Ян Амос Коменсий

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:13, биография

Описание работы

Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар

Работа содержит 1 файл

Ян Амос Коменсий.docx

— 17.06 Кб (Скачать)

Ян Амос Коменский


Ян Амос Коменский (1592–1670)

Ян Амос Коменский - (1592- 1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог. Схоластикалық оқу жүйесіне қарсы шықты. Коменский — неміс феодалдары мен католиктік шіркеуге қарсы антифеодалдық қозғалыс, ұлттық күрес барысында қалыптасқан діни протестанттық секта - "Моравиялық бауырлар" топтарының бірінің басшысы. Дүниетаным мәселелерінде пантеизмге жақындады. Оның сенсуалистік таным теориясы мен дидактикасында едәуір материалистік тенденциялар бар. Коменский бойынша, таным — ақыл-парасаттың оқып-үйренумен тығыз байланыста болатын белсенді процесі. "Танып-білуге, білім алуға, - деді ол, барлық адамдар қабілетті, сондықтан қарапайым халық білімге тартылуы керек". Педагогика тарихында Коменский тұңғыш рет ерекше ғылым ретінде дидактика жүйесін жасады. Оның дидактикалық припциптері (көрнекілік, дәйектілік, еліктеу, жаттығу) табиғат заңдарын ой елегінен өткізуді, таным мен білімді ұғымды түрде ұштастырып, баянды етуді көздеді. Коменскийдің салиқалы көзқарастары педагогиканың кейінгі дамуына игі ықпал жасады. 

Негізгі еңбектері


 «Тілдер мен барлық ғылымдардың  ашық есігі», «Ұлы дидактика», «Адамзат  істерін түзету туралы жалпы  кеңес», «Суреттердегі сезіммен  қабылданатын заттардың әлемі», «Аналық мектеп», «Жақсы ұйымдастырылған  мектептің заңдары». 
Алғашқы болып ана тілінде оқыту идеясын калыптастырды, балаларды сословиялық, жыныстық, т.б. белгілеріне бөлмей, барлығын бірдей қабылдайтын мектеп құру қажеттілігін біркелкі мектеп құру қажеттігін айтты. Жас ерекшелігіне Петербургтік педагог И.В.Ивановдәстүрлі мектептер мен мектептен тыс мекемелердің жұмыс жағдайына ыңғайлады. Ұйымдастырылғанда тәрбиешінің ұсынған идеясын балалар ұжымы өздерінікіндей қабылдайтындай; балалар ісі өздерінің не ұжымның мүддесіне қызмет ететіндей, ізгіліктік жәнеальтруистік мақсатта ұйымдастырылады; ұжымның барлық мүшелері өз еріктерімен, қызығушылықтарымен, шын жүректерімен істі жүзеге асыруға кірісіп, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін аша алатындай етіп ұйымдастырылады. Кезеңдері: идеяны қабылдау, істі орындауға қатысты кеңесті анықтау, шығармашылық ұжымдық түрде орындау, ұжымдық анализ жасау және бағалау, жаңа іс идеясын қабылдау.


Информация о работе Ян Амос Коменсий