Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:34, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Содержание

І. Кіріспе. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
ІІ. Негізгі бөлім. Жер сілкінісі – қаһарлы зілалалық кездейсоқ құбылыс.
ІІІ. Қорытынды. Жер сілкінісі туындаған кездегі қауіпсіздік ережелері.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ ОБЖ-1.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

Жер сілкіну жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),

аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден  терең) болып жіктеледі.

Ең көп  тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 — 20 км, Ташкентте 5 — 10 км, Спитакта 10 — 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 — 700 км тереңдікке жеткен). Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

     Жер сілкіну ұзақтығы. Жер сілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гоби Алтайында — 1×1024 эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.

   Жер сілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері.

Сейсмограф

Жерсілкіну  үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды  мәселе.

Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда  Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.

Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.

Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу  алдағы уақытта жерсілкіну болуы  мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын  аймақтарды алдын-ала анықтауға  мүмкіндік береді.

Осының  негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:

Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.

Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.

Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.

Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.

Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і  орналасқан.

Жерсілкіну  ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық  даму ерекшеліктеріне байланысты.

Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.

Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.

Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды  әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде. 

     Жер сілкінің  психологиялық реакциясы.

     2 балл – тербелістерді бөлменің ішіндегі тыныштық сақтап отырған  тек кейбір адамдар сезеді, әсіресе жоғарғы қабаттарда.  
     3 балл – жер сілкінісін бөлменің ішіндегі кейбір адамдар сезеді; ашық жерде болғанда – қолайлы жағдайда сезіледі. Тербелістер жеңіл жүк тасымалдайтын көлік өткен шайқалыстарға ұқсас. Зерек адамдар ілініп тұрған заттардың шайқалысын байқайды, ал жоғары қабаттарда ол қатты байқалады.   
     4 балл – жер сілкінісін бөлменің ішіндегі көптеген адамдар сезеді; ашық жерде тұрғандардың кейбіреулері ғана сезеді, адамдар оянады, бірақ қорықпайды. Тербелістер ауыр жүк тасымалдайтын көлік өткен шайқалыстарға ұқсас. Терезе, есік, ыдыс-аяқтартар сықырлайды. Едендердің, қабырғалардың сықыры естіледі. Жиһаздардың дірілдеуі байқалып, ілініп тұрған заттардың шайқалуы байқалады. Ашық ыдыстағы сұйықтықтардың дірілі байқалады, ал тұрған көлікте дүмпулер  қатты  сезіледі.   
     5 балл – жер сілкінісін бөлменің ішіндегі барлық адамдар сезеді;  ашық жерде тұрғандардың басым көпшілігі сезеді, ұйықтап жатқан көптеген адамдар оянады. Кейбір адамдар далаға жүгіріп шығады.  Жануарлар абыржи бастайды. Жалпы ғимараттың сілкінуі байқалады. Ілініп тұрған заттардың қатты шайқалып тұруы, кейбір жағдайда сағаттар тоқтайды. Кейбір бекітілмеген заттар құлайды немесе жылжийды. Жабылмаған есік-терезелер ашылып, жабылады. Толтырылған ыдыстардан су кішкене мөлшерменен төгіле бастайды. Байқалатын тербелістер ғимараттың ішіндегі ауыр заттардың құлаған тербелістерге ұқсас болады.     
     6 балл – жер сілкінісін бөлменің ішіндегі және ашық жерде тұрған көптеген адамдар сезеді. Ғимараттың ішіндегі басым көпшілік адамдар қорқып, далаға жүгіріп шығады. Кейбіреулері абыржып бойын билей алмайды. Үй жануарлары панаханалардан жүгіріп шығады. Кейбір жағдайларда ыдыстар және басқа да шыны заттар сынады, кітаптар құлай бастайды. Ауыр жмһаздардың жылжуы мүмкін, шіркеу мұнарасындағы кіші қоңыраулардың дыңылдағаны естіледі.   
     7 балл – ғимараттардың зақымдануы. Басым көпшілік адамдар қорқып, бөлмелерден далаға жүгіріп шығады. Көптеген адамдар аяқтарында тұра алмайды. Көлік жүргізушілер тербелістерді сезеді. Үлкен қоңыраулар дыңылдай бастайды. Су бетінде толқындар пайда болады, тұнбаның көтерілуіне байланысты су лайлы болады. Құдықтағы су деңгейі өзгереді. Кейбір жағдайларда су көздері пайда болады немесе жоғалып кетеді. Құм, тас жағалауларда жекелеген сырғыма жағдайлары байқалады.     
     8 балл – ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш, үрейді көлік жүргізушілер де сезеді, абыржм бастайды. Кейбір жерлерде ағаштардың бүтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, тіпті аударылып кетеді. Аспалы шамдар зақымдалады. Құламалы еңістерде, жолдың үйінділерінде кішкене сырғымалар байқалады; жердегі жарықтар бірнеше сантиметрге жетеді. Жаңа су суаттары пайда болады. Кей кезде құдықтар суға толады, ал қолданыстағы кейбіреулері жоғалып кетеді.   
     9 баллов – ғимараттардың жаппай зақымдалуы. Барлық адамдар үрейленеді, жиһаздар зақымдалады. Жануарлар абыр-сабыр болып, айқай шығарады. Тегіс жерлерде су тасқыны пайда болады, құм және тұнбалар пайда болады. Жердің жарығы 10 см жетеді, ал өзендердің еңісті жерлері мен жағалауларында – 10 см асады, сондай-ақ жердің бетінде майда жарылыстар байқалады. Жартастар құлайды, жекелеген жағдайда жердің сырғымасы және құлауы орын алады. Судың бетінде үлкен толқындар пайда болады.   
     10 балл – ғимараттардың жаппай қирауы. Бөгеттер мен дамбалардың қауіпті зақымдалуы байқалады, көпірлердің ауыр зақымдалуы орын алады. Темір жол рельстердің жеңіл қисайып кетуі, жер астындағы құбырлардың жарылуы немесе қисайып кетуі байқалады. Жолда, асфальтың бетінде толқындар пайда болады. Жердің жарықшақтары еңі бірнеше дм жетеді, кейбір жағдайда – 1 м жетеді. Су ағымдардың арналарына қатарлас еңді жарылыстар пайда болады. Құламалы еңістерде ылғалды жердің құлауы орын алады. Өзендер мен теңіз жағалауларында үлкен сырғымалар мүмкін. Жағалауларда құм және тұнба массаларының жылжуы мүмкін, каналдан, өзендерден, көлдерден судың төгілуі байқалады. Жаңа көлдер пайда болады.    
     11 балл – мықты салынған ғимараттардың, көпірлердің, бөгеттер мен темір жолдардың ауыр зақымдалуы, көлік жолдар жарамсыз болады, жер асты құбырлардың қирауы. Жердің едәуір өзгеруі, ені үлкен жарықтардың пайда болуы, енінен және тігінен жылжу байқалады, тауда құламалар орын алады.   
     12 балл – барлық жер бетіндегі және жер астындағы құрылыстардың зақымдалып, құлауы. Жер беті күрт өзгереді. Жердің көлемді енінен және тігінен қозғалуы. Үлкен көлемде таудың және өзен жағалауларының құлауы орын алады. Жаңа көлдер, сарқырамалар пайда болады, судың арналары өзгереді. 

