Альцгеймер ауруы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:34, реферат

Описание работы

Бұл аурудың клиникалық керінісінің Пик ауруымен жалпы уксастығы көп. Бүған да үдемелі амнезия мен тотальды деменция Тән. Сонымен бірге ' белгілілі бір ерекшелігі де бар. Альцгеймер ауруының ерекшелігі мынадай: жас келу • - тітіркену сарыуайиымшылдығы байқалып, сонымен бірге осы кеселмен қатар естің нашарлауы тез өсе түседі. Мүның езі ершіген амнезияға ұқсас келеді. Көп кешікпей аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан қейін кеңістікті бағдарлау бүзылысы дамиды. Әсіресе бұл аурудың өзіне тән белгісі, ауру өз жай-күйіне формальды түрде ұзақ уақыт сын кезімен қарайды.

Работа содержит 1 файл

Альцгеймер ауруы.docx

— 33.81 Кб (Скачать)

Альцгеймер ауруы

Бұл аурудың клиникалық керінісінің Пик ауруымен жалпы уксастығы көп. Бүған да үдемелі амнезия мен тотальды деменция Тән. Сонымен бірге ' белгілілі бір ерекшелігі де бар. Альцгеймер ауруының ерекшелігі мынадай: жас келу • - тітіркену сарыуайиымшылдығы байқалып, сонымен бірге осы кеселмен қатар естің нашарлауы тез өсе түседі. Мүның езі ершіген амнезияға ұқсас келеді. Көп кешікпей аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан қейін кеңістікті бағдарлау бүзылысы дамиды. Әсіресе бұл аурудың өзіне тән белгісі, ауру өз жай-күйіне формальды түрде ұзақ уақыт сын кезімен қарайды. Аурүдын дамуымен бірге деменция өршиді. Мүндай аурудын мінез-қулкы мүлде сиықсыз болады, ол түрмыс дағдысын жоғалтып, кимыл қозғалысы мүлде мәнсіз сипат алады,

Альцгеймер  ауруында сөздік бүзылыс ерте білінеді. эпилепсияға ұқсас үстама байқалады.

Аурудың узақтығы бірнеше айлад 10 жылға дейін созылады.  Бүл аурудың болжамы колайсыз болып келеді.

Емі. Ңоотропты және қантамырлык заттар (пирацетам, аминолон, винпоцетин) тиімділігі аз. Орынбасушы терапия ретінде холинэстераза ингибиторлары қолданылады: амиридин, галантамин, ривастигмир, донепезил және ацетилхолин ізаліарларьі - глиатилин. Церебр_одизин, гинкго препараттары мен NMDA-рецепторларының блокаторлары едэуір тиімділік береді. Продуктивті симпщоматика пайда болған жағдайда нейролептиктердің аздаған дозаларын қолданады. Айқын білінетін депрессияға шалдыққандарды емдеуде элёктрмен тітіркендіру арқылы емдеу жоғары тиімділік береді. Алайда ем кезінде бір жерін шығарып алу, сындырып алу сияқты асқынулар, сол сияқты жүрек қызметінің бұзылыстары (әсіресе егде жастағы ауруларда) байқалуы мүмкін. Соңғы жылдары пресенильді және сенильді психоздарды емдеуде психотроптық дәрі-дәрмектер кеңінен қолданылуда. Бүл дэрілерді егде ауруларға едәуір аз мөлшерде қолдану керек. Ем мөлшерін көбейту аурудың соматикалық жай-күйін, әсіресе, жүрек-тамыр аминазин, трифтазин, галоперидол параноидты жэне гаддюцянациялы-параноидть ауруды емдегенде қолданылады. Психомоторлық қозу күйі болғанда нейролептиктер катарындағы препараттарды қолдану оң тиімділік береді. Нейролептиктерді, атап айтқанда, аминазин, трифтазин, галоперидол параноидты жэне галлюцинациялы-параноидты бұзылысты емдегенде қолданылады.

