Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:27, реферат

Описание работы

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

Работа содержит 1 файл

Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі.docx

— 28.45 Кб (Скачать)

 

Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.

 

Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Дәстүрлі қазақ өнерінің негізгі қасиеті сақталған жыраулық өнерді, ақындық өнерді, жалпы кең мағынасындағы ақындық өнерді импровизациясыз пайымдау аса қиын. Қазақ шешендік өнерінің бұл сипатын С. Негимов тілімен айтсақ: “Қазақ шешен билерінің импровизациялық қабілет қарымы шешендік өнердің ең жоғарғы биігіне шыққан деуге болады. Әрине қаумалаған қауымды дүр сілкіндіру, ой-қиял теңізіне жүздіру, ынта-ықыласын арттыру шешеннің табиғат сыйлаған қасиетінің үстіне табанды ізденістерімен, білім қорын үнемі жаңартып, түйінді қорытындылар шығарып, мәнерлі, әсерлі, әуезді тілмен жеткізумен ерекшеленеді”. Соңғы кезде қазақ балаларына арналған ауыз әдебиетінің үлгілерін, оның салаларын оқытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оқу материалдарына аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жырлар, шешендік сөздердің түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізу дүние танымын кеңейтуге, жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жас ұрпаққа қазақтың би – шешендерінің өмірінен мәлімет беріп қызықты тұстарынан сөз қозғау өнегелі істерге апарар жол.

 

Шешендік сөз – адамзат тарихындағы  рухани материалдық мәдениеттің  дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады [2].

 

Бастауыш сынып оқушыларына  қазақ халқының атақты шешендері  Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билерді ана тілі пәні арқылы таныстырып, олардан қалған құнды да мол мұраларды оқыту, ұлағатты сөздерін жатқа айтқызу – уақыт талабы [3].

 

Ғалым – педагог Ы. Алтынсарин нақыл сөздерді жинады және оларды жариялады. Ол өзінің хрестоматиясына “Ізбасты”, “Байұлы”, “Жәнібек батыр”, “Жиренше шешен” тағы басқалардың көргендікке, тапқырлыққа құрылған “даналық әліппелерін” енгізіп, кезінде оларды оқуға ұсынған. Алғашқы ұстаз аталы сөздің құндылығын сол кезде–ақ білген.

 

Шешендік сөздерді тұңғыш зерттеушілердің  бірі - М. Әуезов болса, 30-жылдары оларды іріктеп, жинап, халықтың керегіне жаратуға үлес қосып, қамқор болған, асыл сөздерді оқырман қауымға ұсынушы және балаларды ізгілікке тәрбиелеуде таптырмас құрал екенін оқытушы С. Сейфуллин болды. Сәкен Сейфуллин өзінің “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабында шешен билердің әлеуметтік қызметтерін, шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтап, бірсыпыра нұсқауларын жариялады.

 

Одан кейін қазақ шешен сөздерін арнайы зерттеген ғалым Әмина Маметова. Ол өзінің “Қазақстан шешен билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі оның орны” кандидаттық диссертациясында белгілі қазақ билерін атап, олардың аттарынан айтылатын сөздердің әдебие мәнін толығырақ анықтай түседі. Сонымен, ана тілі сабақтарының танымдық мақсатына мыналар ескерілу қажет:

 

1.Шешендік сөздерді халқымыздың  қадір тұтуы

 

2.Шешендік сөздердегі ұлттық  мәдениет және парасаттылық

 

3.Асыл сөздің астарындағы ұлағатты  сөздер

 

4. Дау-жанжалдардың бітімін екі  –ақ ауыз сөзбен шешіп, ел мен елді бітістіріп, жарастырып келелі мәселелерді тындырып отыратындығы

 

Билер мен шешендердің көрегендігін, даналық сөздерін оқытып, жатқа айтқызу  жас ұрпақты шешендікке, ата-бабадан  қалған мол мұраны игертуге баулиды.

 

Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, ас бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс.

 

Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк.

 

Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен  пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, тақырыптық тәсілдерді қолдану бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.

 

Оқушыларға шешендік сөздерді туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді.

 

Бір сөзбен айтқанда бұл зерттеудің жаңалығы – оқушылардың шешендік сөздерді меңгеру нәтижесінде сана-сезімі мен ақыл ой ұшқырлығы, сөз шеберлігі, дұрыс ойлау жүйесін қалыптасатын, төменгі сыныпта шығармашылық қабілетін арттыруға болады.

 

Қорытындылап қарасақ, шешендік сөздерге халық даналығы, инбаттылық пен ізгілік нышандары жатады екен.

 

Шешендік сөздердің бастауыш сыныпта, балаларға, олардың тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға қаншалықты қажет  екенін көріп отырмыз.


Информация о работе Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі