Шулы технологиялық процестерді төмендету және су көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі өзгерістер

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:04, реферат

Описание работы

Өндірістік орындарда шудың өте жоғары деңгейі әсіресе металлургия мен машина жасау өндірістерінде, ең қауіпті зиянды факторлардың кең тараған түрі болып отыр.
Шу – сонымен қоса басқа да жағымсыз өндірістік, мысалы шаң, жоғары температура, газды бөліністер сияқты факторлармен бірге туындайды. Осы сәйкес факторлар (температура), шудан қорғанудың жеке қорғаныс құралын қолдануды қиындатып жібереді. Земберскийдің зерттеулері бойынша, бір жылдағы есту мүшесінің зақымдалуынан тіркелгені 50-60 %, ал оған қоса аурулар 75 %-дан асып кетеді екен.

Содержание

Өндірістік орындарда пайда болатын шулар
Шудың ағзаға әсер етуі
Шуды төмендету әдістері
Өндірістік шулармен күрес

Работа содержит 1 файл

5.docx

— 30.91 Кб (Скачать)

Жоғарғы өнімді машиналардың енгізілуімен олардың энергия сыйымдылығы  артады, жұмыс жылдамдықтары жоғарылайды. Соққылы, механикалық жəне аэродинамикалық  шулардың сипаттамасында, бөлек топ  ретінде соққылы негіздегі шу қарастырылады, ол өндірістің көптеген салаларында басым болып жəне зиянды деп есептеледі.

Өндірістік мекемелердегі  соққылы негіздегі шу көздері  қалыптау құрал - жабдықтары,

қағымды торлар жəне бұйымдарды кесу мен тазартуға пайдаланылатын қол машиналары болады. Жұмыс орындарында  тазарту барабандарының қағымды  торларының маңында шу 108–110 дБА, энергия  максимумы 250–8000 Гц болады. Ұсталық  цехтарда шу көздері соғу-қалыптау құрал- жабдықтары мен кесу автоматтары  арқылы жүзеге асады. Жонғыш, сыдыру, сүргілеу станоктарының механикалық шуының деңгейі 93-105дБ құрайды. Импульсті шу тасымалдау кезінде дайындамаларды лақтыруда, пневматикалық престер  жұмысында, сығылған ауа лақтырыстарында  байқалады. Ұста, пресстегіш, кесуші, секциялық  пеш операторы жұмыс орындарында  шу деңгейі 113-115 дБА. Бөлшектер беттерінен механикалық əдістер гидро, құм, бытыралы, ылғалды ажарлау жəне əрлеу  жүргізуде тазарту барабандарында ағынды тазарту камераларын пайдалану  орташа жəне жоғарғы жиілікті 84-92 дБА  шу пайда болуына əкеледі.

Құрал-саймандық жəне механикалық  цехтарда металдарды станокпен өңдеуде (жонғыш, фрезерлі, бұрғылау) кең жолақты 85-95 дБА шу пайда болады. Негізгі  көздері станок жетектері, беріліс  қораптары, резонаторлар жəне құрсаулы берілістер. Механикалық пресс бөлетін  шудың негізгі көзі – оның тұғырығы мен тегершігі болып табылады. Бұл дірілдің негізгі себебі –  престің қозғалмалы бөліктерінің соққысы, ол қисық тісті - бұлғақты жəне эксцентрикті механизм қозғалысында пайда болады. Қалыптың дайындамамен өзара əсері  де соққылы түрде болады. Қалыптау кезінде шу деңгейі 4–10 дБ едəуір артады. Шудың адам ағзасына қолайсыз əсері  жақсы зерттелген. Əлемдік практикада жиналған тəжірибе

шуды орталық жүйке  жүйесі мен жүрек-тамыр жүйелеріндегі  бірқатар зақымдаулар себебі болатынын  көрсетеді. Жалпы биологиялық тітіркендіргіш бола отырып, шу – бас, ми қабығының  қызметінің тонусы өзгерісіне себепкер болып, орталық жүйке жүйесіне зақым  əкеледі. Интенсивті шудың нəтижесі кəсіби тереңдікке əкеледі, оның пайда  болуы мен даму жылдамдығы жұмыс  түрі, өтілі, адамның жасы мен əсер ету уақытына байланысты. Қатты шудың  тұрақты басқа да зиянды зардаптарға  – құлақтағы шу, бас айналуы, бас  ауруы, тез шаршауға əкеп соқтырады. Шу адамның еңбек етуіне жəне демалуына  кедергі болып, еңбек өнімділігін  азайтады. ҚР еңбек физиологиясы жəне гигиенасы институтының ғалымдары 70–110 дБ шуда жұмыс істейтін 150 адамды зерттеу жұмыстарын жүргізген, ал бақылау  тобы ретінде қоршаған ортаның қолайлы  шарттарында еңбек ететін 80 жұмыскердің  денсаулығы көрсеткіштерін алған, зерттеулер

қауіптің жоғарылауы, шудың  əсер ету уақыты мен интенсивтілігіне байланысты болатынын көрсеткен. Ең жоғарғы қатер интенсивтілігі 90 дБ шуда еңбек ететін жұмыскерлерде  анықталған, олардың ағзасында жүрек-тамыр, эндокринді, қоректену, перифериялық жəне орталық жүйке жүйелерінің зақымданулары  бар екені белгілі болған.

Өндірістік шуды төмендету  мақсатында – келесі негізгі əдістер  қолданылады; шуды пайда

болу кезінде төмендету, шуды таралу жолында жеке қорғану  құралдарын пайдалану.

Өндірістік шулармен күресті  оның пайда болу көзінде төмендету  мүмкіндіктерінен бастау

қажет. Соққылы негізді  шудың басты көзі – өндірістік құрал-жабдықтар екені белгілі. Құрал- жабдықтардың ішінде соққылы шудың  пайда болуы кезінде, құрал-жабдықтары материалы алғашқы дыбыс оқшаулайтын  дыбысты жұтушы жəне оқшаулаушы, шуды төмендетуге себепкер болатын кедергі. Бөлшектердің соғылуы кезінде шу пайда болуда материалдардың бəсеңдету  қасиеттері маңызды орын алады.

Шу көзінен пайда болатын  дыбыс алаңын дифракция, оқшаулау жəне шашырату жолымен

өзгертуге болады. Дыбыс  оқшаулаушы конструкциялардың акустикалық  əсері негізінен дыбыс толқындарын  шашыратуға негізделген, сондықтан  дыбыс оқшаулау үшін тығыз, қатты  жəне ауыр тербелістер пайда болуына  қарсы жеткілікті инерциясы бар  материалдар пайдаланылады. Дыбыс  оқшаулаушы материалдар мен конструкциялардың  негізгі мінездемесі дыбыс жұту коэффициенті, оның шамасы дыбыстың жиілігі  мен түсу бұрышына, материалдардың қалыңдығы, тығыздығы мен құрылымына байланысты. Төменгі жиілік аймағында  дыбыс жұтуды арттыру мақсатында қабатты қалыңдатады. Дыбыстың оқшаулануы жəне жұтылуы үрдістерін сараптау үшін оның кедергілер арқылы өту механизмін білу қажет, бұл кедергілердің акустикалық  қасиеттерін олардың конструктивті  шешімдерін басқаруға мүмкіндік  береді. Бұл ішкі үйкеліске кететін  энергия шығыны жоғары материалдар  мен конструкцияларды дайындаумен; жеңіл қабатты беттік конструкцияларды орындаумен; жоғарғы дыбыс оқшаулау қасиеті бар конструкцияларды жасаумен; кедергілік конструкциялардың кеңістіктік  ара байланысын өзгертумен; дыбыс  оқшаулауды жеңіл кедергілер өлшемдерін өзгертіп, дыбыс оқшаулау конструкцияларының орналасу əдістерін өзгертумен жүзеге асады. Қазіргі кезде өндірісте  шуды оқшаулау əдістері оны таралу жолында төмендету əдісі ретінде  қабылданады жəне осы мақсатта дыбыс  оқшаулаушы қоршаулар (дыбыс камералары, шусыз басқару кабиналары, қаптамалар), дыбыс оқшаулау кедергілері (акустикалық  экрандар, өлшеулер, кедергілер) жəне дыбыс  оқшаулаушы төсеу материалдары пайдаланылады. Дыбыс оқшаулау мақсатында бірқабатты металл конструкциялар кеңінен пайдаланылады. Бір