Емдеу кезінде көбіне пресенильдік жаста  кездесетін депрессияның 
созылыңқы түрі үлкен қиындық келтіреді. Сондықтан бүл ауруларга 
көптеген психотропты дэрілер қолданылады. Бүл жерде синдромның 
ерекшелігін ескеріп, айрықша таіеілмен келу керек. 
Егде жастагы психикалық кеселі бар адамдар профилактикасында соматикалық және инфекциялық аурулардың алдын алудың маңызы зор.

Соттық-психиатриялық сараптама. Дөрекі психикалық кеселдерге шалдығуына байланысты егде жастайй адам әлеуметтік кауіпті әрекетгер жасауы мүмкін. Ойың үстіне ол өзінің азаматтық міндетін толык мәнде орындау мен азаматтық құқығын орындау мүмкіндігінен де айрылады. Ауру адам қылмыстық әрекет жасаса немесе оның қимылы мен іс-әрекетінің парасаттылығына   шүбә   келтірілсе,   соттық-психиатрияльіқ   сараптама жасалады. Мұның алгашқьісында адамның қылмысты жасауға қабілетгі екендігі, ал екіншісййе оның азаматтық істі парасатты жүргізуі мен қүқықтарын пайдалану мүмкіндігі шешіледі.

Айқын білінетін  психикалық кеселі бар ауру қылмысты қабілетсіз күйде, яғни, психотикалық күй мен ақыіл кемістігі жағдайында жасаған деп саналады.

 

Сенильді психоздар

Бұл түрдегі  психоздар едәуір дәрежеде өршіген ақый кемістігімен байланысты болады. Психоздардың мұндай түрін сенильді психоздар деп атайды. Сенильдік деменцияда басқа ағзалармен салыстырғанда мидағы сему процесі айрықша басым болады сондықтан бұл ауру өмірдің табиғи бітуін байқататын қалыптық жастық өзгерістің белгісі емес, патологияның көрінісі ретінде қарастырылады. Сему процестерінің бұлайша дамуынын себебі әлі де жеткілікті анықталмаған.

Сенильдік деменция өршіген патологиялык процесс больпі табылады. Бұл көбіне 68-76 жастағьі адамдар арасында байқалады. Дегенмбйде оның кейбір түрлері неғұрылым ерте 45-50 жастарда басталады. Бұл ауру көбіне әйелдерде жиі дамып, бірқатар жағдайларға байланысты эр түрлі қалыпта өтіп жатады. Сенильдік деменцһя барлық түрлері үшін психикалық қызметтің жүйелі түрде құлдырауы тән болып келеді. Құлдьірау өршіген амнезия жағдайында өтеді. Бүлардың реті төмендегідей: жаңа, күрделі негүрлым кеІЙнірек пайда болған бұрын өткенге қарағанда онша берік емес, неғүрлым үйьмдасқан, жаттанды.

Жаңа  басталған сенильдік деменцияның алғашқы белгісі даралықтың біртіндеп жойылуы, психикалық ерекшеліктерге тэн белгілердің тегістеле, жымдасып кетуі. Ауру кезінде бүрынғы қызығушылық мүдделіліктері жоғалады, үйірсектік, бірдеңеге қызығушылық та жоғалады. Оңаша түнжыраңқылық, өзімшілдік, дөрекілік пайда болады. Өз жай-күйіне сыншылдық көзқарас жойылады.

Көбіне  аурудың ең бас кезінде психопатологиялық кеселдер пайда болады. Қазымырлық, ашушаңдық, сараңдық, шектен тыс күдіктенушілік пайда болады. Жекелеген қызығушылықтар өршіп бұрмаланып көрінеді. Ауру қаңғыбастыкқа салынады, көр-жерді жинайды, жасы жетпегендёрді зорлауға дейІн баратын жыныстық бетімен кетушілікке барады.

