Фольклордың тарихи даму жолдары мен кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:53, реферат

Описание работы

Ежелгі замандағы рухани мәдениет.(Рулық қоғам кезеңі). Фольклордың тарихын дәуірлеудің өзі мейлінше шартты, өйткені оның жеке бір шығармасы дәл қай уақытта туды деп қарастыруға әсте болмайды.Фольклордығ ең алғашқы нұсқалары қандай болғанын анықтау да, сипаттау да қиын.Оның себебі,-біріншіден, адамзаттың ерте замандағы рухани мұрасы бізге сол күйінде жеткен жоқ:екіншіден, ежелгі дәуірдегі руханият бүгінгідей сала-салаға бөлінбей , біртұтас, синкретті дүние болған, оның құрамында ырымдар мен ғұрыптар, діни нанымдар мен жій әңгімелер, мифтер мен арбай, жалыну, жалбарыну, алғыс, қарғыс сияқты алуан түрлі ұғымдар мен нанымдар, түсініктер мен іс-әрекеттер аралас, бір-бірінен ажыратуға келмейтін рухани әлем болған.

Работа содержит 1 файл

Фольклор даму тарихы мен кезеңдері.docx

— 27.75 Кб (Скачать)

Фольклордың тарихи даму жолдары  мен кезеңдері

  Ежелгі замандағы рухани мәдениет.(Рулық қоғам кезеңі). Фольклордың тарихын дәуірлеудің өзі мейлінше шартты, өйткені оның жеке бір шығармасы дәл қай уақытта туды деп қарастыруға әсте болмайды.Фольклордығ ең алғашқы нұсқалары қандай болғанын анықтау да, сипаттау да қиын.Оның себебі,-біріншіден, адамзаттың ерте замандағы рухани мұрасы бізге сол күйінде жеткен жоқ:екіншіден, ежелгі дәуірдегі руханият бүгінгідей сала-салаға бөлінбей , біртұтас, синкретті дүние болған, оның құрамында ырымдар мен ғұрыптар, діни нанымдар мен жій әңгімелер, мифтер мен арбай, жалыну, жалбарыну, алғыс, қарғыс сияқты алуан түрлі ұғымдар мен нанымдар, түсініктер мен іс-әрекеттер аралас, бір-бірінен ажыратуға келмейтін рухани әлем болған. Сол себеті біз рулық замандағы мәдениет деп жиынтық ретінде қарастырамыз.Осы мәдениеттің , сол арқылы кейбір жанрлардың шығу мезгілін шамалап анықтауға болатын секілді.Тарих пен этнология, фольклортану ғылымдарының дәлелдеуі бойынша, адамзаттың рухани мәдениеті есте жоқ ерте заманда орныққан рулық, тайпалық қауымда пайда болғанға ұқсайды( «алғашқы қауым» де те аталады).Жер бетінде пайда болған тұңғыш рулық қауымның түрі-матриархат (анаеркі) деп саналады. Рас, бұл туралы соңғы 20-30 жыл бойы үлкн пікірталас орын алып келеді, алайда, матриархаттың болмағандығы туралы пікір әлі толық дәлелденген жоқ.Осыған байланысты және этнографиялық, фольклорлық деректерге сүйеніп, әзірше дәстүрлі, ғылымда қалыптасқан тұжырымды негізге алуға тура келеді.    Анаеркі рудың басты-басты сипаттары не десек, ең алдымен, сол шақтағы биліктің әйелдер қолында болуын, неке мен отбасының матрилокалыдық болғанын, мұрагерліктің әйел балаларға тиесілі болғанын және балалардың ана (нағашы) жұртында өсуін, сондай-ақ алуан түрлу әйелдерді қастерлейтін әдет-ғұрыпты, ұғым-түсінікті айтуға болады. Авункулат, кувада сияқты дәстүрлерінің, анимизм, тотемизм секілді нанымдардың сол матриархат дәуірінде пайда болғаны ғылымнан белгілі. Матриархаттың орнығу себебі-сол замандағы адамдардың күнкөрісіне байланысты еді, яғни алғашқы ру адамдары өздері ештеңе өндірмей, табиғаттағы дайын нәрселерді, жеміс-жидекті, құстардың жұмыртқасын, ағаштағы алма, өрік сияқтыларды қорек ткен.