Ядросыз әлем құру – адамзаттың аңсарлы арманы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:33, доклад

Описание работы

Қазақ елі дүние дидарында тағы бір тамаша бастамасымен танылды. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен халықаралық форумда Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация қабылданды. Құжатта Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік ядролық қарусыздану және таратпау үдерісіне қосқан орасан зор үлесі мойындалған. Адамзат жаппай қырып-жою қаруынан құтылатын күнге жақындай түсті. Бұдан бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ шеңберінде белгіленген Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар аясында Астана мен Семей қалаларында ядросыз әлем құру мәселесіне арналған екі күндік халықаралық форум өтетінін айтқан болатынбыз. Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Ядросыз әлем үшін» атты сол форум өз жұмысын бастады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (5).doc

— 218.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Президенті форум қонақтарына ертең бұрынғы Семей полигонына барасыздар, сынақ жасалған орынды көресіздер, деді. Сондағы мұражайда сынақ сойқанының ізі сайрап тұр. Тіпті үшінші ұрпақтың өзі кемтар болып тууда. Елімізде қатерлі ісіктен ең көп ауырғандар мен өлгендер нақ осы өңірде. Біздің халқымыз ядролық қаруға қарсы қалай көтерілсе, біз бүкіл әлем халықтарын адамзатты ядролық қатер апокалипсисінен құтқару жолындағы күреске дәл солай көтеруге тиіспіз. Жалпыға ортақ декларация қабылдануымен біз ХХІ ғасырда БҰҰ-ның қатаң бақылауына сүйеніп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін құруды байланыстырамыз. Ядросыз әлемге жол салу планетаның дұрыс ойлайтын барлық адамдарының күш-жігерін біріктірмей мүмкін емес. Бүгінде мен жоғарыда айтып кеткен беделді де қуатты Жаһандық антиядролық қозғалыс құру маңызды. Осы форум аяқталысымен оны планетаның барлық құрлықтарында ұйымдастыруға кіріссек, ұтарымыз анық.

Қазақстан Президенті қозғалыстың басты мақсаты ядролық қатерлермен күресу ғана емес екенін атап өтті. Адам баласының санасында ядроның қандай түріне болса да жиіркеніш сезімін қалыптастыру аса маңызды. Және мен біздің елордамызда өтіп отырған осы форумға үлкен үміт артамын. Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз әлем – бұл абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін және менің халқым үшін Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз болашақтағы іс-әрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз, деді Мемлекет басшысы.

Сөзінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев  осы жүзжылдықта біздің планетамыздың ядролық өзін өзі жою қатерінен толықтай арылатынына сенетінін білдірді. Залға жиналған және төрткүл дүниедегі өзінің барлық ниеттестері мен пікірлестеріне осы бағытта жемісті жұмыс тіледі.

Президент сөзінен кейін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның форумға қатысушыларға арналған ** бейнежолдауы көрсетілді .

Одан  әрі Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаев  АҚШ Президенті Барак Обаманың конференцияға қатысушыларға жолдауын оқып беру үшін сөзді АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэниел Понеманға берді . Өзі тарапынан АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары 20 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақты ойлаған қадам екенін атап өтті. Сіздің осы әрекетіңіз бүкіл әлемде ядролық қаруды сынауды тежеуге ықпал етті, деді ол Нұрсұлтан Назарбаевқа қарап. Сондықтан да бүгінгі күні біздің бәріміз әлемдегі ядролық қаруды шектеу үдерісіндегі лидерлігіңіз үшін сізге рахмет айтуымыз керек. Бүгінгі күні Қазақстан дүние жүзіндегі қауіпсіз елге айналып отыр. АҚШ Қазақстанмен ядролық қаруды таратпау және қысқарту бағытында ынтымақтастық орнатты. Ал ядролық клубтағы басқа әріптестерімізге оны қысқарту жөніндегі бастамалар көтерудеміз, деді ол сөзінің соңында.

