Витаминдердің топтары мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 15:14, реферат

Описание работы

Дәрумен (Витамин) – адам мен жануарлардың тіршілігіне қажетті, жеке немесе құрылымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы, биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин туралы ілімнің негізін салушы орыс дәрігері Н.И.Лунин 1880 ж. тышқандарды май, тұз, казеин және сүт қантынан құралған қолдан жасаған сүтпен асырап байқағанда, олар қырылып қалған. Осы эксперимент нәтижесінде ол табиғи сүттің құрамында бұлардан басқа да организмге өте қажетті қоректік заттар бар деген қорытындыға келеді.

Содержание

Суда еритін витаминдер
В1 витаминi
В2 витамині
В6 витаминi
В12 витамині
В15 витаминi
Е витаминi
К витаминi
Р витаминi
РР витамині
Фолий қышқылы
Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

витаминдер.docx

— 99.53 Кб (Скачать)

   Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.

 

В1 витаминi

      В1 витаминi (тиамин ) организмде дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе көміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Организм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

 
       Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған. 
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні — бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды. 
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді. 
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында. 
«Бери-бери» ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті нашарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді. 
В1 витаминінің кейбір тағам құрамындағы мөлшері

 
/100 г тагамда, мг/ 
Тағам түрлері                        В1 витамині 
Сыра ашытқысы                          5,0 
Нан ашытқысы                            2,0 
Бұршак                                         0,7 
Сұлы жармасы                            0,6 
Қарақұмық жармасы                  0,5 
Сиыр еті                                       1,1

В2 витамині

      В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, көгереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. В2 витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.

В6 витаминi

     В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуына қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

В12 витамині

    В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

В15 витаминi

    В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.

Е витаминi

    Е витаминi (токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен; 54 жүгері крахмал, 18 қа зейін, 15 шошқа майы, 9 сары май, 4 тұздың қоспасы және 5 құрғақ сыра ашытқыларымен қоректенгенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеушілігінен екен. 1936 жылы Тванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол токоферол (грек тілінде токоs — үриақ, рһtго — алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.

К витаминi

     К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. 1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмендегідей құрамынан тұратын жасанды тамақпен: 66 % крахмал, 18 % казеин, 4,5 % тұз қоспасы 2,5 % клетчатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балық майымен қоретендіргенде, 1—2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Егер жасанды тағамның құрамыңдағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған. 
К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадап дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорга-низмдер балықты шіріту барысында филлохинды синтездейді екен. 
Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқасында К витамині кездеспейді.

Р витаминi

      Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.

РР витамині

       РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған су еріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі.Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңейтеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы болады. Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады, зақымданған тері жуандайды да қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады.

Фолий қышқылы

    Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқыларда бар.

    Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл витаминнің тәулік ішінде адам организміне қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс.

 

Витаминдердің аталуы мен жіктелуі.

     Алғашында витаминдерді тану барысында белгілі бір витамин организмде жетіспеген жағдайда пайда болатын аурудың атымен аталып, қай аурудан сақтаса, соның алдына «анти» қосымшасы тіркелген. Мысалы: рахит – антирахиттік, скорбут – антискорбуттық, дерматит — антидерматиттік, т.б.

    1913 ж. Мак-Коллумның ұсынысымен витаминдерді латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгілей бастады А, В, С, Д, т.б.

    Витаминологияның даму барысында әріптік белгілер кеңейтіліп, сандық белгілер қосылады: В1, В2, В3, т.б. Кейіннен витаминдердің химиялық құрылымының анықталуына байланысты химиялық атаулар енгізіледі: тиамин, цианкобаламин, т.б. Химиялық аталым 1956 жылдан бастап халықаралық болып есептеледі.

Қазіргі кезде осы атаулардың үш түрі де қолданылады.

Негізгі витаминдер және атаулары (Ю.Б. Филиппович бойынша, 1999)

Атаулар

Әріптік

Химиялық (халықаралық)

Физиологиялық 
(адамға әсері)

Адам организіміне тәуліктік қажеттілігі (мг)

Майда еритін

      А

Ретинол

Антиксерофтальмиялық

         2,5

      Д

Кальциферол

Антирахиттік

      0,0025

      Е

Токотриенол 
Токоферол

Антистерилдік

        15,0

      К

Филлохинон

Антигеморрагиялық

        0,25

      Q

Убихинон

   

      F

Қанықпаған май қышқылдарының кешені (линол, линолен, арахидон қышқылдары)

 

       1000

Суда еритін

       В1

Тиамин

Антиполиневриттік

      1,5-2,5

       В2

Рибофлавин

Өсу витамині

      2,0-2,5

       В3

Пантотен қышқылы

Антидерматиттік

        5-12

    В(РР)

Никотин қышқылы 
және никотинамид

Антипеллагралық

       15-25

       В6

Пиридоксин

Антидерматиттік

       2,0-3,0

       В12

Цианкобаламин

Антианемиялық

   0,003-0,080

       В15

Пангам қышқылы

Антианоксикалық

         2,0

       Вс

Фоль қышқылы, Птероилглутамин  қышқылы

Антианемиялық

         0,2

       Вт

Карнитин

   

