Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 18:12, реферат
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес
Кіріспе..................................................................................................................3-4
І.Маркетингтегi бағаны қалыптастыру
1.1. Бағаны нарықтық шаруашылық категориясы ретінде
қарастыру.................................................................................................................4-5
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері.......................................................5-6
ІІ. Баға жөніндегі шешімдерге әсер етуші жайлар
2.1. Бағаға әсер ететін факторлар және олардың тәсілдері................................6-10
2.2. Баға саясатының мақсаты.............................................................................10-11
2.3. Баға саясатының түрлері..............................................................................11-13
ІІІ. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу..............................................................................14
3.2. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық аспектілері...................................15
Қорытынды..............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................17
Фирма баға қалыптарстыру стратегиясын әзірлемес бұрын, баға жөніндегі шешімдерге әсер тигізетін, барлық сыртқы факторларға талдау жасауы тиіс.
Баға белгілеуге әсер етуші факторлар
Тұтынушылар. Сұраным мен баға кері пропорционалды тәуекелділікте болады, яғни баға неғұрлым жоғары болған сайын, сұраным соғұрлым төмен болады. Сұранымның шамасына нарықтың тауарлармен толып кетуң, экономиканың жалпы жағдайы, жарнама, мода, тауарларды – айырбастаушы өндіріс сияқты факторлар түбегейлі әсер етеді және одан әрмен қарай сұраным көлемінің ұлғаюына әсерін тигізуі мүмкін.
Бағалардың өзара байланысты сұранымға, сондай-ақ бағаның икемділігіне қатысты болады. Кәсіпорын басшылығы тұтынушылардың тауарлар бағасының өзгеруіне кері әсерлерінің қалай болатындығын білуі қажет. Нарықта бісекелестер жоқ болып, тауарларға айырбас болмағанда, сатып алушылар бағаның өсуіне онша сезімтал емес, өйткені олар бағаның көтерілуін оның сапасының жоғары болуынан деп қабылдайды, сондықтан сұранысмның бағаға тәуелділігі мұндай жағдайда соншалықты үлкен емес бұл жерде сөз сұраным туралы болып отыр.
Бағадағы шамалы өзгеріс сұранымның көлеміне әсерін тигізген кезде, икемді баға жөніндегі сұраным туралы сөз қозғалуы мүмкін. Икемді (эластикалық) сұраным жағдайында баға саясаты саласындағы өзгерістер туралы ойлау көзделеді, өйткенң бағаның төмендеуі жаппай сатуды ұлғайту есебінен табыстың үлкен көлемін әкелуі мүмкін.
Баға белгілеумен байланысты үкіметтің шаралары. Тауарға баға белгілеу кезінде сатушы заңның шарттарын сақтауға тиісті. Ол келесі тәсілдерді баға белгілеуде қолданбауы тиіс.
1.Кесімді баға. Сатушылар бісекелестермен алдын-ала кеңесусіз
бағаны белгілеуі қажет. Керісінше жағдайда, олар астыртын келісімге барды деген күдіктенушілік пайда болады. Кесімді баға белгілеу тәжірибесі заңсыз болып саналады және ол үшін жаза да қатал болуы мүмкін (айып, түрмелік жаза).
2. Баға құқығын шектеу. Робинсон – Патман заңы, өндірушілер мен көтерме сауда жасаушыларға баға дискриминациясын жүзеге асыру бәсекеге зиян келтіретін болса, баға құқығын шектеуге тыйым салады. Бұл акті бағаға, жеңілдікке, сыйлыққа, несие беру жағдайларына қатысты. Жүзеге асыру шарттары барлық бәсекелесуші өткізуге қатысушылар үшін бірдей болуға тиіс.
3. Ең төменгі бағалар. Ұрлық баға белгілеуді пайдалана отырып, үлкен фрмалар ұсақ жергілікті бәсекелерді жою үшін өздерінің ба,аларын шығындардан төмен түсіруі мүмкін. Мұндай тәжірибеге заңмен тыйым салынады.
Тауар қозғалысының арналары.
Тауар қозғалысының әрбір қатысушысы өткізу көлемін, пайданы, қайыра сатып алуды қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында бағаны белгілеуде маңызды рөл атқаруға ұмтылады.
