Антикалық фиософия

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 19:09, контрольная работа

Описание работы

Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған.

Содержание

Антикалық фиософия мен мәдениетінің ерекшеліктері. Антикалық ойдың негізгі ұғымдары: логос, космос, табиғат, әйдос.
Дүниенің алғашқы негізін іздеу. Милеттік мектептің философиясы. Сократтың диалектикасы.
Парменидтің болмыс туралы ілімі.Зеноның апориялары. Демокриттің атамизмі.
Платонның заттар әлемі мен идеялар әлемі. Жан туралы ілімі. Платонның таным «еске түсіру» теориясы.
Платонның идеалдық мемлекет туралы ілімі.
Аристотельдің материя мен форма туралы ілімі. Аристотельдің категориялары.
Аристотельдің әлеуметтік-саяси және этикалық ілімі.

Работа содержит 1 файл

3 вариант .doc

— 120.00 Кб (Скачать)

Аристотель  философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға  көп көңіл бөлінген. “Метафизикада” Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән. Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді” деген пікірі сыртқы дүниенің реалдығына күмән тудырмайды. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында ұштасып отырады. Шынында да Аристотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады.

Аристотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы  бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім  арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерінде  Аристотель заттарды  табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді.

Осыдан  келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа Аристотель: - формадан, - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол – материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді.

     Аристотель  философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады. “Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы – деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді”. Аристотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.

     “Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Аристотель – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді”. Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен  оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.

     Танымның  обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену”.

     Аристотель  сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына  да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада” мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.

     Аристотель  адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді  шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық  жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.

     “Политикада”  ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын  ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.

     7. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.

     Мемлекет  формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде  сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы  билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа  мемлекеттін дұрыс және бұрыс  формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады. 
 

Информация о работе Антикалық фиософия