Гельминтоздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 22:08, реферат

Описание работы

Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Гельминттер арасында ішектік ( аскаридоз, трихинеллез, дифиллоботриоз, гименолепидоз, тениоз, энтеробиоз және т.б.) және ішектен тыс (фасциолез, описторхоз, клонорхоз және т.б.), личинкалыларды ажыратады.

Содержание

Гельминтоздар – анықтамасы, жалпы сипаттамасы.
Трематодоздар
Нематодоздар
Цестодоздар
Гельминтоздарды диагностикалау әдістері.
Емдеу және алдын алу тәсілдері.

Работа содержит 1 файл

гелминтоз.ppt

— 5.09 Мб (Скачать)

Орындаған: Хоштанов.Ж. Әбубәкіров.Н.

Факультет : Жалпы медицина

Тобы:908

Қабылдаған:Сурамисова А.Т

ЖОСПАРЫ:

 

  • Гельминтоздар – анықтамасы, жалпы сипаттамасы.
  • Трематодоздар
  • Нематодоздар
  • Цестодоздар
  • Гельминтоздарды диагностикалау әдістері.
  • Емдеу және алдын алу тәсілдері.

 

 

 

           Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Гельминттер арасында ішектік ( аскаридоз, трихинеллез, дифиллоботриоз, гименолепидоз, тениоз, энтеробиоз және т.б.) және ішектен тыс (фасциолез, описторхоз, клонорхоз және т.б.), личинкалыларды ажыратады.

Өмірлік циклы адамның қатысуынсыз  аяқтала алмайтын гельминттер гельминтоантропоноздарға, ал адамға тәуелсіз өмір сүре алатын гельминттер гельминтозооноздарға жатқызылады.

Паразиттердің инвазиялық сатыларында  адам ағзасына ену жолдарына  байланысты пероральді (аскаридоз, энтеробиоз және т.б.) және перкутанды (анкилостомоз, шистосомоз және т.б.) гельминтоздарды ажыратады.

      Гельминттердің географиялық таралуы бүкіл жерде, алайда тропикалық елдерде гельминтофаунаның алуан түрлілігі байқалады, бұл жерлерде полиинвазиялар жиі көрініс болып табылады (адам ағзасында екі немесе одан да көп гельминттердің бір уақытта паразитирленуі).

     Инвазионды үрдістің дамуында бірнеше бірінен соң бірі болатын фазаларды ажыратады, оларға белгілі бір симптомдар сипаттамасы тән болып келеді:

  • жедел, немесе ерте инвазия фазасы
  • инвазияның латентті (жасырын) фазасы
  • инвазияның созылмалы фазасы

 

Қазіргі уақытта адамдар арасында 250 гельминт түрлерімен зақымдалу тіркелген, олар құрттардың үш типіне жатқызылған:

  • Nematoda (нематода) – жұмыр құрттар (аскаридоз, трихинеллез, энтеробиоз, трихоцефалез және т.б. қоздырғыштары)
  • Trematoda (трематода) – сорғыштар (фасциолез, описторхоз, клонорхоз және т.б. қоздырғыштары)
  • Cestoda (цестода) – таспа құрттар (тениаринхоз, тениоз, дифиллоботриоз, гименолепидоз, эхинококкоз және т.б. қоздырғыштары)

             Трематодоздар

 

фасциолез

 

описторхоз

 

клонорхоз

 

 

  • Описторхоз:Қоздырғышы – описторхис, Opisthorchis felineus, шағын көлемді (ұзындығы 4-13мм, кеңдігі 1-3,5мм) трематода, ол жыныстық жетілген сатыларында өт жолдарында және ұйқы безінің өзектерінде паразиттік өмір сүреді. Гельминттің ақырғы иесі болып, адамнан басқа, ит, мысық, шошқа, түлкі және т.б. болуы мүмкін. Аралық иесі – моллюск Bithynia inflate, ал қосымша иесі – тұқы балықтары (аққайран, табан балық, сазан, тұқы балық және т.б.) болып табылады. Описторхистың барлық даму циклы – 4-4,5ай.

