Фирманың маркетинг ортасын сипаттау

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2011 в 16:03, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы экономикалық құбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлін отандық кәсіпкерлер әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және кәсіпорынның күнделікті жұмысына бейімделген маркетингтің құралдары мен тәсілдерін қолдану жөніндегі ғылыми-әдістемелік зерттеулер жоқтың қасы. Кейде маркетинг өткізу мен жарнама жиынтығы ретінде қабылданады, бұл оны тұтастай түсінуге және тиімді қолдануға бөгет келтіреді.

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

Кіріспе  

       Нарықтың  қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке  ие болуы мен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа кантрагенттер алдына өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілік болумен байланысты.

       Курстық жұмыстың негізгі мақсаты «Қайнар  құс» АҚ-ның тауар бәсекелестігін зерттеу жасап, оның жағдайын айқындап және оның ерекшеліктерімен кемшіліктерін  анықтау болып табылады.

       Әр  қадам жасаған сайын әрбір  фирма талдау процесін, жоспарлау, маркетингілік  шараларды іске асыру және бақылауды  маркетинг басшыларына үздіксіз ақпараттар керек. Оларға клиенттер, бәсекелестер және т.б. нарыққа әсер ететін күштер туралы ақпарат керек.

       Тақырыпты ашу мақсатында курстық жұмысты  келесі көрсетілген тараулар бойынша  мәнін ашып көрсетілген.

       Бірінші тарауда. Маркетинг зерттеу жоспарын құру.

       Екінші  тарау. Кәсіпорынның потенциалды  мүмкіншіліктерін зерттеу.

       Үшінші  тарау. Нарықты зерттеу.

       Осы бөлімдерді толығымен зерттей отырып курстық жұмыс жазылған.

       Нарықтық  экономиканың эволюциялық жолына түскен Қазақстан-дағы  маркетингтің дамуы  нарық заңдары мен қағидаларынан  туындайды. Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

       Нарықтағы қатаң бәсек, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым  құралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда. Осы және басқа проблемаларды шешу нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен тәсіл-құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес философиясы – маркетингті творчестволық тұрғыда пайдалануына байланысты. 

       Өндірістік  әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы экономикалық құбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлін отандық кәсіпкерлер әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және кәсіпорынның күнделікті жұмысына бейімделген маркетингтің құралдары мен тәсілдерін қолдану жөніндегі ғылыми-әдістемелік зерттеулер жоқтың қасы. Кейде маркетинг өткізу мен жарнама жиынтығы ретінде қабылданады,  бұл оны тұтастай түсінуге және тиімді қолдануға бөгет келтіреді.

       «Қазақстан - 2030» стратегиясы ұсынған стратегиялық мақсаттарға жету экономиканы түбегейлі реформалау жөніндегі терең ғылыми зерттеулерді, сонымен қатар шаруашылықпен шұғылданатын отандық субъектілердің, оның ішінде, өндірістік кәсіпорындардың іс-әрекеттерінде маркетингтің шетелдік тәжірибесін қолдану туралы практикалық ұсыныстар әзірлеуді талап етеді. Қазақстанның қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынды басқару мәселелерін талдай отырып, маркетингті жетілдіру бағыттары мен даму ерекшеліктерін анықтау отандық өнімнің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін  қамтамасыз  етуде маңызды болып табылады.      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Маркетинг жоспарын құру.
    1. Фирманың  ортасын сипаттау.
 

       «Қайнар құс» АҚ бұрынғы мемлекеттік Бөген  құс фабрикасы шаруашылығы-ның негізінде 1994 ж. наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында құрылды.

       Кәсіпорынның  қызметінің негізгі мақсаты құс  өнімдерін өндіру және ҚР заңына қайшы  келмейтін өзгеде қызмет түрлерімен айналысу.

