Қажеттіліктерді және мотивациялық мінез-құлықты зерттеп білу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:19, реферат

Описание работы

Психология және адамдық қатынастар мектебіне қосылатын ғалымдардың зерттеулерінде ұйымдағы адамдарды мотивациялау проблемалары басты орын алады. Осы тақырыптағы проблемаларға елеулі көңіл бөлген зерттеушілердің қатарына А.Маслоуды, Ф.Герцбергерді, Д.Макклелландты, К.Альдерферді жатқызуға болады.
Бихевиористік бағыт пен Мэйо мұрасының дамуына зор үлес қосқандардың бірі – американ психологы, гуманистік психологияның жетекшілерінің бірі Абрахам Маслоу (1908-1970). Өз көзқарастарын ол «Адамдық мотивация теориясы» (1934), «Психологияға шолу» (1934), «Мотивация мен индивидуалдылық» (1970) атты ғылыми еңбектерінде баяндаған.