Радио хабардың қазіргі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 08:46, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.

Работа содержит 1 файл

ІV ТАРАУ радио хабардың казіргі турлері курсавой.docx

— 65.90 Кб (Скачать)

Ақпаратты-музыкалық және музыкалық радиостанциялардың  хабарлар сеткасын дайындау принциптерінің бірнеше  факторлары бар:

- аудитория көлемі (тұрғындардың саны, әлеуметтік, демографиялық құрамы және олар бұл станция жұмысын қажетсіне ме деген сұрақ маңызды);

- музыкалық хабардың сан-салалығы, көп бағыттылығы (ақпараттық, ағартушылық, қоғамдық-саяси, білім берушілік, көңіл көтерушілік, немесе арнайы белгіленген хабар түрі. Мысалы, зейнеткерлерге арналған музыка немесе жастар үшін музыка т.б.);

- жарнама көлемі;

- радиостанциялардың техникалық жарақталандыруы. Мысалы, бүкіл эфирлік мәтіндерді машинкамен терушілер өндірістен алынып, ол компьютермен жүзеге асырылады. Көптеген радиостанциялар сандық құралдармен жұмыс істейді.

Коммерциялық форматты радио  мен мемлекеттік форматты радиолардың  хабарлар сеткасымен танысу арқылы олардың  үлкен айырмашылықтарына көз  жеткізуге болады: Мысалы, «Шалқар  радиосының» хабарлар сеткасынан дүйсенбілік  кесте:

06.00.-06.04. Қазақстан  Республикасының Әнұраны. Ролик.

06.05.-06.30. Қайырлы  таң. Концерт. Атадан қалған  асыл сөз.

06.35.-06.59. " Қайырлы  таңның" жалғасы.

07.00.-09.00. "Таңшолпан"  ертеңгілік көңілашар бағдарламасы.

07.00.-07.05. Жаңалықтар.

07.00.-07.05. Ролик.

07.05.-07.10. Ән әуен.

07.10.-07.15. Ұлылар  өміріндегі арулар.

07.15.-07.20. Ән әуен. Ролик.

07.20.-07.25. Біздің  күнтізбе.

07.25.-07.30. Домбыра  сазы.

07.30.-07.35. Пайғамбардың хадистері. Ролик, ән әуен, ролик.

07.45.-07.50. Шығыс  әлеміне саяхат.

07.50.-07.59. Халық  музыкасы. Ролик, жаңалықтар, ролик.

                       Қазақ хандары мен билері

08.10.-08.15. Ән әуен.

08.15.-08.20. Қазақы  жұлдыз жорамал.

08.25.-08.30. Поэзия.

08.35.-08.40. Құс жолы.

08.45.-08.50. Ақ бата.

09.10.-09.25. Туған  жер әуендері.

09.25.-09.35. Адам. Ғұмыр.  Қолтаңба.

09.40.-09.59. Саз сиқыр.  Концерт.

10.10.-10.25. Халық  композиторларының әндері мен  күйлері.

10.25.-10.35. Апта.

10.35.-10.40. Баспасөзге  шолу.

10.40.-10.50. Жеке  орындаушылар. Ән бесік. Жеке авторлар.

11.30.-11.59. Ашық әңгіме (бұл ретте білім беру саласы туралы).

12.25.-12.35. Қойын дәптер, концерт, ролик, жаңалықтар,

                          атадан қалған асыл сөз.

14.10.-14.25. Өткен  жылдар әндері.

14.25.-14.40. Қара шаңырақ.  Ролик, концерттер, жаңалыктар.

15.25.-15.35. Алаш  көсемсөзі. Ролик, Жаңалықтар, Күй,

Ән әуен, Ролик.

16.30.-16.40. Алдаспан. Ән әуен. Ролик.

16.45.-16.59. Бізге қымбат дауыстар. Роликтер. Жаңалықтар.

                       Ән әуен.

17.10.-17.59. Интерактив. Ролик.  Жаңалықтар. Ән әуен. Ролик.

                        Концерт.

18.30.-18.59. Алтын  қорға саяхат.

19.25.-19.50. Аты жоқ  көкек.

20.05.-20.59. Сазды  сәлем.

21.05.-21.25. Кешкі  ертегі.

 

21.30.-21.50. Қаламгер. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

                        халық музыкасы.

22.30.-22.59. Алтын  қор. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

                         халық музыкасы.

23.00.-23.05. Тәулік  тұжырымы.

23.05.-23.55. Жұлдызды түн.  Муз. сағат. Ролик.

