Хазирет Осман

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:19, лекция

Описание работы

Шам қаласынан шыққан керуен көші елсіз-көлсіз жапан далада түйенің өркешіндей бұйрат-бұйрат құмдарды басып өтіп, міне, іркес-тіркес келе жатыр. Запыран қысқандай ми қайнатар ыстығы желсіз, тынық келетін шөл далада ұры-қары некен-саяқ деуге болмайды. Бір төбенің басынан салып ұрып шыға келіп, көшке қатарласа салуына ешкім кепіл бола алмайды. Дегенмен ұзақ сапарға аттанған керуеншілер басқа салғанға көнуге бар.

Работа содержит 1 файл

Хазірет Осман.docx

— 25.09 Кб (Скачать)

 

Хазірет Осман

(радиаллаһу анһу)

Шындыққа  
айналған түс

Шам қаласынан шыққан керуен көші елсіз-көлсіз жапан далада түйенің  өркешіндей бұйрат-бұйрат құмдарды басып  өтіп, міне, іркес-тіркес келе жатыр. Запыран  қысқандай ми қайнатар ыстығы желсіз, тынық келетін шөл далада ұры-қары некен-саяқ деуге болмайды. Бір төбенің  басынан салып ұрып шыға келіп, көшке  қатарласа салуына ешкім кепіл  бола алмайды. Дегенмен ұзақ сапарға  аттанған керуеншілер басқа салғанға көнуге бар.

Жандәрмен қайраттанып келе жатқан жұрттың жеткен жері осы болса  керек, кенет бәрі жапа-тармағай түйелерін  шөктіріп, бірі күзетке қалып, енді бірі түйеге артқан жүктеріне сүйеніп  жата-жата қалысты. Керуен басы болып  келе жатқандардың арасында сақал-мұрты  мен шашы ерекше қалың, маңайында  жүрген жанға күлімсіреп, мейірлене  қарайтын, отыз төрттер шамасындағы  қарулы жігіттердің бірі хазірет  Осман да бар еді. Ол да сәл тынығып  алмаққа ниеттеніп жантайып жатқаны  сол еді, көзі ілініп кеткен екен. Түсінде  бір кісі келіп: «Тұрыңдар, ояныңдар! Ахмет Меккеде пайғамбарлығын жариялады!», – деді. Өңмен түстің арасында қалған жандай қалт-құлт етіп орнынан атып тұрған хазірет Османның жүрегі лүпілдей соғып, көзі қарауытып кеткендей  болды. Түсі екен...Бірақ, түсіндегі  Ахметтің кім екенін есіне анық түсіре алмады.

Бір күні хазірет Осман  Қағбаның жанынан өтіп бара жатып, мұсылмандықты  қабылдаған хазірет Әбу Бәкірмен ұшырасып қалады. Әрі-беріден соң  хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымызға  Османды ертіп баруды жөн көрді. Хазірет Осман ел ішінде «Сенімді Мұхаммед» атанған ақырғы елшіні тәуір білетін. Өйткені, Османның нағашы әжесі Пайғамбарымыздың әкесінің бауыры болатын. Екеуі пайғамбарымызға  келіп амандық-саулық сұрасқаннан  кейін пайғамбарымыз хазірет  Османға қарап былай деді:

– Әй, Осман, Аллаһ тағаланың  уәде еткен жұмағына ие бол. Мен барша  адамзатқа пайғамбармын. Аллаһтан басқа  құдай жоқ, – деп пайғамбарымыз  Ислам діні жайлы көп насихат  айтты. Сөз соңында мына бір аятты  оқыды: «Несібелерің мен сендерге уәде етілген барлық нәрсе, көкте. Көк  пен жердің Раббысына ант етейін, Ол, дәл сендердің айтқандарыңдай хақ».

Бұл сөздерден кейін иман етпеу, Аллаһтың кәпір еткен құлының  ғана қолынан келетін іс болар. Хазірет  Осман сол арада кәлимә шәһәдатты  айтып мұсылман болды.

