Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 20:09, дипломная работа

Описание работы

Әдебиетіміздегі "Зар заман" деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай ақын. Оның заманы - патша өкіметі отаршылдығының әбден күшіне кіріп, қазақ өлкесін емін - еркін билей бастаған тұсы болатын.Елді орыс әкімшілігіне ұнай білетін,басшының ыңғайына кіре алатын адамдар басқарды.Сауда-саттық салдарынан да ,ел бөлшектеніп,ақшаға айналды.Халық тіршілігі күрт өзгерді. Жаңа өмір салты халықтың қалыптасқан ұғымымен қайшылыққа келді де, "заман бұзылып барады" деген түсінік пайда болды. Шортанбай бір өлеңінде оны "Зар заман" деп атады. Шортанбай шығармашылық жолы күрделі, өз заманының ұлы ақындарының бірі.

Работа содержит 1 файл

жоба 7мин.docx

— 19.54 Кб (Скачать)

«Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы»

Біздің  ғылыми жұмысымыздың тақырыбы: «Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы».Жұмыстың өзектілігі . Әдебиетіміздегі "Зар заман" деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай ақын. . Оның заманы - патша өкіметі отаршылдығының әбден күшіне кіріп, қазақ өлкесін емін - еркін билей бастаған тұсы болатын.Елді орыс әкімшілігіне ұнай білетін,басшының ыңғайына кіре алатын адамдар басқарды.Сауда-саттық салдарынан да ,ел бөлшектеніп,ақшаға айналды.Халық тіршілігі күрт өзгерді. Жаңа өмір салты халықтың қалыптасқан ұғымымен қайшылыққа келді де, "заман бұзылып барады" деген түсінік пайда болды. Шортанбай бір өлеңінде оны "Зар заман" деп атады. Шортанбай шығармашылық жолы күрделі, өз заманының ұлы ақындарының бірі.  Ол жөнінде көп жазылды. Шортанбай мұрасын зерттеушілер ішінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, Ғ Мүсірепов сияқты көрнекті ғалымдарымыз болды. Шортанбай - өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады.

        Шортанбай  шығармаларының лейтмотиві - заман,  қоғам, халық турмысы, ел өмірі,  жер қоныс қысымы, отаршылар мен  жергілікті әкімдердің озбырлығы,  жаңа қарым - қатынастан туындаған  тонаудың жаңа түрлері, сатқын  ел билеушілері, бұзақы топтар  т.б. Шортанбайдың өз шығармаларын "Зар заман" деп аталуының  мәнін ашу қиын болды.Сәбит  Мұқанов                  " Шортанбайдың үш зары бар  : " Зар заман" , "Бала зар" , "Өлең зар" дейді.Оның шығармалары әсерлі келеді. шығармалары - алуан салалы, өміршең, адамның бойына жігер, қуат құярлық оптимизмге де толы, оқушысын өз ырқына бірден көндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мықты туындылар.Өз шығармасында халық мұңын жырлады,жақтады.

  Міне, осы тұрғыдан келгенде "Зар заман ақындары" мұрасының ғылыми тексеріліуі деген мәселе ғылыми  жұмыстың мақсаты болып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттер көзделді:

  • зар заман ақындары туралы  пікірлерді  жинастыру;
  • отаршылдық дәуір көрінісі  болғанын нақты дәлелдер келтіру;
  • Шортанбай Қанайұлының шығармашылығына талдау жасау;
  • ақын мұрасындағы заман шындығын  тарихи деретер арқылы сипаттау;

 

Бұл зерттеудің нысаны ретінде энциклопедиялық жинақтамалар,

"Бес ғасыр жырлайды", Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы, ғылыми еңбектер болып отыр.

Зерттеудің практикалық  мәні.

Жұмыс нәтижелері мен тұжырымдамалары қазақ әдебиеті пәніне орта мектептерде сабақ беруде «Шешендік өнер» факультатив сабақтарда қосымша материял ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің әдістері

Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау, топтау, салыстыру әдістері және Қ.О.Бітібаева КЖТ технологиясы  басшылыққа алынды.   

 

Жұмыс кіріспеден,екі тараудан, қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

 

КІРІСПЕ.

1 тарау  «Отаршылдық дәуір көрінісі» деп аталады.

