Ұйымдағы көшбасшылықтың дамуы және тиімді басшылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Басшылық ұғымы және басшылық стилі
2.Ұйымдағы көшбасшылық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Менеджмент БАСШЫЛЫҚ реферат.docx

— 41.46 Кб (Скачать)

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: «Ұйымдағы көшбасшылықтың дамуы және тиімді басшылық»

Орындаған: Тастанбекова Т.

Оқу тобы: ЭК-11-1

Қабылдаған: Өтегенова К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда 2012

 
 
 

 

 

 



 

 

 

Жоспары:

 

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

1.Басшылық ұғымы және басшылық стилі

2.Ұйымдағы көшбасшылық

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Басшылық пен көшбасшылық (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

     Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

      Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.

        Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түсінігі де дәлелдей түседі. Қазіргі кезде стильді басшының басқару қызметін тиімді орындау мақсатында өзінің қарамағындағыларға ықпал етуі бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың іс-әрекеті нәтижесін қалай бақылайтындығында. Қабылданған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.

       Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қайталамауымен ерекшеленді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық – бұл ырғақтылық» және де «басшылық ете білу – бұл басшылық стилін өзгерте білу».

       Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

        Басшылық стилі басқару тәсілімен белгілі бір ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғымда емес.

       Басқару тәсілі – басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету.

       Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсіл мен стильді музыка шығармаларын орындау нотасымен және мәнерімен салыстыруға болады: нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді».

      Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бір басшылардың есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреуі мұны қажет санамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшылық ұғымы  және басшылық стилі

 

      Басшылық – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзіне бағыныштыларын нақты іс-қызметтерге итермелейтін, сезімдерін оятатын шараларының жиынтығын білдіру.

      Кәсіпорынның  басшысы мен оның құрылымдыұ  бөлімшелері әкімшілік еңбекті  атқарады. Бұл қызмет өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді.

     Басшы өзіне  негізгі екі міндеттің жүктелгендігін  білуі тиіс: адамдармен жұмыс  істеу және басқару жүйесін  ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене  түседі.

     Басшы өз  жұмысында ғылым мен техника  жетістіктерін жаппай қолдану  өндіріс технологиясына, еңбек құралдары  мен заттарына, адамдардың еібек  әрекетінің сипатына салалық  өзгеріс енгізетіндігін ескеруі  тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің  ынта-ықыласына, талап-тілегі мен  мотивтеріне терең ықпал етеді. 

 Басшылық тәсілдері:

    Иелік жасау. Басшы өзінің қызметкерлеріне, бағыныштыларына нені жасау, нені жасамау және қандай жағдайда не істеу керек екендігін көрсетеді, тапсырады.

    Түсіндіріп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесі) тікелей кестеден адамдармен өз еріктеріне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсенділік көрсетеді.

      Түсіндіріп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз еріктерімен жұмыс жасап, өзін-өзі бақылай алу деңгейіне жетуі.

      Кей жағдайларда басшы юидік жүргізу, беруден бас тартады, сөйтіп белгілі шешімдерді қабылдауда, шешуде өзінің қызметтеріне өкілеттілік беріп, оларға проблеманы (мәселені) шешуде белгілі дәрежедегі жауапкершілік жүктейді.

      Басшы не болмаса менеджер – іс-қызметтің жасалуын басқа біреулер арқылы қамтамасыз етеді. Олардың жұмыстағы жетістіктері олардың нақты іс-қызметтерімен емес, керісінше адамдарда сезім, ынта жігер көзін оята алатын қабілеттермен бағаланады.

       Басшының мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметі орындау үшін басшыға ресми өкілеттік пен бірге билік қажет болады.

      Билік – бұл басшыларға (олардың іс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкіндігі.

      Ұйымның  әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы  өзінің тікелей бастығына, қол  астындағылар мен әріптестеріне  тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қызметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса, өз ұйымын тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға, бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомствалар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.

    Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді.

      Дербес стиль нақты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

1. Іс-әрекет сипаты;

 2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

3. Психологиялық қасиеті;

4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

     Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы, ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.

     Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсаттыв процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.

      Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді.

      Бедел (авторитет) – бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты.

 - Басшы беделінің шарттары:

- Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасыныңғ болуы.

- Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық.

- Әділдік және принциптік

- Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі

- Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру.

- Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы.

- Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру.

- Адамдарға сену, сенім арту.

- Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін.

 

 

 Өтірік беделдің қалыптасу жолдары:

- Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзіміздікі» болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды.

- Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) – ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді.

- Сатып алу беделі – басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі.

- Қорқыту беделі – сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру.

- Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзінің қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару.

      Басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс.Стильдің қалыптаспауы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс.

     Басқару стилінің типі қалыптаспаған, сондықтан да шетелдік және отандық әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.

     Бізде стильдің он шақты түрлері кездеседі. Практикада (күнделікті өмірде) басқару стилінің үш түрі жиі кездеседі: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық.

    Авторитарлы стиль басшының ролін асыра пайдаланумен байланысты. Биліктің ортақтандырылуымен (приверженностью к единоначалию) сипатталады. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру әдістері, пайымдаумен емес, күштеу әдістерімен іске асырылады.

    Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершілікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойыеша шешімдерді талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.

     Басшының стилімен жұмысты жеңілдетуге болады. Жақсы басшы – жақсы психолог. Огайо және Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық әдісін жасауға әкелді.

 

 

Ұйымдағы көшбасшылық

 

      Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, іске қабілетті адамдар көшбасшы болады.

      Әлеуметтік  психологияда шағын топтағы көшбасшылар  деп, мақсатқа жету мақсатында  топқа жетекшілік ететін, басқа  топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас  орнататын адам қызметін айтады.

       Топ  қызметінде «көшбасшы» ұғымына  сипаттама бергенде әлеуметтік  психологияда мындай жағдайлар  бөліп қарастырылады:

  • көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады;
  • топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады;
  • топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөл атқарады.

  Әрине, топ көшбасшысының  рөліндегі адамның жеке басында  біршама сапалық ерекшеліктер, атап  айтқанда, инициативалығы мен белсенділігі  біршама жоғары, ұйымдастыру қызметінде  тәжірибесі мен дағдысы бар,  топ ісінде мүдделі адамдарға  үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен  үлгі-өнеге көрсете білетін, топта  едәуір беделді болуы тиіс.

     Көшбасшының  2 түрі болады:

Информация о работе Ұйымдағы көшбасшылықтың дамуы және тиімді басшылық