Сәбит Дөнентаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 18:49, реферат

Описание работы

Публицистің әрбір шығармасында ұлттық сипатқа лайық көңіл бөлінді. Яғни публицистің негізгі мақсатының бірі рухани саланы жетілдіру. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарады. Абай шығармашылығына ерекше көңіл аудару осының бір айғағы.Сәбиттің баспасөзбен тығыз байланысты өмірі 1912 жылы Павлодардағы Қасым-қажы Ертісбаевтың медресесінен оқып жүрген кезінен басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста оқи жүріп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдерін жолдап отырады. 1919-1922 жылдары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады.

Работа содержит 1 файл

Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана мақаламен жазып шығу жеңіл.docx

— 34.15 Кб (Скачать)

                                                       Сәбит Дөнентаев 

Сәбит Дөнентаевтың сан қырлы өмірбаянын бір ғана мақаламен жазып шығу жеңіл-желпі дүние емес. Өйткені, ол өзінің журналистік ғұмырында ел ішінде болып жатқан елеулі оқиғалардың қайнаған ортасында жүріп, қоғамдық және редакторлық қызметтері барысында атқарған істерін жүйелеп-жіктеп жазып шығу үшін зерделеп, зерттеу қажет. Кедей отбасында дүниеге келіп, оқу-білім іздеп талпынуы, ақындық өнерінің ашылуы, өз бетінше білім қууы, тұрмыс қажеттілігі салдарынан ұстаздық жолға түсуі, сол кездегі үлкен мерзімді баспасөзге өлең, мақала жолдап тұруы, баспасөз қызметкерлерімен тығыз байланыс жасап тұруы, патша өкіметінің зұлым саясатының салқыны тиіп, қуғынға ұшырауы, жұмысшы, пошташы болып істеуі, майданның қара жұмысына жегілуі, кейіннен Қаныш Сәтбаевпен халық соты қызметін атқаруы Сәбит Дөнентаевтың редакторлық қызметке келуге дейінгі көрген қиындықтарының сыртқы көріністері ғана.

Публицистің әрбір шығармасында ұлттық сипатқа лайық көңіл бөлінді. Яғни публицистің негізгі мақсатының бірі рухани саланы жетілдіру. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше қызмет атқарады. Абай шығармашылығына ерекше көңіл аудару осының бір айғағы.Сәбиттің баспасөзбен тығыз байланысты өмірі 1912 жылы Павлодардағы Қасым-қажы Ертісбаевтың медресесінен оқып жүрген кезінен басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курста оқи жүріп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналына өлеңдерін жолдап отырады. 1919-1922 жылдары Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады.

Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Социалистік Шығыс», «Жаңа ауыл», «Қазақ тілі» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Сәбит Дөнентаев өзі өмір сүрген дәуірдің үні болды. Халықты бостандыққа, еркіндікке шақырды. Ақын өлеңдерінде оқу-білімнің жетістігі, әйел теңсіздігі, байлардың қарау мінезі, еңбекқорлық пен жалқаулықтың айырмасы бірде поэтикалық мәнер танытқан ақын. Оның «Көркем қызға», «Жәмилә қыз», «Әйелдер мейрамына», «Мен зынданда», «Ерікті Айша», «Ерікті Айша», «Әйелдердің он жылдық тойына» деп аталатын өлеңдерінде әлеуметтік мәселе бірде диалог, бірде монолог, бірде қыз мұңы түрінде беріледі.

«Болса алыңыз, қыз керек,

Маған жалғыз сіз керек.

Деп Төкішбай жалпылдап,

Алпыстағы жасына,

Қарамастан  қарқылдап,

Уәде  қылды, қол соқты...

Ал  Жәмилә зарлап жүр,

Шайтан  алсын, шал алсын,

Төкең байғұс мал алсын, -

деп, қызын малға сатқан Төкіштей дүниеқоңыз атаны, қалың малшы байлардың адам еркіндігін еріксіз байлаған топастығын әшкерелеп, өткір сынайды.

Табиғат лирикасына жазылған өлең шумағына мән берсеңіз, онда тек табиғат көрінісі ғана суреттеліп тұрмағанын бірден байқайсыз. Жаз мезгілін бейнелей отырып, халықты өмірдің жазына шақырады.

