Шешендік сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 11:02, реферат

Описание работы

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

Работа содержит 1 файл

Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі.doc

— 142.50 Кб (Скачать)

Шешендік  өнердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі

Шешендік  сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі  де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қоғам қашанда  дарынды қабілетті адамдарға  мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.

Қазақ жұрты  – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.

Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер  де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері –  шешен-би. Халық заманы озған сайын  әлгіндей сөз үлгілерін талқыға  салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.

Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл  тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз. 
 

Шешендік өнер бар да, сол өнер жайлы ғылым  бар. Антикалық грек-рим мәдениетінен белгілі “Риторика” ілімі шешендік өнердің табиғатын, болмыс-бітімін, сыр мен сымбатын зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында шешендік өнерді зерттейтін ғылымның терминдік атауы қалыптаспаған. Әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Қазақ топырағындағы  шешендік өнерді зерттейтін ғылымның жеке сала болып қалыптасуы, өзіндік  терминдік атау-ұғымдарының пайда  болуы, әлемдік маңызға ие болуы — болашақтың ісі.

Сонымен, риторика, шешендік өнер әлем тарихындағы көне ғылымдардың бірінен саналады. Мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Шешендік өнер ғылым ретінде қоғам дамуының әртүрлі кезендерінде бірде маңызы артып, еңді бірде мәні төмендегенімен, өзінің дамуын үзбей өрістеп келеді.

Шешендік өнердегідей, басқа ғылымдармен салыстырғанда, мәдениет пен өнер тарихындағы сабақтастық, дәстүр, мәдени тоғыс, тарихи ұлттық тіл мен діл, сондай-ақ жалпы ортақ адами сипат наты, дәл көрінбейді.

Бүгінгі таңда  шешендік өнерге деген қызығушылық  артып отыр. Бұл занды да. Өйткені  кез-келген қоғамдық жүйені либерализациялау адам құқы мен еркіне деген көзқарасты жандандырады. Ал мұның өзі сөз бостандығын туындатады. Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ оның мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы дәуірлеу тұсында артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын шешендік өнердің гүлдену дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің шарықгау дәуірімен, қайта өрлеу кезеңімен (эпоха ренессанс), Франциядағы XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр революцияларымен, қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі егеменді мемлекет, ел болу кезендерімен сайма-сай келуінен көреміз.

Шешендік сөздердің  жанрлық табиғатын айқын танып  білу үшін антикалық шешендік өнер ғылымын білу қажеттілігі туындайды. Өйткені онда шешендік өнердің негізгі заңдылықтары мен ережелерінің канондық негіздері жатыр. Ал кейінгі теориялық еңбектер гректер мен римдіктердің теориялық ілімдерін жетілдірумен, нақтылаумен болды.

Шешендік өнердің  зерттеліп ғылыми жүйеленуі ерте замандардан басталған. Мәселен, көне грек, рим дәуірінде бұл өнердің жеке пән ретінде оқытылып, теориялық тұрғыдан зерттеле бастағанын көреміз.

Антикалық шешендік өнер қақындығы алғашқы толыққанды мәліметті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңққа мемлекет және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған шешен ретінде бөленді.

Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы мен  шешендік өнер ілімі пайда болды. Оның негізін Коракс, Лисий және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге “Шешендік дегеніміз – нандырудың қызметшісі” – деп анықгама берді.

Көне Грециядағы софистер (б.з.д. V ғ.) шешендік өнердің  нағыз шеберлері болды. Олар әртүрлі  көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз  сайыстарын өткізіп, сөз кұдіретін  танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты. Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.

Софистік ағымның  көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ. Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның философиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс  тапқан. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда жиын-топқа сөйлеп, айтып  отырған.

Сократтың тәсілі — асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.

Софистердің риторика ғылымына сіңірген еңбегін әдебиетші  ғалым С.Негимов былайша бағалайды: “Олар риториканы -шешендік, эвристиканы — тартыс өнері, диалектиканы — дәлелдеу өнері дәрежесіне жеткізді” — дейді.

Шешендік өнер теориясына айтулы үлес қосқан грек философтары: Платон мен Аристотель болды.

Платон шешендік өнердің пәні мен мәнін: “Шешендік -нандырудың шебері, оның маңызы мен  мақсаты осында” — деп, анықтайды.

Шешендік өнер теориясының бүтін бір дәуірін  тудырған атакты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы.

