жерлерде журналистік айғақаманың сипаты мен ерекшелігі талқыланады, ғалымдар мен журналистер өз пікірлері мен дәйектерін ұсынады. Демек, әлем бойынша журналистік айғақтаманың табиғатын түсініп, ашуға, оған теориялық анықтама беруге әрекет жасалып жатыр.

     Жоғарыда  тізбектеліп өткен пікірлерді ескере келе және осы тақырыпты терең зерттей келе біз де журналистік айғақтама – журналистік әдіс деген тоқтамға келдік. Себебі, журналистік айғақтама әдіске қойылатын талаптарға жауап береді. Оның мақсаты, пәні, субъектісі, объектісі, жүргізілу тәсілдері бар.

     Журналистік айғақтаманың өзіндік ерекшелігі төмендегідей талаптарымен айқындалады:

    - айғақтаудың мақсаты;

    - айғақтаудың пәні;

    - айғақтаудың әдісі;

    - айғақтауды жариялау тәсілі.

 Журналистік айғақтаманың мақсаты белгілі бір құбылыстың, үрдістің пен жағдайдың себебін анықтап, жасырын тұстарын тауып алу, соның нәтижесінде қандай да бір нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Айғақтаушы журналистің ең көп қолданатын сұрағы «неге?». Бұл әдіс үшін тағы бір маңызды сауал «қалай?». Дәл осы сұрақтың жауабы журналистік айғақтама материалының ішіндегі ең көп орынды алады. Айғақтаушы журналист нақ осы сауалдың жауабын іздеуге алтын уақытының басым бөлігін жұмсайды.

    Журналистік айғақтаманың пәні, яғни объектісі болып, әдетте, қоғамдағы «мен мұндалап» тұрған негативті құбылыстар (түрлі қылмыстар, қоғамның немесе азаматтардың наразылығын тудырған құбылыстар) саналады. Бұл құбылысты байқамау мүмкін емес. Нақ осы негативті, яғни жағымсыз құбылыс белгілі бір адамдардың әрекеттірінің нәтижесінде не болмаса олардың салғырттығының нәтижесінде орын алса, ол адамдар бұл құбылыстың тамырын жасырып, ізін суытып жіберу үшін, жарияланбауы үшін, жылы жабылып, ұмытылып кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бұл жағдай әрине журналистің айғақтама жүргізуін тіпті қиындата түседі. Осының әсерінен журналист ақпарат алудың әдістерін барынша көбейте береді. Журналистің бұл әрекеті оны бір жағынан тергеуші, із кесушіге, яғни қылмыстың тергеу инспекторына ұқсатса, екінші жағынан зерттеуші ғалымға ұқсатады. Бұл ұқсастық, туыстық ең алдымен журналистің терең талдағыштығынан көрінеді. Тергеуші де, ғалым да айғақтаушы журналист те үлкен мәселенің шешімін табу үшін, шындыққа қол жеткізу үшін оған қатысы бар әрбір ұсақ- түйек детальдарды жиып – тереді. Бұл түзу жолды табу мақсатында жасалады. Осы жолмен жүре отырып айғақтаушы журналист өз ізімен көрерменді, оқырман мен тыңдарманды ерте жүреді. Журналистік айғақтаманың осы қасиеті оны детективке ұқсатады.

    Әдеби көркем детективте тергеушінің оқиғаның шиеленіскен түйінін шешу мүмкіндігіне қарай жаңа кейіпкерлер танылатын болса, журналистік айғақтаманы жүргізуші өзіне ақпарат беріп отырған айғақтамаға қатысушылардың басым бөлігін жасырын ұстайды. Белгілі себептерге орай, ақпарат берушілер қауіпсіздігі мұнда ең өзекті мәселе. Журналистиканың өзге әдістерінде ақпарат көздерін құпия ұстау қажеттілігі өте сирек ұшырасады.

