Абай философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:01, реферат

Описание работы

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

абай философиясы.docx

— 50.52 Кб (Скачать)

Мемлекеттi аман сақтап қалу үшiн бiр ғана ұлы адам жеткiлiктi. Әлем тарихында белгiлi бiр ұлттың бастауында тұрып, сол мемлекеттiң iргетасын қалап берген ұлы тұлғалар болған.

Абай өз кезеңiнiң iрi жаңғыртушысы, мемлекеттiк ұлы қайраткер. Оның стратегиялық көзғарасы күнi бүгiнге дейiн өз мәнiн жойған жоқ. Ұлттық рух – мемлекеттiк рухқа ұштасып, қазақстандықтар өз мемлекетiн көзiнiң қарашығындай қадiрлеу қажеттiлiгiн түсiне алса – ол болашақ өмiр деңгейiмiздiң нақты көрсеткiшi бола бермек. Ол да Абай iлiмi.

Мемлекеттiлiктiң алғы-шарты ұлттық негiзде құрылады. Ол – ұлттың өсу, өркендеу қабiлетiнiң нышаны. Ұлттық рухты ояту, қоғамға қозғау салу, ұлттық нигилизммен күресу – ақын ұранының басты лейтмотивi болды. Ұлт рухының күштiлiгiне ұлттың өзiн сендiру. Тарихы тәлкекке түскен, алтын арқалап, жантақ жеп жүрген бiздiң жұртқа «Сен – ұлы ұлтсың» деп көзiн жеткiзу басты ұраны болған. Оған ұзақ та ұтымды насихат керек. Жадыңнан емес, жүрегiңнен шыққан жалынды сөз керек.

Өзiнiң ар-ожданы мен ақыл-парасатын ұлттың тағдырымен мөлшерлеп, деңгейлеп отырмаған адамда тұрақты тiрек, ұстаным, пiкiр де болмайды. Олар үшiн алдағы 20-30 жылдан соң ұлт не болады, тiл не болады деген уайым жоқ. Ондай адамдарда ұлттық намыс та болмайды.

«Қазаққа ақыл берем, түзеймiн деп қам жеген адамға екi түрлi нәрсе керек. Әуелi – бек зор өкiмет, жарлық қолында бар кiсi керек. Екiншi, ол адам есепсiз бай боларға керек… Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылмен, не жерлеп, не сырлап айтқанмен, еш нәрсеге көндiру мүмкiн емес», – деп ұйғарған хакiмнiң даналығына күн сайын ерiксiз бас иесiң. «Адамдарды өзгерте алатын екi нұсқа – үрей мен өз ықыласы бар» дегенде ұлы Абай осыны көздесе керек.

Абай – қазаққа темiрқазық боларлық төрттағанды көрсетiп берген жол бастаушы. Елдiк түзу, мемлекеттiлiктi нығайту, мемлекетшiлдiктi жетiлдiру ең басты ұстын. Егiн – сауда, өнер – ғылым, бiлiм – дiн – мемлекеттiлiктi нығайтудың құралдары. Егiнсiз ел болу қиын. Бүгiнгi күнi сауда сананы билеп алған. Өнер өркендемесе, елдiң өркендеуi де екiталай. Ғылым, бiлiмсiз мемлекет болып қалыптаса алмайтынымыз анық. Бiр-бiрiне кiндiгi байланған, төрттаған ел боламын деген жұртқа таптырмас темiрқазық. Мемлекет өз билiгiнде осы ұстанымды үнемi басшылыққа алып отырса iсi оңғарылады.

Абай – мемлекетшiл. Ал мемлекет – сол қоғамның бел баласы. Егер мемлекеттiң жұмысы сол елдiң қарапайым азаматтарының мұң-мұқтажын шешуге бағытталмаған жағдайда, мемлекет, демек, шенеу-нiктер халықтан бөлектенедi. Олар өздерiнiң отырған қызметтерiн мемлекеттiң азаматтарына емес, жеке бастарына пайдалана бастайды. Қоғамды дендеп бара жатқан бұл дерттен ақшамен де, әлеуметтiк көмекпен де құтылуға болмайды, оның амалы рухани тойымсыздықта жатыр. «Қарапайым адамдар ойымен даңқталған патшадан жоғары, тағдырының сәттiлiгiмен жоғары көтерiлген. Өз еңбегiн сатқан жас жiгiт, сақалын сатқан қарттан даңқты» дегенде ұлы қайраткер ненi көздедi?!