Осыдан  әрі сөз кезегі МАГАТЭ-нің Бас  директоры Юкия Амонаға берілді. Ол өзінің сөзін ядросыз әлем құру мәселелеріне арналған осындай конференцияның Астанада өтіп отырғаны өте орынды екенін атап өтуден бастады. Өйткені, Қазақстан ядролық қаруды таратпау мен қысқарту жолындағы әлемдік үдеріске сүбелі үлес қосып отырған ел, дей келіп, Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы мен КСРО-дан мұраға қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартуына жоғары баға берді. Одан әрі Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және МАГАТЭ-нің қосымша хаттамасына қол қойғанын қанағатпен атап өтті. Қазақстан 2009 жылы Орталық Азияны ядросыз аймақ деп жариялау туралы келісімге көршілерімен бірге қол қойды. Бұл – өте маңызды үлгі, оны әлемнің басқа аймақтарына да тарату қажеттілігі өзінен өзі туындайды. МАГАТЭ өзі тарапынан Таяу Шығыс елдерін де осындай келісімге қол қоюға шақыруда. Ұйымның жақында Вена қаласында болатын жиынында осы мәселе де көтерілетін болады, деді ол.

Одан  әрі МАГАТЭ-нің Бас директоры ядролық қуаттың тек қана бейбіт мақсатқа пайдаланылуы жолында ұйымның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. МАГАТЭ ұсынған қосымша хаттамаға қол қойған елдерде біз ядролық қуаттың қолданылуына бақылау жасаймыз. Біздің инспекторларымыз әлемнің көптеген елдерінде осы мақсатпен еңбек етіп жүр. Сонымен бірге ол өзінің сөзінде Қазақстанның өз аумағында ядролық отынның банкін құру туралы ұсынысын қолдайтынын және сол үшін Қазақстан басшылығына ризашылығын білдірді.

Сөз кезегі өзіне келгенде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Тибор Тот бұл күні біз ядролық қатердің осы уақытқа дейін әлемге қауіп төндіріп тұрғанын еске алуымыз керек, деді. Сондықтан біз осынау қатерді жою жолында күш біріктіруіміз керек. Қазір әлемде 20 мыңға жуық ядролық оқтұмсықтар шоғырланған. Біздің міндет – тез арада әлемді олардан арылту. Осы міндетті орындауда біз Қазақстанның үлгісін басшылыққа алсақ болды емес пе, дей келіп, біздің елдің өзіне «мұраға» қалған қуаты әлемде төртінші орын алатын 1400 оқтұмсықтан еш өкінішсіз құтылғанын еске алды. Осының өзі ядролық қарудан арылу иллюзия емес екенін көрсетпей ме? Ол үшін тек мемлекеттер көшбасшыларының саяси қарымы, ерік-жігері ғана қажет. Қазақстан өзіне де, өзгеге де зиян келтірмей, осынау қарудан бас тартты. Соның арқасында біз бүгін қатты дамып келе жатқан Қазақстанды көріп отырмыз, дей келіп, ол Қазақстан басшылығын экономикалық табыстарымен құттықтады.

Одан  әрі ол ұйымның жұмысына тоқталды. Соның ішінде шартқа Үндістан, Пәкстан және КХДР сияқты ядролық қаруы бар елдердің әлі күнге қол қоймай отырғанын жеткізді. Сөзінің соңында ол ядролық қарудан бас тарту аса қажетті міндет екенін атап өтті.

Келесі сөз АҚШ Конгресінің  мүшесі Эни Фалеомаваегаға берілді. Өзінің сөзінде АҚШ конгрессмені Президент Н.Назарбаевтың шақыруымен Семей ядролық сынақ алаңында болып, жарылыс зардаптарын көзімен көргенін жеткізді. Ондағы жағдайды еске алудың өзі ауыр екенін айта келіп, ол осы полигонды жапқан Н.Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті. Бұл шешім бүкіл әлемдегі ядролық сынаққа деген көзқарасты өзгертті, деді ол. Одан әрі Қазақстанның 1991 жылы ядролық державаға айналуға қызығушылық танытпағанын жоғары бағалап, қатты құрметтейтінін айта келіп, сондықтан да мен жарты әлемді артқа тастап, ұзақ жол жүріп, осы форумға қатысып отырмын, деді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сол шешімі нағыз батырлық екенін ауызға ала отырып, ол бұл еңбектің бейбітшілікті сақтау саласындағы Нобель сыйлығына татитынын ескертті. Одан әрі конгрессмен АҚШ пен Францияның ядролық сынақтар жүргізген аймақтарындағы зардаптарды да тілге тиек етті.