       «Қайнар құс» АҚ-ы Оңтүстік Қазақстан облысындағы құс өндірісі бойынша ең үлкен жеке фирманың бірі болып табылады. Өз қызметі барысында компания құс шаруашылығында өсіру мен өнімді қайта өңдеуде үлкен тәжірибе  жинақтады, қазіргі кезде ол үлкен әлеуетке ие.

       Компания  меншігіне ауылшаруашылық өндіріс үшін үнемі пайдалану құқығы бар. 1048,18 га жері бар. Бағаланған жалпы құны 23,950882 теңге (№ 57711 тамыз 1997ж.). құс фабрикасында күнделікті өндіріс қажеттілігі үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстары бар, бірақ осы кәсіпорынның өнімділігін арттыру. Өндірістің өзіндік құнын төмендеуімен байланысты жаңа озық технологияларға сай қосымша негізгі құралдарды қажет етіп отыр.

       «Қайнар құс» АҚ-ның жабдықтаушылары.

       Кесте 1.11.

Шикізаттармен жабдықтаушылар  
Жабдықтар Атаулары
Ордабасы  және Отырар ауданы-

ның заңды  және жеке тұлғалар  

Жүгері мен  бидай
«Петро  Қазақстан» АҚ Жанар жағар  майлар
«Руби-Роз  Агрикол» ЖШС-гі

«Алматы – Бройлер» ААҚ-ы 

«Астана-Құс» ААҚ-ы

Инкубациялық  жұмыртқалар.
«Түркістан  энерго» АҚ-ы Электр энергиясы

            

       Барлық материалдар мен шикізаттар дайындаушы зауыттар немесе олардың өкілетті дистребюторларының тікелей сатылып алынады.

       Компания  бұл жабдықтаушылар төменгі себептер бойынша байланыста:

  1. Орналасқан жерінің жақындығы
  2. Серіктестігінің мерзімінің ұзақтығы
  3. Жабдықтаушылардың нарықтағы жоғары бағасы
  4. Төменгі баға
  5. Жеткізудің толықтылығы.
 
 
 
 
 

«Қайнар құс» АҚ-ның құс шаруашылығы өнімдерін  өндіру кезеңдері: 

Жұмыртқа

Жұмыртқа инкубациясы (85%)            Жұмыртқа өткізу (15%) 

Балапандар (70%)      Инкубация  қалдықтары (30%) 

Өсіруге (100%) 

Құстарды сою (95%)  Қалдықтары (5%)    Жемге өңдеу

 

Суп  өнімдері         Құс  еті     Мамық үкі       Техникалық қалдықтар 

 

1. Категориялы  ет (90%)          2. Категориялы ет (10%)  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Проблеманы  анықтау. 

            Әрбір фирманың міндеті  зерттеу жүргізу барысында ең алдымен проблемаларды анықтап  алу керек. Проблемаларды анықтау  керек, міндеттер қойылуы  керек  және мақсаттар анықталады. Мұнда  қойылатын сұрақтар  мынандай болып  келеді:

  • зерттеу көлемі қандай болмақ?  Тереңірек зерттеу қажет пе?
  • бұрынғы зерттеулер  негізінде қарастырылып отырған проблеманың дайын шешімі барма?
  • қанша көлемде мәліметтер қажет болады?
  • зерттеуге қанша уақыт және қанша шығын қажет?

деген сұрақтарға жауап іздей отырып зерттеу жүргізіледі.

            Осы курстық жұмысқа  негізгі объект етіп алып отырған, «Қайнар - құс»

АҚ-ң  өндірілген өнім нарығының кеңінен  таралу мүмкіндігін зерттеу.

      Мұндағы мәселелер:

        Нарықтағы экономика  жағдайында  компанияның жүйелі даму  күшін, өндіріс нарығында өз қызметінің ауқымымен, әдістерін анықтап, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеп өткізуді  қажет етеді:

  • өнімнің сапасын жоғарлату
  • бағасын тұрақтандыру.

