Физикалық құбылыстарды танып білуге арналған құрал

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 16:17, научная работа

Описание работы

Зерттеу мақсаты: Физикалық құбылыстарды зерттеп, бақылап, оқушыларға физикалық заңдылықтарды тиімді жолдарымен түсінуге арналған көмекші құрал жасау.
Міндеттері:
• баспасөз беттерінен, интернеттен тақырып бойынша теориялық материалдарды жинақтау;
• эксперимент жасау, табиғатта өтетін құбылыстарды бақылау, зерттеу, салыстыру;

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................4
1.Бөлім. Физикалық құбылыстар
1.1. Су буының сублимациясы (тұман )…………………………....................... 6
1.2. Бұлттан бөлініп жерге түсетін сұйықтық (жаңбыр) ………………...............8
1.3. Бұлттар мен жер арасындағы электр разряды (найзағай) ………………….9
1.4. Таңғажайып сұлу табиғат құбылысы (кемпірқосақ)..................................... 11
2. Бөлім. Физикалық құблыстарды танып білуге арналған
экперимент жұмыстары
2.1. Көктем айларындағы физикалық құбылыстарды бақылау…….................. 14
2.2. Жаз айларындағы физикалық құбылыстарды бақылау …………………… 15
2.3. Күз айларындағы физикалық құбылыстарды бақылау............................... 17
Қорытынды…………………………………………………………….................. 19
Қосымшалар...................................................................................................... . 20
Қолданылатын әдебиеттер …...………………………………………................ 23

Работа содержит 1 файл

Кудиярова Лолахан гылыми Жоба.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Таңғажайып сұлу табиғат құбылысы – кемпірқосақ

 

Сәуле дегеніміз  бойымен  жарық таралатын сызық. Жарықтың біздің өмірімізде маңызы өте зор.Өйткені тіршілік аталуы жарық пен жылу арқылы жанданып дамиды. Жарық  - бұл да сәуле шығару.Көз арқылы қабылданатын оның тек бір бөлігі ғана.Сондықтан мұндай жарық көрінетін сәуле шығару деп те аталады.Ғылымның жарықты оқып үйренуге арналған бөлімін оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп атайды. Табиғи және жасанды жарық көздері болады. Табиғи жарық көздеріне мыналар жатады: Күн, жұлдыз, найзағай, жарық шығаратын әр түрлі жәндіктермен өсімдіктер; Жасанды жарық көздеріне жататындар: от,шам,шырағдан,желіге қосылған телевизор экраны.Жарық көздерінен тараған жарық сәулелері көзімізге келіп түсетіндіктен де біз оны көреміз. Сол сияқты ,біз жарық көзі болып табылмайтын денелерді де – ағаш,үй, бөлменің қабырғалары. Ай, планеталар тағы басқаларын да көреміз. Алайда біз оларды жарық көздерімен жарықтаған кезде ғана көреміз. Жарық көзінен шығып, нәрселердің бетіне түскен жарық сәулелері өз бағытын өзгертіп, біздің көзімізге түседі.

Ағылшын физигі И. Ньютон телескоптарды (астрономияның негізгі приборы – зерттелетін денелердін мүмкіндігінше көп жарық жинау және оларды үлкейту) жетілдіру жұмыстарымен шұғылдана отырып, объективтен (негізгі оптикалық бөлімі, ол жарықты жинап, жарық көзінің кескінін жасайды) шыққан кескіннің шеттері боялғанына көңіл аударды. «Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет - жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған , жарық түстерінің ерекшелігін зерттейді».Жарық шоғы ұғымын енгізуден келетін негізгі пайда - сәулелердің кеністікке құбылуы қарапайым заңдармен  - геометриялық оптика заңдарымен анықталады.Геометриялық оптика деп оптиканың сәулесі туралы түсінікке негізделе отырып, жарықтың таралу заңдарын зертейтін бөлімін айтады.Жарықтын шағылу және сыну қасиетін жарық шоқтарын басқаруға пайдаланады. Ол үшін арнайы жасалған фотоаппарат, лупа көзілдірік, микроскоп, дүрбі,телескоп тәрізді оптикалық аспаптар пайдаланады. Бұл аспаптардың негізгі бөлік линза болып табылады. Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазық бетпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: өзінен өткен жарықты  жинағыш және шашыратқыш. Линзадан шыққан кескінің кемпірқосақ түсіне бояулатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады.Ньютонның негізгі тәжірибесі даналықпен жасалған қарапайым тәжірибе еді. Ньютон призмаға көлденең қимасы кішкене жарық шоғын түсіруді ойлап тапты. Күннің жарық сәулесі терезе қақпағындағы кішкене тесік арқылы, қаранғылаған үй ішіне жіберілді. Жарық шоғы шыны призмаға түсіп сынды да, қарсы қабырғаға кемпірқосақ түстерімен кезек боялған ұзарған кескін түсті. Кемпірқосақ негізгі жеті түстен құраладыдеген ғасырларға созылған дәстүр бойынша, Ньютон мынадай жеті түсті бөліп алды: күлгін, көк, көгілдір, жасыл,сары қызғылт сары және қызыл. Түсті жолақтың өзін Ньютон спектр  деп атады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

  Кемпірқосақ - су тамшыларындағы сәуленің сынуының, шағылысуының, дифракциялануының нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол екі немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады. Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу табиғат құбылысы. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон дисперсия деп атады. Жарықтың екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші деп аталады.

Сонымен, кемпірқосақ - су тамшыларындағы сәуленің сынуының, шағылысуының, дифракциялануының нәтижесінде пайда болатын құбылыс (жарықтың дифракциясы - толқындардың бөгеттерді орап өтуі). Бұл бұлттың Күнге қарама-қарсы жағында пайда болатын әр түсті бояулы доға, кейде ол екі немесе бірнеше қосақталған доғалардан тұрады.  Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады. Кемпірқосақ жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу табиғат құбылысы. (Қосымша № 4)


Информация о работе Физикалық құбылыстарды танып білуге арналған құрал