Уақыт өткен сайын, өткен тәжірибенің  негізінде жаңа байланыстарды орнатуға қабілетсіздік барған сайын айқын көріне бастайды. Одан әрі

фиксациялық амнезия қүбылысы барган сайын айқын байқалады. Уакыт, одан соң орын жағынан бағдардан адасушылық басталады. Ауру өз қаласындағы көшелер мен үйлерді, өз үйін, пәтерін, ондағы бөлмелердің орналасуын ұмытады. Өткен кездегі уақиғалардың уақытын шатыстырады. Ол таныстарын, жақын-жуықтарын танудан қалады, оларды баяғыда өліп қалған туысқандары ретінде қабылдайды. Дәрменсіз күйге түсіп, өзін күту үшін басқанын көмегін қажет етеді. Аурудың қызығушылық шеңбері тек дене қажеттіліктерін —тамақтану, шәй ішу, темекі тартумен ғана шектеледі. Бүлар оның үздіксіз кәсібіне айналады. Өткен кездегі естегілер де біртіндеп, жойыла береді. Өзінің жасы, қыз күніндегі фамилиясы, балаларының аттары мен саны, күйеуінің аты-жөні мен жасы үмытылады. Ауру өз балаларын танымайды, оларды туыстарымен — аға-іні, апа-сіңлілерімен, әке-шешесімен шатыстырады. Өзінің ата-анасы тірі, олар әлі некеге тұрған жоқ деп түсінеді. Өзін айнадан танымайды, одан бір кемпірді, өз әжесін көріп түрмын деп пайымдайды. Ауру өте меңдеген жағдайларда амнезиялық афазия басталады. ¥йқы ырғағы бұзылады, күндізге түнгі үйқы ауысып, түнемелікте үйқысыздық күйге үшырайды. Ұйқы үстірт, қалғуға үқсайды. Деменцияның ақырғы сатысында қалғу тұрақты болатын күйге айналады,

Сенильдік деменцияға психиканың аса терең ыдырау мен біршама аз білінетін соматикалық қаусау арасындағы бүзылу тән болады. Жоғарыда сипалталған ерекшеліктер мен олардың дамуындағы жүйелілік синильдік күйдің күрделі түрінде барлық түрлеріне тән болып келеді. Алайда күрделі түрінде бүл тек жай түрде ғана өтіп жатады.

Альцгеймер ауруы. Мүны ақыл кемістігінің ерте дамитын түрі деп атаймыз. Көбіне ауру сенильдік кезеңнің алдында басталады да, әуелгі кезінен бастап, айқын білінетін апатиялық кезеңге дейін сенильдік деменцияның жай түрі сияқты жүйелілікпен өтеді. Бүл түрде психикалық жағынан ыдырау едэуір үлкен дәрежеге жетеді. Бүған аурудың жастық шакга неғүрлым үзаққа созылуы мен кейбір жағдайларда оның неғұрлым қарқынды дамуы себепші болады. Амнезиялык афазия басталуынан кейін іле-шала сенсорлықтүрі басталады. Логорея, парафазия пайда болады. Бұдан арғы жерде гностикалық кесел, одан соң апраксия дамиды. Ақыр аяғында, моторлық афазия пайда болады, оның алдында сәл бүрын логоклония — жекелеген сөздерді стереотипті қайталау болып өтеді.

Ауру  шап беру copy, түмсықтық рефлекстің пайда болуымен аяқталады. Церебральды бүзылыстың толық дамуында ауру үнемі құрсақ ішіндегі жағдайда жатады. Кахексия тез өршиді, егер бұрын ертерек кездейсок ауруға тап болса, науқас осының нәтижесінде өледі.

Конфабуляциялық түр. Бүған атересклероздың асқынуынан болатын сенильдік деменция, созылмалы пребиофрения тән. Ауру сенильдік демерцияның аталған симптомдарымен қатар эйфорияның, ақпейіЛдіктің, тынымсыз әбігершілікпен және конфабуляциялық шатасушылықпен сипатталады. Ауру үнемі аяғымен жүріп, өз заттарын жинастырады, оларды түйіншекке салып қояды. Үйге қайту үшін вокзалға баргысы келеді. Әр түрлі шаруашылық жарлықтарын береді. Күйеуге шығуға дайындалып, өзіне 20—30 жас енді ғана толған деп сендіреді. Маңайдағвдгарды таныс адамдарга балап, балаларды мейіркешке, ал мейіркешті шешесінің орнына қабылдайды. Өзімен жуырда, кеше ғана болған түрлі уақиғалар жайында тынбастан сөйлейді.