Шешендік өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнінің ауқымын өзіне  дейінгі бұл мәселеге қатысты  көзқарастармен салыстырғанда кеңейте  түсті. Аристотельдің айтуынша, риторика жекелеген пәннің арнасында қалып  қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетімен ол дәрігерлік, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленеді.

Шешендік өнердің  жалпылық мәнін, мақсатын тиянақгаған  соң, Аристотель шешеннің мақсатқа жету жолында нені меңгеру керек екендігін үйретеді.

Шешеннің сөйлеу барысындағы нандырудың амалдарын  қарастыра отырып, Аристотель өзінің “Риторика” еңбегін үш бөлімінен  түзеді. Бірінші бөлімде шешеннің тыңдаушыларын тыңдауға мәжбүр ететін принциптері сараланады. Екінші бөлім тындаушының сеніміне кіріп мақсатқа жету үшін қажетті шешеннің жеке бас қасиеттері мен ерекшеліктері сипатталады.

Үшінші бөлімде  Аристотель шешендік өнердің техникалық жақтарын: сөйлеу процесінде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтіндерінің құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудің алғы сөз, әнгіме, дәлелдеме, қорытынды секілді төрт түрлі бөлшегін бөліп көрсетіп, әрқайсысының нандыруға, сендіруге қажетгі маңызын жан-жақты негіздейді.

Көне Грецияның  маңдай алды шешендерінің бірі — Демосфен, (б.з.д. 384-322 жж.) Құл иеленушілік дәуірдің өкілі, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Оның Македонияның үстемдік әрекеттеріне қарсы дербестік үшін болған Афина күресінің тұсындағы саясат шешен сөздері, әсіресе, антимакедониялық партияны басқарған кездегі және оның Македония патшасы Филипке қарсы айтқан сындарлы сөздері тарихта қалып, тағылымдық сөздердің қатарына енді.

Шешендік өнер Демосфен өмірінің мәні болды, ол оны  аталмыш өнердің ұстазы етіп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектің арқасында “өзін-өзі қайта туындатты”, әлем шешендерінің эквивалентіне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегіне жеткізді. Ол өзінің болмысы арқылы Цицеронның “Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзін дәлелдеп шықты. Ал бұл принциптің қазақ топырағындағы көрінісін бабаларымыз “көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады” деп ұлағатты оймен өрнектеген.

Демосфен өз өнернамасында сұрақ-жауап әдісін кеңінен пайдаланған. Осылайша, сөздің драмалық қасиетін күшейтті. Ол нақтылы дерек көздерімен сөйлеген, ойды түсінікті, еркін баяндаған. Сөйлеудің техникасын еркін меңгерген ол тыңдаушы алдында мың сан қозғалысқа түскен. Демосфен сөздері сөйлеу мәнерімен туған. Қарапайым және көтеріңкі пафоспен (екі стильде) келеді. Ол осы екі стильді де еркін игерген. “Демосфеннен 170 қолжазба біздің дәуірімізге келіп жетті.

Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында  көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр  Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.

Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз  күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік” деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда “демократия — шешендік өнердің анасы”.

Цицеронның шешендік өнер іліміне арналған еңбектерінде шешен үшін сөйлеу композициясы, стилі, айшықты тіл оралымдары, сөйлеудің дыбыстық жағы, артистік қасиет сияқты тәлім алатын көптеген жақтар қамтылған.

Шешендік өнер теориясына дамуына орыс ғалымдары  да зор үлес қосты. XVII ғасырдың өзінде шешендік өнері туралы бірнеше еңбектер белгілі болды. Осылардың ішінде М.Усачевтің “Риторика” кітабын атап көрсетуге болады. Бірақ осы және басқа да еңбектерде діни, яғни шіркеулік шешендіктің әсері әлі де күшті еді. Бұл Ресейдің мемлекеттік құрылымдық жағынан демократияның парламенттік өмір сүру арнасынан қол үзгендігімен түсіндіріледі. Бұл түр батыс европа елдеріне тән еді. Шындығында университет қабырғаларында ғана жанды сөздің еркін дамып, жетілуіне жағдай туды. 
 
 
 
 
 
 

    Жамбыл  атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   
 
 
 
 
 
 

    Орындаған: Айтбаева Айым

    Тексерген:Светлана Шамельевна  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2010-2011 жыл Қарағанды

Информация о работе Шешендік сөздер