Қоғамдық шаруашылықтың формалары: натуралды және тауарлы. Ақшаның мәні және қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:08, реферат

Описание работы

Тақырып: Қоғамдық шаруашылықтың,формалары: натуралды,тауарлы. Ақшаның мәні және қызметі.
Кіріспе бөлім: Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
Негізгі бөлім. Тауарлы шаруашылықтың мәні.
Тұтыну құны.
Тауар және оның қасиеттері.

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 34.19 Кб (Скачать)

         Әл – Фараби  атындағы    Қазақ  Ұлттық  Университеті

 

 

 

 

 

 

 

                    СОӨЖ

Тақырыбы:   Қоғамдық шаруашылықтың формалары: натуралды  және тауарлы.  Ақшаның мәні және қызметі.

 

 

 

 

Орындаған: Рысбек А    

 Филология:қазақ  тілі

Қабылдаған: Иляшова  Г

 

 

 

 

                                        Алматы  2013ж

                                           ЖОСПАР:

Тақырып:  Қоғамдық шаруашылықтың,формалары: натуралды,тауарлы.  Ақшаның мәні және қызметі.

Кіріспе бөлім: Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.                                                                   

Негізгі  бөлім. Тауарлы шаруашылықтың мәні.

  •   Тұтыну  құны.
  •   Тауар  және  оның  қасиеттері.
  •   Ақшаның мәні мен атқаратын қызметі. 
  •   Инфляция.                                                            

 

  Қорытынды: Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.

 Жұмыстың  мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова. Экономикалық   теория. Алматы. 1999ж.
  2. http://kk.wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:                                                              

      Натуралды шаруашылық:                                                                                                              1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;                                                          2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;                                                     3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

     Тауарлы шаруашылық:                                                                                                    1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;                                                                         2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;                                                                 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

      Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
  • өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі;

       Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жеке меншіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты. • жеке меншіктің пайда болуы; • тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; • еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; • қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; • экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

  • адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
  • басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны);

       Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты: Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы. Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді. Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді. Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған. Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады. Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді. Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды.                                                                   Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:                                                                                                                       1. Сапалық, біртектілік.                                                                                                                                   2. Сандық бөлінуі.                                                                                                                                              3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.                                                                      4. Сақталуы.                                                                                                                                                    Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді. Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни • металдық • номиналдық • сандық теорияларна байланысты болады. Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды. «Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді. Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды. Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән: - Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады). - Пайдалануға өте ыңғайлы Мүлтіксіз сақталынуы Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі. 

          Тауар және оның қасиеттері. Тауардың құнын анықтаудағы теориялық бағыттар.

 

       Тауарлы  өндірісте өнім тауар түрінде өндіріледі. Бірақ, кез келген өнім тауар емес, ал кез                                    келген тауар - өнім. Сонда тауар дегеніміз не?

Тауар дегеніміз оқшауланған  өндірісші өзі тұтынуы үшін емес, басқалар тұтынуы үшін, рынокта сатып  пайда табу үшін өндірілген өнім. Қысқаша  айтқанда, тауар дегеніміз бастапқыдан  рынокта сату үшін өндірілген өнім (зат және зат емес түрдегі).3 Демек, кез келген өнім (зат және зат емес түрдегі) тауар сипатына өте бермейді. Егер өндіруші ол өнімді өзі тұтыну үшін өндірсе, ол тауар емес.

Сонымен қатар, өнім кез келген жағдайда тауарға айнала бермейді. Өнім тауарға айналуы мүмкін, егер оның екі қасиеті бар болса:

1.Тұтыну құны;

2.Айырбас құны.

Тауардың тұтыну құны дегеніміз  оның адамдардың белгілі бір қажеттіліктерін  қанағаттандыра алу қабілеті. Шындығында, кез келген өнім тұтыну құны болып  табылады. Өзі тұтынады ма, әлде басқалар үшін өндіреді ме, бәрі бір, ешкім ешқашан  пайдасыз өнім өндірмейді. Адам өндірген өнім белгілі бір жеке қажеттіліктерді қанағатандыра алады немесе басқа өнімдерді ендіру құралы бола алады. Демек, кез келген заттың тұтыну кұны бар, сондықтан экономикалық теория тілінде зат тұтыну құны немесе пайдалылық де аталынады.

Есте ұстайтын нәрсе, тұтыну құны немесе пайдалылық адам еңбегінің  нәтижесі түрінде ғана болуы шартты емес. Мысалы, табиғат сыйлаған, бірақ  адамдар тұтынып жатқан «тегін»  игіліктерді де тұтыну құны деп айтуға болады (жабайы жемістер мен жидектер, таза су, орман және тағы басқалар).

Қарапайым заттан тауардың айырмашылығы және ерекшелігі - зат  тауарға айналуы үшін ол қоғамдык тұтыну құны болуы тиісті, яғни тауар оны өндірген адамның емес, сатып алған адамның қажеттілігін өтеуі тиісті. Қоғамдық тұтыну құны дегеніміз тауар ретінде өндіріліп жатқан өнімдердің рынокта сатылып, белгісіз басқа біреулердің, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра алу қабілеті. Демек, тауардың тұтыну құны тек нарық арқылы анықталады. Егер нарықга тауарға сұраным бар болса, оны басқалар сатып алып жатса, онда тауар түрінде өндірілген сол зат қоғамдық тұтыну құны болғаны. Қысқаша айтқанда, ол - қоғамға пайдалы тауар. Осыдан барып келесі қорытынды туындайды: кәсіпкер «нені өндіру керек?» деген мәселені «әрқашан тек сұраным бар тауарды ғана өндіру керек» деген тұрғыда шешуі керек.

Тауардың екінші қасиеті - айырбас құны, яғни белгілі бір  пропорцияда басқа тауарға айырбастала  алу қасиеті. Тауардың айырбас құны сандық қатынас түрінде нақты көрініс табады: тұтыну құны түріндегі бір тауардың белгілі бір саны тұтыну құны өзгеше басқа тауарға айырбасталады. Мысалы, 1 жылқы 10 қойга айырбасталған кезде айырбасталып жатқан тауарлардың сандық катынасы, яғни айырбас құны көрініп тұр. Айырбас кезінде тұтыну касиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлар белгілі бір саны арқылы бір-бірімен теңестіріледі.

Тұтыну қасиеттері мүлдем үйлеспейтін әртүрлі тауарларды айырбас кезінде не нәрсе теңдестіреді, оларды қалай бірдей етеді? Демек, оларды теңдестіретін ортақ негіздің бар болғаны. Ол қандай негіз? Ондай негіз ретінде тауарлардың көлемі, массасы, түрі мен түсі, физикалық-химиялық қасиеттері сияқты сипаттамалары роль атқара алмайды. Бұл сиякты пайдалы қасиеттері арқылы тауардың тұтыну құны ғана анықталады. Айырбасталатын тауарлардың тұтыну құндарының әртүрлі болуы - айырбастың қажетті шарты, өйткені ешкім бір затты (тауарды) дәл сондай затқа (тауарға) айырбастамайды.

Әртүрлі тауарларды айырбас  кезінде теңдестіретін, оларды салыстыруға  мүмкіндік беретін ортақ негіз  бар, ондай негіз - тауардың құны. Рынокта  айырбас жасалынып жатқан кезде  тауарлардың құндары өзара салыстырылады, сол арқылы сандық қатынас орнатылады, яғни айырбас кұны белгіленеді: хА=уВ=2С=... Бұл жерде х,у,2 - айырбасталып жатқан тауарлардын саны; А,В.С – тұтыну құндары мүлдем өзгеше тауарлар.

