Қарашығанақ кен орны туралы жалпы мәліметтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 08:24, доклад

Описание работы

Карашығанақ кенорны – бұл 1979 жылы ашылған ірі мұнайгазконденсат кенорны. Аталған кенорын Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51-паралелінен және шығыс бойлықтың 50-меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80-130 м биіктікте орналасқан.

Работа содержит 1 файл

1 болим.doc

— 719.00 Кб (Скачать)

Венд терригенді кешені Шығыс-Орынбор күмбезінің шегінде  бұрғылау кезінде қазылған. Кешен  қалыңдығы шамамен 600-800 м-ді құрайды. Іргетаста трангрессивті орналасқан шөгінділер немесе рифей шөгінділері  сұр түсті құмтастармен және құрамына карбонатты жыныстардың қабатшалары енген аргиллитармен берілген.

Қарашығанақ ауданында  сесмологиялық зерттеулер нәтижесінде  іргетас пен «П» шағылдырғыш  горизонты арасындағы шөгінділердің  қалыңдығы 2 км –ге жетеді, бұл жобадағы қимада девон кезеңіндегі ғана емес, сонымен қатар олардан да көне, соның ішінде рифей-венд кезеңінің шөгінділері бар деуге негіз болады.

Палеозой тобы – PZ, ордовик және силур жүйелері – O-S. Ордовик шөгінділері Шығыс-Орынбор күмбезінің шығысы мен оңтүстігінде, Соль-Елек күмбезі шекарасында, және оларды бөліп тұрған мүйісте қалыптасқан. Оның ең қалың шөгінділері Соль-Елек күмбезінің бүйірлі бөлігіндегі 1 ұңғымасы – Красный Ярда ашылған. Ордовик шөгінділерімен ұңғымалар 2020 м тереңдікпен жүргізілді және олар бар қуаттылығына дейін қазылмады.

Шығыс-Орынбор күмбезінің оңтүстігі мен шығысында силур шөгінділері табылды, олардың тереңдігі 40 м-ді құрады.

Төменгі палеозой шөгінділері  тығыз орналасқан құмдақтардан және карбонатты жыныстардың қабатшалары  бар сұр түсті аргиллиттардан тұрады.

Қапшағай ауданының қимасында төменгі палеозой шөгінділері 1000 м қалыңдықпен қалыптасқан деп қарастырылады.                                                         

Девон жүйесі –Д. Девон жүйесі төменгі, орта және жоғарғы бөлімдерімен берілген, олар өз кезегінде одан ары қарай бөлінеді.

Д – төменгі бөлігі. Қазіргі уақытқа дейін ерте девон  кезеңінің шөгінділері тек Д-5 ұңғымасында ғана табылған. 6245-6248 м  үзілісті керн қоңыр реңді қара сұр  аргиллиттармен берілген. Оның қалыңдығы  шамамен 30 м-дей болады.

Д – орта бөлімі. Д-6 және 15 ұңғымаларында табылған және эйфель және живет ярустары шөгінділерімен берілген. Эйфель ярусының шөгінділері Д-5 ұңғымасындағы мәліметтер бойынша бий жасты карбонатты-сазды (6218-6081 м интервалды) және афонин жасты карбонатты (5980-5955 м интервалды) қалыңдықтан тұрады. Афонин горизонтты аргиллитті қалыңдықтың қуаттылығы 15-ұңғымада 59 м-ге жетеді және арасында қара-сұр, қара тығыз микро және жұқа қабатты әктастары бар қара-сұр аргилиттармен берілген. Д-5 ұңғымасында да бұл қалыңдық осындай сипаттамаға ие және қақпақ ретінде қарастырылады.

Живет ярусының шөгінділері  органогенді, қара-сұр немесе қара әктастардан  және аргалиттардан тұрады, сонымен  қатар қиманың жоғарғы жағында  олармен бірге 5 мм-ге жуық ашық сұр  ұсақ кристалды әктастар да кездеседі.

Г.П.Лященконың пайымдауынша,живет  ярусында  көп мөлшерде қабыршақтар  кездеседі. Ал Н.С.Овнотанованың ойынша, конодонттар кешені ендіргіш шөгінділердегі живет жасын дәлелдейді. Ярус қалыңдығы 64 м-ді құрайды.