Өндіруші монополистік
тауар қозғалысы жүйесін
Көтерме және бөлшек сауда жасаушылар тиімсіз тауарларды өткізуден бас тартып тұтынушы ретінде өзінің маңыздылығын атап өте отырып, бәсекелесуші өнімдерді шығарып тастап және күшті дилерліңһк маркаларды және т.б әзірлеп жасаау арқылы бағаларға үлкен бақылау жасауға қол жеткізуі мүмкін.
Өткізу арнасына қатысушылардың баға жөніндегі шешімдерге келісімдерін қамтамасыз ету үшін өндіруші арналарға қатысушылардың пайда үлестерін, баға кепілдіктерін, айрықша келісімдерді және бағаның көтерілуіне әсерін ескеруі тиіс.
Көтерме және бөлшек саудаға жұмсалатын шығындарды жауып, табыс алу үшін пайданың белгілі бір үлесі талап етіледі.
Көтерме және бөлшек сауданың үлестерін азайту, ынтымақтастықты жоғарылатуға әкелуі мүмкін.
Бәсекелестер. Төлем қабілетті
сұраным мен өндіріс
Баға фирмамен бақыланатын орта шектелген бәсекелестікпен сипатталады. Жоғары баға кезінде фирма жоғары табысқа жетуі мүмкін, өйткені тұтынушылар, ұсынылған тауарды бірдей түрде қарайды, тұтынушылардың түсініктері соған сәйкес сервистегі тауар маркасының үлгісімен байланысқа түседі.
Баға үкіметпен бақыланатын орта – бұл, мысалы, коммуналдық қызметтер, автобус тасымалдары, таксилер және үкіметтік ұйымдары мен салаларынан, сондай-ақ мүдделі жақтардан ақпараттарды алғаннан кейін бағаны анықтайды.
Кейбір фирмалар бәсекелестік ортадағы өз саласының өзгерістеріне икемделеді. Баға белгілеу стратегиясы жеңіл, сондықтан бәсекелестердің кері әсерлерін алдын-ала айтуға болады. Бірақ, бағадағы артық бәсекелестік баға соғысына әкелуі мүмкін.
Мұндай соғыстар барысында
фирмалар тұтынушыларды тарату, бағаларды
бәсекелестердің бағасынан
2.2 Баға саясатының мақсаты
Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.
Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:
-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.
Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.
Сападағы лидерлік. Фирма
бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды
түрде жоғарлату жолымен
Жаңа нарықтарға шығу кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.
Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
Мұнда кәсіпорын инвестицияның
қажетті қайтарымдылығын
2.3.Баға саясатының түрлері
Баға саясатын әзірлеу кезінде тек баға деңгейін анықтау ғана маңызды емес, сонымен бірге фирмалардың нарықтағы баға мінезінің стратегиялық бағытын қалыптастыруда маңызды болып саналады. Баға стратегиясы әрбір нақты келісімдегі сату бағасына қатысты шешім қабылдаудың негізі болып қызмет етеді.
Маркетингте баға стратегиясының алуан түрлері бар:
«Қаймағын сүзу» стратегиясы
Мұндай стратегияны қолдану фирма бастапқы бетте тауарлардың қымбат варианттарын шығарып, содан соң сатып алушыларға арзан және қарапайым модельдерді ұсына отырып, нарықтың барлық жаңа сегменттерін. Тарта бастайтын жаңа – тауарларды енгізу, егер тауар жаңа, жоғарғы сапалы, ерекше қасиеттерге ие болса, мүмкін.
Жоғарғы бағалар стратегиясы үшін мынандай шарттар қажет.