Сондай - ақ, «Шілде», «Жарық ағаш», «Бірінші май», «Жазғытұры жар басында», «Күздің сыры», «Май туады» деген өлеңдерінде табиғат көрінісін фон ретінде алып, адам өмірі жайында толғанады [12, 112 б.].

Сәбит Дөнентаев балалар әдебиетіне де қалам тербеген. Оның көптеген өлеңдерінен бала мінезі, бала жаны бейнеленіп, балаға деген мейірім айқын сезіледі. Тіпті Сәбиттің жалғыз көркем әңгімесі «Көркембай» да жетім бала тағдыры жайында.

Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады.

Сәбит Дөнентаев - сатира жанрында айрықша тұлғаланған талант. Қазақ әдебиетіндегі фельетон, сықақ, әзіл-қалжың, мысал жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай-ақ «Ібілістің шайтандарына айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан-жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, халықты еңбекке, бірлікке шақырады.

Солардың  ішіндегі мәселені көтеру жағынан маңызды келетін, таптық көзқарасты бейнелейтін өлеңі - «Бозторғай». Мысалда 1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап, арыз жүргізушілердің кейпін көрсеткен. Шырылдаған бозторғай мұңын айтып өзінен әлді құстарға жүгінгенімен, ешбірінен көмек көрмейді. Қайта өзіне ұрсып, әлімжеттік жасамақ болады. Сөйтіп, бозторғай «Бұл заман байқағанға күштінікі» (Сәбит Дөнентаев, «Менің халім») екенін ашына мойындайды.

Тереңірек үңілген адамға осы мысалдың астарында Сәбиттің өз өмірі де жатқан сияқты. Жоқшылық, ауру, әділетсіздік аяғын тұсап, адымын аштырмаған ол, көлемді туындылар бере алмады. Өзі өлеңдер жинағына «Уақ-түйек» деп қалай ат қойса, ақын туындалылары да сол атаудың шеңберіне сыйып кететіндей. Осы тұста көрнекті әдебиет зерттеушісі Құлбек Ергөбековтың мына бір пікірін келтіре кеткенді жөн санадық: «Иә, Сәбит Дөнентаев өзінің дарын қуатын әр жанрға қалам тартып ұштады. Қай жанрда жазса да, бар игі мақсаты - халқына адал қызмет ету еді. Аз ғұмырын халқының тағдырын жырлауға арнады. Сондықтан, Сәбит Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды [13, 115 б.].

Сәбиттің  көзі тірісінде жарық көрген жалғыз жинағы «Уақ-түйек». Одан кейін бірнеше рет өлеңдерін жинастырып, кітап қылып бастыруды көздегенімен, Сәбиттің ойы жүзеге аспайды. Бұл туралы әдебиетші Балташ Ысқақов өз естелігінде былай дейді:

«Ендігі ойы бұрын-соңды жазған өлеңдерін жинастырып, бастыру болды. Сол мақсатпен 1932 жылы апрель айында Алматыға барып, өлеңдер жинағын тапсырады. Бірақ, Қазақстан Жазушылар ұйымының салақтығынан Сәбит өлеңдері жарыққа шықпай, жоғалып кетеді. 1933 жылы, қайтыс боларының алдында Алматыға келіп, Сәбит өзінің барлық жазған өлеңдер жинағын Қазақстан мемлекеттік баспасына екінші рет тапсырады. Тағы да басылмай аяқсыз қалады»

Сәбит Дөнентаев өмірден өткенімен, оның туындыларын бағалап, жинақ етіп шығару ісін жалғастырушылар табылды. 1935 жылы Р.Жаманқұловтың алғы сөзімен «Сәбит Дөнентаевтың өлеңдері» деген атпен 1950 жылы «Өлеңдер» деп аталатын шағын жинағы, профессор Е.Ысмайыловтың алғысөзімен; 1958 жылы орыс тіліндегі жинағы жарық көрген болатын. Осыдан кейін араға 30 жыл салып, 1989 жылы екі жинағы қатар жарық көреді. Біреуі «Бозторғай» деген атпен Құлбек Ергөбековтың алғы сөзімен басылса, «Ұрпағыма айтарым» деген атпен Сәбиттің қызы Сәулет Дөнентаеваның құрастыруымен, басылып шықты. Осы жинаққа ақынның өлеңдері ғана емес, әр жылдары әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалалары қоса берілген.