Бүл түр ми атеросклерозында сенильдік-деменцияның асқынуына  байланысты басталады.

Елестік түр немесс сенильдік түр сенильдік. шатысушылық. Сенильдік деменция сананың елестік алжасуына ауысып, түрін өзгертуі болып табылады. Елес бұл жағдайда иллюзияға жұтаң, галлюцинациялық жэне қиял-ғажайыптық көріністерге тапшы болып келеді. Бұл маңайдағыларды түсініксіз! кейде иллюзиялық қабылдаудан, ойдын байлайыссыздыгы мен дәрменсіз әбігершіліктен көрінеді. Көп жағдайда елестің бұл түрі кәсіптік сйпат алады.

Елестің пайда болуы конфабуляциялық  иіатысушылық сияқты кешке, әсіресе  түнге қарай күшейе түседі.Бұл түр сенильдік деменция әртүрлі соматикалық аурулармен асқынған жағдайда,' сол сияқты зат алмасудың ауыр бұзылуларының нәтижесінде пайда болады. Сенильдік деменцияның жоғарыда сипатталған түрлерінің бәрі белгілі бір процент түрін өзгертуінің нәтижесі, бұған оның дамуындағы әр түрлі жағдайлар себепші болады. Ми атересклерозымен ұштаса келіп, деменция конфабуляциялық шатысу арқылы өтіп жатады. Мұның дамуында психиканың кәдуілгі ыдырауы тереңдей тусіп, афазия, апраксия пайда болады.

Жоғары  жүйке қызметін лабораториялық зерттеулер арқылы сенильдік деменцияға ушыраған жекелеген аурулардың жаңа шартты рефлекстері қалыптаспайтындығы, ал шартсіз рефтекстер қорғаныштық түрде өте ұзақ уақыт бойы сақталатындығы анықталған.

Деменцйяның жай түрінде реакцияның, көз қарашығының жарыққа әсерленуінің әлсіреуі, бұлшық еттердің әлсізденуі байқалады.Аяқ-қолдың селкілдеуі білінеді. Конфабулациялық түрде ми атересклерозына тән әр түрлі симптомдар жүріп жатады.

Пневмоэнцефалографиялық зерттеуде көбіне мидың атрофиясы байқалады. Мұның өзі мидағы жалпы сему жүріп жатқандығын айғақтайды. Электроэнцефалограммада көбіне альфа-ырғақтың, оның диритмиясының баяулауы мен үзік-үзік болуы байқалады. Сонымен бір мезгілде кәріліктен жалпы қаусау білінеді. Бұған атересклероздың, соматикалық аурулардың, әр түрлі зат алмасу бұзылушылықтары себепші болады. Кәрілік деменция барысының ұзақтығы 2- жылға, ал Альцгеймер ауруында 6—20 жылға созылады.Өлім көбіне қандай бір болмасын соматикалық аурулар қабаттасуының нәтижесінде басталады.

Патологоанатомиялық зерттеу кезінде ми қабығының  күңгірттенуі, мидың атрофиясы, жалпы семуі байқалады. Ми салмағы 100 г, одан да төменге кеміп кетеді. Сему кебіне маңдай, самай және төбе бөліктерінде білінеді. Микроскопиялық зерттеу кезінде ганглиоз клеткаларының нашарлауы, олардың май лигменттеріне молығуы, көлемінің азаюы мен опат болуы байкалады, Әсіресе бұл ми қыртысының үшінші қабатынан, кейде бірінші жэне екінші қабатынан айқын байқалады.

Қыртыс  клеткалары жекелеген қабаттарының шекаралары әжептәуір түсініксіз бола түседі. Друздардың болуы кәдуілгі жағдай болып саналады. Олардың мөлшері 30—60-қа жетеді, кейде одан да көп болады. Друздардың неғұрлым көп мөлшері маңдай бөлігінде, ал кейде қыртыс астында білінеді. Желке бөлігінен әдетте олар табыла бермейді.