    Журналистік айғақтамаға тән тағы бір қасиет – автордың өзі оқиғаға қатысқан кейіпкерлердің бірі ретінде көрінеді. Журналистік айғақтама қалай  жүргізілді, оны жүргізу барысында  қандай кедергілер ұшырасты, неге таң қалды деген тәрізді өзінің эмоциялық сезімдерін айта отырып журналист айғақтаманың жүру процесін шынайы, әсерлі етіп береді. /12/ Журналистік жанрлардың барлығында бірдей айғақтамадағы тәрізді автор бірінші жақта сөйлеп, кейіпкерлермен бір деңгейде тұра алмайды. Мәселен, мақалада журналист үшінші жақта сөйлеуі тиіс.

    Журналистік айғақтаманың әдіс ретіндегі негізгі  ерекшелігі – онда автор проблеманы алға тартумен және оны өз бетімен  зерттеумен, берумен ғана шектелмейді. Айғақтаушы журналист өзге құрылымдардың, адамдардың, мамандардың көмегіне жүгіне алады. Айғақтаушы журналист алға тартылған сұрақтарға беруге болатын жауаптардың варианттарын ұсына алады, өз жасаған жұмысынан қорытынды жасап, оны эфир арқылы жариялай алады. Журналист өз пікірін мәтінге жазып, ашық айтпаса да, оны жинаған фактілері мен куәгерлері арқылы бере алады. Немесе журналист фактіні, комментарийлерді беріп, оқиғаның сипатын суреттеумен ғана шектеліп, оқырманды өз бетінше «өзінің ойындағыдай» қорытынды жасауға бейімдей алады.

    Жоғарыда айтылып өткендей, журналистік айғақтама барлық жағынан құқық қорғау органдары жүргізетін тергеуге ұқсайды. Журналистке, яғни айғақтаманы жүргізушіге келтіріп отырған дәйектерінің растығын дәлелдей алатындығын қамдауы керек. Дәйектер мен фактілердің ішіндегі ең бұлтартпас әрі ең қымбаты айғақтау пәні немесе объектісі болып отырған адамға жақын адамдардан (әйелінен, баласынан, туған туыстарынан, достарынан, қызметтестерінен т.б.) алынған ақпараттар болып табылады.

    Қажетті мәліметтердің бірқатарын журналист ашық ақпарат көздерінен, яғни, газет, журнал, телевидение мен радиодан, кітапханалардан, компьтерлік мәлімет базасынан, интернеттен (үкіметтік құжаттарға қатысты) ала алады. Ең пайдалы ақпарат ең алғашқы ақпарат. Мәселен, қай құжатты қай мемлекеттік органнан, қай министрліктен алуға болады, кім осы мәселе жөнінде қандай ақпарат бере алады, тағы басқалар. Дегенмен, айғақтау пәні болып отырған нәрсеге тікелей қатысы бар ақпараттардың негізгі бөлігі, журналистік айғақтауда ақпарат жинауға кедергілердің көп екендігін ескерсек, үлкен маңдай тердің арқасында жиналады.

     Журналистік айғақтама жүргізген тұста журналист  мәлімет алудың түрлі тәсілдерін қолданады – бақылау, сұхбат, құжаттарды сараптау тағы басқалар. Журналистік айғақтама жүргізуде ақпарат алудың ресми және бейресми әдістері қолданысқа енеді. Тек ресми жолмен айғақтамаға қажетті толыққанды ақпарат жинақтау мүмкін емес, негізгі маңызды ақпараттар бейресми әдістердің арқасында астыртын жолмен алынады. Мысалы, «кәсіпті ауыстыру». Базардағы шпаналар қалай жұмыс істейтінін білу үшін журналист белгілі бір уақытқа базарда сатушы бола алады, дәрігердің ауруға салғырт қарайтынына көз жеткізу үшін журналист ауруханаға жата алады тағы сол сияқты. Мысалы, «Оңтүстік астана» телеарнасының журналистері Индира Оразалинова мен Нұрдана Тілеубаева 2003 жылдың маусым айында Алматы қаласындағы кафелердің біріне ыдыс жуушы болып жұмысқа кіреді. Олардың қалталарында дыбыс жазба қондырғылары бар болатын. Екеуінің мақсаты – кафе егесінің құжаты жоқ жас қыздарды жұмысқа алып, бір – екі ай жұмыс істетіп, жалақысын төлемей шығарып жіберетін әділетсіздігін әшкерелеу болатын. Шын мәнінде Алматы қаласында ауылдан келген төлқұжаты, тіркелімі, салық төлеуші нөмірі жоқ қыздарды аз ғана жалақымен жұмысқа алатын немесе жалақысын мүлдем бермейтін кафелер көп болатын. Екі журналист дыбыс жазбалары және сырттан жасырын камерамен түсірілген бейнежазбалары арқылы мақсаттарына жетіп, осындай келеңсіздіктің бар екенін, оған қоса ас орнының антисанитариялық жағдайда екендігін дәлелдеп шықты. Журналистік айғақтаманың эфирден берілуі нәтижесінде Санитарлық эпидемиологиялық басқарма, еңбек инспекторлары, прокуратура органдары аталған орынға тексеру жүргізіп, аталмыш кафенің қызметін тоқтатып тастады. Және бұл оқиға басқа да мейрамханалар мен асханаларды, қызмет көрсету орындарын тексеріп, түрлі келеңсіз жайттарды ашуға түрткі болды. /13/

