Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 11:09, курсовая работа

Описание работы

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3

I. Ақша жүйесі және ақша айналымы

1.1.Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі......................................................4

1.2.Ақша түрлері.................................................................................................7

1.3.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы.................................................................................................................13

II. Ақша айналысы

2.1. Ақша айналысы мен заңы.........................................................................17

2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы................20

2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы.............21

2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы .......................................................24

III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік...................................................................27

3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта...................................................................................................29

Қорытынды .............................................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер .............................................................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Акша жуйеси курсовая.doc

— 224.00 Кб (Скачать)

    Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауар өндіруге жұмсалатын еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

  Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар  ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер алтынның жартылай  демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.

  Жекелеген елдердің ішінде алтынның айналысы жоқ. Төлем айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері – қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақта алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.

  1.2.  Ақшаның түрлері

  Ақша  өзінің дамуы барысында екі түрге  бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.

  Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл  олардың соңғы формасы болып  табылады.

  Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.

  Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

        Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

     - алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

  - жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

    - алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

  Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

  Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.

  Оған  мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның  қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз  ақшаларға және несиелік ақшаларға.

  Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта  олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

  Металл  ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының  мынадай өзіндік себептері болған:

  металл  ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  металл  ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында  бүлінуі;

  бағалы  металлдарды өндірудің қағаз  ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;

  эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның  қағаз ақщаларды шығаруы;

  қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

       Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

  Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен  шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.

  Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

  Несиелік  ақшалар – тауар өндірісінің  дамуымен, яғни тауарларды сатып алу  және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.

  Несиелік  ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

    Вексель – белгілі бір соманы  алдын ала келісілген мерзімде  және белгіленген жерде төлейтіндігі  туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.

  Вексельдің  екі түрі бар: жай  және аудармалы  вексель.

  Вексельдің  түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

    Жай вексель (соло) – вексельдің  ұстаушыға вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

  Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.

  Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін  бергеннен бастап, борышқор болып  табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

  Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

  Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің  вексельді мынадай  түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

  Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір  ақша сомасын қарызға беруден  туындайтын қарыздық міндеттеме.

  Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын  оның міндеттемесі. Қазыналық вексель  бойынша мемлекет борышқор болып  саналады.

  Достық  вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

  Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген  қарыздық міндеттемені білдіреді.

  Вексельдің  мынадай өзіне тән қасиетттері  бар:

  дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;

  дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;

  айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

  Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

  Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың  қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін  атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

  Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант  ретінде « Қазақстан темір  жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған  вексельдерін өтеді.

  Мұндағы «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

  Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың  айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы  ақша бірліктері.

  Ол  вексельден және қағаз ақшалардан өзара  ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

  мерзімділігіне  қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз  қарыздық міндеттеме;

  кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

  Экономикалық  әдебиетте банкнотаны екі түрге  бөледі: классикалық және жай.

  Классикалық банкнота –  бұл банкнотаның алғашқы  пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

  Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік  айырмашылығы бар:

  жаратылысына  қарай – қағаз ақшалар ақшаның  айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

  эммисиалық  әдісі бойынша – қағаз ақшаларды  айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;

  қайтарылуына  қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

  ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар  банкке қайтуына байланысты алтынға  немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын  болған.

  Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнот алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

  Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

  Олар  металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі  айналыста жүрген орталық банктен  шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.    

  Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын  бөліп көрсетуге болады:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі