Қазақ даласындағы ірі ойшылдардың саяси ой-пікірлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:29, реферат

Описание работы

Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың ыдырап, Дешті Қыпшақтың орнына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды.

Содержание

 Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері
 Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері
 X-XIX ғасырлардағы мұсылман әлемінің саяси ойы
 Қазақ даласындағы саяси ойшылдар

Работа содержит 1 файл

политология.docx

— 27.35 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Абылай хан атындағы ҚазХҚ  және ӘТУ

 

 

 

 

 

 

CӨЖ

Тақырыбы: Қазақ даласындағы ірі ойшылдардың саяси ой-пікірлері.

 

 

 

 

Орындаған: Ғалымова Е. 206-топ

Тексерген: Каргаев К.

 

 

 

Алматы  қаласы, 2013 жыл

Жоспар

      • Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері
      • Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері
      • X-XIX ғасырлардағы мұсылман әлемінің саяси ойы
      • Қазақ даласындағы саяси ойшылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың  ыдырап, Дешті Қыпшақтың орнына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, шөбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық» қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті арқау еткен қанатты сөздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа дейін қолданады.

ХІ ғасырда қазіргі Жамбыл облысы жерінде өмір сүрген ірі тұлғалардың  бірі – Жүсіп Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік» деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сөйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», - дегендей ұлағатты, өсиетті сөздер қалдырған.

      Ортағасырдағы ірі  ойшылдардың бірі Қожа Ахмет  Яссауи. Ол ХІІ ғасырда қазіргі  Шымкент облысы Сайрам жерінде  дүниеге келіп, саналы өмірін  Түркістан шахарында өткізген. Оның  басты кітабы – «Диуани хиқмет»  («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта  өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін  баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, өмірден көрген азабын, шеккен  қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара  халыққа үстемдік құрған хандардың,  бектердің, қазылардың харамдық  істерін әшкерелеп, сынайды, фәнидің  жалғандығын айтады. Дін адамдарының  Құдайдың атын жамылып, бас  пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын  көріп, түңіліп, өзін олардан  аулақ ұстап, Алла Тағалаға  адал берілгендігін дәлелдеп, дүние  қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден қояды. 

Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің  бір ерекшелігі – оның данышпандықты  жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі  мен кешірімділігі. Мәселен, Абайдың  қарасөздерін алайықшы. Олар үлкен  философиялық мәні бар еңбектер. Сөйлемдері қысқа, сөздері нақты. Сондықтанда  қалың көпшілік оларды жақсы түсінеді.

      Абай - әлемдік тұлға. Ол өзінің сезімдерімен ғана оқырманға әсер етіп  қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының өне бойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандылыққа қарсы бітпес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз.

      Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.

Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.

      Бірақ, ғалымдардың  бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.

      Ш. Уәлихановтың  қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген алдыңғы қатарлы адам болғандығын анықтауға кедергі келтіре алмайды.

Патша үкіметі Сібірдегі қазақтардың билігін заң жүзінде өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы хабарбар етті. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны даындаған облыстық басқарманы халық тағдырына немқұрайлылығы үшін сынға алады, халыққа тиімді өзгерістерді талап етеді.                    Ш. Уәлиханов өз халқының өзіндік ерекшелігін ескеру реформа дайындау барысында ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы жайындағы хатында қазақ даласында жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі қажеттігін терең талдап, қорытты.

Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде  реформаны іске асыру барысында  халықтық ерекшелігін ескеруі жайлы  пікірін тереңдете түсіп, реформалардың  сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты  мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты  зерттеуге байланысты екенін айтады.

Бұл жерде ерекше бөліп айтар  мәселе – Шоқанның прогресс деген  ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады.

      Пікрімізге дәлел  ретінде Шоқанның осы тектес  басқа да ойларын келтіре алар  едік. Мысалы, «Жонғария очерктерінде»  Құлжада көне заман ескерткіштерінің  қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, Еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.

Қазақ даласында құрметті би атағы  халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп  отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерді меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін би атанғысы келген адам халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің білімділігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі халықтың арасында тез таралып, танылады. Үкім шығару мәселесінде би мен соттың функциясы бір болғанымен, араларында жер мен көктей айырмашылықтар бар. Бидің балалары заңнан тәлімі бар болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қалады.

      Сол сияқты:

      Бидің санына шек  қойылмайтын болса, әрбәр округте  мировой судья бірнешеу болады.

      Биді ресми түрде  ешкім сайламайды да, ресми түрде ешкім бекітпейді де, Еуропадағы ақындар, ғалымдар, адвокаттар сиятқты билердің маңызы жеке беделге негізделген. Ал мировой судьяның сайлауында арнаулы тәртіп, парық бар.