Қинау

Бұл күндері Меккеде Пайғамбарымызға  иман еткен адамдардың халі мүшкіл еді. Мүшріктер, әлсіз мұсылмандарды  ұрып-соғып, мысыққа ойын, тышқанға өлім дегеннің керін келтіріп, ойларына келгенді жасайтын. Хазірет Османның қорасында малы, маңайында жаны болғандықтан, жуан мүшріктер әзірге ашықтан-ашық ештеңе айта алмай жүрген. Тек көше бойында ұшыраса қалса, одыраң қағып  өте шығатын. Енді, міне, бүгін Османды  бас қазы өзіне алдырып, алдына келген соң айтты:

– Ұлым, Осман. Мен саған  өз ұлымдай қараймын. Сенің мына тапқан дінің бәріміздің сүйегімізге  қара таңба болатын түрі бар. Ел-жұрттың  алдында күлкі болмай тұрғанымызда, тезірек райыңнан қайтқаның құптарлық  іс болар еді.

Аллаһ тағалаға толық мойынұсынған Хазірет Осман мына қасқайған  қазы түгіл, әкесі келсе де қос  дүниенің бақытынан бас тартпақ  емес еді. Әрі-беріден соң Османның көне қоймасына анық көзі жете бастаған қазы түлкі-бұлаңға салып, енді қорқытпақ  болды:

– Алған бетіңнен қайтпайды  екенсің, өз обалың өзіңе, – деді де, қазы ағасы Османның аяқ-қолын байлатып тастады. Бірақ, хазірет Осман оңай шағылар жаңғақ емес еді. Амалы құрыған  қазы ағасы бір бөлмеге қамап, отындарды үйіп, сыртынан от қойып  жіберді. Біраздан кейін не болғанын білмекке ашып қарап еді, хазірет  Осман есінен танып қалған екен. Жұрт қаумалап жүріп, көтеріп сыртқа алып шықты. Сүт пісірімдей уақыт  өткенде Осман ес жиды. Тілге келіп, бәрібір бұл діннің жібінен қол  үзбейтінін айтты. Мұны көрген қазы ағасы:

– Мен саған қолымнан келгенін істедім, ендігі көрешекті өзің көресің, – деп, сырт айналып кете барды.

Шеше сөзі

Қазының ісінен кейін де хазірет  Османның жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Ең қиыны өз шешесінің қарсылығы  еді. «Егер ата-бабаңның дініне бас  ұрмайтын болсаң, бұдан былай сенімен  бір шаңырақ астында тұра алмаспын. Әкелген тамағыңнан да дәм татпаспын, көр де тұр», - деп, бір туысының үйіне  тартып отырды. Хазірет Осман әбден  шарасыз күйге түсті. Былай тартса өгіз өледі, былай тартса арба сынадының  кері келді. Шешесі Османды жақсы  біледі. Осы күнге дейін кісі көңілін  қалдырып көрген емес. Осы жолы да артынан  жүгіріп шығып, «мен дінімнен бас  тартайын, апа, сен үйге қайт», - деп  айтар деп үміттенген. Өйткені, Аллаһтың дінін ол жақсы танымаған еді.

Хазірет Осман хақ жолдан айнып қалар жан емес. Анасының бұл әрекетіне іштей қынжылып, біраз уақыт қамығып жүрді. Бірақ, шешенің аты шеше емес пе, жүрегі елжіреп, бауыр еті баласына қайта  оралды. Сөйтіп, хазірет Осман Аллаһтың хақ жолынан да қол үзбеді, анасымен де қайта қауышты.

Хижрет

Күн санап мүшріктер мұсылмандарды  қыспаққа ала бастады. Қойды талайтын шибөрідей қызылкөз мүшріктер әлсіз  мұсылмандар алдарынан шыға қалса, жапа-тармағай жабылып соққының астына алатын. Пайғамбарымызды көре қалса  келеке қылып, иман еткендерді мазақ  қылудан әсте бір танбайтын. Мұндай кездері пайғамбарымыз бен мұсылмандардың қолдарынан бар келетіні, Аллаһқа  жалбарынып дұға ету ғана. Бірақ, сол  екі ауыз Құран сөзі мен сұралған дұға мшріктердің атақ-абыройы мен  беделінен, істеген зорлық-зомбылықтарынан  анағұрлым үстем тұратын. Қалай  болса да мүшріктер мұсылмандарды  имандарынан қайтарып, кемел рухтарын жасыта алмады.