Германияның экс-канцлері Г.-Д.Геншер денсаулық жағдайына байланысты бұл форумға қатыса алмайтындығына өкініш білдіре отырып, Елбасына және форумға қатысушыларға құттықтау жеделхатын жолдаған екен. «Осы конференцияны өткізу арқылы Қазақстан тағы да бүкіләлемдік ядролық қарусыздану жолындағы өз жауапкершілігін көрсетіп отыр, делінген жеделхатта. Қазақстан өз Президенті Н.Назарбаевтың басқаруымен ядролық қарусыз әлем құру мақсатына жету жолындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Елдеріңіз Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін ел аумағында орналасқан ядролық қарулар мен нысандарды толық жойды. Бұл – қарусыздануды нақты түрде іске асырғандықтың айғағы. Бүгінгі күнгі біздің басты міндетіміз, барлық ядролық қаруларды жою, болашақ ұрпақтарымыздың өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етудің негізі деген түсінікті сіңдіріп, осы мақсатқа сай қимылдау. Мен Германияда отырып, Астанадағы халықаралық жиынның өту барысын үлкен назармен бақылаймын және оның табысты өтуіне барынша тілектеспін».

Осыдан кейін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев конференцияның пленарлық отырысы аяқталғанын айтып, үзіліс жариялады. Осыдан кейін конференция жұмысы панельдік сессияларда жалғасты.

Негізгі баяндамалардан кейін Ядролық  қарусыз әлем үшін халықаралық қатысушылары көптеген мәселелер бойынша талқылауларды панельдік сессияларда жалғастырды. Ядролық қарудан ада – бейбітшілікке қол жеткізу тақырыбындағы сессияда осы мәселе жан-жақты қаузалды. ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркун алдымен халықаралық конференцияда өзіне сөз сөйлеуге мұрсат берілгені үшін үлкен ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, бұл конференция ядролық қауіпсіздік мәселелеріне арналғандықтан да мәні зор. Семей полигонының жабылуына 20 жыл толуын еске алуды ұсынған шешен, аталған шараның қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу қиын емес екенін атап өтті. Қазақстан 20 жылдың ішінде осындай жаһандық қауіпсіздікке өзінің үлесін қосып келе жатқанын жан-жақты көрсетіп отыр. ТМД елдерінің бірлестігіндегі саясатта осы ұстаным басшылыққа алынып келеді, деді ол.

Өткен уақытта бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. ТМД елдерінде халықаралық шарттарға қатысты үлкен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ол ядролық қаруға, әсіресе, ядролық қаруды таратпау мәселесіне, Еуропадағы жәй қару-жарақтар бойынша да келісімдерге қатысты. Мұндай құжаттардың барлығы да нақты қарудан бас тартуға бағытталған. Осы ретте бұл мәселелер ТМД үшін де маңызды екендігін алға тартқан шешен Қазақстанның шешімі өзге елдер тарапынан оң қолдауға ие болып отырғандығына назар аудартты. Олай болса бүгінгі таңда ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұған дейін жүзеге асқан барлық келісімдерді орындау керек.

Фукусиманың әкелген зардабы ядролық энергияны пайдалануға тыйым салуға негіз болмауы керектігін ** Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі Лорд Джон Десмонд Андерсон Уэйверли өз кезегінде ерекше айтып кетті. Өтіп жатқан халықаралық конференцияның маңызын атай келіп, мәртебелі мейман 20 жыл ішінде жүзеге асқан бастамаларда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі үлкен екендігін, яғни жаһандық қауіпсіздік пен әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесінің зор екендігін ерекше атады. Ядролық қару-жарақты таратпау, жаһандық ауа райының өзгеруі сияқты маңызды мәселелерде қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыра білген орынды. Ядролық әлеуетті тек бейбіт мақсатта дамыту – уақыт талабы. Сонда ғана біз ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз, деді шешен.

Әлем ядролық қауіп-қатерге ұшырауы  мүмкін. Сондықтан да ядролық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуді болашақты дамыту жолындағы бір шарт ретінде қарастырған жөн. Сондай-ақ, өз еркімен бейбіт атом технологияларын дамытуға бет бұрған елдердің әлеуетін толықтай қолдауымыз, Қазақстанның көшбасшылығы мен тәжірибесін қолға алғанымыз дұрыс. Бұл жерде Вена конференциясында да Қазақстанның тәжірибесін зерделеу орынды болмақ. Лорд Дж. Уэйверли өз сөзін халықаралық проблемаларға бірлесе төтеп бере аламыз деген оймен қорытындылады.