 

  • Гельминттің ақырғы иесі болып, адамнан басқа, ит, мысық, шошқа, түлкі және т.б. болуы мүмкін. Аралық иесі – моллюск Bithynia inflate, ал қосымша иесі – тұқы балықтары (аққайран, табан балық, сазан, тұқы балық және т.б.) болып табылады. Описторхистың барлық даму циклы – 4-4,5ай. Адам описторхозбен нашар термиялық өнделген, гельминттің метацеркариялары бар балық етін жеген кезде зақымдалады, олар 2 аптадан кейін жыныстық жетілген түрге айналып, бір айдан кейін жұмыртқа сала бастайды.

 

Бір адам ағзасында болатын  паразиттер саны бірнеше жүзден  бірнеше он мыңға дейін өзгерік  отырады. Гельминттың өмір сүру  ұзақтығы 10-20 жылға шейін созылуы  мүмкін. Описторхоз – табиғи-ошақты  ауру болып саналады. Описторхоз  көбінесе Ертіс, Оба, Кама және  Волга бассейндерінде таралған.

        Патогенез.

Описторхоздың патогенезінде механикалық, токсико-аллергиялық, нейрогенді және  бактериальді факторларды ажыратады.

 

  •      Клиникасы,
  • Инкубационды кезеңі 2-4 апта. Бірінші орында улану көріністері (арықтау, шамалы гепатомегалия), сосын орталық жүйке жүйесінің зақымдалу көріністері (бас ауыру, бас айналу, қозғыштық, тершеңдік және саливация), дене қызуының жоғарылауы, терідегі аллергиялық бөртпелер, диспепсиялық өзгерістер (лоқсу, құсу, тәбеттің нашарлауы, қыжылдау, іш өту немесе үлкен дәреттің тұрақсыздығы), оң жақ қабырға астындағы және эпигастральді аймақтағы ауырсынулар, терінің сарғаюы жатады. Ерте фазадағы клиникалық көрініс жедел аллергоз клиникасын еске түсіреді, уақыт өте келе – ангиохолецистит және гастродуоденопатия көрінісіне ұқсайды. Науқастарда бауырдың ұлғаюы байқалады.

                   Диагностикасы.

 

  • Описторхоз диагнозы зақымдалған соң 6 апта уақыт өткеннен кейін паразит жұмыртқаларын өт құрамынан және нәжістен бөліп алу арқылы қойылады. Қанда лейкоцитоз, айқын эозинофилия, шамалы анемия анықталады.

 

Емі

 

  •      Описторхоз кезінде празиквантель (бильтрицид)- 25 мг/кг дозасында тәулігіне 3 рет, 2 күн бойы тағайындалады.
  • Аскаридоз
  • Трихинеллез
  • Энтербиоз
  • Трихоцефалез

 

Нематодоздар

Аскаридоз – дүние жүзінде ең кең таралған гельминтоздардың бірі болып табылады, онымен дүние жүзінде әр төртінші адам зақымдалған. 

 Адам – Ascaris lumbricoides-тың ақырғы иесі болып табылады. Аскарида ұрғашысы 25-40см-ге дейін, ал еркегі 15-25см-ге дейін жетеді. Жыныстық жетілген ұрғашы аскарида тәулігіне 240мың-ға жуық жұмыртқа шығарады.

                Патогенез. 

 

  • Аскаридоз кезінде зақымдалғаннан кейін 3-4 сағат өткен соң дернәсіл, жұмыртқа қабықтарынан босап шығып, ішектердің шырышты және шырыш асты қабаттарын тесіп өтіп ішек көктамырларына түседі. Ары қарай дернәсіл қақпа және төменгі қуысты веналары арқылы жүректің оң жақ бөліктеріне және өкпе артериясы арқылы альвеолалардың капиллярларына түседі. Дернәсілдер бронхтар арқылы трахеяға және жұтқыншаққа жылжиды. Ауыз қуысынан сілекеймен бірге олар қайта жұтылып, ішекке түсуі мүмкін, ал ащы ішекке түскен соң 70-75 күннен кейін жыныстық жетілген аскарида дамиды. Аскаридалардың дернәсілдерінің миграция сатысы (аэробты саты) 14-15 күнге созылады.

Клиникасы

 

  • Аскариидоздың бірінші фазасы келесі түрде өтеді:
  • А) шеткері қандағы эозинофилиямен көрінетін, өкпенің тұрақты емес ошақты инфильтрациясы;
  • Б) тыныс алу жолдарының аурулары (пневмония, бронхит, кейде қан аралас қақырық болатын тұмау тәрізді аурулар);
  • В) терінің зақымдануы (есекжем тәрізді полиморфты  бөртпе, қышыма, қабыршақтанумен аяқталуы мүмкін везикулярлы және басқа да бөртпелер);
  • Г) бауырдың ұлғаюы және ауырсынуы;
  • Д) іштің ауырсынуы;
  • Е) артериялық қысымның түсуімен тахикардия;

 

           Диагностикасы

 

  • Аскаридоз диагностикасы анамнез мәліметтерін дұрыстап жинастыруға, науқастарды физикалық қарау кезінде анықталатын мәліметтерге, нәжісте аскарида жұмыртқаларын табуға негізделеді. Глистты инвазияға күдік туындаған кезде құрттар жұмыртқаларына нәжісті зерттеу 3-5 күн қатарынан орындалуы тиіс. Лейкина бойынша тірі аскарида дернәсілдеріне преципитация реакциясын қолданады, аскаридозды антигенмен (Кротов бойынша) , рентгенологиялық зерттеу қолданылады.
  • Шеткері қанда – анемия, лейкопения, ЭТЖ-ның жоғарылауы және эозинофилия анықталады.

 

                           Емі

 

  • Аскаридозды емдеудің эффективті әдісі – левамизолды (декарис) қолдану кезінде болады – бір ретті және тәуліктік доза мөлшері ересектер үшін 150мг, балалар үшін 5мг/кг; пирантел (комбантрин) 11мг/кг дене массасына деген дозада, мебендазол (вермокс) – 9 жасқа дейінгі балаларға бір ретті доза 2,5-3мг/кг күніне 2 рет, 9 жастан асқандарға күніне 2 рет 100 мг-нан тамақтан кейін, 3 күн бойы, медамин 10мг/кг дозасында 1-3 күн тағайындайды.

 

Энтеробиоз

 

  • Энтеробиоз – мектепке дейінгі жастағы балалар арасында ең жиі кездесетін гельминтоз болып табылады. Энтеробиоз қоздырғышы – острица, Enterobius Vermicularis (сөзбе сөз аударатын болсақ, «ащы ішекте өмір сүретін құрт»). Еркектері 2-5мм ұзындыққа дейін өседі, және алқызыл түсті болып келеді, ұрғашылары ірірек, олардың ұзындығы 9-12мм, түсі ақшыл-сұр. Ұрғашынынң құйрықтық бөлігі біз тәрізді үшкірленген, сол себептен оны «острица» деп атайды.

 

                   Патогенез. 

 

  • Энтеробиоз кезінде острицалар науқас ағзасына және ішектің шырышты қабатына токсико-аллергиялық және механикалық әсер көрсетеді. Острицалардың өмір сүруінің нәтижесінде түзілген өнімдер, түрлі ферменттер ішектің шырышты қабатының, тіпті шырыш асты қабатының ұлпасын бұзып түрлі іздер, жолдар түзілуі мүмкін, ал бұл іздерге тек қана острицалар ғана емес, сонымен қатар патогенді бактериялар да енуі мүмкін. Қыз балаларда острицалар миграция кезінде сыртқы жыныс мүшелеріне, зәр шығарушы жолдарға еніп, вульвагинит,  уретрит туындатуы мүмкін.