қабатты конструкция дегеніміз  – бірнеше өзара қатты байланысқан  қабаттары бар конструкция. Ауа  шуының жоғарғы дыбыс оқшаулауын қамтамасыз ету үшін конструкция  арқылы түсетін энергияның жүз мыңнан бір бөлігінен артық энергия  өтпеуі тиіс. Дыбыс өтуіне негізгі  əсер ететін иілімді толқындар. Олар конструкция қалыңдығы, қарастырылатын жиіліктегі иілімді толқынның 1/6 бөлігінен  кіші болғанда пайда болады. Бұл  аралықта иілімді толқынның ұзындығы, конструкцияның сызықты өлшемдерінен кіші, сондықтан бір қабатты конструкция  моделі ретінде шексіз ұзындықты, жұқа пластина пайдаланылады.

Дыбыс толқындары бір ортадан  екінші ортаға өтуде екі орта шекарасында  шағылады, бұл

аймақта олардың механикалық  қасиеттері күрт өзгереді. Толқынның  ауадан металға жəне кері өтуі кезінде  энергияның басым бөлігі шағылып, аздаған  энергия үлесі келесі ортаға өтеді. Бір ортадан екінші ортаға өтуі кезінде  акустикалық кедергінің өзгерісі rс көп болған сайын, екі орта шекарасында шағылатын дыбыс толқыны энергиясы артады. Жазық толқынының екі орта бөлінісінің жазық шекарасы арқылы түсуі кезінде өтетін жəне түсетін толқынның үлесі келесі формула бойынша анықталады: Энергия ағынының мəні «ауа-металл» ортасы арқылы өтуінде Ст.45 болат үлгісінің дыбыс оқшаулау көрсеткіші СЧ 20 үлгісінен біршама жоғары. Осыған сəйкес бөлінетін энергия мөлшері де «металл-ауа» қабатында да төмен. Есептемелер нəтижесі бойынша энергия ағынының мөлшеріне сəйкес кедергілер материалдарының дыбыс бөлу мен дыбыс оқшаулау мəндерін нақты

айқындау мүмкіндігі туындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ƏДЕБИЕТТЕР

1 . Иванов Н.И., Никифиров А.С. Основы виброакустики. СПб.: Политехника, 2000 – 482 с.

2. Утепов Е.Б., Лидтке В.Ю., Мякотин В.Н., Утепов Т.Е. // Снижение шума в направляющих трубах

токарных автоматов. –  Алматы: ЧП «Шевченко», 1998. б.72.

3. Утепов Е.Б., Утепова А.Б., Ерконыр А.К. и др. Влияние производственного шума на организм

человека //Сборник научных  трудов «Безопасность жизнедеятельности (охрана труда, защита человека в

чрезвычайных ситуациях, экология, валеология, токсикология, экономика  и организация производства)»,

Алматы, 2005, Вып. 2, б.43-50.

4. Утепов Е.Б., Актаев Б.Г., Актаева Д.У., Утепов Т.Е. Применение «тихих» сплавов в технике

борьбы с шумом: / -Алматы, 1998, 78с.

5. Утепов Е.Б., Калдыбаева С.Т. Пайда болу көздеріндегі өндірістік шуды төмендетуге арналған

демпфирлегіш балқымаларды жасау// III-ші Халықаралық Қазақстандық металлургия конференциясының

еңбектері//, Теміртау, 2010. – 248 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Бағалау шарттары:

Орындау шарттары

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Безендіру

     

2

Жоспар 

     

3

Иллюстрациялық материал

     

4

Маңыздылығы

     

5

Мазмұны

     

6

Ұйғарым\қорытынды

     

7

Әдебиеттер 

     

8

СӨЖ уақытына сәйкес мерзімінде тапсыру

     
 

Барлығы

 

 

 


Информация о работе Шулы технологиялық процестерді төмендету және су көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі өзгерістер