Қазақстан республикасының сыртқы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:15, реферат

Описание работы

Сыртқы саясат - мемлекеттің өзге мемлекеттермен саяси, экономикалық, әскери және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасының жиынтығы. Мемлекеттің қауіпсіздігі, аумағының біртұтастығы, сырт мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас жасауы сол елдің Сыртқы саясатына тікелей байланысты. Экологиялық қауіпсіздік, азық-түлік мәселесі, бейбітшілікті сақтау, халықтар, лаңкестік күрес, қуат көздерін сақтау, ядролық қауіпсіздік сияқты әлемге ортақ мәселелер бар.

Содержание

1.КІРІСПЕ.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Алғашқы тәжірибе және алғашқы сабақтар.
2.2 Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз елдің сыртқы саясатының негізін қалаушы.
2.3 Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері.
2.4 Қазақстанның ЕҚЫҰ –на төрелік етуі
3. ҚОРЫТЫНДЫ.
4.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану готовый.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

2. Басқа   мемлекеттердің  ішкі  істеріне   араласпау принципі 
егеменді теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарғы- 
сында «Өз мәнінде белгілі бір мемлекеттің ішкі кұзырына жататын 
істерге араласуға тыйым салынған». Бұл түсінікті тек аумаққа 
қатысты деп қарастыруға болмайды.

Республиканың сыртқы саясатының алдында тұрған мақсаттардың ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін халыкаралық жағдайдың қолайлы болуы шарт.

«Бірақ қандай жағдайда болмасын, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін дамытып, нығайту сыртқы саясат саласындағы басты бағыт болып қалады. Біздің еліміз келесі ғасырда ғалам көп полюсті болудан, өзіне тартатын күштер мен бөлетін сызықтардан, біріне-бірі қарсы келуден, ішкі істерге араласудан және саяси үстемдіктен арылады деген пікірге қосылады»5.

     3.  Мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы принципінің 
мәні мынада:

  • мемлекеттер халыаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау 
    максатында бірімен-бірі ынтымақтастықта болуға тиіс;
  • әлеуметтік жүйелерінің әртүрлі болуы мемлекеттер ынты- 
    мақтастығына әсер етпейді;
  • мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық 
    сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу мақсатында ынты- 
    мақтасулары қажет.

    4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі. Бұл принциптің негізінде «шарт орындалуға тиіс» деген бұрыннан келе жатқан қағида бар. БҰҰ Жарғысының 2-бабында, оның мүшелерінің, өздері қабылдаған міндеттемелерді адал орындауға міндетті екендігі айтылған6. Осы принципке сәйкес Н.Ә. Назарбаев тиісті органдардың «шарттық базаларды жүзеге асыруға қатысты күнделікті салалық жұмысты жолға қоюын талап етеді. Мемлекеттік аппараттың барлық деңгейіндегі қызметкерлер мынаны білуге тиіс: егер мемлекет басшысы шетелдегі келіссөздерінде ынты-мақтастықтың белгілі бір бағытын немесе жобасын қолдаса, бұл жоғары деңгейде қол жеткенді үзіп-созу, оған жете мән бермеу қатаң жазалануы тиіс»1-.

     5. Күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау  принципі. Күш колданбау немесе қолданамын деп қорқытпау принципі. БҰҰ Жарғысында былай делінген: «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы да, Біріккен Ұлттардың мақсаттарымен сыйыспайтын басқадай жолмен де күш қолданудан және қолданамын деп қорқытудан тартынады»7. Күші немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі қазіргі халықаралық қүқықтың қол жеткізген табысы. Оның маңыздылығы сонда, ол мемлекеттердің соғыс ашу қүқығына тыйым салды.

6. Шекаралардың мызғымастық принципі. БҰҰ Жарғысының және 1990 жылғы Халықаралык құқық принциптері туралы Декларацияның мазмүндарынан бұл принциптің күш қолданбау принципінің құрама бөлігі екендігін көреміз. Ол 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде жеке дара бөлінді, онда «әрбір мемлекет басқа мемлекеттің халықаралық шекараларын бұзу мақсатында күш қолданудан немесе күшпен қорқытудан тартынуға міндетті» деп жазылған. Актіге сәйкес, шекараларды зорлық әдістермен бұзуға жол берілмейді. Бірақ, шектес жатқан мемлекеттердің араларынан өтетін шекараларды олардың өз келісімімен, ықтиярымен өзгертуге тыйым салынбайды.


«Олар үшін дәлелді  құқықтық база құру қажет. Бұл жерде барлық мүдделі ведомстволардың, бәрінен бұрын сыртқы саяси ведомствоның, қоян-қолтық жұмысы қажет».

