Лекции по "Стратегическому менеджменту"
Курс лекций, 01 Марта 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Стратегиялық басқару - орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі.
Содержание
Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе
№1 дәріс
1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары
1.2 Стратегиялық басқару түсінігі
№2 дәріс
1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары
№3 дәріс
1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы
2 тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
№ 4 дәріс
2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері
3.3 Стратегиялық басқару объектілері
№ 8 дәріс
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық басқару қағидалары
4 тақырып. Ұйым мақсаты мен миссиясы
№ 9 дәріс
4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру
4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау
№ 10 дәріс
4.3 Бизнес мақсатын белгілеу
4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)
4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау
№ 12 дәріс
5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты
5.2 РЕST – талдау
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау
6 тақырып. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»
7 тақырып. Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия
8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып. Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып. Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару
№ 26 дәріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары
10.2 Стратегиялық өзгертулер
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
11 тақырып. Стратегияны дайындау және енгізу
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий
Работа содержит 1 файл
сратюменеджю лекция.doc
— 1.30 Мб (Скачать)2. Қолда бар
бәсекелес басымдылықтарды
3. Ұйым мен
сыртқы орта, ұйымның басқарушы
және басқарылушы ішкі
4. Стратегияларды
даралау. Әрбір ұйым кадрлар
құрамымен, экономикалық
5. Әрбір стратегия екі бөліктен тұрады: сыртқы ортаның әсерінен пайда болған, жоспарланған және кездейсоқ.
6. Стратегиялық
басқару міндеттері мен
Кәсіпорынды басқарудағы перспективалық бетбұрыс, онда менеджерлер өткір бәсеке мен сыртқы ортаның динамикалық жағдайында оған ұзақ және жемісті өмірді қамтамасыз етуге талпынады. Кәсіпорынды басқарудағы перспективалық бетбұрыс келесілерді қамтиды:
- Дәл перспективалы мақсаттар;
- Ұйымның перспективалы дамуы жайлы ұсыныстар;
- Онда қандай ресурстар қажет болатындығы жайлы көріністер.
Стратегиялық басқарудың мәні келесіден құралады:
- кешенді стратегиялық жоспарлау нақты қойылған
- фирманы басқару құрылымы «ресми» стратегиялық жоспарлауға барабар және де ол фирманың мақсатқа жету жолында ұзақ мерзімді стратегияны өңдеуді қамтамасыз ету үшін жаралған.
Стратегиялық ойлау қабілеттілік секілді 5 элементтерді ұсынады:
- Жағдайды модельдеу
- Қажетті өзгертулерді ендіру
- Өзгерістер стратегиясын әзірлеу
- Өзгертулер барысында берік әдістерді пайдалану
- Стратегияны шынайы өмірге айналдыру
Интуицяға ие, алғыр, шығармашыл тұлғалар-менеджерлер ең тиімді стратегия болып табылады.
Стратегиялық менеджментте басты мәнге ие стратегиялық ойлаудың басымдылықтарына келесілер жатады:
- Барлық ұйымдардың бағытын: «Біз не істеуге талпынып жатырмыз, және не істеуге тырысамыз»,-деген басты стратегиялық аспектіге аударуды қамтамасыз ету;
- Менеджерлер үшін қызметкерлерді кеңейту және капитал салымдарының альтенативті нұсқасын бағалау мүмкіндігі, яғни стратегиялық негізделген, тиімділігі жоғары жобаларға ресурстарды дұрыс орналастыру;
- Стратегиямен байланысты басқарудың барлық деңгейінде басшылардың шешімдерін біріктіру мүмкіндігі;
- Белсенді басшылыққа жағымды әсер ететін және де жағдайлардың өзгеруі пассивті әсер ететін тенденцияларға қайшы келетін ортаны құру.
Стратегиялық менеджмент көрсеткіштерінің тиімділігі ұйым іс-әрекетінің тиімділігін сандық өлшеу үшін арналған.
