Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 10:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде оның объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес тиісті әдістер қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы жүйенің әлеуметтік-құқықтық салаға әсер етуінің заңды тәсілдері мен құралдарының жиынтығынан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік басқарудың мәнін ашу, сонымен қатар мемлекет тарапынан құқықтық нысандарының жағдайын талдау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
-мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлалары;
-мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету;
-кәсіпкерлікті заңмен қамтамасыз ету жолдары;

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСТАРЛАРЫ...............................................................................................................5
1.1 Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы...............................................................5
1.2 Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері...................................................................................................................10
2 МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ........................................................................................16
2.1 Кәсіпкерлікті заңмен қамтамасыз ету жолдары..............................................16
2.2 Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері................................................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

Работа содержит 1 файл

оканова нб.doc

— 184.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСТАРЛАРЫ...............................................................................................................5

1.1 Құқықтық  реттеудің мәні мен  маңызы...............................................................5

1.2 Мемлекеттік басқару ісінде  заңдылықты қамтамасыз ету мен  тәртіп мәселелері...................................................................................................................10

2 МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ӨЗАРА  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ........................................................................................16

2.1  Кәсіпкерлікті заңмен қамтамасыз  ету жолдары..............................................16

2.2 Мемлекет пен бизнестің арасындағы  қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату  мәселелері................................................................................................19

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде оның объектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес тиісті әдістер қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы жүйенің әлеуметтік-құқықтық салаға әсер етуінің заңды тәсілдері мен құралдарының жиынтығынан тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік басқарудың мәнін ашу, сонымен қатар мемлекет тарапынан құқықтық нысандарының жағдайын талдау болып табылады.

Курстық жұмыстың  міндеті:

-мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық астарлалары;

-мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету;

-кәсіпкерлікті заңмен қамтамасыз ету жолдары;

-мемлекет тарапынан бизнестің тиімділігін жоғарлату мәселелері.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған. Олар:

1) орталықтандырылған, императивті  реттеу (субординация әдісі), мұнда  реттеу жоғарыдан төмен биліктік-императивтік негізде мемлекеттік билік органдары арқылы жүргізіледі;

2) орталықсыздандырылған, диспозитивті  реттеу, мұнда құқықтық реттеу  пікір алмасу, келісім жасау, бірлескен  актілер  қабылдау арқылы жүргізіледі.

Заңдылық дегеніміз қолданылып жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лаузымды тұлғалардың, азаматтар мен барлық жеке және заңды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы.

Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары. 

Басқарушылық процестерді іс-әрекетті анықтайтын құқықтық нормалардың мән-мағынасы басқарушылық қатынастарға қатысатын тұлғаларға құқықтық норманың ықпал етуінен тұратын құқықтық реттеу тәсілдеріне байланысты болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСТАРЛАРЫ

 

1.1 Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында  құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың қоғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктермен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық процестердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының, қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).

Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің заңдық күшіне ие болады (мемлекеттік  құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар: қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтық реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы – аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу. [1.54б]

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік  заңдары:

-қосымша өнімнің пайда болуы;

-жеке меншіктің қалыптасуы,

-таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,

-қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі;

Құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік  және тәжірибелік аспектілердің  бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын  емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезеңдегі ақпараттар (қажеттіктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күні «құра» алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамдық еркін тіршілік әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) және заңдылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқықтық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.

Нормативтік аспект дегеніміз –  адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, заңды түрде  бекіту. Оның элементтері:

1) гипотеза - өмірдегі қарым-қатынастар  мен әртүрлі жағдайлардан туындайтын  нормалардың бір бөлігі;

2) диспозиция – іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мән-мазмұнын анықтайтын  субъектінің заңды құқықтары  мен міндеттері;

3) санкция – тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезасының орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.

Құқықтық реттеудің тәжірибелік  аспектісі заң нормаларының арнайы мемлекеттік ұйымдық құрылымдар арқылы жүзеге асырылу барысын білдіреді. Осы жерде құқықтық реттеудің аталған аспектісінің ең күрделі екендігін атап өткен жөн, себебі кейбір қабылданған нормаларды, әсіресе адамның мінез-құлқын (тәртібін) және іс-әрекетін өзгертуді талап ететін нормаларды қоғам мүшелерінің бәрі бірдей орындауға ниет білдіріп, оларды оң қабылдай бермейді. Көбінесе нормативтік талаптардың ескеріліп, оларды адамдардың орындауы үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар тарапынан ықпал ету қажет болады. Құқықтық реттеу қандай да бір жүріс-тұрыс нормалары (ережелері) қабылданған (бекітілген) кезде емес, осы нормалар нақты өмірде басшылыққа алынып және олардың мән-мағынасына сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекет жүзеге асқанда туындайды. Осыған орай құқықтық реттеудің ұтымдылығы мен тиімділігі маңызды алғышарт ретіндегі заңды нормалардың мазмұнымен емес, олардың нақты жүзеге асырылумен, адамдардың қарым-қатынастарына, сана-сезіміне, жүріс-тұрысына, қызметіне тікелей әсер етуімен және тіршілік ету процестерін өзгерту қабілетімен анықталады.

Сонымен құқықтық реттеу адамдар әрекетінің заңды нормаларын, ережелерін анықтаумен байланысты болатын мемлекет қызметінің бір түрі. Ол әлеуметтік жағынан негізделген, тиімді жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс және іске асырылуы қажет. [2.11-12бб]

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен заңды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.

Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады:

1. Мемлекет пен қоғам, азаматтар  арасындағы қатынастар;

2. Мемлекеттік органдар  арасындағы билік бөлінісі және  олардың құқықтық мәртебесін  анықтауға байланысты қалыптасатын  қатынастар;

2.1. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін анықтау;

2.2. Мемлекеттік органдардың  ұйымдық құрлымын заңды түрде  бекіту;

3. Мемлекеттік-басқарушылық  процеске қатысушы адамдар арасындағы  қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандайда бір мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында қалыптасатын қатынастар.

Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік  басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың еркін қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін анықтауға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудың мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекеттік басқаруда тиісті органдардың қызмет ету аясы мен бағыты заңды түрде белгіленуі тиіс.[3.8-9бб]

Мемлекеттік басқаруды  құқықтық реттеуде мемлекеттік органның құқықтық мәртебесіне (статусына) басты  мән беріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі заңды мағынаға ие болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады.

 Мемлекеттік органның қай  билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандырылған кіші жүйесінің қайсысына жататындығы оның құқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықтық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік – құқықтық мән-мағынасын айқындауға және сипаттауға арналған.

Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын  басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері  жиынтығының заңды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін  құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі.

Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету  нысандарының, әдістерінің және процедураларының заңды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын алап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқықтық нысандарда және процедураларда құқықтық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен  жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады. [4.112-114бб]

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде оның объектілерінің ерекшеліктеріне  сәйкес тиісті әдістер қолданылады. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушы  жүйенің әлеуметтік-құқықтық салаға әсер етуінің заңды тәсілдері  мен құралдарының жиынтығынан тұрады. Олар:

1) орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация  әдісі), мұнда реттеу жоғарыдан  төмен биліктік-императивтік негізде  мемлекеттік билік органдары  арқылы жүргізіледі;

2) орталықсыздандырылған, диспозитивті  реттеу, мұнда құқықтық реттеу пікір алмасу, келісім жасау, бірлескен актілер  қабылдау арқылы жүргізіледі.

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін жоғарлату мәселелері