Шешендік сөздерді оқыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 11:46, реферат

Описание работы

Шешендік сөздер туралы жазылған еңбектер әдеби сын мақалалар ,зерттеулер т. б.А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш,» М.Жармұхамедұлы «Шешендік өнер», Қазақтың би-шешендері туралы жинақтар, С. Нагимов «Шешендік өнер»,А. Адамбаев еңбектері, Ғ. Жандыбаев «Сөз мәйегі» ,К. Уәлиев «Сөз мәдениеті» .т. т.

Работа содержит 1 файл

Шешендік сөздерді оқыту.docx

— 21.23 Кб (Скачать)

Шешендік сөздерді оқыту

 Сабақтың  тақырыбы: «Шешендік сөздерді таныту мәселелері»

 Сабақтың  мақсаты: а)Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту;мән- мағынасын ашу.

ә)Шешендік  сөздердің  мазмұны мен құрылысына түсінік  беру.

Сабақтың көрнекілігі:а)Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы түсінік білдірген нақылдары мен қанатты сөздері жазылған әдеби журнал.Кейбір сөздер ретіне қарай интерактивті тақтада көрсетіледі.Мысалы:

  1. «Шешеннің парызы –шындықты айту» (Платон) .
  2. «Созбақтай бе рсе, тамаша сөз де жалықтырып жібереді »( Б. Паскаль).
  3. «Тыңдаушылардың қолдап құптауы –шешен сөйлеуге қисапсыз мүмкіндік тудырады.» (Цицерон).
  4. «Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді» (А.П. Чехов).
  5. «От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз »(Шәкәрім).

      «Ақылмен  ойлап білген сөз.

      Бойына жұқпас сырғанар.,

      Ынталы жүрек  сезген сөз

      Бар тамырды  қуалар»

              (Абай).

а) Үнтаспадан шешендік толғау, арнауларды таныту.

б) Шешендік сөздер туралы жазылған еңбектер әдеби сын мақалалар ,зерттеулер т. б.А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш,» М.Жармұхамедұлы «Шешендік өнер», Қазақтың би-шешендері туралы жинақтар, С. Нагимов «Шешендік өнер»,А. Адамбаев еңбектері, Ғ. Жандыбаев «Сөз мәйегі» ,К. Уәлиев «Сөз мәдениеті» .т. т.

      Бұлардың барлығы сабақ көрнекілігі ғана емес, оқушылардың үнемі оқып-біліп танысатын ідебиеттері, оқу-құралдары.

Сабақтың тәрбиелік  мәні: Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған  парасатты шешендікті таныту; тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би-шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой-толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.

      Сабақ барысы: Оқушылардың назарын төмендегідей сұрақтарға аудару; түсініктер, мағлұматтар беру:

       1.Қазақ елінде ертеден қалыптасқан дәстүрлі  шешендік мектебі бар.

        2.Шешендік сөздің ел өміріндегі  орны (Жеті жарғы).

       3.Шешендік сөздердің бұлақ бастауы-халық  ауыз әдебиетінің үлгілері. Мысалдар  арқылы дәлелдеу.

       4.Ұлттық сөз өнері тарихындағы  билер есімі, олардың қоғамдықөміріміздегі  алатын орны.

       Алдын ала оққушылардың өздігінен  ізденіп,орындауы үшін әдеби-жаттығулар, сұрақ-тапсырмалар берілуі керек,

       Пән мұғалімінің сабақтағы сөйлеу  өнері сабақтың тәрбиелік мәні арттырады. Шешендік сөздер – әдеби тілдің сөздік қоры.Шешендік туындылар басқа жанрлар тәрізді, әдеби тілдің ұйтқысы болмақ. Оның сөйлеу құрылысын, сөйлеу ережесін бойға сіңіру әдеби тілімізді байытады, ой- өрісімізді кеңейтеді. Оқушыларды шешендік өнерге тәрбиелеу әдебиет сабақтарында біртіндеп іске асырылып отырады.

       Сабақ барысында «өнер падишасы»  саналатын шешендік өнер ғылымы  басқа ғалымдардың өркендеуіне  әсер етіп отырғанына шолу  берілгені дұрыс.Оқушылар өздері  дайындап әкелген әдеби шығармашылық  бақылау күнделіктерінен үзінділер оқиды.

       Мысалы, қазақ даласында болып,  халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді  жете көріп, терең түсініп,  ерекше сүйіспеншілікпен тамашалай  білген шетел саяхатшы зерттеушілерінің  естелік жазбаларынан үзінділер  алуға болады.

