Стокгольм конференциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:08, реферат

Описание работы

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған.

Работа содержит 1 файл

Шөлейттену.docx

— 23.60 Кб (Скачать)

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. мысалы ,Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қи¬мыл¬ға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады. Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым –Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.

3. Егiстiк жерлердi қорғау шаралары:

— ауыспалы егiстердi дұрыс пайдалану;

— топырақты бекiтетiн тамырлары бар шөптер қоспасымен

алмастыру;

— жиектiк жырту (рельефтiң горизонттарымен);

— өңдеуден бұрын бұзылатын  құмды жəне құмдақ

топырақтарды шығару;

— шағын егiс танаптарын табиғи ландшафттармен кезектес-

тiру;

— танап қорғайтын орман  белдеулерiн жасау;

— топырақтың құрылымын түзуге мүмкiндiк туғызатын ор-

ганикалық тыңайтқыштарды пайдалану;

— топыраққа əсер ететiн қысымды кемiтетiн техниканы

пайдалану.

Суармалы егiстердiң дүние жүзiндегi ауданы шамамен 250

млн га жуық. Ирригациялық эрозиямен қатар суармалы топы-

рақтар екiншi реттiк сортаңдануға ұшырайды. Оның мəнi — та-

наптағы топырақ суды сiңiрiп, содан соң булану мен өсiмдiк-

терге транспирацияға қажеттi судан артық су келiп түседi. Бұл

су бiртiндеп жер астылық грунт суларына дейiн жетiп, оның

деңгейiнiң көтерiлуiне себеп болады. Мөлшерсiз, ретсiз суару

кезiнде қысқа уақыт аралығында (бiрнеше жыл) жақындап,

интенсивтi түрде булана бастайды. Суда ерiген тұздар топырақ

бетiнде жиналады. Мұндай тұздану екiншi реттiк деп аталады.

Суғарудың жоғары деңгейiнде жəне каналдардағы судың

топыраққа сiңiп кетуi арқылы грунт суларының мөлшерi

көбейедi. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан

жəне дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерiнiң  кө-

беюi екiншi реттiк тұздану деп аталады. Ал бiрiншi реттiк

тұздану ретiнде адамның əсерiнсiз пайда болатын табиғи тұз-

дану процесiн атайды. Екiншi реттiк тұздану тек құрғақ аудан-

дарға тəн. Солтүстiк аймақтарда шектен тыс суару топырақтың

батпақтануына əкелiп соқтырады.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұзда-

рының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер

ететiн концентрацияда жинақталуын айтады. Бұл құбылыс əсi-

ресе, Египет, Ирак, Индия  мен Пакистан, т.б. құрғақшылық

климатты аймақтарда белең алып отыр. Жыл сайын Жер ша-

43

рында тұзданудан 200-300 мың  га суармалы жер қатардан шы-

ғады. Бүкiл əлемде қазiргi таңда 20-25 млн га жер тұзданып,

өнiм беру қабiлетiнен айрылған. Бұл жағдай, əсiресе Орта Азия

мен Закавказье елдерiнiң топырақтарында көбiрек байқалып

отыр.

Тiптi тұзданудың аз ғана деңгейiнде мақтаның өнiмi 20-

30%, жүгерi — 40-50%, бидай — 50-60% қысқарады. Тұздану

орташа жүрген аймақтарда мақтаның өнiмi екi есе төмендесе,

ал бидай тiптi өспейдi.

Адамзат қоғамы дамуының экологиялық  дағдарыстарының

бiрi дамыған өркениеттiлiктiң өз мүмкiндiктерiн топырақтың

тұздануы нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi. Мысалы, Нiл аңға-

рында қазiр де суармалы жерлердiң 70% тұзданған. Ғалымдар-

дың пiкiрiнше, ертедегi Вавилон өркениетi топырақтың екiншi

реттiк тұздануынан жойылған. Қазiр дүние жүзiнде суармалы

250 млн га жердiң 50-60 млн га жуығы екiншi реттiк тұздануға,

шамамен 25% ұшыраған.

Топырақты тұздану мен  батпақтанудан қорғау

Топырақтың тұздануына себеп  болатын факторлар түрлiше.

Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел

арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық жауын-

шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға

жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның

нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұз-

дануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан соң

жəне олардың жапырақтары түсiп, олар минералданып, суда

еритiн тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын

тұздануына мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң

əсерiнен суда еритiн тұздардың топырақта жинақталуы 1 га

жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған.

Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының құра-

мында болатын тұздар есебiнен жүретiндiгi жиi байқалады.

Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтиже-

сiнде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады.

Климат неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық

құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi.