7. Мемлекеттердің аймақтық бүтіндігі принципі, өзінше дербес халықаралық принцип ретінде, Хельсинки Қорытынды актісінде бекітілген. Бұл құжатта мемлекет БҰҰ Жарғысына қайшы келетін және мемлекеттердің аумақтық бүтіндігіне қарсы бағытталған кез-келген әрекеттен тартынуға тиіс делінген.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатын нағыз бейбіт жолға  салды, сондықтан да оның шекараларының бойын бойлай, саяси және халықаралық-құқықтық арқауы бар, сенімге, тату көршілікке және достыққа негізделген белдеу құрылды.

Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, бұған Қазақстанда «көршілерге деген ешқандай аумақтық, саяси немесе басқалай талаптардың болмауы, олардың занды мүдделерін құрметтеу, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастыкқа біздің шын ұмтылып отырғандығымыз»8 әсер етті.

8. Халықаралық дауларды бейбіт  жолмен шешу принципі халықаралық қауіпсіздік пен әділдікке қатер төндірмеу үшін мемлекет-

тер өзара дауларын тек бейбіт, күш қолданылмайтын құралдармен және әдістермен шешуге тиіс екендігін білдіреді.

9. Халықтардың, ұлттардың өзін-өзі анықтау принципі.  Бұл 
принципке сәйкес барлық халықтар еркін сырттан басқаның ара- 
ласуынсыз және қысымынсыз өз саяси мәртебесін өзі анықтауға 
және өз даму процесін өзі жүзеге асыруға құқылы. Әр халық, әр 
ұлт өз жолын өзі тандауға ерікті. Бұл принципті жүзеге асыру ка- 
питалистік, отаршылдық жүйелердің де, социалистік жүйенің де 
ыдырауына алып келді, біріншісі — XX ғасырдың 50-60 жылдары, 
екіншісі — 80-90 жылдары болды. КСРО ыдарағаннан кейін Қазакстан халқы өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырып, егемен, тәуелсіз мемлекет құрды.

10.  Адамның кұкығын және негізгі бостандыктарын құрметтеу 
принципі - халықаралық құқықтың негізге алынатын прин- 
циптерінің бірі, ол соңғы онжыдцықта (Адам құқығының бүкіл- 
әлемдік декларациясы, 1948 жылы қабылданған) халықаралық 
жағдайға ықпалы артып келе жатқан өзінше тақырыпқа айналуда. Осы себептен ғана бүл тақырып ұзақ уақыт бойы идеологияның шашбауын көтеріп келді. «Батыс» пен «Шығыстың» біріне бірі қарсы қолданар қаруы болды. БҰҰ-ға мүше болғандықтан Қазақстан өзінің сыртқы саяса-тында халықаралық құқық принциптерін негізге алады. Қазақстан, ЕҚЫҮ-ға мүше болғандықтан, өзінің сыртқы саясатында 1975 жылы Хельсинкиде қабылданған Қорытынды Акті декларациясының 10 принципіне сүйенеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

       Қазақстанның сыртқы саясатының  негізгі бағыттары Республика Президенті     Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы» атты еңбегінде анықталған.

Республиканың сыртқы саясатындағы байланыстардың және стратегиялық мүдделердің қазіргі жағдайын ескерсек, мына бағыттардың алар орны ерекше, олар: ТМД, АТА, Азиялық, Еуропалық, Америкалық бағыттар.

1. ТМД 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО кезіндегі соңғы уақиғалармен тікелей байланысты. Қеңестік қоғамның экономикалық және саяси жүйесін мүлдем қайта құру қажеттігін алғашқылардың бірі болып терең сезінген Президент Н.Ә. Назарбаев еді. Принципті мәселелерде әрқашан батылдық танытатын ол, қоғамды демократиялық жолмен қайта құру үшін, нарықтық экономикаға көшу үшін нақты жол бар екендігін басқалардан бұрын көрегенділікпен көре білді, ақылға сап пайымдады.



Бұл бағытқа бет бұрғанда солшылдыққа жол берілмеу керек екенін қатаң әрі дер кезінде ескертті. Н.Ә. Назарбаев өзінің ТМД бойынша әріптестеріне Достастық - біртұтас халық шаруашылығы кешенінің не екенін (КСРО тарағанға дейінгі), ондағы еңбекті бөлу және мамандандыру жүйесінің қандай екенін пайымдап ой елегінен өткізу қажеттігін айтты.

     Достастықтың негізгі мақсаты – саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өзара тиімді жағдайда бірлесіп шешу мақсатында бұрынғы кеңес кеңістігі республикаларының интеграциясын қамтамасыз ету.

 2. АТА. Президент Н.Ә. Назарбаев «Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Пекин — Сеул — Токио бағыты озық технология аймағы, ірі инвестициялар бере алатын несие көзі ретінде біз үшін маңызды, ол келешекте өнімдерімізді өткізетін және кейбір жобаларымызды жүзеге асыру үшін жұмысшы күшін тартатын рынок» - деп санайды92.