23.57.-24.00. Әнұран.

 

Ал, енді коммерциялық бір арнаның хабарлар сеткасын алайық, мысалы, "Европа плюс Қазақстанның" бір күнгі бағдарламалары:

 

Әуе толқынында ди-джейлердің музыкалык хабары.

Жаңалықтар - 5 минут

Авторлық бағдарлама 5 минуттан 0,5 сағ. дейін

Баспасөзге шолу. Күніне бір рет.

Радиотыңдармандар өтініштері бойынша бағдарлама - күндіз 1 сағат,

  кешке 2 сағат.

Эротикалық шоу. Түнгі 12.00.-ден  таңғы 06.00.-ге дейін.

Бұл аталған бағдарламалар арасында жарнамалар беріліп отырады.

 

Хабарлар сеткасы  келтірілген екі арнаның бағдарламаларының ерекшеліктері ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Халықтың мүддесін көздеген хабарларымен көзге түсіп тұрған  "Шалқар" арнасындағы жұмыс көлемі де орасан ауқымды.

Жаңа қоғамдық өзгерістерге байланысты атқарушы қызметкерлердің  көпшілігі қысқартылып, шағын адамдармен ғана жұмыс істеу форматты радиостанциялар  мүддесіне айналды. Мысалы, коммерциялық радиоарналарда:

- арнаның иесі немесе демеушісі – Бас директор

- коммерциялық директор, бағдарлама директоры – ақпараттар бөлімінің бастығы;

- ди-джей ( музыкалық жүргізушілер);

- хатшы

- инженерлер

Ал, аса ірі қалаларда бірнеше ондаған радиостанциялар жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Өйткені аудиторияның көлемі өскен сайын тыңдармандардың сұранысында өзгеріс, алшақтық пайда болады. Енді олардағы қызметкерлер саны көбейеді. Мысалы, басшылардан басқа PR-қызметкерлері, музыкалық бағдарлама директоры, фонотека меңгерушісі, маркетинг-менеджер, жарнама бөлімі менджері, саунд-продюсер (дыбыс режиссері), ақпараттар қызметінің басшысы, әр түрлі бағыттағы жүргізушілер сияқты жаңа қызметтер қосылады.

Мыңдаған, миллиондаған ірі аудиториясы бар хабар таратушы ұйымдардағы қызметкерлер саны 70-100-дей адам болады. Мұндай көп бағытты радиостанциялардың құрылымы да күрделі:

Бас директор аппараты. Бұған  хатшылар, оның ішінде баспасөз хатшысы, бұқарамен байланыс және 4 дирекция кіреді:

Әкімшілік дирекциясына –  техникалық қызмет көрсетушілер, материалдық  техникалық қамту бөлімі, ұжымға қызмет көрсету тобы кіреді.

Бағдаралама дирекциясына –  музыкалық және ақпараттық директор, продюсерлер, жүргізушілер, корреспонденттер, шолушылар жатады.

Коммерциялық дирекция –  жарнама бөлімі, жаранама агенттер тобы, жарнама жөніндегі кеңесшілер кіреді.

Қаржылық дирекциясына –  экономистер, есеп қызметкерлері, кассирлер, т.б жатады.

Бүкіл елді хабарлармен қамту, бір типтік хабарларды тыңдауға шақыру бұрынғы радиостанциялар қызметін көрсетсе, кейінгі кездердегі көптеген радиоарналар, коммерциялық радиолар шағын топтарға немесе бір көзқарастағы адамдар, яки бір бағыттағы аудиторияға  арнап хабар тарататын болды. Міне, осындай хабар тарату тәсілдерін радиожурналистер теоретиктері алғашқысын көлденең бағдарламалы, соңғысын тік  бағдарламалы деп те атап жүр. Яғни тік бағдарламалы арнаны “формат” деп атау да  дәстүрге енді.

“Формат” атауы 50-ші жылдары  Америка Құрама Штаттарында пайда  болған еді. Алғашқы кезде музыкалық бағыт сияқты болғанымен кейіннен, телевизиямен бәсекелестіктің дамуына орай қысқа ақпарат таңдамалы музыка (аудитория сұранысын қанағаттандыру мақсатында) ғана беретін радиолар жетілдіріле келе форматты радиоға айналды. Тіпті, Америкада жаңа типті радионың пайда болуы жайлы аңыз да бар көрінеді: Бірде Небраска штатының тұрғындары Тод Сторз және Билл Сторздар көпшілік орындарында демалып отырып, демалушылар көңілін қалай аударуды ойлайды. Естіліп тұрған музыка әдеттегі ойналып жүрген дүниелер. Олар демалушылардың сол дәстүрлі музыканы қайта-қайта сұрап, тыңдап отырғандарын байқайды. Яғни, өздерінің сүйікті әуендерін тыңдау үшін ақы төлейтіндер баршылық. Ол – сол принципте жұмыс істейтін радиостанциялар ашылатын болса, оның өз тыңдаушылары міндетті түрде болады деген қорытынды, міне, осылай дүниеге келген.