Қоғам мен үстем тап арасындағы айтыс үнемi өршiп тұрған. Бұл ретте Абайдан асып түскен ойшыл жоқ. Абай iлiмiнiң сол тұстағы билiк құрушылардың қыңыр-қисық жақтарын мiнеп, түзетушi ретiндегi тұстарын елемеуге болмайды.

Рас, билiк деген түзеу. Түземеуге кiмнiң батылы барады? “Өздерiң қашан түзелесiңдер?!” – деген Конфуций дәуiрiнен келе жатқан тәсiлдi бүгiнгi қоғамға жетiлдiрiп, тасымалдаушы локомотив ретiнде де Абайдың еңбегi зор. Мемлекет пен қоғам арасындағы сапалы өзгешелiктi де жоққа шығаруға болмайды.

Абайға үңiлсек, қоғам – адамдар ара-қатынастарының туындысы. Сөйте тұра «адамдар қоғам формасын таңдап алуға ерiктi болмаған. Алайда мемлекетшiл Абай азамат, қоғам, мемлекет мүдделерiнiң бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығын, оларды бiрiнен-бiрiн бөлiп қарауға болмайтындығын айтудан таңбаған.

Абай – елдiк мұратын түзушi. Мемлекет, оның саясаты ең әуелi – маманға, маман – экономикаға, экономика – қаражатқа тәуелдi.

Тәуелсiздiк алғаннан берi бүгiнгi күнге дейiн Қазақстанда мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң дамуы азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттi нығайту мүддесiндегi оның тиiмдiлiгiн арттыру, қазақстандық қоғамның тарихи, мәдени, ұлттық және өзге де ерекшелiктерiн ескере отырып, мемлекеттiк қызметтiң тұтастығын құру болып табылады. Бұл ретте кадр қуаттылығының моральдық-этикалық жағы және сондай-ақ қоғам алдында мемлекеттiк қызметшiнiң беделiн нығайту мәселесi ерекше көңiл аударуды талап етедi.

Біз Абай айтқан арлы адамдарға зәруміз. Был-тыр қабылданған мемлекеттiк қызметкерлердiң Ар-намыс кодексi мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк қызметшiнiң ел және қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн нақты көрсетiп, оның қызмет этикасының ережелерiн айқындап бердi. Мемлекетке қызмет iстеп жүрген адамның мiнез-құлқы мен iс-әрекетiн, жүрiс-тұрысы мен қандай мәселелерден бас тарту қажеттiгiн көрсеткен құжат жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Жалпы бұл уақыт өткелiнен сараптан өткен байыпты құжат болып табылады. Оның өн бойындағы әдеп-дәстүр сабақтастығының бәрi Абай ақыл-ойының түп қазығынан бастау алады.

«Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

Қайғылыға жақ бол,

Қайғысыздан сақ бол!» – дейдi Абай. Этика ережелерiнде басты мәселе ретiнде адамгершiлiк нормалары қарастырылса, жаңа құжат Абайдың талап үдесiнен шыққаны болып табылады.

Мемлекеттiк қызметкердiң бiрiншi кезектегi мiндетi – мемлекет саясатын жақтау мен оны жүзеге асыру, мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайту және ел мүддесiн қорғау. Халық кез келген мемлекеттiк қызметкердi билiктiң өкiлi деп таниды. Ал сол билiк өкiлiнiң өзi мемлекеттi сынап, кесiр сөйлеп, мiнеп отырса, бiз iргелi ел болмасымыз анық. Халықтың мемлекетке деген сенiмi жоғалады, бұл сайып келгенде, бiздiң елдiгiмiзге зиянын келтiредi. Өзгенiң ойын өз ойындай бөлiсу кәсiби қызметтi одан әрi жақсартып, ұштай түсуге ұмтылдыратыны сөзсiз. Кiшiлiк те – кiсiлiк, одан еш кемдiк көрмейсiң. Оның бiр шарты басқаның ой-пiкiрiн ақырына дейiн сүттей ұйып тыңдап, төзiмдiлiк, шыдамдылық көрсету, қажеттiсiн iрiктеп алу. Ал егер бұл шарт сынып, дөрекi мiнез, шамшылдық танытып жатсақ, өзгелерге көрсетер үлгi-өнегемiз қайсы? Абай бұл жолда да кесiмдi үкiм айтады: «Менiң қолымда билiк болса, адам түзелмейдi дегеннiң тiлiн кесер едiм».