Д – жоғарғы бөлімі. Жоғарғы девндық түзілімдер фамен ярусымен берілген. Төменгі-ортаңғы бөлшектелмеген фамен шөгінділері стратиграфиялық үзілістермен орта девондық шөгінділерді жабады. Қима 15-ұңғымада тереңірек зерттелген, онда сұр және қара-сұр органогенді-сынықты әктастар мен қаралау ұсақ кристалды доломиттар қабатшалары кездеседі. әктастарда көптеген бір камералы фораминиферлер, криноидей бөлшектері, жұқа қабырғалы острокод қабыршақтары байқалады. Ерте-ортаңғы фамен ярусы бір камералы фораминифер кешені арқылы қалыптасады. Максималды қалыңдығы 368 м.

Жоғарғы фамен шөгінділері  төменгі-ортаңғы фамен шөгінділерін жауып тұрады. Олар кристалды әктастар көп кездесетін орталық, батыс және шығыс бөліктерде қалыптасқан. Жоғарғы  фамен шөгінділері фораминифер  мен балдырлар ьойынша анық палеонтологиялық сипаттамаға ие. Бұл шөгінділердің қалыңдығы 368 м-ге жетеді және көтерілімнің шеткі бөліктерінде қалыңдау болып келеді /15/.

Таскөмірлі  жүйе – С. Таскөмір шөгінділері барлық зерттелген аудан бойынша орта және төменгі бөлімдерімен берілген.

Төменгі бөлімі – С. Төменгі таскөмір шөгінділері турней, визей және серпухов ярустарға бөлінеді.

Турней ярусы балдырлы-сфералық әктастардың органогенді-сынықты  әртүрлі шөгінділермен немесе қара түсті сазды-битуминозды, доломиттенген  әктастармен литологиялық ауысып тұратын ярусшалармен берілген.   

Визей шөгінділері окск қабатшасымен (тула, алексин, михайловск, винев горизонттары) көлемінде қалыптасқан. Бұл шөгінділері қималардың екі  түрімен берілген: таяз-мұхиттық, қалыңдығы 108 м-ден 242 м-ге дейін, және салыстырмалы терең, қалыңдығы 28 м-ге дейін. Біріншісі сұр органогенді-детритті, биоморфты-детритті әктастармен, ал екіншісі қара әктасты аргиллитті қабатшалары бар қара-сұр түсті әктастармен берілген.

Серпухов ярусы төменгі  ярусшаның тагус және стегиев  горизонттары және жоғарғы ярусшаның протвин горизотымен берілген. Араларынан таяз, рифті және салыстырмалы терең қима түрлері ерекшеленеді.

Таяз түрі қалыңдығы 1448 м биоморфты-детритті әктастармен, ал рифті түрі қалыңдығы 623 м-ге дейінгі  балдырлы ашық сұр әктастармен, салыстырмалы терең түрі қара-сұр плиткалы, микроқабатты әктастармен және қалыңдығы 27 м доломиттермен қалыптасқан.

Ортаңғы бөлімі – С. Ортаңғы  таскөмірлі шөгінділер тек башкир ярусымен берілген, оның ішіне қызылалаңды  горизонт енеді және ол құрылымның шеткі аймақтарында кездеседі. Башкир шөгінділері органогенді-сынықты, балдырлы әктастармен берілген таяз-теңіздік түрмен және әктастар мен сұр және қара түсті, құрамында сазды материал бар доломиттері қабаттастырылған терең түрмен қосылған. Шөгінділердің қалыңдығы 9 млен 55 м-ге дейін өзгеріп отырады.  

Пермьді жүйе – Р. Пермь жасының шөгінділері кенорын шекарасында таскөмірлілерге стратиграфиялық үзіліспен жабылып жатыр. Пермь жүйесі төменгі карбонатты, орта тұзды және жоғарғы теригенді қалыңдықтардан құралады.

Төменгі бөлімі – Р. Бұл  бөлімнің зерттелуі оның құрамынан  ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарын  бөліп қарстыруға мүмкіндік береді.

Ассель яруссы үш түрлі  қимамен берілген. Біріншісі биогермді  әктастар, екіншісі еңісті, биоморфты-детритті әктастар, үшіншісі терең, қара битуминозды жыныстардан тұрады. Ассель шөгінділерінің максималды қалыңдығы 557 м-ге жетеді, ал еңісті шөгінділер 42-216 м.

Сакмар ярусы рифтік фацияда сұр балдырлы әктастармен, ал еңісті түрінде органогенді-детритті және пелитоморфты әктастармен берілген. Бірінші түрінің қалыңдығы 23-90 м, екіншісінікі 15-56 м. Салыстырмалы терең түрде сакмар шөгінділері шартты түрде бөлінеді.

Артин ярусы рифтік және еңісті қима түрінде 2 ярусшаға бөлінеді: төменгі және жоғарғы артин. Біріншісі  екінші ретті доломиттерден тұрады және қалыңдығы 90 м-ге жетеді. Екіншісі литологиясы мен қима түрі бойынша біріншісіне ұқсас. Биогенді түрде артин ярусы шөгінділері 143 м-ден 303 м-ге жетеді, ал еңісті түрде 5-217 м.

Кунгур ярусы ең толық  қималарда доломитті қабатшалы карбонатты-сульфатты сұр, көкшіл сұр ангидриттарың төменгі қалыңдығымен және жоғарғы тұзды тас тұзы және тұзды-терригенді жыныстармен берілген. Алғашқысының қалыңдығы 1-300 м шегінде өзгеріп тұрады. Ал тұзды шөгінділердің қалыңдығы 172-3028 м-ді құрайды.

Жоғарғы бөлімі – Р. Бұл  шөгінділер белгілі шарттылықпен уфа, қазан және татар ярустары көлемінде  бөлінген. Олар арасында тұз бен  гипс қабатшалары кездесетін қызылтүсті, қоңырқай сұр саздар мен ангидриттардан құралған. Уфа ярусының қалыңдығы 84 м-ден 1630 м-ге дейін, қазан – 138 м-ден  180 м-ге дейін (қайыңды свита 192 м-ден 1118 м-ге дейін), татар 700 м-ден 1925 м-ге дейін өзгереді /15/.

Мезозой тобы – MZ, триас жүйесі – Т. Триас жүйесінің шөгінділері жыныстардың терригенді қалыңдығымен берілген, оны ары қарай бөлшектеу мүмкін емес. Олар қызыл-қоңыр саздар, құмдақтар, алевролиттерден құралған. Қалыңдығы 1068 м-ден 2040 м-ге дейін жетеді.

Юра жүйесі – J. Юра жүйесінің шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерімен бөлінген.

Орта бөлімі – J. Орта юра шөгінділері құмдақты саздар және өсімдікті деритриті бар саздардан құралған. Бұл шөгінділердің қалыңдығы 121-392 м.

Жоғарғы бөлімі – J. Жоғарғы  юра бөлімі оксфорд-кимеридж жасты  келловейден құралған. Құрамында  волж ярусының сазды-мергельді қалыңдығы  мен саздар, алевролиттер және құмдақтар кіреді, жалпы қалыңдығы 50-140 м.

Бор жүйесі –  К. Бор жүйесінің шөгінділері төменгі бөлім көлемінде дамыған. Бөлім ары қарай валажин, готерив (мергель сызықтары бар саздар), барремдік (сазы қара, дөрекі қабатты) және апт ярустарына (әктассыз, қара-сұр саздар) бөлінеді. Ярустар қалыңдығы 13-44 м және 24-80 м.

Неоген жүйесі – N, төменгі бөлімі (плиоцен) – N. Плиоцен шөгінділері әртүрлі жасты жыныстарда орналасқан: төменгі бор, юра және триас жастылар. Олардың құрамына жасыл-сұр саздар, құмдақтар мен алевриттер жолақтары бар сұр әктастар енеді, жалпы қалыңдығы 20-125 м-ді алып жатыр.

Төрттік кезең – Q. Төрттік кезең жүйесінің шөгінділері саздақтар, құмдасын қыртыстар, құмдар және саздар жолағынан тұрады. Саздар қалыңдығы 8 м-ден 20 м аралығында өзгеріп отырады.

Мұнайгаздылығы. Негізгі мұнайгазконденсат жиынтықтары 29х16 км мөлшерлі және 1700 м амплитудалы ірі төменгі пермь массивіне қарастырылған.

Негізгі мұнайгазконденсат  қабатынан басқа филлиппов сульфат-кабонатты  горизонттағы карбонатты пласттың өнімділігі анықталды. Бұл пласттың дебиті 47,7 мың м3/тәулігіне және 47,5 мың м3/тәулігіне газды конденсат табылды.

Қабат газконденсаттың  екі бөлгінен тұрады, төменгі таскөмір дәуірі шөгінділеріне және таскөмір шөгінділерінің мұнай жастығына сәйкес. Газдың дебиті 40-1980 мың м3/тәулігіне, ал конденсаттікі 30-1354 м3/тәулігіне. Газдылық ауданы 197,9 млн м2, қабат биіктігі 1390 м.

Мұнай қаныққан қалыңдықтың  максималды эффиктивті даму алаңы қабаттың шеткі бөліктеріне сәйкес келеді. Эффективті қалыңдықтар 4,2 м-ден 189 м-ге дейін өзгеріп отырады. Мұнай қабығының шекарасында екі жазық байқалады: әртүрлі дебитті оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бөліктер: тығыздығы 861 кг/м3 мен 830 кг/м3 және құрамындағы газ мөлшері сәйкесінші 900 м3, 520 м3. Мұнайдың максималды дебиті 326 м3/тәулігіне, ол 27-ұңғымада жатыр. Пластты газконденсат қоспасы үш негізгі бөліктен тұрады: көмірсутек (87,8-91,5%), қышқыл (8-11,4%) және инертті (0,6-1,1%).

Девон мұнайының физико-химиялық қасиеттері негізінен 15-ұңғымадан алынған. Девон мұнайының тығыздығы 803,5 кг/м3-ге тең. Құрамына байланысты аз күкіртті (0,30%), шайырлы (0,89%) және аз концентрациялы асфальтендерге (0,056%) бөлінеді. Ал құрамындағы қатты парафин 4,38%-зын алады. Мұнайдың фракционды құрамы өте жеңіл. Мұнайда ерітілген газ құрамында көмірсутекті және көмірсутексіз компоненттер бар күрделі қоспа болып табылады /18/.

Сулылығы. Қарашығанақ кенорны Солтүстік-Каспий артезианды мұнайгазконденсат бассейнінің шегінде орналасқан. Бассейннің шөкпелі бөлігінде сулы горизөонттардың түрлері мен су итергіш қабат – кунгур ярусының тұзды ангидритті қалыңдығымен бөлінген екі гидрогеолгоиялық қабатты құрайтын кешен айрықша бөлінген. Бұлар гидродинамикалық режимі мен суларының гидрохимиясы жағынан ерекшеленетін өзіндік су итергіш жүйелерді құрайды. Қалыңдығы 3500-4000 м-ге жететен тұзды бөлігінде сулы горизонттар мен  кешендер төрттік, бор, юра, триас және жоғарғы пермь жасна байланыстырылған. Төменгі пермь шөгінділерінде құмдар мен құмдақтардың жолақтары су жинағыш қабат болып табылады. Су қаныққыш жыныстардың коллекторлық қасиеттері кең шамаларда өзгеріп тұрады.

Сулар тереңдеуге байланысты жоғары концентрациямен сипатталады. Юра су көтергіш шөгінділердің 133-239 м тереңдікті интервалдылары 16,5 г/л  минералдылықты және құрамы хлор-натрийлі болып келеді. 1808-1870 м интервалды татар ярусының жоғарғы бөлігіндегі сулардың минералдылығы 281,6 г/л және де олар хлор-кальцийлі түрге жатады.

Триасты сулы кешенде  жақсы коллекторлы қасиеттері бар  қуаттылығы 140-150 м төрт резервуар бар. Олардағы судың тығыздығы 150 м тереңдікте 1163 кг/м3, ал 2100 м тереңдікте 1186 кг/м3. Триас және жоғарғы пермь сулы кешен промстоктарды сақтауға ең қолайлы болып табылады.

 Гидрогеологиялық  жағынан тұзды қабат 4900 м тереңдікке  дейін зерттелген. Қарашығанақ кенорны аумағындағы мұнайгазконденсет қабаты астынан серпухов, визей, турней, жоғарғы девон шөгінділердің интервалдарына гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілді. Пластты сулар туралы ақпараттар 6,8,13,14,17,21,23,24,27,28,29,33,35-ұңғымаларынан алынды. Олардың ішінен аздаған мұнай қосындысы бар суларды 8, 21, 27, 28, 35-ұңғымаларынан тапты. Бұл ұңғымалардан сулар 5237-5333 м тереңдіктен табылды /20/.

Келтірілген мәліметтерді Қосымша Г және Қосымша Ғ-дан  көруіңізге болады.


Информация о работе Қарашығанақ кен орны туралы жалпы мәліметтер