Несие мәні және қажеттігі

Автор: a********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание работы

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Работа содержит 1 файл

ипотекалық несие мәні.docx

— 56.22 Кб (Скачать)

Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.

Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.

Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.

Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.

Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.

Вексельдік  несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.

Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.

Ломбардтық несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.

Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай

міндеттемесін (векселін) сатып  алуы аркылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен им- портер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бо- йынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін фор- фейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.

Факторингтік  несие—жабдықтаушынын, немесе банк клиентінің

жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметгері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.

Экспорттық несие — экспорты колдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.

Несиелік  желі — келісілген лимит шегіндегі  белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

VIII. Несиелеу объектісіне қарай:

меншікті  айналым қаражаттарын толықтыруға;

материалдық запастар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;

сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;

азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;

ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;

Информация о работе Несие мәні және қажеттігі