Ғылымда мұны-иемденуші шаруашылық (терімшілік) дәуірі дейді. Мұндай азық жинауға әйелдер епті болғандықтан үстемдік құрған.Осы дәуірдің көріністері Австралия, Океания, Африка байырғы тұрғындарының тұрмысында да, мәдениетінде де сақталған. Сол көне заманның елесі біздің фольклорда да байқалады, әрине, көркем сананың екшеуінен өткен түрде.Егер баланың әкесі үйде жоқта тууы, қаһарманның қалыңдықты алыстан іздеуі, оның болашақ қайын атасымен қақтығысуы сияқты мотивтер ерте заманғы матриархат салттары мен ұғым-түсініктерінің елесі.Ең көне мифтердің, тұрмыстық әңгімелер мен қарапайым ән-өлеңдерінің пайда болу мезгілі-ежелгі рулық қауым уақыты деп ойлауға болады.            Ең көне мифтер-алғашқы қауым адамдарының өзін қоршаған ортадағы, маңайындағы әртүрлі обьектілері мен табиғат құбылыстары турасындағы түсіндірме әңгімелері түрінде болып келеді. Ондай әңгімелерде заттардың, аңдардың  пайда болуы мифтік сана бойынша түсіндіріледі.Ал, мифтік сананың өзі екі кезеңге бөлінеді.Бірінші кезең- «адам мен табиғаттың бірлігі» жөніндегі түсінік.Яғни адам өзін жан-жануардан, табиғаттан бөлмейді, адам мен жануар, адам мен зат бірдей деп түсінеді, өлі мен тірінің арасына да жік қоймайды. Дәл осы кезеңде анимистік наным жұмыс істеп,  мифтерде адамның аңға, басқа бір затқа, немесе керісінше жануардың, заттың адамға айналуы-заңды құбылыс ретінде  қабылданады. Мифтік сананың екінші кезеңі- «адам мен табиғаттың бірлігі» туралы ұғымның бұзылуы.Бұл уақытта адамдар өзінің жануарлардан, қоршаған табиғаттан өзгеше екенін түсінеді де, тотемистік нанымға негізделген мифтер шығарады. Алғашқы кезеңде жер бетіндегі нәрселердің , аспан шырақтарының қалай пайда  болғанын баяндайтын жасампаздық және космоногиялық мифтер шықса, екінші кезеңде тотемистік, дуалистік мифтер туады.     Мифтердегі басты кейіпкерлер-ілкі ата мен жасампаз қаһарман, тотем –баба, шаман(бұл кейінірек). Олардың іс-әрекеттері , көбінесе, жасампаздық болып келеді, жердегі заттарды, аң-құсты т.б. жаратқан солар болып көрсетіледі.Мифтер, әрине бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұрған. Әу баста олар қасиетті әңгімен-шежіре түрінде құпия айтылса, бірте-бірте сакралдық сипатынан айырылып, фольклордың кейбір жанрларына кірігіп кеткен. Мифтік сананың екінші кезеңінде қалыптасқан діни нанымдар мен ұғымдарға , солардың іс жүзінде атқарылатын ырымдары мен ғұрыптарына негізделген (мифтермен қатар) әр алуан тұрмыстық , кәсіптік әңгімелер туады.Олар сол уақыттың фольклорлық жанрлары десе де болады.Олардың басты ерекшелігі утилитарлық функциясында, яғни ондай әңгімелер жеке айтылмайды, белгілі бір ырымды, ғұрыпты атқару барысында айтылады. Демек, ондай әңгімелер практикалық (тәжірибелік) мақсат көздейді. Сондай фольклордың үлгісі ретінде терімшілік, аңшылық, малшылық пен егіншілік кәсіптерге қатысты шығармаларды айтуға болады. Олардың бәрі бізге алғашқы күйінде жетпеген, олар талай өзгеріске ұшырап, әрі өте кеш хатқа түскен. Сол себепті біздің қолымыздағы әңгіме, өлең-жырларда көркемделу күшті  де, әу бастағы ұғым-нанымдарды ізі ғана сарқыншақ ретінде көрініс береді. Соған қарамастан ол шығармалардан ежелгң анимизмнің , тотемизмнің , магияның түбірін тауып, зерттеуге болады. Сондай ақ магиялық қызметі айқын фольклорға алғыс, қарғыс, арбау, жалыну, жалбарыну, бәдік  сияқты жанрлар жатады.