Ахмет Иассауи

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 21:47, научная работа

Описание работы

Ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан (Йасы) қалалары болды. Осы өңірден әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темірдей атағы әлемге жайылған әскер басылары шықты.

Работа содержит 1 файл

Ахмет Иассауи.doc

— 66.00 Кб (Скачать)

Жақсыға жұртты бастаған,

Дүниеге құлқы қашпаған.

Шарадан асып таспаған.

Шайхы Ахмет Иассауи

(Иассауи шәкірттерінің өлеңі)

Ислам мәдениетінің қазақ  жеріндегі ірі ошағы – Сыр  бойы, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан (Йасы) қалалары болды. Осы өңірден әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темірдей атағы әлемге жайылған әскер басылары шықты.

Қожа Ахмет Иассауи – ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына  имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.

Иассауи Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туып, Йасы қаласында тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен танымал. Фарид-ад-дин Аттар «Мантық ат-таир» («Құстар тілі») еңбегінде оны «Түркістан пірі» деп атаған.

Иассауидің әзиз әкесі – шайхы  Ибраһим сопылық жолды ұстаған діндар адам болыпты. Анасы – Қарашаш, екеуінің мазары – Сайрамда тұр. Иассауи діни танымының баастауын бала кезінде әкесінен, алғашқы ұстазы Шихабуддин Испиджабиден (Ақата) үлгі қылып алып, кейін Арыстан баб (Арыстан баба) басқарған сопылық ұйымға кіреді, талантты шәкірті болады. Иассауи мен Арыстан баб жөнінде ел арасында көптеген аңыздартараған. Оның бірінде : Мұхаммед ғ.с. Арыстан бабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстан баб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Иассауи Арыстан баб ұстазына деген зор құрметін «Хикметтер» («Диуани хикмет») кітабында баяндайды.

Қожа Ахмет Иасы (қазіргі Түркістан) қаласында алғашқы діни-сопылық білім алған соң, сол кезде Мәуреннаһрдағы ірі білім орталығы Бұхараға келіп, сопылық ағымның Орта Азиядағы жетекшісі болған Йусуф Хамаданиге шәкірт болады. Йусуф Хамадани Бағдадта оқып, Меру қаласында сопылық ұйымды өз ұстазынан қабылдап алған. Кейбір аңыздарда ол он мың рет Құранды бастан-аяқ оқып, 37 рет қажылық парызын орындаған деседі. Йусуф Хамадани 1140 жылы дүниеден өткен. Өзінің ең үздік төрт шәкіртін орнын басатын шайхылар ретінде таныстырып кеткен, соның бірі Қожа Ахмет Иассауи еді.

Қожа Ахмет Иассауи Йасы қаласына оралысымен, түркілер арасында сопылық ағымның таралуына, діни имандылықты үгіттеуге қажымай еңбек етті. Оның 90 мыңдай шәкірт – мүриттері болған. Шәкірттері ұстазының ілімін Орта Азияға таратып әкеткен. Орта Азиядағы сопылық ағымның нақшбандия, кабруия, кадерия сияқты түрлерінің ішінде Қожа Ахмет негізін салған «ясауия» да кеңінен мәлім. 13-15 ғасырлар арасында Иассауи ілімі Хорезм,  Мәуреннаһр, Анадолыға дейін жеткен. Иассауидің сопылық ілімі оның дәстүрлі үлгісіне жергілікті түркілік танымды молынан сіңірген симбиозы түрінде дамыды. Ислам дінінің имандылығы мен сопылық танымды ұштастыра білді.

 Иассауи ілімі адамгершілік, мейірімділікке негізделеді. Діни-сопылық жолдың қатаң талаптарына  сай келетін, жоғары адамшылық пен иман жолын берік ұстаған адам ғана шайхы бола алады.

Иассауи сопылығының негізгі талаптарының бірі – жалғыздық (Халуат, қылует). Ел – жұрттан аулақтанып, жаратқан Аллаға сыйынып, оның құдіретінің шексіздігі мен рухани өмірдің  мағынасын ұғуға тырысу, пенделік тіршіліктен баз кешіп, жан дүниесін тазарту, жоғары рухы танымға үңілу, діни пәлсафалық еңбектерді оқып, өзі де кітап жазу.

Халуатта қырық күн отырады, оның өзіндік ереже-тәртібін орындайды. Халуатта кірерден бұрын оның бірінші сатысы – сопылық көзқарасын қалыптастыру кезеңінен өтуі керек. Қырық күн жалғыздықтың астарында үлкен мән бар. Иассауидің бұл жолын Ақан сері мен Шәкәрім де жалғаған.

Иассауи өзінің үлгілі өмірімен, артында қалдырған кітаптарымен де діни имандылықтың дәнін сеуіп, адамзатқа зор еңбек сіңірді. Иассауидің Түркістандағы кесенесіне зиярат етушілер оған үш рет барса, бір рет жасалған қажылық сапарға тең деп есептейді. Ел арасындағы : «Мәдинеде – Мұхаммед,  Түркістанда – Қожа ахмет» деген сөз оның бүкіл түркі жұртының рухани атасы екендігін көрсетеді. Иассауи ғимаратын 1389 жылы Ақсақ Темір салдырған.