 “TOP - 40” атты формат бүгінгі форматты радиолардың негізі болып саналады. Сонымен, ары қарай 60-жылдардың басында “Красивая музыка”, “ Мягкий рок ”, “Современный городской ” т.б сияқты форматтар ашылды. Қазіргі кезде жүздеген осындай радиолар жұмыс істейді. Ал, олардың жұмысын шартты түрде музыкалық, әңгімелік, ақпараттық деп бөлуге болады. Форматты айқындауға қажетті факторлар:

- жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, табыстары, білім дәрежесі, т.б.

- егер зейнеткерлер көп тұратын аймақ болса, жастар радиостанцияларын ашудың негізі жоқ. Бұдан басқа да жағдайлар қарастырылады. 

- тұрғындардың кәсібі және тұрмыс дәрежесі, тіршілік-қарекеттері ескерілуі керек. Мысалы, жұмысшылар негізінен сағат 7-де емес, 8-де тұрулары мүмкін немесе ыстық мекендерде түнімен жұмыс істеген жұрттың күні бойы демалатыны ескерілуі керек.

Нарықтағы радиоөнімдерінің дәрежесін зерттеу. Аудио өнімдерінің өту процесі қалай, тыңдармандар сұранысының қандай жолдармен арттыру керек сияқты мәселелер зерттеледі.                    

“Формат” деген ұғымға ғалымдар екі түрлі анықтама беріп келеді:

- мақсатпен алынған арнайы топ қажетін өтеуге арналған радиобағдарламалар стилі;

-  тек қана музыкалық,  саяси-жүргізуші, музыкалық бағыттар, стильдер жайлы хабарлар беретін  радиостанциялар.

Форматты радионың отаны  – Америка деп табылып отыр. Чак Дашвей және Кент Бьокаар әдіс-тәсілдерін, жаңалықтарын көптеген форматты радиолар негізге алуда. Негізінен Қазақстандағы форматты радиолар тыңдармандарға алдымен еуропалық, ресейлік эстрадалық музыкаларды көптеп берумен танылып отыр. Олардың жұмысындағы 10% ақпарат, 90% музыка жаңалықтарын, имидждік хабарлар, музыка және т.б. сияқты стильдерді әр форматты радио өз қажетіне айналдыруда.

Қазақстандағы форматты радиолар даму үстінде. Алайда, ол радиоларға біртекті анықтама да қалыптаспаған. Дегенмен, шетелдік радиолар тәжірибелеріне сүйене отырып, эфирді жаңалау үстінде. Мысалы, “Европа + Қазақстан” өз жұмысын  “Europe Hit radio” (“Aduet Coutemporary”) яғни “радио современных хитов” радиосының әдіс-тәсілдерін, шеберліктерін үйренуде. Ал, “31 радио”, “CHR” радиосын өнеге тұтуда. Жалпы радио-бизнестің шарықтау шегіне жеткен, адам психологиясын меңгерудің небір қыр-сырларын меңгерген американдық раидиожурналистер эфирді табыс көзіне айналдырып отыр.

Қазақстан әуе кеңістігінде жұмыс істеп отырған “NS”, “Русское радио”,  “31 радио” , “Европа плюс” , “Hit FM” , “Авторадио” т.б. көптеген радиолар формат талаптарымен әуе кеңістігіне шығып отыр. Олардың музыканы қолданудағы ерекшеліктері, ақпарат беру тәсілдері, тыңдармандарды тарту жолдары, өзін-өзі жарнамалау әдістері, түрлі шолулардың, тапқырлық ойындардың ұйымдастырылуы, жарнамалық сюжеттердің мәні т.б. көптеген жаңартылған пішіндерді қолдануда. Олардың ең басты мақсаттары – тыңдарман аудиториясын молайту – яғни, болашақ бизнес көздерін құрау, жарнама берушілер қатарын молайту.

 

 


Информация о работе Радио хабардың қазіргі түрлері