Қазақта «Бiлгенiм – бiр тоғыз, бiлмегенiм – тоқсан тоғыз» деген әдемi сөз бар. Кодекстi күнделiктi жұмыс барысында оң сын-ескертпелердi алда пайдалы сабақ, кемшiлiк-олқылықтарды түзетудiң бiр құралы деп есептесек, жақсыны көре бiлiп, үйренудiң өзi – бiр мектеп. Бұл – бастауында Абай тұрған үлкен саяси-пайымдық мектеп.

Ар-намыс кодексiнде маман iрiктеу мәселесiнде пендешiлiк, ру қуу, ағайындық, жекжаттық қуу, сыбайластықпен жең ұшынан жалғасу әдетiне вето қойылған. Абай ойының мақсат-мүддесi тағы да өркениеттiлiк мектебiнiң талабына меңзейдi.

Адамзат бойындағы күш-қуат көзiнiң ең құдiреттiсi – ой десек, ол санадан ақыл-айла, ашу-ыза, сөз немесе iс күйiнде сыртқа шығады. Ақыл – халық қамын ойлайтын адал ниеттiлерге, айла – қарақан басын күйттейтiн арам ниеттi әдiлетсiздерге, ашу-ыза – терең ойланбайтын, бiр күнгi тiрлiгiне мәз болушыларға тән құбылыс. Қазiргi өтпелi кезеңде санадағы «ой толқыны» елеулi дағдарысқа ұшырап, ой-ниет, пиғылды ақылмен бiр арнаға топтастыра алмай, қоғам мен онда өмiр сүрiп жатқан халық мүддесiн толық қанағаттандыра алмай отыр.

Ар-ождан бостандығы мен адал еңбек құнын лайықты бағалай бiлетiн адамдар саны көбейсе, қоғамдағы адамгершiлiк сыйластық пен халықтар ынтымағы нығайып, заманды бұзылудан сақтап, түзетуге игi әсерiн тигiзерi хақ. Осыған ден қойсақ, әр басшы арының алдында ертеңгi болатын халықтың жауапкершiлiк сынынан сүрiнбей өтiп, мiнсiз қызмет етiп, тер төксе, оның елге де, халыққа да берерi мол болатыны айқын.

Адал еңбекке жұмылған халық қана экономиканы құрдымға құлатпай, өркендетiп дамыта алады. Бiрақ өмiрдегi ең қиын нәрсе, ақыл-парасатпен ұсынылған құнды ойдың жүзеге асуына кедергi жасау болып тұр. Адам баласының бiр-бiрiне жасайтын қателiгi де, қиянат түрiнiң де ең зоры – осы болмақ.

Адамға, оның болашағына бұдан өткен қасiрет жоқ. Шындығында да бiр кездерi «Адамзат баласын заман өсiредi, кiмде-кiм жаман болса, оның замандастарының бәрi виновать» деп Абай айтқандай, сол заман айналып соғып, талай-талай адал да, әдiлеттi жандарды «мыңдармен» алыстырып қойғанын жоққа шығармасақ керек.

Абай – Төрелiк сот төрағасы. Мемлекеттiлiктiң белгiсi – Конституция, армия, қоғамдық тәртiптi, заңдылықты жүзеге асыратын полициясы, сот, прокуратура органдары. Осы аталған мемлекеттiк органдар мемлекеттiң жүзеге асыратын iшкi және сыртқы функциялары, оларды iске қосатын мемлекеттiк басқару механизмдерi болып табылады. Бұлардың барлығы сол мемлекеттi мекендеген халықтың мүддесiне, қауiпсiз өмiр сүруiне, экономикалық, саяси рухани тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуiне қызмет етедi.

Орта ғасыр дәуiрiнде Дештi Қыпшақ мемлекетiнiң қуаты, оның жүргiзген саяси билiгi бүгiнде Еуразия құрылығында түтiн түтетiп отырған талай мемлекеттiк ел басқаруындағы мемлекеттiк құрылым жүйесiне негiз болғаны тарихи шындық. Ежелден-ақ елiмiздегi ел басқару мен заң шығару, сот iсiн әдiл жүргiзу сынды маңызы зор мемлекеттiк билiк iстерiн қоғамдық талаптарға сай мұқият жүргiзген кезеңдер болған. Әсiресе, дәстүрлi құқыққа тән заңдар ережесi өте құнды саналған.

Жаһандану заман-ындағы ұлттың өзiн-өзi билеу, ұлттық тәуелсiздiк, ұлттық мемлекет, ұлттық мүдде, тағдыры туралы пiкiрталас либералдық демократияның да ұлттық келбетке ие болатынын мойындатып қана қоймай, оның iшкi қалтарыстары-мен санасуға мәжбүр етуде.

Бiздiң тарихи тегiмiз ұлттық идеяны таптық идеяға жеңдiрген кеңестiк жүйе. Ол жүйенiң санаға терең сiңiрген ұлттық идеяға деген салғырттығы, селқостығы әлi де басым. Бiздiң Конституциямыз батыстық адам құқы идеясы ұлттық идеядан маңызды, басым деген ұстанымды басшылыққа алған. Тiптi Конституция мәтiнiнiң өзi қазақ тiлiнде сауатты жазылмағанын Конституциялық Кеңестiң төрағасы И.Рогов алға тартып бердi. Қазақ ұлтына, ұлттық идеяға түпкiлiктi мән бермеу осыдан басталады. Осы жерде Абайдың: «Қайран сөз, қайран тiл – надандарға қадiрсiз» деген сөзi ойға оралады.

Қазақ халқының дәл қазiр қолданып жүрген тiлiндегi заңдар жинағы тұңғыш рет жазбаша түрде сонау әз Тәуке хан тұсында жазылғандығын біреу білсе, біреу бiлмес.

Бұл тарихымыздағы қазақша заң жазудың жалғыз-жарым тәжiрибесi емес. Баршамыз Абайды ұлы ақын, ғұлама ойшыл ретiнде танимыз. Ал Абайдың «Шар» (немесе «Қарамола») атты заңдар жинағының авторы екендiгiн де екiнiң бiрi бiле бермейдi. Ұлы дала тәртiбiмен жазылған Абайдың осы «Ережесi» – тұңғыш құқықтық құжат болып табылады. Ол – 1886 жылы Қазан университетiнiң баспаханасында басылып шыққан. «Шар» ережелерi тұңғыш рет 1885 жылғы мамыр айында Семей өңiрiндегi Қарамола дейтiн жерде бес дуан елдiң билерi мен аузы дуалы адамдарының Абай бастамашылығымен шақырылған съезiнде тасқа басылған алғашқы түрiнде таратылып, сол жиналыста бiр ауыздан қабылданып, бекiтiлген. Қабылданған құқықтық Ереже – әдiлдiкке шақыратын, бейбiт өмiр мен тыныштықты тiлейтiн тәртiптер мен нормалар жиынтығы болған. Осы төтенше съезд Абай Құнанбаевты Жоғарғы сот төрағасына пара-пар «Төбе билiк» басшылығына сайлаған.

Абай атамыздың судьялық төрелiк қызмет атқаруы, жүрiс-тұрысы, имандылыққа сай болуы оны осы мiндеттерге алып барған. Оның «Шар», «Қарамола» ережесiн жазғанға дейiн де қара қылды қақ жарған әдiл билiгiмен, халықтың жүрегiне жол таба бiлген. Заңгер-ғалымдар ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Абай Құнанбаев билiгi прецеденттiк сипаттағы сот шешiмдерiнiң жарқын үлгiлерi ретiнде бағалайды. Абай атамыз 1886 жылы ежелден бергi билер мен қазылар iске асырып, iс жүзiнде қолданып келе жатқан «Жетi жарғы» заңына гуманистiк тұрғыда қарап, көптеген өзгерiстер енгiзген. Құн өндiру мен жесiр дауын елеп-екшеп уақыт ағымына қарай жобаға келтiрген.

