Аккредитивтер мен есеп айырысу
Курсовая работа, 04 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Содержание
ЖОСПАР
Кіріспе 4
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы 5
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері 5
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі 7
1.3 Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы 8
2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау 11
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы 11
2.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау 14
2.3 Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру 18
3 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері 21
3.1 Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары 21
3.2 Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Работа содержит 1 файл
каржы менеджментиндеги басекелестик маселеси.doc
— 281.00 Кб (Скачать)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛИХАН
МУСИН АТЫНДАҒЫ БАЛҚАШ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ
Міндетті
бақылау жұмысы
Тақырыбы:
Аккредитивтер мен есеп
айырысу
Тексерген: Мамырбаева Шолпан Серікжанқызы
Орындаған: Оралбекова Акбота Нуржанкызы
Топ: МТ-09-9-1
Балқаш
2011 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.
Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру.
Осы
курстық жұмысымызда қаржы менеджментіндегі
кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі
мәселесі жан-жақты қарастырылады.
1.
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің
бәсекелестік жағдайдағы маңызы
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай
айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз
– бұл кәсіпорынның табыс табудың
және өндірісті дамытудың
Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады:
- жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды;
- баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу;
- өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;
- қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету: қысқа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерін іздестіру; олардың оңтайлы құрылымын қалыптастыру;
- қаржы ресурстарын басқару: есеп шоттардағы және кассадағы ақша қаражаттарын басқару; құнды қағаздар қоржынын басқару; қарыз қаражаттарды басқару;
- қаржылық есеп, бақылау және талдау: есеп саясатын қалыптастыру; қаржылық есеп беру түріндегі ақпараттарды өңдеу және пайдаланушыларға ұсыну; қаржылық нәтижелерді талдау және сараптау; есептік көрсеткіштерді жоспарлық және стандарттық көрсеткіштермен салыстыру; кәсіпорын ішіндегі аудит.
Аталған қызметтерді жүзеге асырудың нақты нысандары мен әдістері кәсіпорынның қаржылық саясатымен анықталады. Қаржылық саясат кәсіпорынның өз қызметін жүзеге асыру мақсатында қаржы ресурстарын басқару үшін қолданатын шаралардың жиынтығы болып табылады және келесідей элементтерді қамтиды:
- есеп саясаты;
- несие саясаты;
- инвестициялық саясат;
- ақша ағындарын басқару саясаты;
- шығындарды басқару саясаты;
- дивидендтік саясат.
Есеп саясатын мемлекеттік бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қалыптастыру қажет. Қазақстан Республикасында бұл тұрғыда негізгі құжат ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 1995-жылдық 25-желтоқсанында қабылданған Жарлығы және Бухгалтерлік есеп стандарттары қарастырылады.
Несие саясаты шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілуі шаралары қарастырылады – меншікті айналым қаражаттарының көлемін және қарыз қаражаттарға мұқтаждылықты анықтау. Ұзақ мерзімді несиелерді тарту қажет болған жағдайларда кәсіпорынның капитал құрылымы және қаржылық тұрақтылығы зерттеледі.
Инвестициялық саясат барысында меншікті және тартылған қаражаттарды тиімді орналастыру шаралары қарастырылады.
Ақша қаражаттарын басқару саясаты кәсіпорынның есеп шоттарындағы қаражаттардық қалдықтарын оңтайландырумен, қаражаттардың есеп шоттарға келіп түсуі және олардың қолданылуы уақыттарының аралығын азайтумен, есеп айырысудың түрлі нысандарын қолданумен, дебиторлық қарызды инкассациялаумен байланысты болады.
Шығындарды басқару саясаты шығындардың барлық элементтері бойынша сметалар (жоспарлар) құру және олардың қолдануды тиімді бақылау арқылы жүзеге асады.
Дивидендтік саясат кәсіпорын иелерінің және акционерлері мен менеджерлерінің мүдделерін бірдей деңгейде қорғауға, сондай-ақ кәсіпорын акцияларының, яғни бизнестің құнын арттыруға арналған. Дивидендтік саясаттың келесідей нұсқалары мүмкін:
- дивидендтер табыстан бірқалыпты пайыз ретінде бөлініп отырады. Бұл әдістің артықшылығы – қарапайымдылығы. Кәсіпорын табысы артқан сайын акционерлердің де дивидендтік табыстары арта түседі. Сәйкесінше, табыс төмендеуімен дивидендтер де төмендей бастайды;
- тіркеулі дивидендтік төлемдер саясаты – дивидендтер әрбір акцияға тіркеулі мөлшерде төленеді. Артықшылығы – нарықтық ауытқуларды реттеп отыратын қарапайымдылығы; кемшілігі – кәсіпорын табысы төмендеген жағдайда кәсіпорын табыссыз қалады;
- кепілді минимум және экстра дивидендттік төлемдер саясаты;
- дивидендтерді капиталдандыру – дивидендтерді акциялар түрінде төлеу. Мұндай саясат кәсіпорын қаржылық қиындықтарға душар болған жағдайда қолданылады.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті – қаржыны басқарудың кәсіпорынның стратегиялық және ағымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады. Нақты бір кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесі көптеген факторларға байланысты болады: меншіктік нысанына, ұйымдық-құқықтық дәрежесіне, салалық және технологиялық ерекшеліктеріне, капитал көлеміне.
Қаржыны басқару барысында көптеген әдістер қолданылады, солардың ішіндегі негізгілері: болжамдау, жоспарлау, салық менеджменті, сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру, несиелеу, баға саясаты және қаржы құралдарын қолдану (лизинг, факторинг).
Кез-келген
қаржыны басқару жүйесінің
Сонымен, кәсіпорынның қаржысын басқару осы саладағы маманнан стратегиялық және ағымды мәселерді шешу үшін терең білімді және жоғары біліктілікті қажет етеді.
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
Бүгінгі
таңда әлемдік жетекші
- қаржылық дағдарысты немесе қолайсыз жағдайларды болдырмау;
- өндіріс және өнімді өткізу көлемін арттыру;
- бәсекелестермен күресте жетекші орынға ие болу (қаржыгерлердің көзқарастары бойынша бәсекелестік қабілет капиталдың рентабельділігімен, яғни капитал бірлігіне келетін табыстың мөлшерімен, сипатталады);
- кәсіпорын құнын барынша арттыру.
Қаржы менеджменті бәсекелестік ортадағы ортадағы ролі өндіріс барысын тиімді ұйымдастырумен және оны қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, осы процестерді үнемі бақылап отырудан көрініс табады. Нарықтағы үлкен сұраныстарға ие болып жүрген тауарларды немесе әлі нарыққа түспеген жаңа тауарларды іздестіру, оларды өндіруге инвестициялар салу кәсіпорынның табыс көздерін арттыруға септігін тигізеді.