Бір күні пайғамбарымыздың нұсқауымен бір топ адам Эфиопияға қарай  бет түзеп, жолға шықты. Өйткені, бұл жердің патшасы елді дініне бола қысымға алмайтын көрінеді. Жаңадан  қанат жайып келе жатқан дін Ислам  үшін бұл ел таптырмас аймақ болатын. Көшті хазірет Осман бастап барды. Пайғамбарымыз жөнелтіп жатып хазірет  Османға қарауындағы елді қайта-қайта  аманаттады. Бар байлығын тастап, тек  жары Ұрқияны ертіп жолға шықты. Пайғамбарымыз осы көш жайлы  «Осман хазірет Лұттан кейін осы  аймаққа отбасымен көшіп барған алғашқы адам» дейтін еді. Осы  сөзге хазірет Осман кәдімгідей қуанып қалатын. Эфиопияға жетуіне  жеткенімен мұсылмандар жол тосып, Меккеден хабар күтумен болды. Ол жақта да жағдай жақсара қалса  қайта көшіп барармыз дейтін. Осы  кезде Ұрқияның айы-күні жетіп шекесі торсықтай ұл туды. Баланың атын Абдулла қойды. Абдулла сол жақтағы  мұсылмандарға қуаныш ала келгендей  еді. Әсіресе, әкесі мен шешесінің  көңіліне медет болды.

Күндердің бір күнінде  Меккеден қуанышты хабар келді. «Халық түгелдей мұсылман болыпты», «Әбу Жәһил  де иман еткен көрінеді» деген  сүйінші хабар ауыздан-ауызға тарады. Мұны естіген мұсылмандар Эфиопияда  бір күн де аялдап тұра алмады. Жаппай қайтадан Меккеге қайтты. Бірақ қаланың  шетінде келгенде бір-ақ білді. Хабар  өтірік болып шықты. Шегінерге жол  жоқ, хазірет Осман Меккенің бір  жуанымен сөйлесіп, Меккеге кірді. Бірақ  көп өтпей мұсылмандардың бірі қалмай, тегіс Мәдинаға үдере көшті. Мәдинада хазірет Осман да өзге мұхажирлер сынды өзі үй соғып алғанша  жергілікті бір ансардың үйіне түсті.

Тар мешіт

Пайғамбарымыз Мәдинаға келісімен  қолға алған алғашқы ісі мешіт  құрылысы еді. Мұсылмандардың барлығы  осында жиналып жамағатпен намаз  оқып, пайғамбарымыздың  уағызын  тыңдайтын. Бірте-бірте Ислам дініне кірушілер көбейген сайын мешітке  топ-тобымен ағылып келушілердің де қарасы молайған еді. Нәтижесінде алғаш  салынған мешіт тарлық қылып, мешітті  үлкейту керек болды. Осыны пайғамбарымыз  жамағатқа айтып, кімде-кім Аллаһтың мешітін кеңейтер болса, Аллаһ та ол адамды жұмағына алатынын айтқан еді. Мұны естіген хазірет Осман бірден іске кірісті. Құрылысқа керекті  дүниелерді өзі сатып алып, мешітті  баяғыдан әлдеқайда үлкейтті. Пайғамбарымыз Османға әбден разы болып дұға етті. Осы бір мүбәрак істің соңынан Аллаһтың қалауымен «Тәубе» сүресінің он сегізінші аяты түсті.

«Аллаһтың мешітін тек  Аллаһқа және ақырет күніне сенгендер, намаздарын шынайы ықыласымен оқығандар, зекетін бергендер, Аллаһтан басқа  ешкімнен қорықпағандар ғана жөндейді. Міне, солар, тура жолдағылар».