Сенильдік деменцияны атеросклероз және Пик аруынан ажыратуға тура келеді. Мүны білудегі шешуші жагдай сенилъдік деменцияға тән өршіген - амнезия түріндегі аталған барлық ерекшеліктердің ыдырауы білінетін психикалық ыдырау дың жүйелілігі болып табылады. Атеросклероздық деменцияға, керісінше, амнезиялық емес, деменцияның дисмнезиялық түрі, сананың ұзақ уақыт бойы ауруға ұшырауы, аффективті ұстамсыздық тән болып келеді. Сол сияқты Пик ауруына да психика ыдырауындағы мүндай жүйелілік тән емес. Бұл ауруда эр түрлі апатиялық бұзылудан өте ерте байқалады. Пик ауруы сенильдік деменцияға тән емес, жалған салдық кеселдерде әте жиі басталады.

Емдеу жолдары. Сенильдік деменцияға ең алдымен бақылау қамтамасыз етілуі тиіс. Аурудың бастапқы кезінде науқас құштарлыққа беріледі, бұл маңайдағыларға қауіпті дэрменсіздік пен ессіздіктің даму кезінде олар өздері үшін де сондай- ақ басқалар үшін де айрықша қауіп тудырады. Мысалы, ашық қалған газ крандарын кездейсоқк жағып жіберуі мүмкін және т.б. Атеросклерозбен немесе соматикалық арулармен коса жүретін сенильдік деменция кезінде ауру асқынган ауруды жүйелі түрде емдеуді қажет етеді. Галлюцинациямен науқастарға бүдан өзге нозинанның, пропазиннің шағын мөлшерін белгілеу, миды қанмен жабдықтауды оның тонусын жогарылататын дәрілерді қолдану ұсынылады. Сенильдік деменцияның жай және Альцгеймер ауруы' түрінде мұқият күтім мен бақылауды, диеталық тамақгануды ғана ұсынуға болады.

Галлюцинациялық-параноидтық  парафренді және . депрессиялық-параноидтық, кейінгі меланхолия психоздарда кэрілік шақта сенильдік деменция қүбылысы айқын білінбейтін жағдайда өтеді.

Кейінгі (поздняя) парафрения. Бүл- өте егде немесе кәрілік шақга пайда болатын жүйелі түрдегі сандырақпен, конфабуляциялық, шынайы вербальдық галлюцинация мен қарқынды галлюцинация жэне иллюзиямен қосыла, айыптау сандырағы, әр алуан, көбіне сенестопатиялық псңхикалық автоматизм арқылы сипаталатын аурулар тобының түсініксіз жиынтығы. С андырактың мазмүны эдеттегі өрескел эротикалық идялардың, ұлылық идеясының, кейде, діни анду мен эсер етудің қоспасы болып табылады. Кейде эйфория және әдеттегі ашуланғыштық кездеседі.

Кейінгі (поздняя) меланхолия. Кеш пайда болып, интенсивті вербальдық галлюцинациямен жэне иллюзиямен, айыптау сандырағы, өзін кінэлі сезіну. Котар сандырағы, соғып алу жэне бірыңгай қорқу қозуымен

Косыла жүретін жабырқаңқы-абыржыған күй. Кейінгі жаста оқта-санда алғаш ретұзақағымғаие болатын маниакальды күй пайда болады.

Емдеу жолдары. Бұл психоздарды емдеу үшін аминазин, галоперидол, трифтазин т.б. нейролептиктер пайдаланылады. Кейінгі меланхолияда тизерцин қолданылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиетер:

1.Ғ.М.Құдиярова ,Б.Б.Жарбосынова Психиатрия алматы 2008ж

2.Р.Г.Илешова Психиатрия  алматы 1995ж

3.www. Google.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе;

1. КӘРІЛІК ШАҚТАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР

2. Инволюциялық меланхолия 

3. Пик ауруы

4. Альцгеймер ауруы

5. Сенильді психоздар

6. Соттық-психиатриялық сараптама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

235


Информация о работе Альцгеймер ауруы