ЖЕР СІЛКІНІСІ  НЕМЕН ҚАУІПТІ?

      ЗАҚЫМДАУШЫ  ФАКТОРЛАР:

          – ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ ЖӘНЕ  ҚИРАТУЫ.

      – ДҮРЛІГУ, БАЙБАЛАМ (Байбалам адамдар  жиналған жерде аса қауіпті; мектептерде, ауруханаларда, кинотеатрларда, жатақханаларда және т.б.)

      – ҚАУІПТІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ САЛДАРЛАР (топырақтағы  үлкен жарықтар, тастардың құлауы, топырақтың үлкен көшкіндері, қар көшкіндері, лай ағындар (сел)).

      – ЗАТТАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ (Дүмпу кезінде  құлап кететін кез келген ауыр және шыны заттар: шкафтар, сөрелер, картиналар, вазалар, айналар, люстралар, люминесцентті  шамдар, жабдықтар, құралдар, сылақ бөліктері, қабырғалардың сынықтары).

      – ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ (су құбыры, кәріз және басқа да құбыр  желілері, ЛЭП тіреулері зақымдалады, байланыс бұзылады).

      – ӨРТТЕР ( электр желілерінің қысқа  тұйықталуы, ашық от, қосылған электр жылытқыш құралдар, плиталар, газ баллондары). 

         
 
 
 
 
 
 
 

Жер сілкінісі туындаған  кездегі  қауіпсіздік  ережелері. Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті болып табылады, онда 6 млн. астам адам және Республика тұрғындарының шамамен жартысы тұрады, 400-ден аса қала мен елді мекен орналасқан,өнеркәсіптік әлеуеттік 40% шоғырланған.

      Сейсмикалық қауіптің жоғары әлеуетіне Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы ұшыраған.

   Өнеркәсіптік және басқа да объектілердің көпшілігі орналасқан, сондай-ақ көлік құралдары көп жиналған және жоғары өрт қауіпті елді мекендерде тұратын адамдар төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.

        Сол себепті жас кезінен бастап  өзін осы және өзге де қалыптасқан  жағдайда дұрыс іс-қимыл жасауға дайындауы, қалыптасқан жағдайды тез бағалауы, дұрыс шешім қабылдауы, сондай-ақ өзіндік және өзара көмек көрсетуі қажет.

     Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат  ішіндегі кез-келген адам тірі  қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан  сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.  
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.  
Спитак жер сілкінісі кезінде  (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.  
      Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.  
Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде  өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.  
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.  
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.  
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.  
   Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін.  Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.
 

      ЖЕР   СІЛКІНІСІНЕ  ҚАЛАЙ   ДАЙЫНДАЛУ   КЕРЕК ?