       С

Аскорбин қышқылы

Антискорбуттық

       75-100

       Н

Биотин

Антисеборреялық

         0,15

       Р

Рутин, биофлавоноидтар

Капилляр қабырға ұлпаларының нығайтушысы

           50

      U

S–метилметионин

Жараға қарсы витамин

 


 
       Ертеректе витаминдердің химиялық табиғаты мәлім болмаған кезде, олардың аты латын алфавитінің әріптерімен аталатын болған. Қазір көптеген витамин химиялық әдіспен синтездеу арқылы өндірілетін болғандықтан, олардың жаңа атаулары да бар. Суда еритін Витамин. Бұған жататындар: Ві витамині (тиамин) — нерв ауруларын, В2 витамині (рибо-флавин) — тотығу процесін жақсартуда, В6 витамині (пиридрксин) — тері ауруларын, Ві2 витамині (цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра ауруын емдеуге қолданылады. Витамин қатарына жататын пантатен қышқылы тері ауруларын, фолий қышқылы қан ауруларын емдеуге қолданылады. Парааминбензой қышқылы — бактерияның өсуіне қажет. С витамині (аскорбин қышқылы) құрқұлаң ауруын емдеуге қолданылады. Р витамині (биофлавоноид) — клеткаға зат өткізгіш витамин. Ві5 витамині (пангама қышқылы) — оттек жеткіліксіз болған кезде тыныс алуды жеңілдетеді. 2) М а й д а е р и т і н В. Бұған жататындар: Аі және А2 витаминдері (ретинол және дегидроретинол) — көз ауруларын емдеуге пайдаланылады. В2 және Въ витаминдері (эрго-кальциферол және холекальциферол) — баланың және жас төлдің мешел ауруына қарсы, Е витамині (то-коферол) — жануарлардың қысыр қалуына қарсы, Кь К2 және К3 витаминдері (филлохинон, фарнохинон және викасол) қан тоқтату үшін қолданылады. Адам мен жануарларға қажетті В. негізінен өсімдіктердің, (қ. Витаминді өсімдіктер), өсімдік тектес тағамдардың, өсімдікпен қоректенетін жануарлар өнімдерінің құрамында болады. Сондай-ақ кейбір Витамин адам мен жануарлар организмдерінде түзіледі. Витамин түзілуіне микроорганизмдердің, әсіресе жануарлардың (мыс, ірі қара малдың) ішек-қарындарындағы микрофлораның тікелей қатысы бар. Адам организміне өте қажетті Ві, В2. В3, В6, Ві2, РР витаминдері сиырдың бауырында, бүйректе, сүтте, қара бидай нанында, ашытқыда мол болады. С витамині овощ пен жемістерде, әсіресе итмұрында, шиеде, қарақатта көп. А витамині балық майында, сиырдың бауырында, жұмыртқаның сары уызында, сүтте болады. 
 
        ВИТАМИНДІ ЖЕМШӨП —өсімдіктектес және жануар тектес азық, сон-дай-ақ құрамында витамині көп құрама жем. Рационға Витамин жемшөп қосу арқылы арнайы витамин қоспасын қолданбай-ақ малдың витамин қажетін өтеуге болады. А витамині мен каротин балық майында, уызда, сүтте, жұмыртқада, көк шөпте көп болады. Бұршақ туқымдас шөптерде (бөде, жоңышқа, сиыр жоңышқа, эспарцет т. б.) каротин көп. Мыс, 1 кг мұндай шөпте 30—100 мг, астық тұқымдас шөптерде (қара бидай, сулы, арпа, судан шөбі, атқонақ т. б.) 20—70 мг каротин болады. Шөпті кептіргенде, әсіресе пішенді жаңбырлы күні жинағанда каротин мөлшері күрт кемиді. Шөпті күн сәулесіне кептіргенде және арнаулы қорада желдеткіш көмегімен құрғатқанда каротин 20—25%, шөп кептіргішпен құрғатқанда 85% сақталады. 1 кг пішенде 35— 50 мг каротин болса — өте жақсы, 20—30 мг болса жақсы, 10—15 мг болса — орташа деп бағаланады. Барлық мал үшін ең жақсы витамин жемшөп—қолдан кептірілген пішен ұнтағы. Мұның жоғарғы және 1-сортыньң 1мл г-нда 110—250 мг каротин болады. Сүрленген азықта да каротин жақсы сақталады. Әр түрлі сүрлемнің кг-нде 25—30 мг, бұршақ сүрлемінде 40—60, жүгері-бұршақ сүрлемінде 20—40 мг каротин болады. СССР-де құрама жем өнеркәсібінің дамуына байланысты Витамин жемшөп көп өндіріле бастады.  
     ВИТАМИНДІ ӨСІМДІКТЕР — құрамында витаминдер болатын өсімдіктер. Витаминдерді өсімдіктерден өндірісте витамин концентраттары алынады. Витаминді өсімдіктериқұрамында витаминдермен қатар, олардың провитаминдері де болады. Олар азықпен бірге организмге түскеннен кейін қажетті витаминге айналады. Мысалы өсімдікте А витамині болмайды. Бірақ кейбір өсімдіктер құрамында болатын А провитамині — каротин организмге түскеннен кейін А витаминіне айналады. Сол сияқты, Т -витамині — эргостерин организмге барғаннан кейін В витаминіне айналады. А витамині негізінен құрамында каротині бар жасыл өсімдіктерде кездеседі.

Информация о работе Витаминдердің топтары мен түрлері