1.тұтынушылардың көп
саны тарапынан ағымдағы
2.сатып алатын тауарлардың бағасына сезімталдықпен қарайтын тұтынушылардың бастапқы топтары;
3.бәсекелестер үшін
жоғары бастапқы бағалардың
4.жоғары бағаны тұтынушылар
тауардың жоғары сапасының
5.ұсақ сериялы өндірістің
салыстырмалы түрдегі шығындары
Стратегияның бұл түрі тәжірибе жүзінде нарықта үлкен қолданысқа ие. Фирма жаңа тауар өндірісіне үстемдік жағдайға ие болғанда, белсенді түрде қолданылады. Содан кейін, нарық сегменті тауарларға толтырылған кезде, бәсекелестік тауарлар пайда болғанда, фирма бағаларды төмендете бастайды. Төменгі баға стратегиясы немесе «жарып өту» стратегиясы нарыққа сатып алушылардың көп санына таратуға және нарықтың үлкен үлесін жеңіп алу үмітінде өзінің жаңа тауарларына салыстырмалы түрде фирма төменгң бағаларды алғашқы болып белгілеуді ұсынады.
«Жарып өту» төменгі баға стратегиясы
Мұндай стратегияны
қолдануда фирма нарықта
1)нарық бағаға өте
сезімтал және төмен баға
2)өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өндіріс пен айналым шығындары қысқарады;
3)төмен баға стратегиясы
икемді жоғары сұранымды
Дифференцияланған баға стратегиясы түрлі нарықтар мен олардың сегменттерді және сатып алушылар үшін мүмкін боларлық жеңілдіктердің белгілі бір шкаласы мен бағаның орташа деңгейіне үстеме белгілейтін фирмалардың сауда тәжірибесінде белсенді түрде қолданылады. Дифференциалданған баға стратегиясы маусымдық жеңілдіктерді, тұрақты әріптестердің тауарлардың көп санын алғаны үшін жеңілдіктерді, бағаның әртүрлі деңгейін және шығарылатын өнімдердің жалпы номенклатурасындағы түрлі тауарлар бойынша сондай-ақ әрбір модификациясы бойынша олардың ара қатынасын қарастырады.
Дифференцацияланған баға
стратегиясы әртүрлі сатып
Жеңілдік баға стратегиясы. Жеңілдік бағалар – бұл, негізінен, неғұрлым төмен бағалар, олар өндіріс шығындарынан төмен болып белгіленеді және осы мағынада демпингтік бағаларды білдіруі мүмкін. Олар сатушы-фирма белгілі бір мүдделілік танытатын тауарлар мен сатып алушылар үшін белгіленеді. Одан басқа жеңілдік баға саясаты сатуды уақытша ынталандыру шаралары ретінде жүргізілуі мүмкін.
Құқығы шектелген баға саясаты. Құқығы шектелген баға нарық ахуалына құзырлы емес, бағдарланбаған сатып алушыларға, тауарды алуға мүдделілік танытқан сатып алушыларға қатынасты, сондай-ақ бағаны картельдеу (бағалар бойынша фирмалар арасында келісімдер жасау) саясатын жүргізу кезінде қолданылады.
Біртұтас баға стратегиясы. Барлық тұтынушылар үшін біртұтас баға белгілеу. Ол қолданысқа жеңіл, ыңғайлы, тұтынушылардың сенімін нығайтады.
Икемді баға стратегиясы сатып алушының саудаласу мүмкіндігі мен оның сатып алушылық күшіне қатысты бағалардың өздерін қарастырады.
Тұрақты, өзгермейтін бағалар ұзақ кезең аралығында өзгермейтін бағалар бойынша тауарларды сатуды қарастырады. Жаппай сатуға бірыңғай тауарлар тән ( көліктерге, конфеттерге, журналдарға және т.б бағалар)
Лидерлердің бағалары фирмалар
өзінің баға деңгейін аталмыш нарықта
нақты тауар бойынша лидер
фирмалардың бағаларының
Бәсекелестік баға стратегиясы бәсекелес фирмалардың бағаны түсіре отырып, басқыншылық баға саясатын жүргізумен байланысты және аталмыш фирма үшін нарықтағы үстемдік жағдайын нығайту және нарықтық үлесін кеңейту, сондай-ақ сатудан алынатын табыс көлемін (нормаларын) ұстап тұру мақсатында баға стратегиясының екі түрін жүргізу мүмкіндігін болжайды.
ІІІ.Бағаны тұрақтандырудың модельдері
3.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
Нарық жағдайында
бағаны мемлекеттік реттеу
1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты – еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
2. Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде, салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе азайтуда тұр.
3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу. Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
4. Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін негізгі баға болып табылады.