Сессияны жүргізуші Қазақстан тарапынан ұсынылған ядролық отын банкингін құру туралы бастамаға қатысты әлі шешім қабылдана қоймағандығын ескерте кетіп, сөзді Ресей саяси зерттеулер орталығының президенті Владимир Орловқа берді. ** Ресейлік ғалым ** өзінің аталған халықаралық конференцияға қатысуы үлкен мәртебе екендігін тілге тиек ете келіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өзі басшылық жасайтын орталықтың ядролық қарусыз әлем номинациясында лауреат болғандығын ерекше мақтанышпен жеткізді. Осы жерде Қазақстанның ядролық және жаппай қырып-жоятын қарулардан бас тартуы бастамасы айтарлықтай қолдауға ие. Нұрсұлтан Әбішұлы осы шешімді қабылдар кезде қиындықтарды басынан өткерді және де Қазақстан ядролық қару-жарақты қайтару және ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімдерге қосылды. Осылайша ядролық қарусыз елдер санатынан табылып, ядролық қарусыз әлемге деген бір нақты қадам жасалды.

Бұл бағыттағы қозғалыста біз нақты  қадамдарды негіздеуіміз керек, деген пайымымен бөліскен орталық басшысы оның нақты бес қадаммен байланыстылығын санамалап берді. Ядролық қарудан бас тарту және ядролық қарусыз әлем бір-бірімен қабысып жатыр, сондықтан да бұл мәселе мерзім белгілеуді қажет етпейді. Олай болса, іс-қимыл жоспарын конференцияда қабылданған құжаттарға негіздеп, ядролық қарудан бас тарту қадамдарын нақты жазу керек.

Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф (АҚШ) Қазақстан эволюциялық шешімнің көшбасшысы екендігін алға тарта отырып, келісімдер мен шарттардың орындалуы міндетті болуы керек дегенді баса айтты. Мұндай шешім ядролық қаруды таратпау операцияларының негізі болды. Осы саланы дамыту үшін осындай негіздерді қалыптастырдық, дей келіп, Д.Гранофф кешенді зерделеу мәселелері қарастырылғанын, алайда нақты мақсат болмаса оған қол жеткізу де мүмкін еместігін зерделедік дегенді көлденең тартты. Ядролық қаруды таратпау шартына қол қойған тараптар ядролық индустрияны ары қарай да дамытып жатыр. Сондықтан да шешімдердің анық болғаны жөн. Ядролық қарусыз әлемді қалыптастыру үшін нақты шараларды қолға алу орынды, бірақ та ондай әлемді құру үшін бірнеше алғышарттар қажет. Бұл мәселеде ортақ көзқарас жоқ, тиісінше, пікір алуандығы бар. Олай болса, артқа кетуге жол бермейтін нормаларды қабылдау керек. Сонда ғана ядролық қарусыз әлемді құра аламыз. Ядролық қаруды таратпау конвенциясын жүйелі түрде іске асыру басты талап. Мұндай іс-қимылдардың нақты бағыттарынсыз жұмыс істей алмақ емеспіз, деді шешен.

Қазақстанның 20 жыл ішіндегі нәтижелі жұмыстары үшін ризашылығымды жеткізу  менің міндетім, деп ағынан жарылған ** АҚШ-тағы Канзас штатының губернаторы Сэм Браунбек еліміздің ядролық қарусыз әлемді насихаттап отырғандығына ерекше тоқталды. Губернатор Қазақстанның көтерген бастамалары әлемде қолдау тауып келе жатқандығын алға тарта отырып, кейбір мәселелерде әлі күнге ауызбіршілік жоқ екендігіне өкініш білдірді. Алға жылжу барысында барлық күш-жігеріміз шынайы түрде ядролық қарусыз елді құруға әкелсе деп ойлаймыз, деген губернатор еларалық сенімділікті қамтамасыз етудің маңызды екендігін, ядролық қарусыз әлем құруды заңнамалық қамтамасыз етумен қатар, мақсаттар мен міндеттер нақтыланып, соның аясында көбірек жұмыс жасау қажеттігі тұрғысындағы ойын өрбітті. Өзінің осы идеяны насихаттап жүрген адамдардың қатарынан екендігін және осы идеяны іске асыруға өмірін, денсаулығын, жігерін беретін адамдардың бірі екендігін айтқан ол алда кездесетін кедергілерді еңсеру керек деді. С.Браунбектің бұл жалынды сөзін сессияға қатысушылар ерекше ықыласпен қол шапалақтай қуаттады. Сессия соңынан оған қатысушылар көптеген мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, бірқатар сұрақтарын да қойып жатты.

Информация о работе Ядросыз әлем құру – адамзаттың аңсарлы арманы