қытай философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:26, реферат

Описание работы

Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Қытай философиясының пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. Қытай философиясы діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты. Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты.

Содержание

Кіріспе
Көне Қытай философиясы
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдары
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Кытай.docx

— 23.34 Кб (Скачать)

      Мо-цзы (МоДи) – моистер мектебінің негізін салушы, біздің дәуірімізге дейінгі 479- 400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне қарсы Моцзы «адамды сүю» идеясын басты деп түсінді. Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі – адамдардың бірін-бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке зұлымдық әкеледі.,Ол өз пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте тыныштық орнайды. Моцзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек етуге шақырады, еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады. Оның негізгі тұжырымдары «Моцзы» еңбегінде баяндалған.

       Мэн-цзы (Мэн Кэ) – Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай тарих-шыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары – біздің дәуірімізге дейінгі 372-289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті және жалпы Қытай философиясының дамуына үлкен үлес қосты. Оның ілімінің негізі – төрт адамгершілжтік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Қытай философиясы туралы ойларымызды қорытындыласақ, өзінің маңызын әлі күнге дейін жоймаган, қазіргі замангы Қытай мемлекетінің қалыптасып-дамуына ерекше әсер еткен, жалпы алганда мемлекет мүддесін жеке адам мүдесінен жогары қойып, адамгершілік мәселелерін зерттеген философия болды деуге болады.


Информация о работе қытай философиясы