Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы
Дипломная работа, 28 Февраля 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Работа содержит 1 файл
Толық диплом.docx
— 1.10 Мб (Скачать)Инвестицияланған зейнетақы
ҚР эмитенттерінің
мемлекеттік емес бағалы қағаздарының
жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық
портфеліндегі үлесі
Кесте 6
ЖЗҚ-ның жинтық инвестициялық портфелі
Қаржы құралдары |
01.01.2009 |
01.01.2010 | ||
Млн.тг |
% |
Млн.тг |
% | |
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде |
425 228 |
30,85 |
748 525 |
40,69 |
ҚР еурооблигациялары |
0 |
0 |
0 |
0 |
ҚМ-нің бағалы қағаздары |
340 989 |
24,74 |
661 037 |
35,93 |
Ұлттық банктің ноталары |
84 239 |
6,11 |
87 488 |
4,76 |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары |
142 727 |
10,35 |
222 235 |
12,08 |
Акциялар |
37 532 |
2,72 |
50 701 |
2,76 |
облигациялар |
105 195 |
7,63 |
171 534 |
9,32 |
Шетел инвестициялық қорларының пайлары |
0 |
0 |
0 |
0 |
ХҚҰ-ның бағалы қағаздары |
0 |
0 |
74 207 |
4,03 |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары |
22 721 |
1,65 |
17 585 |
0,96 |
Тазартылған алтын |
22 308 |
1,62 |
0 |
0 |
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде: |
638 693 |
46,34 |
678 568 |
36,88 |
Акциялар |
135 706 |
9,85 |
196 672 |
10,69 |
Облигациялар, оның ішінде |
502 987 |
36,49 |
481 896 |
26,19 |
Шетел валютасында номинирленген |
37 667 |
2,73 |
20 685 |
1,12 |
Теңгеге номинирленген |
465 320 |
33,76 |
461 211 |
25,07 |
Екінші деңгейлі банктердегі салымдар |
123 483 |
8,96 |
92 098 |
5,01 |
Туынды бағалы қағаздар |
3 233 |
0,23 |
6 400 |
0,35 |
Жиынтығы |
1 378 393 |
100 |
1 839 618 |
100 |
ҚР эмитенттері
техникалық дефолтқа жол берген, жинақтаушы
зейнетақы қорларының инвестициялық
портфеліндегі мемлекеттік емес
борыштық бағалы қағаздардың үлесі
2010 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы активтерінің
жалпы көлемінің 3,5%-ын құрады, бұл
абсолюттік түрде 65,6 млрд. теңгені құрады.
Келтірілген мəліметтерден
5.Қорлардың
номиналды кірісінің
2010 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша
– 2004 жылғы желтоқсан – 2009 жылғы желтоқсан кезеңінде - 47,52%. Номиналды кірістің орташа алынған түзетілген коэффициенті - 44,05% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі – 61,14%);
– 2006 жылғы
желтоқсан – 2009 жылғы желтоқсан
кезеңінде – 21,54% (ұқсас кезеңдегі
инфляцияның жинақталған
– 2008 жылғы желтоқсан – 2009 жылғы желтоқсан кезеңінде – 11,95% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның деңгейі – 6,2%) құрады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды кірісі коэффициентінің өзгеруі ағымдағы жылдың 2009 жылғы 1 желтоқсанында алдыңғы айдың көрсеткішімен салыстырғанда мынандай сипатта болды:
- 60 ай
ішіндегі номиналды кіріс
- 36 ай
ішіндегі номиналды кіріс
- 12 ай
ішіндегі номиналды кіріс
Сурет 7 Қорлардың зейнетақы активтерінің жəне номиналды кірісі коэффициенттерінің арақатынасы
6. Қорлардың қаржылық жай – күйі
Қорлардың жиынтық капиталы 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 47,7 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 35,5 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 74,42%-ы болды. Активтердің жалпы сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 64,4 млрд. теңге болды немесе 2008 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 19 млрд.теңгеге (41,85 %) ұлғайды. Қорлардың жиынтық капиталы 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 47,7 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 35,5 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 74,42%-ы болды. Активтердің жалпы сомасы 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 64,4 млрд. теңге болды немесе 2008 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 19 млрд.теңгеге (41,85 %) ұлғайды.
2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 14 қордың ішінде 8 қор жалпы сомасы 3,29 млрд. теңге пайда (кіріс салығын төлегеннен кейін) алды жəне 6 қор («Ұлар Үміт», «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН», «Қазақстан Халық Банкі», «Қорғау», «Отан» жəне «Республика») жалпы сомасы 10,31 млрд. теңге шығынға ұшырады. Жалпы алғанда қорлар бойынша 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында жалпы сомасы 7,02 млрд. теңге шығын болды. 2009 жылғы желтоқсан айында 4 қор («АМАНАТ Қазақстан», «Еуразиялық», «Қорғау» жəне «Республика») жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге шығынға ұшырады, бұл ретте 10 қор жалпы сомасы 18,4 млрд. теңге пайда алды. Қорлардың таза кірісінің жалпы сомасы 2010 жылғы 1 қаңтарда 17,0 млрд. теңге болды.
Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 50,7 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 78,73%-ы болды. Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2010 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 66,6 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 78,2%-ы болды.
Қорлар меншікті активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарға – 61,97 %, Қазақстан Республикасының эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 28,75%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына – 0,18 %, «Кері РЕПО» операцияларына - 1,99 % инвестициялады, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 5,87 %, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 1,18 %, сондай-ақ инвестициялық қорлардың пайларына - инвестициялардың жалпы көлемінің 0,06 % -ын орналастырды. Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 59,3%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 13,1%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына – 3,2%, «Кері РЕПО» операцияларына - 3,8% инвестициялады, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 10,6%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 10,0% - инвестициялардың жалпы көлемінің 10,0% -ын орналастырды.
2.2 « ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерiнiң көрсеткiштерiн талдау
Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметiн “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң өз күшiне енген уақытпен қатар, 1998 жылғы қаңтардан бастады. Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорын құру және оның қызмет ете бастауы - Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң дамуындағы заңды сатының бiрi.
Зейнетақы қызметтерi рыногында қызмет етiп келе жатқан мерзiм iшiнде “ ГНПФ ” АҚ сүбелi қаржы нәтижелерiне қол жеткiздi. 1.10.2008 жылғы жай-күй бойынша 2 млн. 392 мың (Қазақстан бойынша жалпы алғанда) салымшы өз зейнетақы қаражаттарын сақтау және олардан тиiмдi инвестициялық кiрiс алу үшiн бiзге өз қаражаттарын сенiп тапсырды, бұл зейнетақы рыногындағы жинақтаушы жүйе салымшылары жалпы санының 35,6%.. “ ГНПФ ” АҚ салымшыларының 1.10.2008 жылғы жай-күй бойынша зейнетақы жарналары 106 млрд. 607 млн. теңгенi құрайды. “ ГНПФ ” АҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 7 млрд. 602 млн. теңгенi құрайды.
Меншiктi капиталдың мөлшерi 1 млрд. 326 млн.теңгеден асып түстi, ол қордың ең жоғарғы қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етедi.
Қазiргi даму кезiнде “ ГНПФ ” АҚ зейнетақы қаражаттарын сақтау жөнiнде салмақталған саясатқа жүгiнедi. Зейнетақы қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету тұрақтылыққа жауап беретiн сапалы инвестициялар қоржынын құрастыруға бағытталған инвестициялық қызмет арқылы жүзеге асырылады. Үстiмiздегi жылдың 3-тоқсанындағы таза зейнетақы активтерiнiң көлемi 2-тоқсанмен салыстырғанда 4,2%-ке немесе 4 млрд. теңгеге артты. Зейнетақы активтерiн ұлттық валютада инвестициялау үлесi – 67%, ал шетелдiк валютада инвестициялау 33% құрады.
Зейнетақы қаражаттарын инвестициялау нәтижесiнде “ ГНПФ ” АҚ-ның қызмет ете бастаған уақытынан бергi салымшылардың таза инвестициялық кiрiсi 46,07 млрд. теңгенi құрады, қор қызмет ете бастағалы орташа кiрiстiлiк 28,44% құрады, оның iшiнде тамыз айында зейнетақы қаражаттары 98835 млн. теңгеге дейiн, ал оның iшiнде есептелген инвестициялық кiрiс есебiнен 917,8 млн. теңгеге өстi.
“ ГНПФ ” АҚ салымшыларының тұрғылықты мекен-жай жағырапиясы кең, сондықтан қор өңiрлiк ерекшелiктер мен салымшылардың тұтынымдарын ескере отырып өз салымшыларына қызмет көрсету әдiстерiн жетiлдiру бойынша тұрақты жұмыстар жүргiзуде.
Жоғары бiлiктi мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйелерi салымшыларына олардың құқықтарын түсiндiру және iске асыру жолында кез-келген көмектi көрсетуге әзiр. Бұдан басқа зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың кез-келген бөлiмшесiнен кеңестер алып, құжаттар ресiмдей алады (зейнетақы келiсiм-шартын жасасу, зейнетақы қаражаттарын төлеуге құжаттар қабылдау және қордың қызметi туралы ақпараттар беру).