Әлбетте , қоғамдағы даму мен өзгеру барысына қарай олар да жаңа сипат алып отырған. Мысалы, ежелгі алғыс ислам діні енгеннен кейін бата болып, екеуі қатар өмір сүрген. Жалпы магиялық функция рулық замандағы мифтік сананың екінші сатысында үлкен рөл атқарған.          Алғашқы қауым  адамдары бірте-бірте табиғатта бар нәрсені ғана пайдаланбай, енді өздері өнім жасай бастайды, яғни иемденушіден өндірушіге айналады. Бұл әсіресе, аңшылық пен аушылық, егіншілік пен малшылық (бақташылық) кәсіптерін тудырып,енді өмірде еркектердің күщ-қуаты қажет болып,  олар үстемдік етеді. Сөйтіп, патриархат(атаеркі) орнығады. Бұл шақтағы рудың негізгі белгілері –бір атадан тараған ұрпақ қауымы, осы руға ортақ таңба, ортақ ұран, ортақ зират , бірі үшіг-бәрі, бәрі үшін-бірі жауаптылығы, қанға-қан, жанға-жан шартының болу, т.б. Осыған сәйкес қоғамдық қатынастарда өзгеріс  пайда болады. Отбасы-ер адам үйінде орналасады, некелік пен мұрагерлік, басқа да әдет-ғұрыптар патриархатық сипат алды. Ру мен отбасының ара-қатынасы, билік жасау жүйесі  жаңа арнаға көшеді.Рубасылары мен бақсы абыздар тұрмыстық  және идеологиялық салаларға билік жүргізіп, әскери іс-шараларды, ырым-кәделерді басқаратын болады. Қауым өсе келе тайпаға айналады, тайпалар одағы құрылады, әскери демократия орнығады.  Рулық заманның бұл кезеңінде неше түрлі ежелгі мифтік ұғымдар мен діни нанымдарға негізделген бұрынғы мифтермен қатар жаңа мифтер пайда болады, оларда да ескі сана өзгеріске ұшырап, кейіпкерлер ер адамдар болып шығады. Бұл уақытта аңшылық жайындағы әңгімелер құпиялықтан арылып, ғажайып аңшы-мергендер мен олардың серіктері-тылсым керемет қасиеттері бар арғымақтар мен сырттандар туралы баяндайды. Оқиғалар көп жағдайда көп мергеннің басынан кешкендері хақындағы меморат түрігде әңгімеленеді. Мұндай әңгімелер кейіндегі замандағы хикая жанрымен араласып келеді. Ондай шығармаларда ежелгі діни нанымдар басқа қырынан көрініп, күлкілі жағдайлар ғұрыптық мәнге ие болады.      Сонымен рулық замандағы мәдениет-ұзақ уақыт бойы қалыптасқан руханият. Оның салалары мен түрлері көп. Олар бір-бірімен тығыз байланыста, біртқтас, синкретті жүйе қалыбында дамып, қоғамның, ой сананың жетілуіне сйәкес қарапайымдықтан көркемдікке қарай күрделі де қиын жолдан өтті. Оу-баста тек қана утилитарлық-тәжірибелік және танымдық қызмет атқарған алғашқы фольклор үлгілері бірте-бірте тәрбиелік және көркемдік мақсатты көздейтін шығармаларға айналды. Алайда. Олар әлі нағыз көркем фольклор дәрежесіне көтеріле алған жоқ-ты. Бұл үрдіс кейінкөпке созылып барып, тек мемлекеттік қоғамдар  тұсында жүзеге асқан еді. Соның өзінде де фольклор қаншалықты көркем болғанымен, онда сол ежелгі рулық замандағы салттар мен ғұрыптап, діни нанымдар мен ұғымдар бірде көркемлеуіш құрал, бірде бейнелі сөз, бірде әсіреленген образ түрінде көрініс тауып, шығармаға поэтикалық, эстетикалық, эмоциялық реңк беріп тұрады.Осының бәрі қосыла келіп, бізге жеткен фольклорды-бір жағынан, ежелгі заманның дүниетанымы, көне мәдениеті әрі мұрасы: екінші жағынан, ел тұрмысының бір бөлшегі, үшінші жағынан, халықтық сөз өнері деп сипаттайды.            