       Мақсат дегеніміз соңғы нәтижені алудың қысқаша түрде алынған моделі.

       «Қайнар - құс» АҚ-ның мақсаты болып Оңтүстік Қазақстан облысында және тағы басқа облыстарда құс еті өнімдерінің кең таралуына ұсыныстар дайындау.

       Біздің мақсатта мынандай мәселелерді шешу көзделіп отыр.

  1. нарықтың толаю деңгейін анықтау.
  2. сұранымға әсер  ететін түрлі факторлардың ролін анықтау: баға, сапасы, буып-түюі және т.б.
  3. нарықты әр түрлі параметрлер мен сегменттерге бөлу.
  4. тұтынушылардың мінез-құлқы типтерін анықтау.

     Зерттеу объектісі деп – нақты географиялық нарық, кәсіпорынның ішкі саясаты, тауар  және т.б. айтуға болады.

     Бұл курстық жұмыстың объектісі  етіп алып отырған «Қайнар - құс» АҚ-ң  өнімін тұтынатын тұтынушыларды  алуға болады.  
 
 
 
 
 
 

    1. Зерттеу методикасын құру.
 

       Біздің  мақсатта мынандай мәселелерді шешу көзделіп отыр. «Қайнар-құс» АҚ-ң өнімінің нарықта толаюын  және кең тарауына гипотеза құру.

  1. гипотеза: бәсекелестіктің орнауына құс еті және жұмыртқа өнімдерінің кең көлемде тарамауы.
  2. гипотеза: сауда орындарындағы өнімдерінің өтуіне кедергілердің болуы.
  3. гипотеза: аймақтарға тауарлардың тиімсіз таралуы.

       Мәліметтер  көздерін жинау әдістерін анықтау. Алғашқы мәліметтерді жинауға бақылау, сұрау, статистикалық мәліметтерді жинау және эксперимент жатады.

       Зерттеу құралдарына, яғни мәліметтерді жинау  құралдары 2 топқа бөлінеді: анкеталар, автоматты құрылғылар.

       Анкета (сауалдама) дегеніміз – респондент, яғни сауалдама үшін таңдап алынған тұлғадан жауап алу үшін құрылған сұрақтардың жиынтығы. Сауалдама өте икемді, жан-жақты қолданады.

       Сауалдаманың 2 түрі бар:

  1. Ашық
  2. Жабық
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Анкета.  

       Құрметті Респондент. Мен Ахметова Баян «Маркетингтік зерттеу» пәнінен курстық жұмыс жазуыма байланысты «Қайнар-құс» АҚ өніміне анкеталық сұрау жүргізіп отырмын. Мына төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін. Алдын-ала рахмет!  

  1. Жасыңыз?

а) 18-25        б) 26-35        в) 36-45         г) 46-дан жоғары

 

  1. Жынысыңыз?

а) әйел         б) ер

 

  1. Әлеуметтік жағдайыңыз?

а) жоғары деңгей       б) орта деңгей       в) төмен деңгей  

  1. Мамандығыңыз?

а) экономист        б) мұғалім        в) юрист        г) дәрігер  

  1. Біліміңіз?

а) арнайы          б) жоғары         в) орта         г) бітпеген жоғары  

  1. Сіз құс  етін және жұмыртқа өндіретін қай  фирманың өнімін тұтынасыз?

а) «Қайнар-құс» АҚ              в) «Сеймар» АҚ

б) «Оңтүстік-құс» АҚ           г)  Үй құстары (домашный) 

  1. «Қайнар-құс» АҚ-ң өнімдерін сіз тұтынасыз ба?

   а) ия             б) жоқ            в) сирек  

  1. «Қайнар-құс» АҚ-ң өнім түрінің қайсысын көп  көлемде тұтынасыз?

а) жұмыртқа                 в) суп өнімдері

б) құс еті                       г) жастықтары        

Информация о работе Фирманың маркетинг ортасын сипаттау