Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 12:48, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен.docx

— 22.54 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.                                                                                 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.                                                                                         1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.                                                                                               Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы  наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)  мүшесі болып қабылданды. Осы  жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ  сияқты ұйымның Азияда да құрылуы  туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын  айтқан болатын. Бірақ, ол кезде  оның бұл сөзіне онша сене  қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл  өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда  Алматыда сенім әрекеттестік  шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары  қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия  т.б. болды. 

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының  жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия  материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның  халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:  
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.  
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.  
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей  байланыстары.

1992 жылғы  25 мамырда Қазақстан мен Ресей  арасында достық, ынтымақтастық  және өзара көмек туралы шарт  жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда –  Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын  кеңейту туралы Декларация жариялады,  ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда  екі елдік бірлескен Декларациясына  қол қойылды. Декларацияның маңызы:  
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.  
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы  6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға  бағдарланған “Мәңгі достық пен  ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:  
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.  
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.  
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай  байланыстары.

1992 жылғы  тамызда Қазақстан Президентінің  Қытай халық Республикасына алғаш  сапары болды, нәтижесінде барлық  байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы  сәуір айында Қазақстан мен  Қытай арасында шекара аумағын  заңдастырып белгілеу (делимитация)  жөніндегі келісімге қол қойылды  (1718 шақырымдық).

1996 жылғы  сәуір айында алғашқы Шанхай  келісімі жүргізілді. Бұл келісім  барысына Ресей, Қытай, Қазақстан,  Тәжікстан, Қырғызстан қатысты.  Мұнда негізінен - шекараларды  бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты  мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте  Алматыда болған келіссөздің  нәтижесінде – Батыс Қазақстан  мен Батыс Қытайды жалғастыратын  мұнай құбырын жүргізу жөніндегі  шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі  бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға  келісті. 

1998-1999 жылдары  Қазақстан-Қытай арасында келісімдер  нәтижесінде, шекараны нақтылау  негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ  байланыстары.

Қазақстанның  сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда  АҚШ Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан  мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде  және Каспий қайранын бөлісу жөнінде  келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы  желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ  арасындағы келісімде – екі  ел арасындағы серіктестікті  одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға  демократиялық, экономикалық өркендеуде  қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық  негізде тұрақтылықты қамтамасыз  ету мақсатында ынтымақтастық  үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану  сияқты мәселелер қаралды. 

АҚШ Қазақстанға  мәдениет пен білімді дамыту саласында  үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ”  бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу  орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара  байланыста болу – біздің ел үшін өте  қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық  және әлеуметтік-экономикалық өмірдің  барлық саласындағы дағдарыс ТМД  басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО  тарағаннан кейін ядролық қару негізінен  Ресей жерінде шоғырланды. Қазір  жер жүзінде 5 ядролық держава  бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы  Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон  хаттамасына қол қойды. Қазақстан  ядролық қарудан еркін аймақ  болып жарияланды. Соғыс өнімдерін  шығаратын кәсіпорындарды бейбіт  заттар өнімдеріне айналдыру  – (конверсия) жүзеге асырыла  басталды.

1996 жылғы  31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға  мүше 129 елдің қатарында ядролық  қаруды таратпау жөнінде шартқа  қол қойды. 

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен  ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде  жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы  29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр  ядролық қарудан тазарған дүниені  қалайды” атты халықаралық конференция  ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға  мүше болып кіруге республикаға жол  ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға  мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол –  Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам  және биосфера”, “Адам табиғи ортада”  т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс  жасайды.

ЮНЕСКО  – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам  мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды  іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық  ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы  өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл  жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің  Арал аймағының халқын сауықтыру  жөніндегі бағдарламасы - әйелдер  мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды  жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен  бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға  қол қойылды.

Қазақстанның  даму болашағы.

Егемен  Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген  бағыттары және елдің идеологиясы  АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген  философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен  демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан  өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте  маңызды.

Сыртқы  экономикалық байланыстар бөлімі Қазақстан  Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының  құрамындағы дербес құрылымдық бөлімше  болып табылады. Бөлім палатаның  ішкі қызметін іске асырады, шетелдегі  ҚР СӨП өкілдіктерінің қызметін үйлестіреді, Республиканың кәсіпорындар және ұйымдарымен  сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстар орнатуға және дамытуға, бірінші кезекте, Палаталар мүшелерін  шетелдік серіктестермен мүдделі тараптарды қажетті экономикалық ақпараттармен  қамтамасыз етуге көмектеседі, сыртқыэкономикалық катынастар мәселелері бойынша кеңес  береді.

Сыртқы  экономикалық салада тауарлар мен қызметтерді  экспортқа шығаруға, сыртқы экономикалық салада ҚР СӨП және оның серіктестерінің  мүддесін қорғауға, сыртқы саудада  инфрақұрылымдар қызметін жетілдіруге  көмектеседі.

Сауда-экономикалық миссияларды Қазақстандық кәсіпкерлер  үшін шетелдерде және шетелдік кәсіпкерлер  үшін Қазақстанда өткізуді ұйымдастырады. Халықаралық форумдар, конференциялар мен семинарларды Қазақстан мен  оның шектерінде ұйымдастыру мен  өткізуге қатысады.

Халықаралық қызмет – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасын басқа да қазақстандық қауымдастықтардан ажырату үшін басым бағыттардың бірі. Соңғы жылдары халықаралық аренада ҚР СӨП беделі мен мәртебесі артты және дамыды. Палатаның жүргізген халықаралық қызметі қазақстан бизнесіне қажет. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін біздің еліміз туралы ешкім білмеді, және керісінше, қазақстанның бизнесі де басқа мемлекеттермен, олардың заңдарымен таныс емес еді. Сауда-өнеркәсіп палатасы арқылы оның серіктестік қарым-қатынастарына алғыс айта отырып, 70-н аса мемлекеттер палаталарынан шетел нарығы, әлеуетті серіктестер, осы мемлекеттердегі бизнестің жүргізілуі мен инвестициялық заңдары туралы ақпараттар алуға болады.

Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп  палатасы халықаралық палата ұйымдарының  мүшесі ретінде осы ұйымның шеңберінде белсенді қызмет атқарады. Бұл Халықаралық  сауда палатасы, ТМД елдері сауда-өнеркәсіп  палатасы, Ислам сауда-өнеркәсіп  палатасы, Экономикалық ынтымақтастық  ұйымы мүше – елдер Сауда-неркәсіп палатасы. Бұл ұйымдар түрлі елдердің іскер топтары арасында серіктестік  қатынастарды дамытуға, сауда және инвесттициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, нақты консалтингтік қызметтер  көрсетуге, кәсіпкерлер үшін оқыту  бағдарламаларын ұсынуға жәрдемдесетін  және басқа да көптеген іс-шаралар  өткізеді. ҚР СӨП-ң халықаралық қызметін жетілдіруде аса мән берілетін әртүрлі мемлекеттік органдармен және бәрінен бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Индустрия және сауда министрліктерімен және басқа да министрліктермен байланыс орнату. Палата өкілдері сауда және іскерлік байланыстарды күшейтудің әртүрлі тапсырмаларын орындау қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия мәжілісіне белсенді қатысады. Жеке алғанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, шет мемлекеттермен Қазақстанға қатысты күрделі мәселелерді шешу мақсатында іскерлік кеңестер құрылды.

Информация о работе Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру