Ұйымдастыру функциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:39, реферат

Описание работы

Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру қызметінің міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастрыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................2
Негізгі бөлім. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын құру.
1. Ұйымдастыру негіздері.........................................................................3
2. Ұйымдық құрылымды құрудағы көзқарастар....................................6
3. Ұйымның басқару құрылымы .............................................................9
Қорытынды................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиет тізімі.................................................................12

Работа содержит 1 файл

Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

    Ұйымдастырудың  өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын  бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге  байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды өажет етуі мүмкін.

    Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жету үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

     Басқаруда ұйымдастырудың жетілген жүйелерін  құрудың жалпы схемасы келесі стадиялардан тұрады:

     1. Зерттеу және жобалау.

     2. Құру және енгізу.

     3. Пайдалану, қызмет етудің тиімділігін  бағалау, модернизациялау.

Басқаруды ұйымдастырудың жетілдіру процесі  бір жолғы шара емес: бұл ұзақ мерзімді кері байланысы бар процесс, оның қызмет нәтижелері бастапқы қабылданған  шешімге қатты әсер ете алады. Бұл жерде ұйымды қайта құру туралы шешім алдын-ала талдаумен, сондай-ақ келесі өзгерістерді жобалаумен бірте-бірте қабылданады. 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Майкл Мескон, Майкл Альберт, Франклин  Хедоури. Основы менеджмента (Management). Издательство: Дело, 1997 г

    2. Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж., “Менеджмент негіздері”, - Ақтөбе – Орал, 2005ж.

    3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ университеті, 1998 ж.

    4. Wikipedia.org сайты

Информация о работе Ұйымдастыру функциясы