Ұлттық идея және ұлттық идеология

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:31, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
1.Ұлттық идея
2.Ұлттық идеология
3.Ұлттық идеология Ата заңнан басталады


ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық идеологияның негізі. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған.Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те халықтың шынайы қасиеті. Қазақ – ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз.

Қазіргі тәрбиенің барлығы да болашақ ұрпақты ұлттық салт-санаға, дәстүрге қиғаш жолдарды ұстануға құрылған. Сөйтіп, өркениетті елдердің жасығына еліктеп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпына қауіп төндіріп отырмыз. Кейбір саясаткер азаматтарымыз қазақтың әдет-ғұрпының мағынасына, мәнісіне бара бермей, ұлт тәрбиесінің негізін түсінбей, оны ғаламдық тәрбиеге үйлестіруді ойлайды. Бұл — қазақ халқының қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің негізін әлсіретеді. Идеология қай қоғамда болсын, оны бекітуге қызмет етеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.      Мұсатаев С. Ұлттық идеология: мәні мен мазмұны. Ж. Ақиқат,2000, №11.

2.      Р.Сабитова, Я и мы. Национальная идея в массовам политическом сознании. ж . Мысль, 2002, №6.

3.      Калмырзаев А. Национальная идея и национальная идеология. ж . Мысль, 2001, №6.

4.      www.google.kz сайты

5.      www.nur.kz сайты

14

 



Информация о работе Ұлттық идея және ұлттық идеология