Тиімділік көрсеткіштерін пайдаланудағы негізгі бағыттар:
- күнделікті басқару шешімдерін қабылдау;
- іскерлік процесстерді жетілдіруді жоспарлау;
- құнды қоспайтын операцияларды сәйкестендіру және жою.
Бақылау сұрақтары
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Нарықтағы жағдай
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Инновация
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Маркетинг
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Өндіріс
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Қаржы
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Персоналды басқару
- Мақсатты анықтаудағы негізгі кеңістік – Менеджмент
3-тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық
басқарудың негізгі компоненттері мен
кезеңдері 3.3 Стратегиялық басқару
объектілері
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық
басқару қағидалары
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
Стратегиялық басқарудың функциялары. Кәсіпорындағы стратегиялық басқару келесідей бес функцияларда беріледі:
- Стратегияны жоспарлау
- Стратегиялық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру
- Стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру
- Стратегиялық нәтижелерге жету мотивациясы
- Стратегияны орындау процессін бақылау
Стратегияны жоспарлау болжау, стратегияны әзірлеу және бюджеттеу сияқты ішкі функциялардың орындалуын болжайды. Болжау стратегиялық жоспарлардың құрылуына септігін тигізеді. Ол тәуекелді бағалау және даму мүмкіндіктерін болжау мақсатымен кәсіпорынның жұмыс істеу шарттарына, ішкі және сыртқы факторлардың кең ауқымына талдау жүргізуге негізделеді. Жүйелік болжау кәсіпорын стратегиясына негізделген тәсіл дайындауға мүмкіндік береді. Болжауда дәстүрлі үш өлшем қолданылады: уақыт (біз қаншалықты алыс болашақты көргіміз келеді?), бағыт (болашақ тенденциясы қандай?), көлем (өзгерістер қаншалықты болады?). Кәсіпорын басшысы жүргізілген талдау нәтижесін есепке ала отырып, миссияны құрастырады (бизнес саласы, жаһандық мақсат), ұйымның даму болашағын анықтап, стратегия әзірлейді. Кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарының жеке бөлімшелер жұмысының нәтижесімен байланысуы іс-әрекеттердің қажетті бағдарламасы мен бюджетті құрастыру көмегімен жүзеге асырылады. Бюджеттеу ресурстарды бөлу мен бағдарламаны құндық бағалауды қамтиды.
Стратегиялық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру кәсіпорынның болашақ әлеуетін қалыптастыруды, басқару жүйесі мен құрылымын таңдап алынған даму стратегиясымен келістіруді, стратегияны қолдайтын корпоративті мәдениетті құрастыруды болжайды.
Бас стратегияны жасау және жүзеге асыру бойынша менеджерлердің іс-әрекеттерін үйлестіру - түрлі деңгейдегі стратегиялық шешімдердің келсімімен, басқарудың ең жоғарғы деңгейлерінде құрылымдық бөлімшелер стратегиясы мен мақсаттардың бір ізді шоғырлануымен түсіндіріледі.
Мотивация стратегиялық
басқару функциясы ретінде
Бақылау стратегиялық
жоспардың жүзеге асырылуын үздіксіз
бақылаудан тұрады. Ол алда төнетін
қауіп-қателерді алдын-ала
Стратегиялық басқарудың мәнін анықтау. Стратегиялық басқарудың басты мақсаты –тұрақсыз сыртқы орта жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеп, өмір сүруі үшін оның стратегиялық қабілетін қолдау және әлеуетін арттыру болып табылады. Қарастырылған функциялар мен мақсаттар жиынтығы стратегиялық басқарудың мәнін анықтайды.
Осылайша, стратегиялық басқарудың мәні үздіксіз бақылау негізінде ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ тұрақсыз сыртқы орта жағдайында өмір сүру және тиімді жұмыс істеу қабілетін қолдау мақсатымен оның қызметіндегі болып жатқан өзгерістерді бағалаудан тұрады.