Орта ғасыр тұсындағы фольклор (мемлекеттік қоғам кезі) .Адамзат тарихының ең бір ұзақ мезгілі рулық қауым қамтыды. Рулық қауым неолит дәуірінде ыдырап, осыдан 7-8 мың жыл бұрын алғашқы мемлекеттер пайды болды.Жер бетіндегі ең көне мемлекеттер Египетте, Месопатамияда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда, Иранда, Италияда орнығып, құл иеленуші сипатта болған да, біздің дәуіріміздің ІІІ-ІV ғасырларында феодалдық сипаттағы қоғамға ауысқан деп есептеледі. Осы уақыттан басталатын заман әлем тарихының ортағасырлық дәуірі деп саналады. Бұл ХVІІІ ғасырға дейін созылған да, одан бергі кезеңді жаңа заман деп атайды.Қазақстан тарихы да осылай дәуірленеді.         Қазақстан жерінде алғашқы мемлекет б.з.д. І мыңжылдықта,сақтар дәуірінде орныққан.Сақтар «көшпелі,жартылай көшпелі және егінші ел болатын.Бірақ олар ең алдымен тамаша шабандоздар еді.Дүниеде атпен шауып келе жатып садақпен оқ атуды бірінші болып сақтар меңгерген.Қайтпас қайсар кісікиік(кентавр)бейнесінің үлгісі салт атты скиф және сақ адамы болған... Сақтардың өз жазуы,мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болды,ол әдебиетте «Аң тильді өнер»деп аталды.Сюжеттері-жыртқыш ңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар,солардың арасындағы күрес.         Сақтардан соң сарматтардың,уйсіндердің,қаңлылардың,түркілердің мемлекеттері болған,олар мың жылдан астам уақытты қамтып,Қазақстан тарихында ерекше із қалдырған.Аталған мемлекеттер де,олардан кейінқұрылған оғыздардың,қыпшақтардың,қарлықтар мен қарахандықтардың мемлекеттері де,кейінірек дүниеге келген Алтын орда да ,Қазақ хандығы да орта ғасырлық феодалдық сипаттағы мемлекеттер болды.Олардың әрқайсысы өз қоғамына сай мәдениет тудырды,бірақ рухани жалғастық үзілген жоқ.Әр дәуірде мәдениетті өзіне дейінгіні пайдаланады,соны негізге аолды,жаңғыртты әрі дамытты.Ертедегі орта ғасырдың,яғни сақтар мен ғұндардың,қаңлылар мен үйсіндердің тұсындығы рухани мәдениет дамыған орта ғасыр мен соңғы орта ғасыр кезінде сақталынып қана қойған жоқ.Ежелгі замандағы мифтер мен аңыздар,т.б.фольклорлық дүниелер әрі қарай өзгертіле,кеңейе дамыды.Олардың классикалық фольклорға айналуы осы дамыған орта ғасырға тұспа тұс келеді.Рулық замандығы өптеген ұғымдар мен нанымдар,мифтік әңгімелер ендігі жерде көркем фольклордың құрамында танымды,эстетикалық міндет аткарады.Сөйтіп,ескі мен жаңаның кіріккен түрі,яғни біртұтас мәдениетке айнлған ру-ханият қалыптасты,ал мұның өзі фольклорды көп сатылы,көп сипатты және көп қырлы өнерге айналдырды.Сонау сақтар заманында туып,кейінгі дәуірлерге жеткен фольклорлық шығармалар миф түрінде,аңыз ретінде ертедегі гректер мен қытай жазбаларында орын алғанының арқасында бізге жетіп отыр.Олардың іс-әрекеттері кейінгі уақытта туған жырлар мен ертегілерде,аңыздауларда көрініс тапқан.Мысалы,атақты  Геродот «Тарихындағы» Томирис пен Кирдің арасындағы қақтығыс туралы сюжет классикалық фольклорға тән.Мұнда каһармандық эпостағы мотивтер бар.Айталық,парсылардың патшасы Кирдің жорыққа шығуы,оның  өз ақылмандарымен кеңесуі;Томиристің Кирге берген жауабы және Кирге қойган шарты;Кирдің шайқас алдында түс көруі;Томирис ұлының тұтқынға түсуі,оның өзін-өзі өлтіруі;екі қолдың шайқасы;Кирдің қаза табуы және Томиристің кк қайыруы.        