     Әрине, негізінен болған оқиға, орын алған  заңсыздықтар туралы толыққанды мәліметті, бұлтартпас дәйектерді тек құқық  қорғау органдары ғана еш кедергісіз ала алады. Сондықтан журналистік айғақтамалар барысында құқық қорғау органдарымен немесе органның жекелеген мамандарымен тығыз байланыста болған ыңғайлы. Бұл формальды қатынас бола ма, әлде жеке адами қарым – қатынас бола ма айырмашылығы жоқ. Ол дер кезіндегі ахуалға байланысты. Журналист пен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым – қатынастың сипаты журналситік айғақтаманың сапасына әсер етпейді. Байланыс нәтижесінде айғақтамаға қажетті маңызды мәлімет алынса болғаны. Әдеттегідей полиция немесе прокуратура алынған ақпараттарын жариялауға негізінде қызығушылық танытпайды. Өйткені, ақпараттың бей-берекетсіз таралып кетуі қылмысты ашуға кедергі келтіруі мүмкін. Ақпараттардың құпия ұсталуының бұдан өзге де себептері бар, мәселен, құқық қорғау органдары үлкен қылмысты ашуда алған «атақтарын» журналистермен бөліскісі келмейтіндіктен болар немесе белгілі бір шенеунік зерттеу барысын қадағалап отырғысы келгендіктен болар, көбіне құқық қорғау органдарының жемқорлыққа бой алдырғандығынан олар журналистермен тығыз байланыс орнатудан аулақ болуға тырысады. Сондықтан ақпараттың көпшілігін журналист астыртын жолмен, құқық қорғау жүйесінде қызмет ететін достарынан, туыстарынан, т.б. таныстарынан алады. Ақпарат алудың күрделілігі де айғақтаманы қиындата түседі. Себебі, журналистік айғақтаманың қорытынды шешімі болуы қажет. Сол шешімдегі келтірілген дәйектерге дәлелдер жеткіліксіз болса, журналист қорытынды шешімін негіздей алмайтын болса ісі зая кетіп, жариялаған айғақтамасындағы мәліметтердің растығын дәлелдей алмай өзі жауапқа тартылуы мүмкін. Журналистік айғақтама жүргізетін журналистке заңдарды, заңдық күші бар құжаттарды жақсы білу қажет. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы осы әдіске қалам тербеген журналистерден үлгі алып, кеңесіне құлақ асқан жөн. Өзінің аты шулы журналистік айғақтамалары арқылы АҚШ тың «Нью Йорк пост» газетінің рейтингін көтерген журналист Майкл Берлин мынадай кеңес береді: «Егер журналист өз ісі үшін сотқа жауапқа тартылуға дайын болмаса құжат ұрлауға, ақпарат сатып алуға, жеке меншікке жататын аумаққа кіруіне болмайды. Және ең бастысы қандай жағдай болмасын ақпарат көзін ашып қоюға болмайды.» /14/

Информация о работе Қоғам және Журналистика