Рума құдығы

Мәдина халқының жан бағып  отырған негізгі күнкөріс кәсібі бау-бақша болатын. Көбіне бұл жақта  ауа райы ыстық, су тапшы. Қаладағы ең үлкен құдық Мәдинаның сыртында бір яһудидің Рума деген құдығы еді. Бұл құдық қаладағы жалғыз тұщы су. Басқа құдықтардың суын кісі ішуге  келмейді. Мұны білетін яһуди құдықтың аузына құлып қойып, суды шелектеп сатып  жүрді. Қолдан келер қайран болмағасын қарапайым халық осыған көнетін.

Бір күні пайғамбарымыз  елді жинап осы құдықты мұсылмандардың сатып алулары керек екенін айтты. Және де елдің игілігі үшін сатып  алған кісіге жұмақтың есіктері айқара ашылатынын да білдірді. Мұны естіген  хазірет Осман құдықты саудаламақ болып, жүгіре басып әлгі яһудиге  барды. Бірақ қожайынның тамырын  басып, онымен ортақ мәмілеге келу оңай болмады. Ұзақ келіссөзден соң әлгі яһуди құдықтың жартысын сатты да, құдық бір күн Османға, бір  күн яһудиге тиесілі болды. Құдық  басында Осман қожайын болған күні елдің бәрі суларын қажетінше  толтырып алатын. Ақырында яһудидің саудасы  жүрмей қойды. Амалы құрыған яһуди  арзан бағаға құдықты толықтай Османның  иелігіне өткізіп жіберді. Сол күннен бастап халық әр кез суға барған сайын хазірет Османға дұға етіп жүрді.

Сатылатын сауыт

Бір күні хазірет Осман  базарда жүріп хазірет Алидің сауытын сатып отырған бір  адамды кездестіріп қалады. Сұрастыра  келе Алидің Пайғамбарымыздың қызы Фатима анамызбен отау көтеретіні, той жасауға  осы сауыттан түскен ақшаны жұмсайтынын  біледі. Хазірет Осман саудагерді үйіне ертіп барып, ақшасын береді. Сосын сауыттың ішіне де біраз  ақша салып, саудагерге аманаттап тұрып  былай дейді: «Мына сауытты Алидің өзіне қайта апар. Бұл сауыт  тек өзіне ғана жарасады. Ал ішіндегі ақшаны тойға жұмсасын».

Сыйлық 

Бір жорықта Ислам әскері ашаршылыққа ұрынады. Тіске басар  талшық таба алмай қиналған кезде  пайғамбарымыз мұсылмандарға күн  батпай тұрып Аллаһ тағала сендерге несібелеріңді береді дейді. Мұны естіген  мұсылмандардың өшкен үміттері қайта жанғандай болып, тағат таппай уақыттың өтуін күтеді. Ал әскер ішіндегі кей мұнафықтар өзара күбірлесіп пайғамбарымызды келеке ете бастайды.

– Қара да тұр, осы жолы айтқаны  болмайды, – деп пайғамбарымызды  ел алдында масқара болады деп  ойлап, тағатсыздана соны күтеді. Бірақ  пайғамбарымыздың аузынан ақиқаттан  басқа сөз шыққан ба, көп өтпей  анадайдан бірнеше түйенің қарасы көрінеді. Азық артқан түйелерді жетектеп келе жатқан жігіт пайғамбарымызға  келіп, «мынау Османның сіздерге жөнелткен  сыйлығы» деп табыстайды. Пайғамбарымыз  қуанғанынан қолдарын көкке жайып  «Аллаһым, Османға бер, Аллаһым, Османға  бер» деп дұға қылды.

Қызығу

Хазірет Османның жомарттығы ел ішінде ауыздан-ауызға аңыз болып  тараған. Бір күні мешітте оған бір  жігіт келіп өзінің кедей екенін, бай болғысы келетінін, бай болса  малының барлығын садақа мен қайырлы  істерге жұмсайтынын айтады. Әрі  сөз арасында өзінің Османға қызығатынын  да тілге тиек етеді. Кіршіксіз таза көңілімен келіп тұрған бауырын  хазірет Осман арқасынан қағып  былай деді:

– Қайғырма, Аллаһқа ант  етейін, кедейдің еңбек етіп жүріп  тапқан ақшасын садақа қылуы байдың бергендерінен анағұрлым қайырлы. Өйткені, бай ақшасының жартысын, ал кедей барлығын береді, – дейді.