Иассауидің Ибраһим және Гауһар Шаһназ есімді ұл-қызы болған. Ұлы әкесінің тірі кезінде жастай қайтыс болып, қызынан тараған ұрпақтарынан біраз атақты кісілер шыққан.

Иассауи «Диуани хикмет» ( «Хикметтер» ) кітабының 17-16 ғасырларда жазылған көшірме – қолжазбасы кеңестер заманына дейін Қазан, Ташкекнт қалаларынан бірнеше рет басылып шығып, халықтың рухани сусынына айналған. Жергілікті халық кітаптың үзінділерін баласын әлдилеп отырып жатқа айтатын еді. Кеңес өкіметінің кезінде кертартпа идеологияны насихаттайтын кітап ретінде саналып, оқу бағдарламаларына кіргізілмеді. Оның есімін ел жадына оралту үшін ғалымдар ақынның жалпы адамшылық көзқарастарын діннен бөліп қарауға мәжбүр болды.

«Диуани хикмет» кітабында діни имандылықты, жан тазалығын, ізгілікті үлгі етеді. Даналық ойлары Баласағұни, Абай. Шәкәріммен жалғасып, тамырласып жатады. Иассауи бұл кітабын «Дәфтәр сани» ( «Екінші дәптер» ) деп атаған. Оның себебі анық емес. Кей зертттеушілер бұған қарап, бірінші кітабын іздесе,  кейде діни мағынасына назар аударылады. Діни ұғым бойынша, адамның қиямет күнінде жауап беруі бірінші дәптер болса, тірлікте ар-иман алдында жауап беруі екінші дәптер деп есептелінген.

Әдебиетімізде Иассауидің Шәкәрімге  дейін үзілмеген сопылық дүниетанымның үрдісі бар. Сопы болу – мына дүниеде өміт сүріп, бұл дүниемен өмір сүрмеу. Бұл дүниенің пендешілігінен жоғары тұру, дүниеқұмарлық, қызыққұмарлықтан безу, арам нәпсіден тыйылу. Олар ғашықтықты Аллаға қарата айтады. Материалдық құндылықтан жан  тазалығын жоғары қояды.

Сопылық поэзиядағы сүю  – Жаратушыны тану жолындағы жанның ізденес-әрекеті. Сопылық поэзияның атақты өкілдері: Руми, Низами, Сағдилер, түркі әдебиетінде Иассауи, Хорезми, Сараилар. Халуатты мекен етіп, жалғыз өмір сүрудің өзі жан тазалығын іздеуден туған.

Сопылық поэзияның үрдісімен  Иассауи де алланы сүю, жаратушыға інкәрлік мағынасында ғашықтық жайында көп айтады. Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт сахабасын мадақтауға да біраз орын берілген. Мұхаммед пайғамбардың жастай жетім қалғандығы, Әбутәліп бабасының тәрбиесін алып өскені, хадиш анамызға қалай үйленгені, пайғамбарлықтың келуі т.б. оқиғаларын баяндайды.

«Диуани» - жинақ, «хикмет» - Алланың құдіреті, ақ жолы деген  мағынаны білдіреді.

Уа дариға, махабаттың дәмін татпай,

Жар да сүймей, үйді ойлап, дүние таппай.

Ойсыз қамсыз шайтандықтан бойды тартпай.

Жан берерде жанталасқа түстім міне,

Кәміл пірім қызметінде тынбай жүрдім

Дамыл таппай, көз ілмей  қырлай жүрдім

Әзәзілдің арбауына қыңбай жүрдім.

Сосын да мен қанат  қағып ұштым, міне.

 

    Иассауи дүние, байлық жимаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен. Барлық ғұмырын, күшін ислам дінін нығайтуға жұмсаған. Басқа ақын-ғалымдар секілді, араб-парсы тілінде жазбай, кітабын түркі тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалаған.

«Хикметтер» кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Адамдардың пейілі бұзылып, заман азды деп қиналады:

 

Үлкен – кіші адамнан  ибалық әдет кетті,

Қыз – бозбала жастардан  әдеп кетті.

Мінез – құлықты бұзатын  әлек жетті.

Бұл не деген замана болды достар?

 

Иассауи дананынаң айтары, Баласағұни  мен Абай  -  осы  үш ойшылдың көзқарастары өте ұқсас. Үшеуі де бір ортадан тараған, бір дәстүрден шыққан. Ол – қазақ әдебиетінің терең тамырлары.

Мысалы: Иассауи де, Баласағұни де, Абай да кемел адамды іздейді. Жамандықтан сақтандырады:

Иассауи:

  1. Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтан:

Өз көркіне мәз боа берме,

Өзіңе - өзің сұқтанғаның сірә жөн бе?

Алланы айтып тәубә қылғын жөнге  кел де,

Түн ұйқынды төрт бөліп, алдыңды ойла.

