Рим құқығының рөлі және мағынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:58, лекция

Описание работы

Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерорта теңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым - қатынаспен алмасады.

Работа содержит 1 файл

Муниципал.docx

— 46.12 Кб (Скачать)

  9-бап. Мәслихат регламентi      

 Мәслихат сессияларын,  оның органдарының отырыстарын  өткiзу, оларға мәселелер енгiзу  және қарау, мәслихат органдарын  құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың  сауалдарын қарау тәртiбi, мәслихаттағы  депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiгi, қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ  дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын  ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.  
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.     

  10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi      

1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады. 
      2. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн. 
      3. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.    

  11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi      

1. Мәслихат сессиясы жалпы  отырыс нысанында өткiзiледi. 
      2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. 
      3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.  
      Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. 
      4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн. 
      5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi. 
      6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi. 
      7. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.    

  12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру  
               және олардың қызметi      

1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. 
      2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды. 
      3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.    

  13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы  
               көпшiлiктiк тыңдаулар      

1. Тұрақты комиссиялар  өз бастамасы бойынша немесе  мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады. 
      2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.  
      3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.    

  14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi  
               мен өкiлеттiгi      

1. Тұрақты комиссиялар: 
      1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге; 
      2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге; 
      3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға; 
      4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге; 
      5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы. 
      2. Әкiмдiк, орталық мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi. 
      3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.    

  15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының  
               және қаулылар қабылдауының тәртiбi      

1. Тұрақты комиссиялардың  отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады  және егер отырысқа олардың  құрамына кiретiн депутаттар санының  жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi. 
      2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.  
      Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады. 
      3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.    

  16-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясы      

1. Мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негiзiнде тартылуы мүмкiн.  
      Мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмыс органы мәслихат аппаратының құрылымына кiретiн, санын мәслихат осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында айқындалған шектен асырып белгiлейтiн, мәслихаттың тексеру комиссиясының аппараты болып табылады. 
      2. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмдiкке хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi. 
      3. Тексеру комиссиясының өкiлеттiгi мен жұмыс тәртiбi мәслихат регламентiмен белгiленедi.  
      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

  17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары      

1. Мәслихаттың құзырына  жатқызылған мәселелердi сессияларда  қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi. 
      2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды. 
      3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.    

  18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы      

1. Мәслихат сессиясының  төрағасын мәслихат өз депутаттарының  арасынан сайлайды. 
      2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi. 
      3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.  
      Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды. 
      4. Мәслихат сессиясының төрағасы: 
      1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды; 
      2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады; 
      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi; 
      4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды. 
      5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады. 
      6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.    

  19-бап. Мәслихаттың хатшысы      

1. Мәслихаттың хатшысы  тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады. 
      2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады. 
      3. Мәслихат хатшысы: 
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; 
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды; 
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды; 
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады; 
      6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады; 
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады; 
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi; 
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады; 
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi; 
      11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды. 
      4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ. 
      5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.  
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.      

  20-бап. Мәслихат депутаты      

1. Мәслихат депутаты жалпы  мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi. 
      2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды. 
      3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда: 
      1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса; 
      2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе; 
      3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса; 
      4) депутат қайтыс болса; 
      5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса; 
      6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе; 
      7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе; 
      8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты; 
      9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. 
      4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады. 
      5. Алынып тасталды. 
      6. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.  
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

  21-бап. Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы  
               кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi      

1. Депутат: 
      1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға; 
      2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға; 
      3) Алынып тасталды. 
      4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге; 
      5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге; 
      6) тиiстi әкiмдiк отырыстарының жұмысына қатысуға; 
      7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға; 
      8) фракциялар мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы; 
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы. 
      2. Депутат: 
      1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға; 
      2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға; 
      3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге; 
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi. 
      3. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiк берiледi.  
      Мәслихат депутаты, қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелерi бойынша тиiстi мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз кiруге құқылы.  
      Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi.   
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 324, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

Информация о работе Рим құқығының рөлі және мағынасы