Көне Грецияның ойшылы Аристотель айырбас теңдіксіз, ал теңдік өзара өлшемдіксіз мүмкін емес деген  дұрыс ой айтып кеткен еді. 4 Дегенмен, көптеген ғасырлар бойы ешкім айырбас құнының негізін түсіндіріп бере алмады. Тек, XVIII - XIX ғасырлар аралығында ғана экономикапық теория айырбас тауарлардың құндарын салыстыру арқылы жүретінін түсіндіріп берді.

Тауардың құны дегеніміз  не? Ол қалай анықталады? Оның өлшемдері  қандай?

Бұл сұрақтар өткір және ұзақ уақытқа созылған ғылыми пікір  таластық тудырды. Пікір таластықтың  нәтижесінде тауардың құнын анықтау  мәселесі төңірегінде екі қарама-қарсы  теориялар қалыптасты: құнның еңбектік теориясы және шекті пайдалылық теориясы.

а) Құнның еңбектік теориясы.

Құн заңы және тауарлы шаруашылықтағы оның ролі.

Нарықта айырбас жүріп  жатқан кезде тұтыну қасиеттері әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі тауарларды теңдестіретін, әрбір тауарға тән  «құпия сырды» зерттеу барысында  құнның еңбектік теориясы калыптасты. Классикалық саяси экономияның негізін қалаушылар, атақты ағылшын  оқымыстылары  У.Петти, Д.Рикардо, А.Смит алғашқылардың  бірі болып құнның еңбектік теориясының бастамасын жасап берді. Мысалы, У.Петти айырбас пропорциясының негізінде салыстырылып жатқан тауарларды өндіруге жұмсалған еңбектің, жұмыс уақытының теңділігі жатыр деп есептеген. Ол өзінің ойын былай қорытындылады: «Егер белгілі біреу  Перу рудниктерінен күмістің бір унциясын бір бушель нан өндірілетін уақыт аралығында өндіріп, Лондонға жеткізе алатын болса, онда алғашқысы кейінгісінің табиғи бағасы болып табылады...»5 Бұл жерде У.Петти табиғи баға деп нарықтық бағаны емес, тауардың құнын түсінген.

Кейінірек А.Смит У.Петтидің ойын тереңдете түсіп, мынадай жалпылама  қорытынды жасады: «еңбек жалғыз жалпылама, керек десеңіз жалғыз дәл өлшеуіші немесе біздер барлық кездері және барлық жерлерде әртүрлі тауарлардың  құндарын өзара сапыстыра алатын жалғыз ғана өлшем болып табылады».6

Демек, құнның еңбектік теориясының  ірге тасын қалаушылардың дәлелдеуі  бойынша әрбір тауарға тән  ортақ ұқсас ішкі мазмұн бар, ол - тауардың кұны, ал тауардың құны оны  өндіруге жұмсалған (шығындалған) жұмыс  уақытымен, яғни еңбек шығындарымен анықталады.

Құнның еңбектік теориясын  классикалық саяси экономиканың кейінгі өкілдерінің бірі, пролетарлық  саяси экономиканың қалаушысы К.Маркс  биік тұғырға шығарды. Оның «Капитал»  деген еңбегі экономикалық ойдың  тарихына өшпес әріппен жазылып  қалды.7

Құнның еңбектік теориясын  қысқаша төмендегідей түсіндіруге  болады.

Біріншіден, әртүрлі тауарлардың  ұқсас ортақ ішкі артық мазмұны - құны бар. Сондықтан тауарлар бір-бірімен  салыстырылып, теңдестіріліп, айырбас  пропорциясы арқылы айырбасталады.

Демек, айырбас құны дегеніміз  тауардың құнының сыртқы көрініс  формасы. Тауардың құны арқылы айырбас  құны қалыптасып, әртүрлі тауарларды салыстыруға міндеттеледі.           

 

      Ақшаның атқаратын қызметтері.

                                                                                                                                                         1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.                                                                                                                                             2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет.                                                                3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.                                           4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.                                                                                                                                         5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

Информация о работе Қоғамдық шаруашылықтың формалары: натуралды және тауарлы. Ақшаның мәні және қызметі