  XIX ғасырдың басында қазақ топырағында бой көрсеткен ең елеулі езгерістердің бірі - қазақ хандығы азып-тозып әлсірей бастағандығы. Қазақ даласында орыс патшалығының тікелей ықпалы күшейе тұссе, сонымен қатар Бұхар, Қоқан хандықтары да жалақтап , жаулап алуды көздеді. Ауылда феодалдық қанаудың күшеюі таптық қайшылықтарды күшейтті. Кедейлер феодалдық малын барымталаса өкімет орындары оны ұрлық деп қарап, ол үшін қатаң жазаға тартты. 1836 жылы бұқаралық халық қозғалысы басталды, хандықтың оңтүстігінде алдағы уақыттағы көтерілісшілер отрядтарының ұйытқысы құралып жатты. Көтерілістің жеңілуіне қазақ феодалдары мен патша өкіметі орындарының одақтасуы, сол сияқты көтеріліске қатысқан би, старшиналардың позициясы себепкер болды. XVIII ғасырдың аяғында Қазақстан жерінің көпшілік бөлігі Россия құрамына енген еді. Қазақ даласына жаңа дәуір келді. XIX ғасырдың екінші жартысы патшаның отаршылдық саясатының шығандаған кезі еді. Қазақты алдап - арбау, күштеу, зорлау жолын қолданып, шоқындыру саясатын тезірек жүзеге асыруға көшті.Елдің болашағын ойлаған адамдар бұл саясатқа қарсы тұрып, халықты ата-бабасының дінінде, ислам жолында қалу үшін күрес жүргізді.Міне, осы тұрғыдан келгенде "Зар заман ақындары" төңірегінде әріде, бері де айтылып қойған, айтылып жатқан жайлар аз емес. Айтыла беруге тиісте.Зар заман" деген XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өленнің аты. бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына "Зар заман" ақындары деген ат қойдық, - депті.

Қазақ әдебиетінің тарихында  зар заман дегенді жалпы алып, қазақтың бір заманы зар заман  еді, сондықтан осы жеке әдебиет ретінде алып қарастыру ендігі жерде реті барма дегендей пікіржансақ. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихты екі дәуірге болді: 1. "Билер дәуірі" ; 2. "Орыс патшасына бағынған дәуір". Сәбит Мұқанов Шортанбай дөуірін "Зар заман әдебиеті" деп , ғылыми негізде баға берді. Соңғы жылдары ғалым Мекемтас Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылығына қарсы туған сипатына қарап : "Отаршылдық дәуірдегі әдебиет" деп атауды ұсынды. Бас бостандығынан, жерден айырылған кедейленген халық бұл қорлыққа қарсы басын көтере алмады, көтерем дегенге үкімет көтертпей, қозғала бергенде тартпа бас салып, орнында езіп тастал отырды.Осындай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетін біз "зар заман" әдебиеті дейміз. "Зар заман ақындарының" көпшілігі XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысының артынан шығады.Халық әдебиетінің тағы бір түріне болжал өлеңдер жатады ... Болжал әдебиетінің негізгі мазмұны қазақ халқының болашақ баянсыз тағдыр - талайы болып табылады. Қазақ жері мен елі өзгеріп, оңып - тозады.

Ыбырай Алтынсариннің  «Торе киргиз» деген қолжазбасында . ол "Зар заман" әдеби ағымын патша үкіметінің отаршылдық саясаты, жұт қоян жылдары деп аталатын отаршылдық пен жалаңыштық көбейген кезең туғызды дейді. Зар заман ағымына М.Әуезов XIX ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді. Зар заман ақындарының басы - Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсары ұлы, бұлардан соңғы бір буын Абаймен тұстас ақындар. Сол зары көп тар заманды ашына жырлаған қазақ ақындары - Шортанбай мен Дулат жыраулары еді. өз шығармаларында ел - жұртының басына түскен ауыр қасіреттің нағыз шындығын ашты.

Мынау заман қай  заман,

                                              Азулыға бар заман,

                                              Азусызға тар заман,

                                             Тарлығының белгісі -

Жақсы жаннан түңілген,

                                             Жаман малға жүгінген,

                                           Мұның өзі - зар заман

Зары көл тар заманды  ашына жырлаған ақындырдың бірі - Дулат  Бабатайұлы. Өзінің туған еліне азаттық тәуелсіздік талап еткен. Елін-жерін, халқын сүйген. Заман зарының ең ақырғы күйін шертіп, тоқтаған ақын Нармамбет ақын. Нармамбеттің " Сарыарқа"  шығармасында

                                 Сарыарқа,сарқыраған суың қайда,

Түнде шық, кұндіз мұнар, буың қайда.

Найзагай жарқ - жұрқ етіп нөсер қуған,

                                  Көкжасыл, кемпірқосақ туың қайда.. делінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы