Қан айналымының физиологиялық қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 23:22, реферат

Описание работы

Қан, лимфа және клеткааралық (интерстициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері түрақты болуы шарт, тек осы тұрақты-лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суырында да, оңтүстіктің шыжығанда да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі түрактылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізігі бөлім
Қан жүйесі
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
Қанның құрамы
Қанның қызметтері
3.Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Реферат №1.docx

— 63.92 Кб (Скачать)

Босап шыққан оттегі капиллярлар  қабырғасынан өтіп тканьге, ал тканьнен әрбір клеткаға ауысады да тотығу процесіне қатысады. Оксигемоглобинде оттегі екі валентті темір атомымен қосылады. Құрамында оксигемоглобині көп қанның түсі ашык қызыл келеді. Оксигемоглобин спектрограммасында, оның сарғыш-жасыл жағындағы Д, Е сызықтары арасында қос қара жолақ бо-лады. Оттегінен айырылған гемоглобинді дезоксигемоглобин (ННв) не қалпына келген гемоглобин, дейді. Оның спектрограм-масында Д және Е сызықтары арасында жалпақ бір қара жолақ болады.

2. Қарбогемоглобин (НвС02). Көмір қышқыл газбен қосылыс — тұрақсыз, тез диссоциацпяланады: ННв + СО^^-ННвСО^. Көмір қышкыл газ гемоглобиннің амин тобымен қосылады. Кар-богемоглобин мен дезоксигемоглобин қанды күрең қызыл түске бояйды. Бүл вена қанының түсі.

3. Карбоксигемоглобин (НвСО) — гемоглобиннің иісті газбен (СО) қосылысы. Гемоглобин құрамындағы  темір оттсгімен емес, иісті газбен  жеделдеу (289 есе) әрекеттеседі. Гемоглобиннің  бұл газға деген тартқыштығы  күшті:    ННв+СО-^ННвСО

Карбоксигемоглобин тұрақты  қосылыс, бірақ ауада оттегі кө-бейіп  кстсе, ол ақырындап ыдырай бастайды:  ННвСО-^ННв+СО

Сондықтан иіс тиген адамды тез таза ауаға шырарады, өйткені  таза оттегімен дем алғанда, қандағы  карбоксигемоглобин 20 есе тезірек  ыдырайды. Ауада иісті газ концентрациясы 0,1%-ке жетсе, қандағы гемоглобиннің 80%-і карбоксигемоглобинге айнала-ды да, гемоглобиннің тыныстық қызметі бұзылады. Мұндай жағ-дайда науқастың қаны көбінесе түгелдей басқа таза канмен ал-мастырылады.

4. Метгемоглобин (НвОН). Күшті  тотықтырғыш заттардың (азот тотығы, метилен көгі, калий перманганаты, анилин, бертолет тұзы, фенацитин, пирамидон) әсерінен гемоглобин қүрамын-дағы темірдің валенттілігі өзгереді, ол екі валенттіден үш валентті болып, өте тұрақты (диссоциацияланбайтын) қосылыс құрайды. Темір атомы гидроксил тобымен қосылады. Тканьдерге оттегі тасылуы тоқтайды. Метгемоглобин дереу емдеуді кажет ететін патологиялық қосылыс. Гемоглобин метгемоглобинге айналса қанның түсі шоколад түсіне ұқсайды.

Гемоглобин газдармен  ғана емес тұз қышқылымсн дс косыла-ды. Тұз қышқылының әсерінен гемоглобиннен  гем молекуласы бөлініп тұз кышқылымен қосылып гемин не тұз қышқылды гема-тин түзіледі. Бұл қоңыр түсті кристалл. Гемоглобиннің бұл қосындысы медицинада қолданылады. Мәселен, қандағы гемоглобин мөлшерің анықтайтын гемометрдегі стандарт сұйық — тұз қышқылды гематин ерітіндісі. Ол — ромба пішіндес қоцьцр түсті кристалл, сондықтан оның ерітіндісі қара қоңыр түсті. Сот медицинасында киімде пайда болған қоңыр дақта қанныц бар-жоғын білу үшін сол дақтың қырындысына НСІ қосады. Онда қан болса, тұз қышқылды гематин пайда болады. Онық кристалдарын микро-скоп арқылы көруге болады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ)

Ұю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқылының натрий ерітіндісін қосу арқылы) мензуркаға құйып бір сағат сақтаса канның ең женіл бөлігі — плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалындығы (биіктігі) әртүрлі болады.

Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де эритроциттердін, тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1—10 мм, әйелдерде 2—15 мм. Екі қабат әйелде эритроциттер тез тұнады (сагатына 30—40 мм). Жаңа туған нәрестеде—0,3—2 мм/сағ. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну процесінің күшейгенін не бәсенденгенін (емдегеннен кейін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның ЭТЖ-сы бірнеше рет анықталады.

Эритроциттердің түну механизмі. Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген нікірлер бар. Солардың бірі — эритроциттердің тұнуы — физикалық құбылыс, сондықтан ЭТЖ-ны физика заңы-мен түсіндіруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердің меншікті салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұнады. Бірақ көптеген тәжірибелер бүл пікірді растамайды.

1. Жылқы мен бұқа эритроциттерінің  меншікті салмағы бір-дей бірақ  жылқы эритроциттері тез шөгеді.

2. Эритроциттер әдетте  — жүзіп жүрген кішкене түйіршіктер.  Олар көпке дейін тұнбайды. Тұнар алдында олар бір-бірімен жабысып, теңгелер тізбегі сияқты бағана құрады. Демек, эритро-циттер конгломерат (үйінді) күйінде тұнады. Сондықтан конгломерат құрылуын тек физикалық завдылықтармен не белгілі бір химиялық затқа тән қасиеттермен түсіндіру қиын.

3. Жүзіп жүрген бос  түйіршіктер ретінде эритроциттер тұнатын болса, жоғарыда айтылған қағида бойынша эритроциттердің тұну дәрежесі плазманың түтқырлығына байланысты болар еді, плазма неғұрлым тұтқыр болса, соғұрлым тұнуы баяу, керісінше плазма тұтқырлығы аз болса, эритроциттер солғүрлым тез тұнуға тиіс. Бірақ тәжірибе жүзінде плазма неғүрлым тұтқы;р болса, эрнтроциттер солғұрлым тез тұнатыны байқалады. Бұл тәжірибелердің мәнін физикалық-химиялық теориялар арқылы ұғу-ға болады.

Эритроциттердін, тұнуы мен  плазма қасиеттерінін, өзара бай-ланыстылығы  анықталды. Бұл қан құрамындағы  плазма мен эритроциттерді «айқастыра»  араластыру арқылы дәлелденді.

Ер адам эритроциттерін екікабат әйел плазмасына тоғытса, ал екіқабат әйел эритроциттерін ер адамның плазмасьімен а;раластырса, эритроциттер шөгуінін өзгеруі плазма несіне байланысты. Ер адам эритроциттері екіқабат әйел плазмасында тез шөгеді де, екіқабат әйел эритроциттерінің түнуы ер адам плазмасында өте баяулайды. Мүның себебі жүкті әйелдер плазма-сында түрпайы дисперсиялық белоктар көбейіп кетеді. Әсіресе фибриноген, иммундық глобулиндер мен гаптоглобулиндер плазмада көп болса, эритроциттер тез тұнады. Мұның себебі неде? Эрнтроциттер плазмада жеке дара жүзіп жүреді, яғни суспензия кұрады. Эритроциттер жабысып «теңгелер тізбегін» құ-рып, тез тұнады.Эритроциттердің шөгуіне баска факторлар да әсер етеді. Мәселен, холестеринніц, эритроциттер санының, ІІлазмадары кыш-кыл қалдықтаірдың көбсюі эритроциттерді тез түндырады.

Гемолиз (грекше һаіта — қан, Іузіз — еру) — эритроциттің кабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайдьк Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан күйылған пробирка арқылы күн соулесі өтеді. Түсі қызыл лак түсіндей, сондықтан ондай қанды лак тәрізді қап деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуте болады.

1. Физиологиялық гемолиз  — сау адамда болады. Денедегі  ес-кірген эритроциттер жарылып,  олардың орнына сүйек кемігінен  шыққан жас эритроциттер қанға  түседі. Эритроцит 120—130 күн жасайды.  Ескірген эритроциттердің біразы  бауырда, көпшілігі көкбауырда  гемолизденеді. Сондықтан көкбауырды  эритроциттер «моласы» деп те  аталады.

2. Осмостық гемолиз —  эритроциттің ішімен сыртындағы  осмос-тық қысым айырмашылығынан  туады. Қанға осмостық кысымы  аз (гипотониялық) ерітінді қүйса,  эритроциттіц ішіне су кіреді  де, ол ісінеді, судың кіруі  тоқтамаса эритроциттің қабығы  жа-рылып, ішіндегі гемоглобин  сыртындағы ерітіндіге шығады. Сөйтіп кан гемолизге ұшырайды. Бір эритроциттің көлемін 100%-ке баласақ, гипотониялық ерітіндіде оның көлемі 146%-ке жетісі-мен эритроцит жарылады.

Қанға ас тұзының сұйықтау (пшотониялық) ерітінділерін косса, олардың сұйықтығы изотониялық  ерітіндіге жақын болса (0,8, 0,7, 0,6, 0,5) қан гемолизденбейді, бірак эритроцит  ісініп,көлемі ұлғаяды. Бұл эритроциттің гипотониялық ерітінділерге төзімділігін (резистенттілігін) көрсетеді. Жас эритроцит ескі эритроцитке қарағанда беріктеу келеді, сондықтан оның төзімділігі де жоғарылау. Осыған орай эритроциттердің резистенттігінің жоғары (максимум) және ең төмен (минимум) резистенттігі (төзімділігі) деген ұғымдар бар. Олар гипотониялық ерітінді концент-рациясымен белгіленеді. Төзімділігі нашар эритроциттін, гемо-лизі басталған МаСІ ерітіндісінің концентрациясын еқ төмен (минимальдык,) резистенттік деп атайды. Адам қанында ол 0,48— 0,46% КаСІ ерітіндісі. Эритроциттердің толық гемолизі бастал-ған МаСІ ерітіндісінін концентрациясы ең жоғары. (максимальды) резастенттілік деп аталады (0,32—0,34% МаСІ ерітіндісі).

3. Химиялық гемолиз — эритроциттің липоид пен белоктан тұратын мембранасын ерітетін химиялық заттардың (сірке қышқылы, эфир, хлороформ, сілті) әсерінен болады.

4. Биологиялык; гемолиз — ішек құрттары (гельминттер) мен жануарлар бөліп шығаратын не өсімдіктерден альшатын (сапонин) улы заттар — гемолизиндердің әсерінен болады. Мәселен, жылан, қарақұрт, шаян улары, адамнын, ішегінде тіршілік ететін құрттар (гельминттер) бөліп шығаратын зат алмасу өнімдері, қан қүйганда сиыспау салдарынан пайда болатын улар эритроциттердіц қабығын жидітіп, бұзады. Кейбіф бактерияларда сіреспе (столбняк) таяқшасы, стафилакоктар гемолизиндер бөліп шығарады. Гемолизденген қанның өзі улы. Сондықтан денедегі қан-ның нобайы гемолизге ұшыраса, гемолитикалық шоқ пайда болып, адам өлуі мумкін.

5. Термиялық гемолиз — қанды біресе жылытып, біресе суы-тудан болады, әсіресе бұл мұздаған (тоңазыған) қанды еріткен кезде кездеседі. Кейбір пікірге қарағанда мұз кристалдары эритроцит қабығын жарақаттап жыртады. Дене температурасы 42°-тан асса да қан гемолизденеді. Үзақ уақыт дене қызуы қа-лыпты болғанымен, кешке қарай 38—39°-қа дейін көтеріліп отыр-са, эритроциттер гемолизденеді.

6. Механикалық гемолиз — қанды шайқап араластыру, сілку салдарынан эритроцит мембранасы зақымданады (жыртылады). Демек, ыдыстағы қанды бір жерден екінші жерге апарғанда оларды шайқамай, абайлап тасу керек.

7. Электрлік гемолиз — электр тогінің әсерінен болады. Сәуле энергиясы мен ультрадыбыс та электр күші сияқты эритроцит кабырын, тканін бұзып жарады (строматолиз).

Эритроциттердің функциялық маңызы

1. Эритроциттер тыныс  алу процесіне катысады. Гемоглобин  өкпеде оксигемоглобинге айналып оттегін тасидьц Қан айналысының үлкен шеңберіндегі капиллярларға жеткен соң оксигемо-глобин диссоциацияланып (ыдырап) оттегін бөліп шығарады. Бо-саған оттегі тканьдерге өтеді. Белгілі бір тканьнен өткең көмір кышқылды газдың (СО2) біразы гемоглобинмен әрекеттесіп кар-богсмоглобин түзсді. Газдыц қалганы эрптроцитте көмір кышкылының калийлі, ал плазмада натрийлі тұзын қүрып оларды өкпеге жеткізеді. Өкпеде аталған қосылыстар ыдыраи көмірқышқыл газы бөлініп сыртқа ШЫРЗДЫ.