     Сейсмикалық ауданда тұратын адам кез-келген уақытта қатты жер сілкінісі болуы мүмкін деген ойға дағдылануы тиіс. Бұл ой біздің  жүмыстағы, мектептегі және өзге жердегі күнделікті тіршілігімізден ажыратпауға, кедергі жасамауға тиіс. (Тас жолмен көшедегі қозғалыс кезіндегі тәуекелге де дағдыландық қой!). Алайда, біз жер сілкінісі болған кезде алдын ала не істеу керек екендігін  білсек, оның зардабын едәуір азайта аламыз.  

      Жер сілкінісіне дейін не істеу керек? 

 
Жер сілкінісі кезінде не істеу  керектігінің отбасылық жоспарын жасап, онда мыналарды көрсетуге тиіссіз: 
. жедел медициналық көмектің, өрт және авариялық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК), азаматтық қорғаныстың телефондары мен мекен-жайы туралы ақпаратты;  
. отбасы мен жақын-жуық туралы жалпылама ақпаратты;  
. отбасы мен жақын-жуықтар  туралы медициналық ақпаратты;  
. апат аймағының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде көмектесе алатын жақын таныстардың, туыстардың, араласатын адамдардың тегін, мекен-жайын, телефондарын;  
. отбасындағы және көршілермен үйлестіру және өзара байланыс жоспарын, оның ішінде отбасының әрбір мүшесі (балалар), егер олар үйге орала алмайтын болса, қайда бару керектігін білуге тиіс;  
. электрді, су  мен газды кімнің, қайда және қалай ажырату керектігін;  
. 2-3 аптаның бойында өз үйіңіздің инженерлік қамтамасыз етусіз - сусыз, жарықсыз, газсыз, канализациясыз қалайша тіршілік ететіндігіңізді;  
. егер сіздің отбасыңызда сәби, егде адам әрекетке қабілетсіз немесе қатты сырқат болса, олардың тіршілігі туралы ойластырыңыз;  
. егер үйіңізде хайуанаттар болса, олар үшін тамақ пен су туралы қам жасауды ұмытпаңыз.  
Төтенше жағдай кезіндегі отбасылық жоспарды балалар бақшасы мен мектептегі өз балаларыңыздың жиналу және көшіру жоспарымен, сондай-ақ жұмыстағы отбасының өзге мүшелерінің іс-әрекет жоспарымен сәйкестендіріңіз. Сонымен қатар, сіз ата-аналар келгенге дейін балаларыңызды қаншалықты ұзақ қорғай алатындығын,  алмайтындығын,  егер мектеп  зақымданған болса, балаларыңызды қайдан алатыныңызды, егер ата-аналар келе алмаса балаларды қайдан алуға болатынын дәл білуге тиіссіз.  
Мектеп мұғаліміне немесе балалар бақшасының тәрбиешісіне отбасылық жоспардың маңызды үзінділерінің көшірмесін беруді паспорт немесе өзге құжатқа қанның тобымен резус-факторларын жазуды, жоспарға отбасы мүшелерінің созылмалы ауруларын және денсаулықтың бұзылуын, сондай-ақ тиісті тиым салынғандарды, шектеулерді, өзіңізге аса қажет дәрі-дәрмектерді жазуды ұмытпаңыз:  
- шкафты, сөренi, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекiтiңiз. Кереуеттi терезенiң жанына қоймаңыз. Сөрелердi керуеттiң, есiктiң, плитаның астына қоймаңыз. ЖиҺазды бөлмеден шығатын жердi жаппайтындай етiп орналастырыңыз;  
- дәлiздi, өтетiн жердi баспалдақ торларын, есiк ойығын жиһазбен және мүлiкпен жаппаңыз;  
-  пәтерде, үйге кiре берiсте электрдi, газды және суды ажыратуды үйренiңiз;  
- үйде консервiленген тағам мен суды, құм салынған шелектi, алып жүретін электр шамын, өрт сөндiргiштi (автомобильдiк), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдем беру тәсiлiн үйренiңiз;  
- қауiптi заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) оларды сынбайтын немесе шашылмайтын сенiмдi жерге сақтаңыз;  
- құжаттарды белгiлi бiр орынға сақтаңыз. Артық киiм, аяқ киiм (маусым бойынша), шам, кiшкентай балта, қобдиша, май шам, сiрiңке, тамақ салынған жол қапшығын пәтерден шыға берiс жерде ұстаңыз;  
- зақымданған жағдайда, өз үйіңізді қорғау үшін, бірнеше табақ фанерді және мықты пластикаларды дайындап қойыңыз, онымен сынған терезелерді және басқа саңлауларды бекітесіз;  
- төтенше жағдай кезiнде өзара көмек және бiрлескен қимыл жасау туралы көршiлермен келiсiңiз;  
- жиналатын жердi және көшіру тәртiбiн бiлiңiз;  
- көлiк жайды, саяжайды күштi жер сiлкiнiсiнен кейiнгi алғашқы уақытта тұрақ ретiнде пайдалануға болады. Онда азық-түлiк пен киiмнiң артық қорын сақтаңыз;  
- үйде жер сiлкiнген жағдайда не iстеу керектiгi туралы жүйелі түрде әңгiме және жаттығу өткiзiп отырыңыз.

Информация о работе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар