Биліктің пайда болуы, негізгі белгілер және түсінігі
Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 06:36, реферат
Описание работы
Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн.
Работа содержит 1 файл
Биліктің пайда болуы және түсінігі Майлан А.С.docx
— 19.62 Кб (Скачать)Биліктің пайда болуы, негізгі белгілер және түсінігі.
Саясаттануда
билік туралы, биліктің пайда болуымен
байланысты қоғамдық қатынастар туралы,
биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі
мен зандылығы орталық
Өзара тәуелділік тірі
Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың,
термиттердің ко- лониясы және
басқалар көрнекті мысал бола
алады. Мұнда иерархия
Приматтар үйірінде, адамзаттың
арғы тектерінің ассоциативті
тобында биліктің қалыптасуы
және қызмет етуі карапайым
психофизиологиялық негіздегі
Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы
адамдар қауымдас- тығының әлеуметтік
жіктелуіне алып келді, яғни
қажеттіліктерді
Бұл ұғымға қатынастағы
Билік құрылымын зерттеушілер
бұл ұғымды анықтауда эр түрлі
тәсілдерді қолданып, түрлі көзкдрастарды
ұстанады. Билік — билік құру
объектісін басқарудағы ерекше
іс- әрекеттерді жүзеге асыратын
субъект. Себебі, биліктің әсері
қоғамның барлық құрылымдық
- Еріктің, бастаманың, жігердің көрінуі, субъект-
- Субъектілік қатынастардың белсенді элементі;
- Мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік
- Әрекеттерінің мәнді аспектілерін бағдарламалау;
- Шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін
- Анықтау;
- Жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;
- Жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын
- Мойындау және осы басымдықтарды қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал ету нормалары мен құралдарын қолдану;
- Биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен
байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т.б.
Осы
аталған бағалау пікірінің
Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, кандай тәсілдермен, кұралдармен, акциялармен, өрекеттермен іске асыруға бола- ды, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, соңдай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің эр түрлі аспектілеріне жөне тұлғаның өзіне әсері қан- дай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар:
- Телеологиялық (гр.сөзі teleos — мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты .сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыңан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтандатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие "Мақсатқа жетуде кез келген өрекетті қолдануға болады" деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады.
- Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Ол биліктік ықпалдың шынайы актілерін, биліктің ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестігін, олардың өкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін олар қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді. Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің -гуманистік аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса тиімді әлеуметтік құрал екені сөзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның әлеуметтік маңызын бар мазмұнымен аша алмайды деп айтуға болады.
- Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды өлеуметтік функция болып табылатындығы сөзсіз. Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды. Билік функциялары, ең алдымен саяси тұрғыда болады. Яғни, билік формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды жөне әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси идеология жасақталынады.
- Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық төсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар кдуымдастығындағы орны мен мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер жеткіліксіз.
- Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.
Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға жөне мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның қурылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтық ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады. Осы жағдайда өз ықпалының тиімділігін көтеру үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір аспектілерін өз жағдайына, өзінің проблемалары мен міндеттеріне сәйкес өзектендіре отыра қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы өмірде көпнұсқалы болып келеді