                 Клиникасы

 

  • Энтеробиоз кезіндегі басты симптом перианальді аймақтағы қышу сезімі болып табылады. Қышу сезімі сыртқа шығып отырған гельминттердің шырышты қабатты тітіркендіруі нәтижесінде және острицалардың өмір сүруі барысында түзілген қалдық өнімдердің аллергиялық әсері нәтижесінде пайда болады. Қышу сезімі кешкі және түнгі уақытта пайда болады. Науқас қозғыш болады, оның ұйқысы бұзылады, бастың ауруы пайда болады, әр түрлі невротикалық реакциялар дамып, есте сақтау қабілеті төмендейді, ойлау қабілеті және физикалық жұмысқа деген қабілеті төмендейді.

 Диагностикасы

 

  •    Энтеробиоз диагнозы перианальді қыру нәтижесінде гельминтты анықтау әдісіне немесе жабысқақ мөлдір лентаны қолдану әдісіне, сонымен қатар Рабинович (көз қалақшасына жағылған жабысқақ қабатпен жабыстыру ізін жасау) әдісіне негізделіп қойылады.

 

                 Емі

 

  •     Энтеробиоз кезінде мебендазол (вермокс )- күніне 2 рет 100 мг-нан, балаларға 2,5-3мг-нан бір тәулік ішінде, медамин 10мг/кг дозасында тамақтан кейін үш рет қабылдау керек, 2 аптадан кейін емдеу курсын жалғастырады; альбендазол ересектерге – 400мг тәулігіне бір рет, 2-12 жас аралығындағы балаларға 6мг/кг дозасында беріледі.

 

Цестадо

 

    • Тениархоз 
    • Тентоз
    • Эхинококкоз
    • Гименолепидоз

Эхинококкоз 

 

  • Эхинококкоз. Эхинококкоз қоздырғышы – Echinococcus granulosis – ұзындығы 2-7мм болатын таспа гельминт.
  • Адам және ауыл шаруашылығының жануарлары тек қана аралық ие болуы мүмкін. Эхинококктың ақырғы иелері иттер, қасқырлар, түлкілер, сілеусіндер, шиебөрілер болып табылады, олар тағамға зақымдалған етті пайдаланған кезде жұқтырады. Иттердің ішектерінде эхинококктар жынысты жетілген сатыға дейін дамып жетіледі, олардан мүшелер бөлініп, сыртқы ортаға шығып отырады. Әр мүшенің құрамында 800-ге жуық паразит жұмыртқасы болады. Адам эхинококкозды ауру итпен қатынасқанда немесе иттің бөлген жұмыртқалары бар сыртқы ортадағы заттар арқылы да, сонымен қатар орман жидектері, су арқылы да жұқтыруы мүмкін.

 

Патогенез.

 

       Эхинококкоз патогенезінде басты рольді ұлғайып бара жатқан көпіршіктің айналасындағы мүшелердің ұлпаларын механикалық жаншуы атқарады. Көпіршіктен шығатын сұйықтықтың жоғары уландырушы қасиеті бар, ол адам ағзасына сіңіп оны уландырады, сонымен қатар, гельминттің өмір сүруі барысында түзілген алмасу өнімдері де ағзаға сенсибилизациялаушы әсер көрсетеді.

 

Клиникасы

 

  • Эхинококкоздың клиникалық көрінісі көпіршіктің орналасқан жеріне, оның көлеміне, ағзаның аллергизациялану дәрежесіне байланысты болып келеді. Улану симптомдарынан басқа бауыр эхинококкозы кезінде оң жақ қабырға астының, эпигастрий аймағының сыздап аурысынуы, ауырсынудың оң жақ иыққа және арқаға таралуының тән болады. Бауыр, әдетте, біркелкі емес ұлғайған, тығыздалған, ауырсынады. Кистаның жыртылуы кезінде құрсақ және плевра қуыстарының эхикокктармен толуы, жиі жағдайда анафилактикалық шокпен жүреді. Бауыр эхинококкозының ауыр асқыныстарына кистаның іріңдеуі, механикалық сарғаю, асцит жатады.

Информация о работе Гельминтоздар