 

  1. Менмен  - тәкәппар болма:

Менмен болсаң, тамұқ күтіп алар алда.

Тәкәппәрдің халі ауыр, тозақ ол да.

 

  1. Дүние – мүлік үшін арынды сатпа:

Дүние – мүлікке құмартып жаһан  малын жиғандар,

Құзғын жемін жегендер арамға әбден  батпақшы.

Арам жеген әкімдер, құныққандар параға,

Өз бармағын тістелеп, өкініп отқа жанбақшы.

  1. Арамдықтан аулақ бол.

 

  1. Еріншек болма:

Еріншек болмай оқуға, алыңдар білім  кеңінен,

Жоққа, әрине, дауа жоқ, бардың жолын  табындар.

 

Жинақ жетпіс хикметтен тұрады. Бірінші хикметінде:

«Биссимилаһ» деп сөзді бастап, хикмет айтып,

Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым, міне,

Тақуалық жолынтұтып, қайғы жұтып,

«Дәптер сәни» беттерін аштым, міне

Сөзімді айтам зейін  қояр барша жанға,

Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.

Демеу болсын ғарып, бақыр, шаршағанға,

Кекірейген кердеңдерден қаштым, міне.

 

Төртінші-бесінші хикметтерінде өзінің жер астына түсу себебін жырлайды. Аузымен аллалаған, бірақ көңілі таза емес, нәпсіқұмар пенделерден жоғары болғандығын демеу етеді.

 

Арша үстінде намаз  оқып, тізе бүктім,

Зар еңіреп бір Алладан рақым күттім.

Жалған ғашық, суайт  сопыны жүндей түттім,

Сол себептен алпыс үште ендім жерге

Жан пидасыз құр «һу-һу»  бәрі жалған,

Сауалда сүрінгендер  жолда қалған.

Өзі, сөзі тазаны қалайды  жаббар Аллам,

Сол себептен алпыс үште ендім жерге.

 

Хикметтерде: Аруақтар бір жасында аян беріп, екі жаста пайғамбарлар келіп көрді, үш жаста ғайып ерен қырық шілтен үйге келді, төрт жаста хақ Мұстафа құрма берді. Содан бес жасынан дін жолын ұстағанын айтады. Жеті жасында Арыстан бабаны іздеп табады. Бұдан кейінгі хикметтерде өз өмірінің әрбір жылын санамалап, Алланы тану баспалдақтарын баяндап береді.

 

Алпыс екі жас келгенде Алла өзі дем берді,

Барлық білмес ғафылдығын рахымымен жөнделді.

Жан жүрегім, ақыл-ойым «Алла», «Алла» дей берді.

Пәруәрдигар көрер ме екен өзінің дүр дидарыңды?

 

Кітапта ғашықтық, махаббат жайы Аллан ысүю, жаратушыға  інкәрлік мағынасында алынған.

 

Жеңіп кетпей жеңілтектік  құмарлық,

Аллаға ауса ғашықтың ырқы барлық.

Шын құлқымен айтылса  ынтызарлық,

Ғашық бағы аспанға асар, достар.

Иассауи ғашықтығы:

Дертсіз адам – адам емес, білген мұны,

Ышқысыз жан хайуанмен  тең, сөздің шыны.

 

Абай:         Махаббатсыз дүние бос,

Айюнға оны қосындар.

Екі ақында да осы өлең жолдарындағы ұқсастық – Алланы сүю, имандылыққа пейілді болу. Мұсылман ұғымындағы махаббат, ең әуелі Алланы сүюден басталады.

Қырық үшінші хикметі өмір мен өлім туралы толғанысқа құрылған.

 

Өмірде бір күн өткенде, не қыламын, Құдая,

Жан алушы жеткенде, не қыламын, Құдая?

Әзәзіл аңдып арбаса, күй кешер болсам далбаса,

Өзіңнен шафқат болмаса, не қыламын, Құдая?

Жан берер сәт келгенде, Жаббар өзі жар болып,

Қамқорлық қолын созбаса, не қыламын, Құдая?

 

Жетпісінші хикметінде Алланың әміріне көнгендігін айтып, қоштасады.

Уа, жарандар, иманыма  шын тілеуқор болыңдар,

Білемін ғой дұшпандарым  тебінерін, достарым.

Жаннан жақын не бар  дейсің нешеме жыл бір болған,

Енді Алланың әміріне көндегімен, достарым.

 

Бұл жерде Иасссауи өлемін деп қиналып отырған жоқ, қайтсем, күнәдан пәк боламын деді.

Қорыта айтқанда, Иассауи «Хикметтері» - имандылыққа, адалдыққа үндейтін, рухани тәрбиелік мәні зор шығарма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті.  И.Келімбетов.   Алматы,1991.
  2. Түркі халықтары әдебиеті. И.Келімбетов, Ә.Қанафин. Алматы,1996.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қожа Ахмет  Иассауидің өмір жолы.
  2. Қожа Ахмет Иассауи – ақын, ойшыл, ұстаз.
  3. Иассауидің шығармашылығы.

 


Информация о работе Ахмет Иассауи