Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 17:57, контрольная работа

Описание работы

Балқаш тағдыры бүгін барша жұрты алаңдатып,толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекеттің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр. КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Балқаш көлі ауданында экологиялық жағдайы түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Балқаш өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Балқаш көлін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-қимыл жасау қажеттігі атап көрсетеді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Балқаш аңызы және атауы
б) Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Шахта орта мектебі.docx

— 26.54 Кб (Скачать)

                                    Шахта орта мектебі

 

 

 

           Тақырыбы:  «Балқаш көлінің экологиялық  жағдайы»

 

 

 

 

                                                     Дайындаған: Сағат Данияр

                                                    Тексерген: Қаналы Тұрсынгүл

       

                                          2013 ж.

                                              Жоспар

     1.Кіріспе

     2.Негізгі бөлім

        а)  Балқаш аңызы және атауы

        б)  Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

     3.Қорытынды

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе

     Балқаш тағдыры бүгін барша жұрты алаңдатып,толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекеттің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр. КПСС Орталық Комитетінің  Саяси Бюросы Балқаш көлі ауданында экологиялық жағдайы түбірінен жақсарту жөніндегі  СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Балқаш өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Балқаш көлін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-қимыл жасау қажеттігі атап  көрсетеді. Су үнемдейтін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айрықша аударылады. Балқаш өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық  жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.

    1988 жылы қыркүйек айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі «Балқаш көлі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» қаулы қабылдады.

 

 

   

 Балқаш аңызы және атауы. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген. Ақ теңіз деп көлдің Батыс жағалауын мекендеген жұртты атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келеді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды.Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бүрынан айтылып келе жатқан аңыз бар. Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып,ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог И. П. Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталады. Дәл осы тыңғылықты зерттеудің нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының  өте мол екенін анықтап, екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңірінде мыс алабын салу белгіленеді. Кеңес Одағының барлық жерінен: жұмысшылар, шаруалар, комсомолдар мен коммунистердің қатарынан еріктілер және осы өңірдегі ата-бабаларымыз-көшпенді қазақтар  тұтас ауыл болып Балқаш құрылысына ағыла бастады. Құрылыс жұмыстары қазақтың түрен тимеген ту даласында, қатал табиғаттың аясында өндіріс орталықтары мен темір жолдан жарықта іске асты.  Жүкті алғашында ат,түйемен тасыды. Тағы бір жылы Балқаш көлі арқылы Бөрлі-төбе айлағынан Бертіс шығанағына жүк тасымалданды. 1935 жылы Балқаш-Қарағанды темір жолы уақытша пайдалануға беріліп, жылу электр орталықтарының құрылысы басталды. 1935 жылы мыс алабының негізгі цехтары мен өндіріс объектілерін салуда үлкен бетбұрыс кезеңге  аяқ басты. Осы алып құрылысты тезірек  салып бітіруге ынтасы құрылысшшылардың да өз батырларын туғызды. Қазақтар, орыс, белорус, украйн, татар, армиян және де басқа ұлт өкілдері тізе қосып еңбек етті. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

 

 

    Балқаш көлінің экологиялық жағдайы. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17-22 мың км2 ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б.өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоғырлы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жжинаған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал, Балқаш туралы алғашқы жазба деректер XIII ғасырдан белгілі. Көлдің тиянақты зерттеу XVII ғасырдан басталады. Орыс картографы және тарихшы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» атты атласында Балқашты «Теңіз деген атаумен көрсеткен.

    Балқаш көлі  – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген. Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғанын ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағында ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігінде тұщы су түсі сұр болады.

    Балқаш көлі  – Қазақстандағы ең ірі экожүйелерінің бірі. Көл Балқаш-Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2, ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдағы сипаты болса, қазір мүлде басқаша.

     Балқаш көлінің  экологиялық жағдайының нашарлау  себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу  өзендерінің мол суының балқаш  көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқынды және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.

    Балқаш көлін  құтқару бүгінгі күннің талабы  Арал мен Балқаш сияқты су  экожүйелерінен айырылу Қазақстанды  ғана емес Еуразияны да бұрын соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыру мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адам баласының парызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге  зиянды көп құбылыстарды тежеу,  тоқтату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінен басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының пікір ұсыныстарын есепке ала отырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Олардың теез арада асырудың  бағыттары мен жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда. Бұл бағыттағы ең басты шаралардың бірі Балқашты біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпау. Су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету жолы табылады. Аяулы табиғат – алтын бесігіміз, адам қоғамының тіршілік етуінің ең басты шарты. Оның керекті, әлде керексіз бөліктері жоқ. Бәрі – керек. Адам үшін туған өлкенің ауасы, топырағы, тауы мен тасы, өзен суы, орман тоғайы, қос қанаттысы мен жер бауырлаушысы...бәрі, бәрі  қымбат...

 


Информация о работе Балқаш көлінің экологиялық жағдайы