Бұл сюжетте ежелгі заманның нанымы сақталған.Кирдің тусінде болашақ патша Дарий аспанға ұшып,бір қанатымен Еуропаны екінші қанатымен Азияны жайлап тұрғанын көреді.Ал,Дарийдің әкесі Гистасп(парсыша-Виштасп)Зардуштың қамқоршысы.Осы арқылы Кирдің жеңілуі Ахумазданың қолдамағанынан болды деген сол шақтағы ел арасына тараған аңыз көрініс береді.Демек«түс көру»мотиві-ең ерте кезде туып,біздің дәуірімізге жетіп отыр.Жалпы,« түс көру»мотиві Геродоттың кітабындығы біраз патшалардың өмірінде кездесіп отырады.      Сақтар мен ғұндар кезінде туындаған фольклорлық сюжеттер мен мотивтер кейінгі замандарда да жалғасын тауып,жаңаша әңгімелететін болған,сөйтіп ескі сюжеттер негізінде соны шығармалар дүниеге келіп отырған,және мұндай туындылырда бұрынғыға ұқсас,немесе жаңадан қалыптасқан тақырыптар мен сарындар баяндалып отырған.Мәселен,ғұндардың патшасы Мөденің табғаштарға қарсы соғысы туралы аңыздың бүкіл сарыны кейінгі түркілер дәуіріндегі фольклорда жалғасын тапқан,яғни Мөденің өз ата-мекенін,елінің бірлігін,амандығын сақтау үшін жүйрік тұлпарында,сүйікті жарында құрбан етуі,алған сыйларына қанағат етпей басынған жауға қарсы жорыққа шығуы,оны күйрете жеңуі,-осы сияқты тақырыптың Түркі қағандары туралы тас жазбаларда кең баяндалатынын айтуға болады.         Жоғарыда айтылғандай,Қазақстанда орныққан ортағасырлық мемлекеттер негізінен,феодалдық сипатта болды.Ол мемлекеттердің басты ерекшелігі-құлдық қоғамның болмауы,әрі патриархалды рулық өмірдің,оның салттарының,руханиятының феодалдық болмысқа сіңісіп,араласып кетуі,тіпті әлеуметтік құрылымға  негіз болуы.Бұл,әсіресе,түркі қағанаты тұсында айрықша көрінді,себебі қағанат құрамына енген ру-тайпалар бұрынғы өмір салтын сақтай отырып,феодалдық мемлекеттің талапттары бойынша тіршілік жасады.Осыдай қоспаның арқасында ежелгі руханият енді мемлекет мүддесі тұрғысынан  молынан пайдаланылды әрі патриалхалды рулық қауымның мәдениетін де жаңа сапаға көшірді.   Исламның Қазақстан жеріне енуі  (VІІІ ғ) Түркі қағанаты қалыптастырған мәдениетке өзгерістер әкелді, фольклорға мұсылмандық қасиет дарытты және басқа да ескі дүниелерді мұсылмандырып, басқа арнаға түсті.Мұның өзі фольклорды жаңа бесікке көтерді, сөйтіп толыққанды классикалық фольклордың қалыптасуына игі ықпал етті. Сонымен орта ғасырларда, әсіресе оның дамыған кезеңінде және соңғы дәуірінде қазақ фольклорының барлық дерлік жанры түгел қалыптасып болды және біртұтас руханиятқа айналды. Жаңа дәуірде олар өзінің бүкіл көркемдік-эстетикалық жүйесін орнықтырып, жаңа сападағы классикалық фольклор түрінде дами түсті.             Жаңа дәуірдегі фольклор.Бұл кезең ХVІІІ ғасырдан бергі уақытты қамтиды.Әлбетте, фольклор –өмірдің ағымы сияқты тез өзгере беретін құбылыс емес. Дегенмен, халық тұрмысымен , оның санасымен тікелей байланыста болған соң ол да әр кезде өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ хандығынығ Жоңғарр хандығымен үш ғасырдай жүргізген соғысы халық өмірінің барлық саласына әсер етті, ал рухани мәдениетте ерекше із қалдырды.