Қазақстандағы жылқылар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 11:02, лекция

Описание работы

Халық арасында Адай жылқысы аталған асылтұқымды жануар бар. Оның әуел бастан негізгі мекені Маңғыстау облысы. Мұрағат құжаттары 1940-жылы Қамбар ата төлін асылдандыру қолға алынғанын айтады. Ал 1943-ші жылы «Асыл тұқымды Адай жылқысын іріктеп өсіру» туралы қаулы қабылданған.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы жылқылар.docx

— 16.01 Кб (Скачать)

Қазақстандағы жылқылар

Халық арасында Адай жылқысы аталған асылтұқымды жануар бар. Оның әуел бастан негізгі мекені Маңғыстау облысы. Мұрағат құжаттары 1940-жылы Қамбар ата төлін асылдандыру қолға алынғанын айтады. Ал 1943-ші жылы «Асыл тұқымды Адай жылқысын іріктеп өсіру» туралы қаулы қабылданған. Бүгінде қылқұйрықтардың санын арттырып отырған шаруалар аз емес. Ақтауда аттардың сапасын тексеру мақсатындағы мемлекеттік сынақ өтті.

 

Жазира Әбіл, тілші: 

 

Ыстық пен суыққа төзімді, шөлге  шыдамды жылқының 3 мыңын қан майданда зеңбірек сүйреу үшін осы Маңғыстаудан алдырғаны тарихтан мәлім. Жеңіс  күнін жақындатуға ат салысқан облыстың 9 жылқышысы «Социалистік Еңбек Ері» атағына ие болды. Олардың қатарында  Дүйсе Бердібекұлы да бар. Қазір  оның ұрпақтары бұны мақтанышпен  айтады. 

 

Жаңабай Дүйсеев, жылқышының ұрпағы:  

 

Әкем көкем жайында айтып  отыратын еді. Сталинград түбіне 2 жылқы  зеңбірек, пулеметтер сүйреп, талмай сонау  Берлинге дейін барыпты. Сосын сол  жерде сұраған ғой мына жылқы  қайдан шықты, кімнің жылқысы дегенде. Бұл Адай жылқысы боп шыққан. Оның ішінде кәкемнің отарынан болған. 

 

Бүгінде облыста Адай жылқысын өсірумен айналысатын  бірнеше шаруашылық бар. Ғылыми зерттеу  институты мамандары жыл сайын  қылқұйрықтардың тегін тексеріп кетеді. Жылқының ғылыми тұжырымдалған  өлшемі мынау: биіктігі небәрі - 1,5 метр. 250- 270 келі ет береді. Мойны қысқа, кеуде  орамы - 165, дене ұзындығы - 145 см, сауырыны салыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты  құйма тұяқты болып келеді. Текті  мал. Асыл тұқымдылар қатарына жатқызылуы да сондықтан. 

 

Құсайын Жұмабай, облыстық ветеринарлық лабораторияның дәрігері: 

 

Аттың қатты шабысына жүрек шыдауы керек. Нормалық сәйкес болу керек. Жүректің нормалық сәйкестігін арнайы аппаратпен тексеріп отырамыз. Оған сай келетін  аттар бар. 

 

Адай  жылқысының жүйріктері ұзаққа шабады. Ақшұқыр ауылында өткен республикалық  іріктеуде 90 шақырым межеленді. Әр 30 шақырым сайын жылқының төзімділігі  сыналды. 

 

Сергей Буйккевич, ҚР ат спорты федерациясының вице-президенті: 

 

Адай жылқысының Мемлекеттік сынақтан өтпегеніне 60-жылға жуық уақыт өтіпті. Сынақтан сүрінбегендер мамыр айында Алматыдағы 3-ші спартакиадада бақтарын сынайды. Мұнан бөлек, маусым айында Ресейде, ТМД елдері арасында өтетін халықаралық турнирге шақырту алады. Биыл асыл тұқымдыжануарлар жайында  кітап жарық көрмек. Оған Адай жылқысы  да енгізіледі. Демек, жоғарғы статус алады деген сөз. 

 

Жылқы тегін  сынау, мекеке болып өтті. Бәйгесіз болған жоқ. 38 тұлпар қосылған бәйгеде 7 орын белгіленді. Мәреге бірінші болып  Жаңаөзендік сәйгүлік жетті. Ал ең үздік  команда болып танылған Түпқараған ауданы қосқан жылқылар «менмұндалады». Тұлпар терін алған жеңімпаз шабандоздардың барлығы да ауылдарына темір тұлпар мініп қайтты. 

 

Жазира Әбіл


Информация о работе Қазақстандағы жылқылар