Шәкәрім Құдайбердіұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 22:02, реферат

Описание работы

Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан–жақты талдау қажет ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.

Работа содержит 1 файл

Шәкәрім Құдайбердіұлы.docx

— 21.38 Кб (Скачать)

Патша үкіметінің озбыр саясаты, қазақ жерінде  де ресейдегі жағдайды тудырды. 1905 жылғы  төңкеріс кезінде, Қазақстанның түпкір–түпкірінен, патша саясатына қарсы петициялар жарияланып жатты.

1906 жылы алтыншы  қаңтарда Ақмола, Семей облыстарында  әскери жағдайды нығайту жөніндегі  патшаның нұсқауы қабылданды. Астына  Николай патшаның қолы қойылған  бұл нұсқауда;

“Қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін, далалық генерал–губернаторлығында  тәртіп бұзушылықты тоқтату үшін қажет деп табылды:

1. Ақмола және  Семипалатинск облысында елді  мекендер жайындағы қабылданған  ережелер сақталсын...

2. Әскери жағдайдағы  елді мекендерде қоғамдық тыныштық  пен тәртіп күшейтілсін...”– деп  жазылған (қысқартылып алынды) [7].

Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын баяндайтын петициялардың  мазмұнынан төңкеріс кезіндегі қазақ  халқының саяси–әлеуметтік жағдайын аңғаруға болады.

Мәселен, “Қояндыда  қабылданған Қарқаралы петициясы  ІІ тармақтан тұрса, онда қамтылған  талап тілектерді үлкен үш топқа  бөлуге болады:

1. Оқу ағартудың  жолға қойылуы.

2. Қазақтың өз  жерін өзінің меншігі деп табылуын  талап етуі.

3. Қазақ елін  басқару жөніндегі “Далалық Ереженің”  бүгінгі қазақ өміріне сай  қайта өзгертілуін талап етеді. 

Саяси сауаттылықпен  жазылған петиция патшалық Россияның  отаршылдық саясатының бар болмысын, әдіс–айласын, қат–қабат қырларын мейлінше терең ашуға ұмтылған алғашқы  айбынды үн еді...” [8].

Петицияның мазмұнындағы талап тілектер ХХ ғасырдың басындағы  қазақ интеллигенциясының, соның  ішінде Шәкәрімнің де арман тілегімен  үндесіп жатты.

Қоғамдағы қарама–қайшылыққа  толы кезеңде Шәкәрім іштей халықпен бірге болды. Ол халықтың рухани еркіндігін аңсады.

Патша үкіметі  Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзінің шикізат қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын  сауда аймағына айналдырғанын. Патша  әкімшілік органдар бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды–солды сатты.

Отарлау саясаты  қазақтардың тек материалдық  жағдайын ғана емес, сонымен бірге  рухани адамгершілік мүддесін де қысымға  салғанын зеррттеушілер талай жазған болатын.

Шәкәрім ендігі жерде қазаққа өз мәдениетін сақтап қалу үшін халықтың санасын оятуды қажет деп білді.

Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болар, қарағым–ау?

Бұл ұзамай құриды, сөздің расы.

Николайдың иісі осы елде тұр,

Оңдырмайды сәулесіз өңкей масы [5].

Шәкәрімнің ойынша сол кездегі қоғамдық ортаны түзету үшін алдымен адамды түзету қажет. Ақ патша үкіметі ұстанған саясат, Шәкәрімнің ойынша ондай мүмкіндікті қанағаттандырмайды. Ендігі мақсат рухани еркіндікке жету. Ол үшін адамның еркіндігін көксеген қоғам орнату қажет. Патша үкіметін құлатқан соң орнаған кеңес үкіметінің де адамға деген көзқарасы түзелудің  орынына тіптен сорақыланды. Шәкәрімнің кеңес үкіметі кезеңіндегі шығармашылығы  мен оған деген көзқарасы туралы мәселе өз алдына бөлек тақырып.

Қоғамдық өмірде Шәкәрім үнемі адамды ең басты  орынға қойып, оның бақыты мен болмысын әрқашанда негізгі мәселе ретінде  қарастырады. Алдыңғы қатарлы деп  саналып келген демократиялық орыс мәдениеті, империяның отаршылдық саясаты, Еуропа мен шығыстың рухани мұралары, мұсылмандық пен христиан мәдениеті, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр  басындығы рухани өмірге тікелей  ықпалын тигізген негізгі қайнар көздер болды. Міне, осы ғасырлар тоғысындағы  адамның рухани дамуы, ойлау еркіндігі, қаншалықты дамуда, қай жолмен жүрген дұрыс деген сұрақтар Шәкәрімді толғандырмай қоймады.

Христиан дінінің  ендігі жердегі шынайы адамшылықтан алшақ кеткенін Шәкәрімдей қазақ  ойшылы Толстой арқылы түсінді. Бұл  жолда қоғамдық ортадағы адамның  еркіндігі, бақыты туралы мәселе Толстойды  да, Шәкәрімді де толғандырған сұрақтар болды. Адамның ішкі жан (ар–ұждан) дүниесіндегі рухани дамуы туралы мәселеде екі ойшылды біріктіріп тұрған шығыс  мәдениеті еді. Сондықтан бұл  жолға олардың қоғам және адам өміріндегі қарама–қайшылық арқылы келгенін ұмытпасақ, ойшылдардың арасындағы рухани байланысты түсінуге деген ғылыми, нақтылы көзқарас пайда болары сөзсіз.

Сонымен Толстой  мен Шәкәрімнің жақындығының негізінде  патша үкіметінің халықты отарлау (қанаушылық) саясатына деген қарсы  күрес жатқандығын да ұмытпаған  жөн.

Информация о работе Шәкәрім Құдайбердіұлы