Файзолла ақын және алаш қайраткерлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 22:07, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан ақындық мектеп. Өзіндік дәстүр ерекшеліктері бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы жөнінде кеңес заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық мектептің ұстаздары Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы, Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың ақындық жолындағы алғашқы ұстаздары еді.

Работа содержит 1 файл

Айбек ҚАЛИЕВ.doc

— 72.00 Кб (Скачать)

Сөзіне Әбдіғапар  қойды көнбей.

«Есіреді япырмай, мынау қайдан,

Қорықпайтын кім  еді Николайдан »

Деді ішінен сол сәтте губернатор,

«Орнатармын басыңа бір зор майдан!»

Бейнет деген  бұйырар әрбір жайдан,

Шуақ кетер  бұлт басса, күн мен айдан.

Губернатор  жіберді 700 қол,

Жазалауға бұларды  Қостанайдан...

Қазақтың тұңғыш кинотуындысы «Амангелді» фильмі екендігі белгілі. Біз жоғарыда келтірген үзінді сол фильмдегі бір эпизодты айнытпай қайталайды. Тек қана кейіпкерлері басқа. «Амангелді» фильмінде губернаторға қарсы шығып сөйлейтін Амангелді болса, біз келтіріп отырған үзіндіде – Әбдіғапар. Тарихи шындық пен тарихи құжаттар бойынша соңғысы шындыққа жақын [4]. Бұдан туындайтын тұжырым – кеңес заманында Әбдіғапар жасаған істердің көпшілігі Амангелді мен Әлібиге телініп келген. Бұл, әсіресе көркем әдебиетте анық байқалды.

Үшінші бөлімде  ақын Әбдіғапар әскерлерінің патша  әскерлерімен шайқасын суреттейді. Мұнда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі майдандарының бірі – Доғал соғысы сипатталған. Соғыстағы Әбдіғапардың көрегендігі, Амангелдінің қолбасшылығы, Кейкінің құралайды көзге атқан мергендігі, Өмен, Ідіріс, Әлжан, Жағыпар батырлардың ерлік істері ақын тілімен шебер кестеленген. Мұндағы Өмен, Ідіріс, Жағыпар сияқты батырлардың азаттық үшін жан қиған сәттерін көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Соңғы бөлім – қорытынды бөлімде бұл ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты, көтеріліс көсемі әмір Әбдіғапардың арман-мүддесі айтылады. Соныман қатар автордың  негізгі айтпақ идеясы да осы бөлімде анық аңғарылады:

... Қапардың  арманы еді – жеке ел болу,

Орыстан қанап келген ірге бөлу.

Сөзіне қазақ  ермей ақырында,

Дертіне таппай өтті ол да дәру.

Елім деп  еңіреген қайран Қапар,

Әруағы бір  қозғалмай қалай жатар.

Өтті ғой  өле-өлгенше зар еңіреп,

Орысқа боласың  деп мәңгі отар.

Шынында отар болып  қалып қойдық,

Өтірік бос  сөзіне әбден тойдық.

Алданып арбауына ел бола алмай,

Қапардай асылдардың көзін жойдық.

Файзолла ақын өзі де көтеріліске қатынасушылардың бірі, Әбдіғапардың көмекшілерінің қатарында  болған кісі. Көзі ашық, көкірегі ояу  ақын ақ патша құлап, кеңес өкіметі  орнағаннан кейін де өмірінің соңына дейін орыс отаршылдығының зардаптарын айтып зарлап, азаттықты аңсап өтті. Ақынның жан дүниесіне терең бойлау үшін ақынның «Әбдіғапар хан» поэмасының түйін-сөзін ұзақ та болса келтіре кеткенді жөн көрдік. Себебі сол заманда, тіпті тәуелсіздігімізді алған осы күннің өзінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ақиқатын дәл осындай ашып айтқан шығарма жоқ.

...Бұл жырым  келешекке жетер ме екен,

Жоқ, әлде, бір  оқылмай кетер ме екен.

