Мұнай кен орындарының игеру тәртібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 12:44, реферат

Описание работы

Қабат бойымен ұңғыма түбіне-қысымы ең төмен нүктелерге, сұйықтың фильтрациясының жүруі қабаттық энергия есебімен іске асады. Сұйық қабаттық қысым әсерінен сығылған түрде болады. Кен орынды пайдалану үрдісі кезінде, қабаттық қысым құлайды. Сондықтан сұйықты қабаттан қысым түспей тұрғанға дейін және қажетті депрессияны ұстау мүмкін болмайтын жағдайға дейін аклу қажет.

Работа содержит 1 файл

3 Мұнай кен орындарының игеру тәртібі.doc

— 33.00 Кб (Скачать)


3 Мұнай кен орындарының игеру тәртібі.

 

Қабат бойымен ұңғыма түбіне-қысымы ең төмен нүктелерге, сұйықтың фильтрациясының жүруі қабаттық энергия есебімен іске асады. Сұйық қабаттық қысым  әсерінен сығылған түрде болады. Кен орынды пайдалану үрдісі кезінде, қабаттық қысым құлайды. Сондықтан сұйықты қабаттан қысым түспей тұрғанға дейін және қажетті депрессияны ұстау  мүмкін болмайтын жағдайға дейін аклу қажет. Қабаттық қысымды үнемі бақылап тұрады және оның тез құлау жағдайы кезінде шоғырға жасанды әсер ету әдістерін қолданады, жиі түрде қабаттық қысымды ұстау әдістерін пайдаланады. Қабаттық қысымның төмендеу жылдамдығы, қабаттың энергетикалық қоректенуін сипаттайды, ол қабаттық сұйықты: мұнай, су және газды алу жылдамдығымен сипаттайды, ол өз кезегінде  кен орынды игеру жобасымен және қабаттық қысымды ұстау әдісінің жүргізілуі немесе  жүргізілмеуімен шартталды. Бұл жасанды факторлар басқа тұрғыдан, қабаттық энергияның қоры, қабат қысымының алғашқы мөлшері және оның төмендеу жылдамдығы табиғи факторларға да тәуелді:

      газ шапкасының болуына  оның ұлғаю энергиясы кен орынды игеруде қолданылады;

      қабаттық жүйеде серпімді энергияның қоры;

      мұнайда еріген газдың болуы, оның ұлғаю энергиясы қабаттық сұйықтардың және газдардың ұңғы түбіне ығысуына әкеледі;

игеру объектісінің қабаттық нұсқа сыртындағы  сумен қоректендіретін көзінің болуы және осы  сумен қабаттағы  мұнайдың орын басу қарқындылығының болатындығы.

      Гравитациялық фактор, ол құлау бұрышы үлкен қабаттарда мұнайды тиімді ығыстыруға себепкер болады.

Аталған фактор табиғи шарттармен анықталады және кен орынның қалыптасу  үрдісімен байланысқан және технологқа тәуелсіз болады.

Каппилярлы-беттік күштер көбінесе кеуекті ортада, өзінің меншікті беттігімен қабаттық сұйықтың фильтрациясын  тежейді, сондықтан аталған факторлармен бірге ұңғы түбіне сұйықтың келу қарқындылығын анықтайды.

Пайдалану және айдау ұңғымаларының жүйесімен дренаждау барысында кеуекті ортаның үрдістерін анықтайтын барлық табиғи және жасанды факторлардың қосындысын- қабат режимі деп аталады.

Бас режимді айрықша бөледі:

 Суарынды (табиғи және жасанды)

 серпімді

 гз арынды(газ шапкасының режимі)

 еріген газ  режимі

 гравитациялық

Дренаждау режимін дұрыс бағалаудан, ұңғымадан сұйықты алудың технологиялық мөлшері, шекті мүмкін болатын динамикалық түптік қысым, игерудің гидродинамикалық көрсеткіштерін  жобалауға арналған есептік математикалық аспапты  таңдау, сұйық және газ өндіруінің көлемін анықтау, ұңғымалардың сулану үрдісін есебі, сонымен қатар игеру кезінде максималды мүмкін болатын соңғы мұнай бергіштік коэффициентіне жетуге  қажетті  болатын шоғырға  әсер ету  шаралары тәуелді болады.

Алайда шоғыр режимін анықтау үнемі оңайлыққа соқпайды, өйткені бірқатар жағдайларда режимді анықтайтын көптеген факторлар бір уақытта іске асады. Идеалды болатын жағдайларды қарастырайық, яғни қандайда бір режим «таза» түрде іске асады немесе игеру барысында шоғырдың өзгерісі тек бір режиммен шартталған ал басқа режим не мүлде болмайды, не ескермеуге болатын, елеусіз болады.

Суарынды режим кезінде, сумен толтырылған қабаттың көлемі жоғарлайды, яғни  Vн/Vг қатынасы жоғарлайды бұл себеп бойынша  бұл қатынастың төмендеуі, еріген газ режимінің пайда болғанын дәлелдейді. Газ құрамының бұл қатынас өлшеміне тәуелділігін біліп, оның құрамының өзгерісін анықтай отырып, қандай да бір режимнің дамуын болжауға болады.

Қысым төмендеген кезде мұнайдан еріген газ бөлінеді. Сығылған көпіршіктердің серпімділігі қабаттық энергияның бір көзі болып табылады. Бұндай қабаттық энергияны  пайдалануға негізделген  игеру режимі –еріген газ режимі деп аталады. Мұнай кен орны алғашқы қордан бұндай тәртіпте игеру барысында, мұнай бергіштік  20-30% аспайды.

Коп жағдайда, мұнайдан бөлініп шыққан газ гравитациялық  күштің әсерінен, газ телпегін құрап шығады. Нәтижесінде қабатта гравитациялық режим немесе газ телпегі режимі құралады.

Кен орынды пайдалану барысында қабат қысымын ұстау шоғырының күмбезінде орналасқан еркін газдың ұлғаю энергиясынан да жүргізіледі. Бұндай газдың жиналуы «газ телпегі (шапкасы)» деп аталады.

 



Информация о работе Мұнай кен орындарының игеру тәртібі