Дала сот билiгiнiң тағы бiр маңызды ерекшелiгi – оның руханилығында болған. Сот iсiнiң рухани мазмұны материалдық-заттық мазмұнынан жоғары қойылып, «арлы болу» моральдық ұстанымы ерекше назарға алынған. Даулар негiзiнен өзара бiтiмгершiлiкке жету тұрғысынан шешiлетiн болған.

Қазақ халқында ертеде қалыптасқан ереже бойынша тұсаулы жүрген аттарды ұрлаған адам өлiм жазасына кесiлетiн үкiм болған. Ұлы Абайдың Әзберген деген кедей ақынның мал ұрлау iсiне қатысты үкiмi байырғы қазақ қоғамындағы түсiнiстiк пен бауырмалдылықтың және кешiрiмшiлiктiң үлгiсi болып қабылданған. Сөйтiп ұлы Абай «адам үстiнен» болатын сот моделiн «адам үшiн» жүргiзiлетiн сот моделiне өзгертуге жол ашып берген. Бұдан ұлы Абайдың сот iсiн жүргiзудегi реформаторлығын көремiз.

Кез келген адамның құқықтарын бұзу – басқа барлық адамдардың құқықтарын аяқасты ету деген тезис, құқықтық мемлекет құру процесiнiң түп-тамырында жатса керек. Сондықтан адам құқықтарын сот төрелiгi арқылы қамтамасыз ете отырып, түбегейлi ұғымдарды естен шығармаған жөн сияқты. Тосыннан басқа нәрсе ойлап табудың қажетi жоқ, оның иллаһи тазалығы Абай өсиеттерi мен негiзiнде бар.

Сот төрелiгiнiң негiзiн құрайтын – судьяның логикалық ойлау қызметi. Судьяның ойшылдық қызметi iс жүргiзу кезiнде ұсынылған дәлелдемелердi бағалауға бағытталады. Бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алса жетiп жатыр.

Тiл – билiк құралы. Қай тiл билiкте қолданылса, сол тiлдiң басымдығы зор болады. Билiк буындары қай тiлде жарлық берсе, елде сол тiлдiң үстемдiгi жүредi. Бiрақ әр тiлдiң өзiне тән «тәрбиесi», керек десеңiз, өзiң меңгерген кiсiге таңар «мiнез-құлық ережесi» болады. Бұл мәселеге бiздiң жекелеген шенеунiктер әлi күнге дейiн мән бермей келедi. Айналып келгенде, бiзде өз бойындағы нигилистiк, ұлтсыздық психологияны жасырып, патриот болғысы келiп, негiзгi ұлттың мүддесiне қарсы келiп жатады. «Қазақ тiлi заң тiлi бола алмайды» дегендi бықсытып жүрген де негiзiнен солар.

Абай – дипломат. Өркениеттiң бесiгi әу баста шығыста қалыптасқан. Бiлiм, iлiм шығыс даналығында оянып, әлемге тараған. Бертiн келе шығыс өркениетi барша ғаламды өзiмен санасуға мәжбүрлеген. Мұның бәрiн дипломат Абай ерте сезiне бiлдi. Оның шығыспен рухани қатынасты жолға қою жөнiндегi саясаты түбiне дейiн барған жоқ. «Шығысқа бас игендердi жазалау туралы» және «Кеңес өкiметiнiң космополитизм туралы» арнайы қаулысы шығысты зерттеу iсiне өз кедергiсiн тигiздi.

ХХ ғасыр басында бiздiң Алаш зиялылары шығыстық Жапонияға айрықша назар аударды. Нәтижесiнде көптеген адамға «жапон тыңшысы» деген айып тағылып, атылды. Себебi Қазақстанға Азия кеңiстiгiнде үлгi болатын мемлекет керек болды. Алаш зиялыларының назарына Жапония түстi. Қазақстан Жапония сияқты мемлекет болса деген ой-арман туды. Жапондардың қиындықты қалай жеңгенiн, қилы заманда қандай реформа жасап, халықты аман алып қалғанын оқып бiлiп отырды.

ХIХ ғасыр басындағы батыстың отаршыл саясатына қарсы тұрған бiрден-бiр ел – жапондықтар болатын. Сол жапон елi бiзге: «Азия ендiгiндегi мемлекеттер бiр болайық, бiз көмек қолын созуға дайынбыз» деп отыр.

Информация о работе Абай философиясы