      Халық қалағанда  ғана би билік жүргізе алады,  оның беделі жойылғанда билік  құруына құқы болмайды. Би қазынадан  да, халықтан да ешқандай пұл  алмайды, бірақ, биден биақы  алады, ал, мировой судьяға земствоның алым-салығынан белгілі мөлшерде қаражат бөлінеді.

      Билердің мәжілісі  мезгілсіз, кейдейсоқ оқиғалар  мен ахуалдардың себебі бойынша  шақырылады.

      Әрине, билердің  қанаушы тап мүддесін көздейтіні, халықты езуге мүдделі болғаны  талас тудырмайтын жайт. Бірақ,  Шоқанды өз заманы тұрғысынан  алсақ, ол мәселе дұрыс шешілген  деген ойға келеміз. Шынында  да, халыққа бала кезінен таныс,  беделі бар билер сотын сақтап  қалуда белгілі бір тәртіп  бар. Шоқан бітімгершілік соттың әділетсіздікке баратынын соның басқалай былықтарын да жақсы білген. Отаршыл Ресейдің отаршыл сотынан әділет күту қиын болғандықтан, Шоқанның билер сотын сақтап қалуға ұмтылуы көңілге қонады.

      Шоқанның «атаңның  ұлы емес, адамның ұлы» болуға  тырысқан деп айта аламыз. Шоқан  шығармаларынан халқына деген шексіз жанаршылығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді-кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.

      Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлиханов сияқты өзінің бар саналы өмірін елдің игілігі үшін сарп еткен, өз халқынның даңқты ұлы. Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.

      Ы. Алтынсарин Қазақстанның Ресейге толық қосылып, кең қазақ даласын игеру мәселесі міндет етіп қойылған дәуірде өмір сүрді.

      Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың 50-ші және 60-шы жылдарында Ресейге крепостнойлық правоны жою үшін саяси және идеологиялық күрестің шиеленіскен дәуірінде қызмет етсе, Ыбырай Алтынсарин 70-80-ші жылдарында крепостнойлық право жойылып, Ресейде капитализмнің дамыған дәуірінде қызмет етті. Ы. Алтынсаринның туып-өскен жері Солтүстік Қазақстандағы капитализмнің ықпалына түскен аудандардың бірі еді. Ресейдің экономикалық өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістер және сол өзгерістердің Қазақстанға ықпалы Ы. Алтынсариннің ағартушы және прогрессивтік пікірлерінің қалыптасуына үлкен әсер етеді.

      Ыбырай Алтынсарин өз халқын орыстың озық мәдениетіне жеткізудің ынталы жақтаушысы. Ол қазақ халқының экономикалық және рухани дамуын тездетудің негізгі құралы етіп барлық қазақ ауылдарында орыс-қырғыз мектептерін ашу міндетін қойды. Мектептерді халық арасында білім таратушы мәдениет ордалары деп санады және бұқара ортасында орыс, ғылымының табыстарын насихаттаудың тіректері деп қарады. Өзі бас болып, қазақ тілінде тұңғыш орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» оқу құралын жарыққа шығарды. Мұндағы көздеген мақсаты, қазақ оқушыларының орыс тіліндегі кітаптарды пайдалана білуді баулу, орыс мәдениетін түсінуді жеңілдету болатын. «Қырғыз хрестоматиясы» - қазақ халқының рухани өміріндегі үлкен маңызды оқиға болып табылады Ы. Алтынсарин орыс білімі қазақ халқының рухани дамуының жолы деп қана қараған жоқ, оны Қазақстанның «өндірістік дамуына септігін тигізетін, яғни қазақтардың орыс халқынан ғылыми және практикалық білімін қабылаудың әдісі» деп санады. Ы. Алтынсарин осы идеясын іске асыру үшін 1883-ші жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін (ремесленная школа) ашты. Бұл мектептің ашылуын «айрықша мәнді оқиға» деп атап, оны «қырғыздардың нақты білімінің бастамасы» деп санады.

      Ы. Алтынсарин ашылып жатқан орыс-қырғыз мектептерінде білім алудың пайдалылығын және қажеттілігін көпшілік бұқараға ұғындыру және жас балаларды білімге қызықтыру үшін «Қырғыз хрестоматиясының» бірінші беттерін білім үйрену, ғылым игері туралы жалынды өлең сөздерімен бастайды. Сауатсыз, білімсіз адамдар – қараңғылықта адасушы, көзі жоқ соқыр, ақылы жоқ надан, деп жазды Ы. Алтынсарин. Нағыз адамдар – ғылымды игеріп, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін пайдалана білетін кісілер. Ғылым адамды надандықтың түнегінен шығарады, оның ой-өрісін шексіз кеңейтеді.

 

 

 


Информация о работе Қазақ даласындағы ірі ойшылдардың саяси ой-пікірлері