Фольклор да айтарлықтай жаңарып, оның жанрлық құрамы толыға түсті әрі көркемдік саласына әсер етті. Бізге жеткен фольклор нұсқалары , негізінен осы жаңа дәуірде , яғни ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сұрыпталып, көркемдік жағыанан әрленіп, жүйеленіп, осы күнгі қалпына жеткен деуге болады.Жаңа дәуірдегі фольклорлық дәстүрлің өрлей түсуіне ақындар мен жыршылар ерекше үлес қосты. Олар өмірде болған ірі оқиғалардың арасында болып, соның ізімен көргендері мен естігендері туралы неше алуан әңгіме, аңыз, өлең тудырып отырған.Олар тудырған шығармалар ауызша туып, ауызша тарағандықтан бірте-бірте фольклорлық айналымға түсіп, алғашқы авторлық шығарма халық дүниесіне айналған. Бізге жеткен көптеген жырдың, өлеңнің, ән-күйдің фольклорлық сипатта болуының басты себебі-осы.            Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі тұста қазақ фольклорының бұрын шет қалып жүрген жанрлары, әсіресе, тарихқа, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге қатысты түрлері қайтадан активті процесті бастан кешіруде .Үйлену салты бойынша орындалатын жар-жар, беташар сияқты жанрлар жаңаша түрде, соңы мазмұнмен айтылатын болды. Егер ертеде жар-жар болса, бүгінде тойға жиналған қауым түгел бірігіп айтады, ал беташар мазмұн жағынан мүлде өзгеріске түсті. Сол сияқты аңыз, шежіре, шешендік сөз тәрізді жанрлар да үлкен сұранысқа ие болды, оларды жаңа варианттары да пайда болып жатыр, бірақ бұрынғы фольклор секілді ауызекі айтылу , елге тарау цикліне түсіп жатқан жоқ.Ауыз әдебиеті – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, арман – мұңын, дүниетанымын бір сөзбен айтқанда ұлттық болмысын танытады. Фольклордың халықтық сипаты дегеніміз - халықтың ой-санасы мен жан дүниесін бейнелеу және халыққа қызмет ету. Ағылшын этнографы Джеймс Фрэзер халықтың сөз өнері түрінде көрініс тапқан рухани мәдениетін «Алтын тамыр» деп атаған. Өйткені, фольклорлық туындыларда халық рухының алтын тамыры сақталған. Қазақ фольклоры ұлт тарихына қатысты өзекті мәселелерді сөз етумен қатар, жалпыадамзаттың бәріне ортақ мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, адам мен табиғат, махаббат пен зұлымдық, кәрілік пен жастық сынды мәселелер жайындағы қазақтың даналық ойлары жер бетіндегі бүкіл адамзаттың ақыл - ой кенішіне қосылған асылдар      Қазіргі таңда ескі халық әндері мен күйлері де, қолөнер бұйымдары да жаңа сапада көрінуде, сөйтіп олар елдің бүгінгі мәдени қажеттілігін өтеп отыр. Әндер мен күйлер жаңаша аранжировкаға түсіп, ұлттық музыкалық аспаптар мен техникалық құралдардың қосындысы арқылы соны саздық әуенге , ырғаққа, эстетикалық мәнге ие болды.     Сонымен ойымызды қорыта айтқанда, жаңа дәуірде қазақ фольклоры нағыз көркем өнер болып қалыптасып, бізге классикалық мұра әрі өнер түрінде жетіп, бүгінгі мәдениеттің бір бөлігі ретінде өмір сүруде, қоғамға қызмет етуде.

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қасқабасов С.Ойөріс. - Астана : Астана полиграфия, 2009
  2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.- Алматы, 1991.
  3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті -Алматы,1974ж.
  4. http://portal.vkgu.kz:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Фольклордың тарихи даму жолдары мен кезеңдері