Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:39, реферат

Описание работы

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі.doc

— 58.00 Кб (Скачать)

1883 жылы бітіріп шықты. Оның  түлектері кезінде қазақ даласының  түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек  етті.

Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық  мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда  педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы «Ұстаздардың ұстазы» ретінде бағалауға тиіспіз.

Ы.Алтынсариннің енді бір топ  шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.

Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-жақты  ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық, хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.

Ыбырайдың қазақ балаларына арнап  жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу  құралына енген материалдарға зер  салып қарасақ, оның балалардың жас  ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.

Ыбырай жастарды оқу білім -өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады.

Халықты және олардың жас өрендерін  оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың  ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін ееңбегі «Кел,балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй,достарым», «Әй,жігіттер» деген өлеңдері.

«Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!»-деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен  сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші  орынға қояды, баланы оқыту барысында  тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.

Елді қараңғылықтан жарыққа  шығаратын жастар, тек ғана жастар деген қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.

«Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды!»-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына  сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ  Ыбырай арманының жүзеге асқанын  бұл күнде айқын көріп отыр.

Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында тарихи шектеукшілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық орнатуға болады деді.

Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Ол табиғатты тануда материалист бола тұра қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік көзқарастан  аса алмады.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өзінің үйінде, қырық сегіз жасқа толуына үш ай және үш күн қалғанда дүниеден өтті.

Қазақ педагогикасының ұлы классигі Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерей тойы 1991 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай қаласында атап өтілді. Мерей тойды өткізу барысында ұлы ағартушының туған топырағы «Инспектор көлінің» жағасында Ыбырайға арналған кесене іске қосылды, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында «Музей үйі» ашылды. Қостанай университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған республиканың белгілі Ыбырайтанушы ғалымдар, жазушылары жоғары оқу орындары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, Ыбырайдың ұрпақтары қатысқан болатынды.

Туған халқының талантты перзенті ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен тарихының алтын қорына үлес қосумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.

 


Информация о работе Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)