Халқына адал қызмет еткен азаматтың мәңгілік мекенін тазалап отырса, тіпті, Сәбит атындағы көшеге болашақ ұрпақ тағзым етерлік ескерткіш, естелік тақта орнатса да артық болмас еді-ау. «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген халық даналығын ескергенде, Сәбит Дөнентаевтың өзінен кейінгі өшпес мұра қалдырған, атаның ғана баласы емес, адамның баласы бола білген азаматтығын жадымызда ұстайық.

Сәбит 1918 жылы Семейге келеді. Онда семейде «Сарыарқа» газеті шығатын. Сәбит осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де («Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға») осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да Сәбит Семейде болып Мұхтар Әуезовтен орыс тілі сабағын жеке (частный) оқиды. Сол жылы Сәбит Павлодарға, еліне қайтады. Енді ұлтшылдардан көңілі қала бастайды. Бұл ретте Сәбит өзінің ол кездегі жастығын, басында ұлтшылдардың ықпалына ергенімен, кейін одан тайқып шыққандығын айтатын еді. Мұны сол уақытта жазылған «Қаулы» деген өлең едәуір дәлелдейтін тәрізді.

Совет өкіметі орнаған соң, 1923 жылға дейін Павлодар уезінде халық соты болып қызмет атқарады. Бұл уақыттарда өлең жазуды дерлік тоқтатқан тәрізді.

1923 жылы «Қазақ тілі» газеті редакциясының және Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруы бойынша Сәбит Семейге келеді. «Қазақ тілі» газетіне қызметке кіреді.

Осы мезгілден былай Сәбит творчествосында жаңа дәуір басталады. Сәбит өлеңіндегі ірі өзгерістің бірі оның идеясының нағыз советтік бағытқа көшуі еді. Сәбиттің тілі сықақ-келеке, мысқылға икемді өткір еді. Тіпті жай сөйлесіп отырғанның өзінде бір кемшілік, жолсыздық туралы айтса, оның жер-жебіріне жете, орнынан тұрмастай етіп әжуалап тастайтын.

Алғашқы кездесіп сөйлескенде бірден-ақ Сәбит сөзге шебер, шешен, ділмар екенін байқауға болатын. Оның ой елегінен екшеліп шыққан сөз естіліп, ширатылып, біріне-бірі іркес-тіркес түйдектеліп, пікірін дәлелдей түсетіндей еді. Кей сөздері шешен, билердің сөзіне ұқсап қалатын. Ол жәй сөйлесіп отырғанның өзінде мақал-мәтел, елдің шешендерінің өткір, мағыналы, нақыл сөздерін орынмен қолданатын-ды. Сөйлеген сайын әңгімені дәмдендіріп тың пікір, тың ойларды үздіксіз шығара беретін тәрізді еді [17, 25 б.]. Сәбит «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеген кезінде (1926 жылы июнь-июль айлары кезінде) қазақ еңбекшілерінің 1916 жылы патшаға қарсы көтерілісі жайында арнаулы қабырға газеті шығарылды. Осы қабырға газетінде Сәбиттің бұрын ешқайда басылмаған 1916 жыл туралы 7-8 шумақ өлеңі басылды. Әрине, бұл сюжетке құрылмаған, жай ғана өлеңнің бірі болса да, бұл да Сәбит творчествосы ішіне қосылып, баспаға берілуіне әбден болатын дүние еді.

Сәбиттің  революциядан кейінгі, әсіресе 1923 жылдан кейінгі өлеңдері: совет құрылысына, жетім, жалшылар өміріне, еңбекші әйелдерге, жұмысшыларға, комсомолға, Ленин мен Сталинге, Октябрь, Май мейрамдарына, «1905 жылғы революцияға», «Париж коммунасына» тағы басқаларға арналған. оның ленин қайтыс болған күнге, Ленин өлімінің бі жылдығына, бес жылдығына, Лениннің балалық шағына арнаған өлеңдері бар.

Ақын  әрі журналист Сәбит Дөнентаев 1923-1933 жылдары «Қазақ тілі» газетінде қызмет етті. Ол жаңа өмірді жырлайтын өлеңдерімен қатар, өткір фельетон, жастар өмірі, әйел теңдігі, денсаулық сақтау жөнінде көптеген публицистикалық мақала жазды, еңбекші хаттарын қорытты, тілшілерді газетке хабар жазуға үйретті.

Сәбит творчествосына татар әдебиетінің тигізген әсері болмай қалмаған тәрізді. Татардың халық ақыны Ғабдолла Тоқай өлеңдерінің кейбірін Сәбит жатқа білетін. «Рамазан (ораза) айында шайтандардың азғыруы» деген Тоқайдың өлеңін Сәбит қазақ тіліне аударып, оны «Уақ - түйекке», одан кейінгі жинағында да енгізген.

Татар ақындарының ішінен Тақташты, Дәрмәндті (Закир Рамеевті) көбірек оқитын. Шайхзада Бабичтің өлеңін сүйсініп оқығаны әлі есімде. «Терең тамырлар» романын (татар тілінде) екі күндей бас алмай оқығанын көзіммен көрдім. Әрі татар тілінде, әрі жаңа, латынша әріппен басылған бұл кітапты тез оқып шығу тым қиынға соқты. Сонда да, бастаған ісін аяқтамай тынбайтын Сәбит кітапты ақтық бетіне дейін оқып бітіріп шықты. Алдында одан бұрын оқып едім, мен сондықтан: «қалай екен» деп сұрау қойдым, Сәбиттің пікірін, әділ сынын естігім келді. Ол оқып болысымен: «Уһ» деп демін алды да: - «Ішінде бірге жүргендей болдым ғой», деді.

Сәбит редакция маңында жүрген кезінде жастарға көп үлгі-өнеге берді. Өлең жазатын жастар ақыл-кеңес алу үшін Сәбитке жиі келетін. Ауылдардан Сәбиттің атына көп хаттар түсетін. Осы кезде Сәбит жастардың өлеңдеріне газет бетінде үнемі обзор (шолу сын) жазып, немесе, ауызша кеңес беруші еді.

Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық мақалаларында негізінен ел тұрмысындағы өзгерістер, адам психологиясындағы жаңалық, әлеуметтік теңсіздік және өнер тақырыбы, кедейлердің қатарға қосылуы, уақыт, заман туралы толғаныс тағы басқа мәселелер сөз болды.

Аласапыран, төңкерісті заманда өмір сүрген жазушының қоғамдағы кейбір әділетсіздіктері жайлы көркемдікпен, сезімталдықпен суреттеген уытты сатирасы да сол дәуірдегі көп шындығын ашады. Сол заман ағымын елге түсіндіріп, қоғамдық саясатты дұрыс түсінбей жүргендерге не нәрсені бұрмаламай ашып көрсетеді.

Публицистің кейбір мақалаларынан баспасөзге жазып жүргендерге деген өкпе назы да байқалады. Өзінің уыты тілін «күнде айғай, күнде даурық, желдеткен қара боран сөз» қуған баспасөз қызметкерлеріне, жаңа заман шындығын дәл танып жаза алмай жүрген дәрменсіздерге арнайды.Жалынды журналистің қаламынан туған отты мақалала ұлттың ой сананың өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, соны серпіліс туғызады. Ресей елінің әкімшілік басқару жүйесіне түскен, орыс патшалығының ыңғайына көшіп, заңдарына бағындырылған, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан жан-жақты тәркіге түскен қазақ халқының рухани этникалық белгілері де жойылуға шақ тұрған кезде, қаламымен елдің жүрек түкпіріне нұр сәулесін түсіріп, рухани дайындығын шыңдауға өлеңдері мен сыни мақала, сықақ әңгімелері арқылы ойларын жеткізуді парыз санаған ұлт зиялысының мақсаты оның баспа бетін көрген шығармашылығы арқылы жүзеге асты [31].

Совет әдебиетінің жаңа туа бастаған кезінде осындай белсенді еңбегімен оның барлық жанрын бірдей өркендетуге күш-жігерін жұмсаған Сәбит соның бәрінде де дәуірдің жаңа сөзін айтуға тырысты. Ескілікті аяусыз шенеп, жаңаны орнықтыруға қызмет етті. Ол сөз өнерінің шебері ретінде танылды. Жазушы суреткерлігі, стилистігі кезінде жас қаламгерлер үшін зор мектеп болды.

Информация о работе Сәбит Дөнентаев