Стратегиялық шешімдердің ерекшеліктері. Стратегиялық басқару функциясын жүзеге асыру стратегиялық шешімдерді құрастыру және қабылдау көмегімен орындалады. Бұлардың қатарына кәсіпорынның болашаққа бағытталған іс-әрекетінің негізгі жақтарын қамтитын барлық шешімдерді жатқызуға болады.
Стратегиялық шешім бірқатар ерекшеленетін сипаттарға ие. Олардың ішінде бастылары:
- инновациялық сипат
- болашағы бар мақсаттар мен мүмкіндіктерге бағытталушылық
- көптеген стратегиялық баламалардың анықталмауынан қиындықтардың туындауы;
- бағалаудың субъективтілігі;
- қайталанбайтын және тәуекелдің жоғары деңгейі.
Стратегиялық шешім – ол кәсіпорынды қайта қалпына келтіру жайлы шешім, жаңа өнімдер мен технологияларды ендіру, жаңа сату нарығына шығу, кәсіпорындарды сатып алу және құрастыру, сонымен қатар ұйымдастырушылық өзгерістерді жүргізу (жеткізіп салушы мен тұтынушылармен өзара әрекеттесудің жаңа нұсқаларына өту, ұйымдастырушылық құрылымдарды қайта жасау және т.б.).
1 МЫСАЛ. Жаңа нарықтарға
өту стратегиялық шешім болып
табылады. Стратегиялық шешімдер
болашақ мүмкіндіктермен
Стратегиялық басқару нарықта кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, бәсекелестік күресте сәттілікке қол жеткізуге, сыртқы ортада айрықшалықтарды есепке алуға бағдарланған басқару шешімдерін қабылдауға негізделген.
3.2 Стратегиялық басқарудың
Стратегиялық басқарудың құрамдастары. Кәсіпорынды стратегиялық басқару перспективті-мақсатты шешімдер тізбегін құрайтын бес негізгі компоненттерді қамтиды (2 сурет).
Көре білу – бұл кәсіпорынның болашақтағы ұнамды жағдайын көру сипаты.
1. Бизнес саласы
– нақты шаруашылық бірлігі,
бағдарламалар және т.б.
2. Миссия, онда кәсіпорын бизнестің негізгі мақсаттарының сапалы жиынтығын ұсынады.
3. Стратегия
– кәсіпорын мақсатына жетуге
арналған іс-әрекеттердің
4. Бағдарламалар
мен жоспарлар – жедел
2 – сурет.
Кәсіпорынның дамуын
Стратегиялық басқару кезеңдері. Стратегиялық басқарудың нгізгі кезеңдері:
- ортаны талдау;
- ұйымның мақсаттары мен миссиясын анықтау;
- стратегияны жасау және таңдау;
- стратегияны жүзеге асыру;
- стратегияның орындалуын бақылау және бағалау.
Ортаны талдау стратегиялық басқарудың бастапқы процессі болып табылады, өйткені ол ұйымның мақсаты мен миссиясын анықтауда, оның даму стратегиясын өңдеуде негіз болып табылады. Ұйымның ішкі ортасы келесідей бағыттар бойынша талданады: маркетинг, қаржы және есеп, өндіріс, қызметкер, басқаруды ұйымдастыру. Сыртқы ортаны талдау барысында экономикалық, саяси, әлеуметтік, халықаралық факторлар, сонымен қатар бәсекелестер факторлары зерттелінеді. Сонымен қатар сыртқы орта екі компонентті болады: тікелей қорашаған орта( тікелей әсер ету ортасы) және макроорта (жанама әсер ету ортасы). Сыртқы орта мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін және де ұйымдардың күшті және әлсіз жақтарын (SWOT – талдау) табу стратегиялық талдаудың мақсаты болып табылады.