“ ГНПФ ” АҚ-ты жекелендiру (мемлекетке тиесiлi акциялардың бiр бөлiгiн сату) оның болжамды мерзiмдерi туралы мәселе зейнетақы рыногында мемлекеттiк емес, зейнетақы қорлары нақты құрыла бастағалы айтылып келедi. Мемлекеттiк емес қорлармен қатар, салымшылар үшiн бәсеке де өрбiп, салымшылар саналы түрде өз қалауын бiлдiре бастады, олар “ ГНПФ ” АҚ-пен қатар мемлекеттiк емес қорларды да таңдай бастады. Бiр кездерi мемлекет екiншi деңгейдегi банкiлердiң капиталына тiкелей қатысудан бас тартқан болатын. Осыған ұқсас жайт, республиканың сақтандыру рыногында да орын алды. Уақыт өте келе, дәл сол жайт қаржы рыногының өзге секторларында да, оның iшiнде зейнетақы рыногында да жүзеге асырылуы заңды болатын. Осыдан келiп, үстiмiздегi жылы экономика жөнiндегi кеңес “ ГНПФ ” АҚ-ты жекелендiру туралы ұсыныс жасады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жаныдағы экономика жөнiндегi кеңестiң 2004 жылы 5 наурызда өткен отырысында сенiмдi стратегиялық инвесторларды, сондай-ақ халықаралық қаржы инститтарын тарта отырып, “ ГНПФ ” АҚ-ты 2004 жылы жекелендiру туралы ұсыныс мақұлданды.
Мемлекет “ ГНПФ ” АҚ-тың акционерлер қатарында қалуды болжайды. Халықаралық қаржы ұйымдары арасынан Еуропа жаңғыру және даму банкiсi “ ГНПФ ” АҚ капиталының бiр үлесiн (10%-тен 20%) сатып алуға ниет бiлдiрдi. “МЖЗҚ” АҚ жекелендiрiлген, мемлекетпен қатар оның иегерi басқа халықаралық қаржы институттары да болған кезде де, қор қазiргi тиiмдi, табысты қызметiн төмендетпейдi. Қазiргi уақытта “ ГНПФ ” АҚ белсендi даму жолында және қызметтер көрсету сапасын одан әрi жетiлдiре түсуде. Сөйтiп, үстiмiздегi жылдың 13 қыркүйек күнi сертификаттау жөнiндегi Moody International халықаралық агенттiгi “ ГНПФ ” АҚ-қа сапа менеджментi жүйесiнiң ISO 9001:2000 халықаралық талаптарына сәйкес келетiндiгiн куәландыратын сертификат табыстады.
“ ГНПФ ” – елiмiздегi ең iрi зейнетақы қорларының бiрi Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1997 жылғы 24 қырқүйектегi №1372 қаулысымен құрылды.
“ ГНПФ ” АҚ 2004 жылғы 31 мамырдағы №6 мемлекеттiк лицензияның негiзiнде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, 2004 жылғы 31 мамырдағы №412200131 мемлекеттiк лицензияның негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару қызметтерiн атқарады.
ГНПФ миссиясы:
- Қазақстанның барлық өңiрлерi, халықтың барлық әлеуметтiк жiктерi үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жеткiзуге және сапалы болуын қатамасыз ету;
- Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы қаражаттарының сақталуы және одан әрi арта түсуi мақсатында активтердi тиiмдi инвестициялық басқару.
Өзектi мәселелер:
- ГНПФ -ның салымшылардың зейнетақы қаражаттарымен нық жұмысы арқасында миллиондаған салымшыларымыздың сенiмiн сақтап қалу;
- Республикамыздың кез-келген бұрышындағы әрбiр салымшыға сапалы қызмет көрсетуге негiзделген өңiрлiк саясатты сақтау және одан әрi дамыту;
- Елiмiздiң әрбiр азаматына жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы құндылықтар мен базалық бiлiмдi жеткiзе бiлу;
- Салымшылар үшiн сенiмдi кеңесшi, мемлекетке тiрек, кәсiби туралы қызметтерi рыногындағы әрiптестерге мiнсiз серiктес болу.
ГНПФ -ның салымшыларға көрсететiн қызметтерi:
- әрбiр салымшымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт рәсiмдер;
- әрбiр салымшы үшiн жеке зейнетақы шорттарын ашу;
- жеке зейнетақы шоттарындағы қаражаттарды сенiмдi сақтау, оларды инвестициялау және олардың дербестендiрiлген есебiн жүргiзу;
- күн сайын алынған инвестициялық табысты есепке алу;
- басқа қорлардан зейнетақы қаражаттарын аудару кезiнде қолғабыс тигiзу;
- бiлiктi дербес кеңестер беру;
- салымшылармен кездесулер ұйымдастыру және ГНПФ -ның қызмет ету нәтижелерi туралы бүркеусiз ақпараттар беру;
- салымшының сұранымы бойынша кез-келген уақытта оның жеке зейнетақы шотының мән-жайы туралы толық ақпараттар беру;
- зейнетақы төлемдерiн есептеу және оларды жүзеге асыру;
- салымшыға зейнетақы қаражаттарын төлеу кезiнде зейнетақы қаражаттарын салымшы көрсеткен дербес шоттарға аудару.