      1-оқушы. А.Янушкеевич ( 1803-1857). «Мен қазақ халқының суырып салма өнерін, асқақтата салған әнін тыңдап ерекше әсерге бөлендім. Бұдан бірнеше жыл бұрын екі ел егесіне сай, шаршы топтың алдында сөз сөйлеген шешендерді көрген едім, сонда мен өмірінде Демосфен, Цицерондарды естіп білмеген жандардың жез таңдай тілмарлығына таң-тамаша болып, қол шапалақтаған едім. Ал бүгін менің алдымда не оқи, не жазабілмейтін ақындар  бұлбұлдай сайрап отыр. Жаратқан иесі мұндай өнер берген халық, мәдениет әлеміне өгей болуға тиіс емес. Күндердің күнінде, қазақтың бетпақ шөліне де мәдениеттің рухы кіреді.»

     2-оқушы: Поляк ақыны  К. Зелинский (1809-1881) қазақ халқының өмірінен алып «Қазақ», «Дала » поэмаларын жазды. Олар (1842) жылы басылды. 1964 жылы Т. Жароков қазақ тіліне аударды. Г. Зелинский қазақ халқының таланттылығын, шешендігін,өнерге бейімділігін, танып, көріп,жоғары бағалай білген.Оны мына жолдардан көруге болады.

             Шіркін қазақ әндерін-ай,әндерін.

             Жұлып кетер жүректің нәр әрлерін.

             Кейде ызғырық, күз даладай қайғылы.

             Кейде аспандай неткен шексіз, сәнді едің!...

Қазақ халқы  сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау –ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі.

3-оқушы:Шешендердің  ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне тартып,жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнер ,дарын қабілеттен туады. Мұса Шорманов жайлы  М. Жүсіп Көпеев былай суреттейді.

    Бас қосылған жиында

             Бұлбұлдай болып сайраған.

                 Бұлақтай ағып қайнаған.

              Сөйлеген шақта көздері

                                                                 Шамшырақтай жайнаған.

Немесе

 Жақсылар  бас қосқанда,

  Алды- артынан  тосса да:

     Шылбырынан шалдырмай,

         Құбылып гүл-гүл жайнаған...

Деген сөздерден  асқақ шешеннің өзіндік қасиеттерін  тани түсеміз. Шешен сөйлеудің ең негізгі сыры- баланың жастайынан-ақ  ән, күй, жыр ертегі, аңыз естіп өсуінде  жатқанын оқушылар тани түседі.

      4-оқушы: Шынайы шешен - жарқын тұлға. Оның ойлау, сөйлеу мәнері, бүкіл болмысы, дүниетанымы, кескін - келбеті айналасына әсер етпей қоймайды. Асқар Тоқмағанбетов М. Әуезов жайлы: «Мұхаң сөзге шешен кісі еді, әсіресе шабыты келгенде , сөзін тыңдайтын адамын тапқанда  ақиық бүркіттей қомданатын,

Мұзбалақ  тегеурінді мұқалмаған.

 Қаймағы  асыл сөздің  жұқармаған

         Қазына халыққа арналңан тұрған  бойы

        Ашылған алтын сандық мұқалмаған » 

дейді. З. Қабдоловтың: «Шешендік кейбіреулердің  ұғымындай ,әшейін  ширақ сөйлеу ,құрғақ пысықтық жасау емес. Шешендік –шексіз білімнен  ,терең ойдан ,асқан парасаттан туатын  нәрсе. Мұхаңның шешендігі ғұлама ғалымдығында жатыр»,- деген пікірі  шешендіктің шалқар шабыт пен шалқыған сыр мен сезімнен туатынын бекіте түседі.

      Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендігі ғасырлар бойы халық сынынан өткен құнды мұра – асыл  қазына болып табылатынын оқушыларға түсіндіру барысында оларды «Тұрмыс – салт жырларындағы тапқырлық», «Қара өлеңдегі шешендік »

, «Мақал –  мәтел  -халық даналығы », «Жыраулар  поэзиясындағы шешендік үлгілері  », «Айтыстағы тапқырлық пен  шешендік  үлгілері», «Айтыстағы  тапқырлық пен шешендік »деген тақырыпшаларға топтай отырып , мысалдар келтіріп дәлелдеп көрсеткен жөн.  Мысалы тіркестерінің кейбір түрлерін  Ғ. Жандыбаевтың «Сөз мәйегі» кітабынан алып , -деп , оқушылардың өздеріне тапқызып түсініктемелер  жазғызса артық емес. Бұл М. Әуезовтің тіл шеберлігінің құдіреттілігін тануға жол ашары сөзсіз.

      «Көксерек» хикаятындағы Аққасқа  атты итті жазушы былай суреттейді: «Аққасқа ит өте қабаған. Сіркесі  су көтермейтін долы ызалы.  Сондықтан ауылға келгенле шынжырдан  босамайды...»

      Байкөкше іле сөйлеп кететін жарқылдақ , ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ,ауыл адамы сияқты.

      -Е, балам, «Шешеннің судай төгілген, тыңдаушысы бордай егілген» дегендей  сөйлеуді де , тыңдауды да сүйген  ел ел- дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше жалықпас! – деп , жан жолдасына қарап күліп қойды. (3- том , 62 бет.). 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шешендік сөздерді оқыту