2. Эритроциттегі гемоглобин  молекулалары қан реакциясы-нық  тұрақтылығын қамтамасыз етедц  Гемоглобин (ННв) әлсіз кышқыл, ал  оксигемоглобин қышқылдығы одан 70 есе артық.

ННв       ННв02      КНв+НгСО.,-^ КНС.О,-ННв кнв;      кнвО,      КНв02+НСІ->КНвО,+КС1

Тканьнен қанға өткен  көмір қышқылы гемоглобин мен  оксиге-моглобиннің калий тұздарының түзілуін үдетіп, қанда көмір кышқылын азайтады, қан қышқылданбайды.

3. Эритроцит — осмостық  буфер. Қанның осмостық кысымы  күшейген кезде (гипертониялық ерітінділер құйылғанда) мұнда-ғы заттардың көбі эритроциттерге өтеді, мұнымен қатар иондар плазмалық белоктармен әрекеттеседі, сөйтіп плазманың осмос-тық қысымыи төмендетеді.

4. Эритроцит тканьдегі  суды өкпеге тасиды. Венадағы  қанда эритроцит көлемі 10% артады, ал өкпеде веиа қаны артерия  қа-нына айналған соң керісінше, 10% кішірейеді. ҚаІІ плазмасының  жалпы мөлшері 2500 мл, ал оның 10%-і  250 мл. Минут өткен сайын өкпе  мен тканьдер арқылы 5 литрдей  қан өтеді, оның 2,5 л плазма. Демек,  минут сайын эритроциттер өкпеге 250 мл су әкеледі. Ол эритроциттерден  айналасындағы плазмаға өтсді.  Артық су плазмадан өкпе арқылы  сыртқа шығады.

5. Эритроцит қанның, қорғаныш қызметіне қатысады. Эритро-цйт теріс зарядталған түйіршік, сондықтан оң зарядты улы заттарды өзіне тартып (адсорбция) олардың уытын басады (қайтарады).

6. Эритроцит жарылысымен  тіромопластин босап Ілығады  да қанды тез ұйытады. Қан  ұюы да оның қорганыш қызметінін, бір түрі.

7. Эритроцит макромолекуланы  тасып клеткалар арасындағы

креаторлық байланыстарды  қамтамасыз етеді.

Лейкоциттер, олардың  саны мен түрлері

Бір литр қанда 4,5—9-Ю9 лейкоцит болады. Лейкоцит (Іеисо-суіиз) қанның ақ клеткасы (Іеісо — ақ, суіиз — клетка). Эритро-циттен айырмашылығы — ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалран аяқ-тар шыгарып (псевдоподий) қозғалады.

Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық лейкоцитоз болып екіге бөлінеді. Лей-коцит санының көбеюі қан клеткаларының түзілуіне, қан тузілетін ағзалар кызметінің күшеюіне байланысты болса, мұндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорыру т. б.) салдары болуымүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да кан түзілетін ағзаларды тітіркендіреді (қоздырады). Бірақ лейкоцитоз қан түзілетіи ағзалар қызметінен (лейкопоэзден) тыо кары жағдайда да болады. Мұндай лейкоцитоз салыстырмалы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз — қан мөлшері-нің барлық қан тамырларында бірдей еместігінің салдары. Тамыір кеңейіп, қан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды, тамыр кабыррасы мен лейкоциттер арасыңда үйкеліс шығады да, лейкоциттер бөлініп олардың саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі қанның күшейсе лейкоцит саны азаяды. Фи-зпологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.

1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз  қара жұмыс істеген кезде пайда  болады. 2. Тамақ ішкеннен кейін  пайда болатын лейкоци-тоз ас  қорыту лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті әйел лейкоци-тозы. 4. Жаңа  туран бала — нәресте лейкоцитозы. 5. Статикалық лейкоцитоз шалқасынан  жатқан адам ұшып тұрран кезде  пайда болады.

Ауру-сырқауға ұшыраған жағдайда лейкоциттердіқ саны кө-бейіп кейде  эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мұндағы қан «ак қан» — лейкемия деп аталады. Лейкоциттер санының азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады (абсолюттік лейкоцитопения).

Лейкоцит түрлері (Лейкограмма). Үлкен-кішілігіне, ядросы-ның иішініие, протоплазмада түйіршіктердің бар-жоқтығына және олардың қандай бояумен боялғанына қарай лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді. Лейкоцит түрлерін Гимза-Романовский әдісімен боялган, яғни төсеніш шыныға жағылған қан жұғындысын микроскоп арқылы (иммерсия жүйесі) қарап көруге болады.

Информация о работе Қан айналымының физиологиялық қасиеттері