Кешірім сұрау

Бір күні қызметшілерінің  бірі әлдебір нәрсені қате жасап  қояды. Мұны көрген хазірет Осман  қызметшісін шақырып алып құлағынан  тартып жазалаған болады. Арада біршама  уақыт өткенде хазірет Осман  әлгі қызметшісін шақырып алып баяғыда  өзінің жазалағанын айтып есіне  түсіреді де, «енді сен менің құлағымнан тарт» дейді. Қызметшісі қанша тартынса да, хазірет Осман қоярда-қоймай қызметшісіне баяғыда кеткен өшін алдырған екен. Сөйтіп, қаншама уақыттан бері жанын жегідей жеген уайымнан осылай арылған екен.

Үмбеттің ең ұяттысы

Хазірет Осман бізге ең бірінші ұяттылығымен, арына дақ  түсірмеген адалдығымен белгілі. Барлығы  хазірет Османның осы бір тамаша мінезіне сүйсінетін. Пайғамбарымыз  да «Сахабаларымнан мінезі ең жақын  ұқсағаны» дейтін. Тіпті жаз уақытында  жұрт үстіндегі киімдерін шешіп  салқын су құйынғанда да, хазірет Осман  үстіңгі киімін шешпей шомылатын.

Бір күні пайғамбарымыз Айша анамыздың үйінде жантайып жатқан. Кенет есік қағылып Әбу Бәкір  ішке кіруге рұқсат сұрайды. Аздан кейін  тағы да есік қағылып хазірет Омар келеді. Пайғамбарымыз сол жантайып жатқан күйі екі досымен әңгіме-дүкен құрады. Тағы аз уақыттан кейін есік қағылды. Келіп тұрған хазірет Осман екен. Пайғамбарымыз дереу түрегеліп, аяқтарын жауып, содан кейін барып Османды ішке кіргізеді. Осыны көрген Айша анамыз Әбу Бәкір мен Омар келгенде жантайып жатып, Осман келгенде ғана етек-жеңін жинап, еңсесін тіктеп отырғанының мәнісін сұрайды. Сонда пайғамбарымыз:

– Аллаһқа  ант етйін, Османнан періштелердің  өзі ұялғанда, мен неге ұялмайын?! Осман өте ұятты адам. Менің  жантайып жатқанымды көргенде ішке кірмей кетуі де мүмкін еді, – дейді. Тағы бір сөзінде «Үмбетімнің ең әдептісі Осман» деген болатын.

Жұмақпен сүйіншіле

Бір күні хазірет Осман  пайғамбарымызға келіп ішке енуге  рұқсат сұрайды. Пайғамбарымыз:

– Жақында Османның басына бір бәлекет келеді және ол жұмаққа  барады. Осыны жеткіз, – деп бір  сахабасын жібереді. Сахаба есікте күтіп тұрған Османға: – Жақында  сенің басыңа бір бәлекет келеді, – дейді. «Көмекті тек Аллаһтан сұраймын», – дейді Осман. Сосын әлгі сахаба: – «Сенің жұмаққа баратыныңды  айтты», – деді. Хазірет Осман  тілмен айтып жеткізе алмас қуаныштан  жүзі бал-бұл жанып, ерекше толқып кетті. Ішке кіріп пайғамбарымызбен ұзақ әңгімелесті.

Зорлық әскері

Византияға қарсы жорыққа  аттанатын әскер жасақталып жатқан уақытта халықтың жағдайы әжептәуір  нашарлап кеткен болатын. Атқа қонар  әскер сарбаздарының ат-көлігі мен  ас-су жағынан таршылық көруі Пайғамбарымызды  ойға қалдырды. Пайғамбарымыз Аллаһтың разылығын алатын таптырмас мүмкіндіктің осы әскер қажеттілігін өтеуге көмектесу  екенін айтып, дәулеті мен сәулеті  келіскен байларға қолқа салды. Хазірет  Осман орнынан атып тұрып:

Информация о работе Хазирет Осман