Еліміздің жер қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:56, сочинение

Описание работы

Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 миллион гектарды құрайтын байтақ террияториялы ел, Еуразия материгінің ортасында орналасқан және жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына қарай биіктей түседі.

Работа содержит 1 файл

Елміздің жер қоры.docx

— 47.87 Кб (Скачать)

Елміздің жер қоры

     Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет.

     Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 миллион гектарды құрайтын байтақ террияториялы ел,  Еуразия материгінің ортасында орналасқан және жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Қазақстанның жер бедері барынша әр алуан. Оның кең-байтақ аумағында таулар да, орман-тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Жер бедері Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарынан шығыс және оңтүстік-шығысына қарай биіктей түседі.

     Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

 

1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5. орман қорының жері.

6. су қорының жері.

7. босалқы жер


 

Қазақстан Республикасының  жер қоры 272,5 миллион гектар, оның шамамен 34 пайызы ауылшаруашылығына  арналған жер құрамына және 43,9 пайызы босалқы қорға жатады. Жер қорының 81,6 пайызы ауылшаруашылық алқаптары, яғни, жайылым.

 

 

 

 

    Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.

    Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

    Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.

    Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады

    Сонымен қатар,  жерді пайдалану құқығын біз  тұрақты және уақытша деп қарастырамыз. ҚР жер кодексінің 34, 35 баптырына сәйкес:

     Тұрақты жер пайдалану құқығы :

1. Жер учаскелерi тұрақты  жер пайдалану құқығымен мынадай  мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:

1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу  құқығымен немесе оралымды басқару  құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;

2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

4) Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.

2. Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.

        

 

 

Уақытша жер пайдалану құқығы:

1. Жер учаскесi азаматтар  мен заңды тұлғаларға уақытша  өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер  пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн. 

2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.

Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.

3. Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.

4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.

     Уақытша жер  пайдалану құқығына мысал ретінде  Байқонырды алуға болады. Өз кезегінде,  ол ҚР жер кодексінің 35 бабының  2 тармағына сәйкес ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде жүзеге асырылды. Бүгінде Қазақстаннан космодором және Байқоныр қаласын Ресей Федерациясы жалға алуда және келісімшарт  негізінде жыл сайын төлеу сомасы 115 млн АҚШ долларын құрайды, жалға алу мерзімі 2050 жылы аяқталады.

    Ыстық қой. Шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз…


Информация о работе Еліміздің жер қоры