44

Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының бiрi те-

реңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқ-

ты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес

шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын

гипстеу арқылы тазартады.

Суарудың жетiлдiрiлген технологияларын қолданумен

қатар, жер асты суларының  деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты

грунт суларын сорып алу  арқылы жəне топырақты шаю

арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл кезде де

мiндеттi түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбiр

жағдайда химиялық əдiс  те жақсы нəтиже бередi. Мысалы,

топырақ бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн

гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ бұл əдiс қымбат жəне қоршаған

ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу.

Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор

— жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге

қоректiк заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы,

су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының

нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады.

Өнiммен бiрге əкетiлетiн қоректiк заттарды топыраққа

қайтарудың ең тиiмдi əдiсi органикалық тыңайтқыштарды

(көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқы-

лы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен орга-

никалық заттардың, оның iшiнде негiзгiсi қарашiрiктiң кемуi-

мен байланысты.

Топырақ құнарлылығының жойылуы  топырақты интенсивтi

өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нəти-

жесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қыш-

қыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пай-

далануға байланысты туындап отыр.

2.4. Топырақтың ластануы

Табиғатты қорғаудың түрлi аспектiлерiн ескермей жүргiз-

ген адамның шаруашылық iс-əрекеттерi қоршаған ортаның,

соның iшiнде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəти-

жесiнде топырақ өндiрiстiк, құрылыстардың қалдықтарымен,

45

жылу электр станцияларының күлiмен, пайдалы қазбалар мен

құрылыс материалдарын өндiру кезiндегi жердiң бетiне шыға-

рылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйiлген, мұнай өнiм-

дерi жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады.

"Индустриялық далалардың" топырақтарында ештеңе өс-

пейдi. Бұның себебi, ластаушы заттардың құрамында табиғи

күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетiн химиялық эле-

менттер болады. Олар көмiртек, күкiрт, молибден, мыс, кад-

мий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, те-

мiр, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық эле-

менттердiң топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.

Айта кететiн бiр жай, топырақтың ластануы тек қана адам-

ның индустриялық қызметтерiнен емес, сонымен бiрге ауыл-

шаруашылық өндiрiстiң ңəтижесiнде де жүредi.

Топырақты (сол сияқты ауа  мен суды да) едəуiр ластаушы

көздер мал шаруашылығы  комплекстерi. Көбiнесе сұйық көң

дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100

мың бас өсiретiн шошқа  комплексi немесе 35 мың бас iрi қара

өсiретiн комплекстiң қоршаған ортаны ластау дəрежесi 400-

500 мың халқы бар үлкен  өндiрiстiк орталықпен бiрдей дəреже-

де болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды

салу өте қажеттi шаралардың бiрi.

Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау

мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топы-

раққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн нашар-

латады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың,

не егiстiктердiң жиегiнде  ашық тастауға болмайды.

Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлi

жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде

мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлу-

iне əкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын

жуғыш заттар (каустикалық  сода, натрий хлоридi, дизель майы,

битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай

жерлерде өсiмдiктер өспейдi.

Көптеген жерлер тұрмыстық  жəне өндiрiстiк қалдықтар

жиналған қалдық үйiндiлерiмен ластанады. Бұл үйiндiлерде

тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi син-

тетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттар-

46

дың қалдықтары, моншалар мен  кiр жуатын орындардан шық-

қан ағызынды сулар, жаңбыр мен  қар сулары, т.б толып жатқан

қалдықтардың барлығы  топырақты қатты ластайды.

Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланба-

ған жағдайда да бiршама ластанады. Олардың химиялық тұ-

рақты түрлерi топырақта жинақталып, топырақ биотасының

қырылып қалуына себеп  болады. Ал пестицидтердiң топырақта

жинақталуы жəне ондағы организмдердiң жойылуы топырақ

түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төменде-

тедi.

Сондықтан шаруашылықтарда  пестицидтердi пайдаланудың

ережелерiн қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды

қолданғанда ғылыми-зерттеу  мекемелерiнiң ұсыныстарын бас-

шылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрi мен

типiн, тыңайтқыш берiлетiн дақылдың ерекшелiктерiн ескер-

меу топырақтың қышқылдануына, не сiлтiленуiне əкелiп, қо-

ректiк элементтердiң антогонизмiн туғызады, олардың топырақ

ерiтiндiсiне шығып қалуына жағдай жасайды.

Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi

микроорганизмдермен ластаушылар  фекалды массалар, өндi-

рiстiк қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың

өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте

қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиi

байқалған.


Информация о работе Стокгольм конференциясы