Қазағым үн шығармай бодан болып,

Бір күні әбден  құрып бітер ме екен.

Саясат тұрса  осылай болады бұл,

Қазақтың аты, заты қалады тұл.

Жеріңді алып, содан  соң тіліңді алып,

Бір заманда  бұл қызыл қылады құл.

Кәпірге қатын  болып кетер қызы,

Жігітін әтек қылар  келер кезі.

Енді орыстың  қалғаның табанында,

Жарылқар күн тумаса құдай өзі.

Ел болмай жеке, дара мемлекет,

Еш ұлтқа  келмек емес һәм берекет.

Орыстың еш елде жоқ зымияндығы,

Ісінде толып  жатыр не бәлекет.

Қалайша тұра аламын жазбай мұны,

Еске ұста, үлкен  аға, кіші іні.

Ел болмай, жеке, дара, бодан болған,

Еш ұлттың болған емес әммә құны.

Арманы Қапар  ханның – еді Теңдік,

Сол үшін өлгенін  де көзбен көрдік.

Қазағым, айтқаныма  көнбеп едің,

Көргенің болмақ енді ылғи кемдік.

Атқызған Қапар  ханды Әліби-тін,

Кетпейді көз  алдымнан менің сол түн.

Қапар хан шәйіт  болды бостандық пен

Теңдікке жеткізем деп қазақ халқын.

Сондықтан оны  халқым жау демеңдер,

Әруағын қорлап текке, тілдемеңдер.

Соғысты дербес мемлекет болу үшін,

Жан еді ақылды, ойшыл, шын кемеңгер.

Кеңес заманында  ұзақ жылдар бойы қызыл комиссарлар  Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдиннің көтерілісі аталынып келген көтерілістің ақиқаты осындай. Жай ғана демонстрация емес, бүткіл Орталық Қазақстанды, Ақтөбе мен Сыр бойының біраз бөлігін қамтыған ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, көсемі, еткен еңбегі мен ерлік істері өзгеге таңылып келген Әбдіғапар Жанбосынұлының тағдыры Қазақстан тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі. Қазіргі тәуелсіз еліміздің азаттыққа жетуіне әмір Әбдіғапардың да қосқан үлесі зор. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырушыларға Файзолла Сатыбалдыұлының «Әбдіғапар хан» поэмасындағы деректер мен дәйектердің тигізер септігі мол.

Торғай ақындық  мектебінің ұстаздары Уақ Жұмабай, Сейдахмет, Есенжол, Әбіқай, Файзолла ақындар  шығармашылығының негізгі тақырыптары  Ресей отарындағы халықтың зар-мұңы, болыс-билердің қарапайым жұртқа істеген зорлық-зомбылығы мен езгісі болып келеді. Бұл тақырыптар олардың айтыстары мен әр жерде суырып салып айтқан жырларына арқау болған. Сонымен бірге бұл ақындар Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың ақындығын қалыптастырудағы алғашқы мектеп рөлін атқарды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қозыбаев М. Әмір Әбдіғапар. // Торғай таңы, 1994, 11-маусым.
  2. Бөкейханов Ә. 1916 жыл. // Қазақ әдебиеті, 1990, 3-тамыз.
  3. Кенжеахметов С. Туған жерге ту тіккен. // Торғай таңы, 1991, 12-шілде.
  4. Сүлейменов М. Әбдіғапар хан. - Арқалық: 1996, 250 б.

 

 

 

 

Алаш  қозғалысының ауқымы Алаш Орда үкіметінен әлдеқайда кең және ауқымды. Сонымен  оның екі саяси құрылымы бар деп  айта аламыз. Атап айтқанда біреуі Алаш Орда үкіметі болса, екіншісі Түркістан үкіметі. Мәселеге осылайша қараудан ұтылатын жеріміз жоқ, қайта ұтарымыз көп. Бұл жағдай қазақ саяси ой және философия тарихының ауқымын кеңейтіп тереңдете түседі.

Әбдіуақап Қара


Информация о работе Файзолла ақын және алаш қайраткерлері