Қазақстан, басқа да Орталық Азия мемлекеттері сияқты, Еуропа мен Азияның орта тұсында орналасқан, сондықтан да Қазақстанды тұрақты даму даңғылына түсіретін бір жол жаңа ғасырда Азия-Тынық мүхиты аймағындағы елдерме экономикалык, өзара байланысты күшейту арқылы жатыр» - деп есептейді Н.Ә. Назарбаев.

Сыртқы саясаттың азиялық  бағытында Қазақстан-Қытай қатынастарының салмағы басым. Қытай — XX ғасыр мемлекеті. Қазақстан-Қытай қатынастарының жетілуіне екі ел басшылары Н.Ә. Назарбаев пен Цзян Цзэмин зор үлес қосты. Бұл қатынастар күн санап нығая түсуде. Сауда көлемі ұлғаюда, саяси байланыс та біркелкі дамып келеді. Қытаймен шекараның милитаризациясыздануы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне берілген қосымша кепілдік болып табылады. Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «ол осы қуатты мемлекетпен достық және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын жалғастыруға негіз»9, Қытаймен шекараны демаркациялау тек Қазақстанның ғана емес, жалпы аймақтың қауіпсіздігін нығайтуға берік негіз болады.


АТА-ға Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур және басқа индустриялды жаңа елдер кіреді, олар тарихи қысқа мерзімде әлеуметтік – экономикалық мешеуліктен арылып, әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындады.

3. АЗИЯ БАҒЫТЫ. «Басты назар Туркияға аударылады, ол өнім өткізетін  әлуетті рынок және нарықтық экономиканы қалай дамыту керек екендігінің үлгісі. Араб Шығысындағы және Орталық Азиядағы елдермен ынтымақтастық экономикаға инвестиция тарту үшін қажет». Туркия Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды, оның Қазақстанға осы жылдары көрсеткен көмегі қормақты әрі нақты, оны бағаламасқа болмайды. 1990 жылдың аяғында қаланған мемлекеттік деңгейдегі бірқатар құжаттарда ол өз бекемін тапқан. 1991 жылы қыркүйекте екі ел басшылары Қазақстан мен Туркия Республикасы арасындағы өзара қатынастардың принциптері мен мақсаттары туралы Декларация қабылдады.

Сонымен, Туркиямен арадағы саяси да, экономикалық та бағыттар нығайды. Қазақстан үшіңн баламалы, экспорттық құбырлардың бірі ретінде Баку – Жейхан жобасын іске асыру жөніндегі белсенді жұмыс атқаруда.

4. ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТ. Біздің саясаттағы еуропалық вектордың Қазақстан үшін маңыздылығы барған сайын артуда. Бұл Батыс Еуропадағы ықпалдастықтың жоғарғы деңгейде болуымен байланыстиы. Еуропалық Одақ, саяси және экономикалық тартымды орталықтардың бірі ретінде, Қазақстанның ең ірі сауда – экономикалық серіктестігіне айналды. Қазақстанның бұл Одақпен өзара әрекеттігінің барлық аспектілері (әскери саладағы және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан басқалары) 1995 жылғы Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестіе және ынтымақтастық туралы Келісімде көрініс тапқан, ол құжат 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.

5. АМЕРИКАЛЫҚ БАҒЫТ. Аса мол қаржы ресурстары мен басқадай экономикалық қуат, ұлттық шектен тыс корпарацияларға, ХВҚ, Дүниежүзілік Банкке, басқа халықаралық қарды институттарына, осы күнгі байланысжәне ақпарат құралдары жүйесіне, оның ішінде Интернетке бақылау жасау, БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да және басқа әмбебеп ұйымдарда саяси басымдылыққа ие болу, жойқын әскери қуаты, қоғамдық құрылыстағы даусыз жетістігі, әлемдік және саяси өмірінің шарықтауы АҚШ-ты әлемдік көшбасшы державаға айналдырды. Сондықтан да Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың республика үшін маңызы зор деп санайды.

   Тәуелсіз еліміз дүниежүзілік саяси сахнада орнықты орны бар аса беделді халықаралық ұйым – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуде. Әрине, еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Еуропаның бұл Ұйымның төрін қазақ жұртына ұсынуы – оңайлықпен келген жоқ. Бұған біз мемлекетіміздің ұстанған саясаты мен батыл қолға алған бастамаларының арқасында қол жеткіздік. Бұл төрағалық – Қазақстан үшін үлкен абырой әрі мәртебе. Барлығымызға белгілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы – әлеуметтік-демократиялық, зайырлы мемлекет. Оның негізгі құндылығы – адамның өмірі мен бостандығы” деп жазылған. Міне, осы қағиданы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап берік ұстанып келеді. Осы уақыттан бері демократиялық қоғам құру, адамның бостандығы мен құқығы бірінші орынға шықты. Біздің осы егемендікке қол жеткізген жылдардан бастап қабылдаған заңдарымыздың, тыныс-тіршілігіміздің барлығы – осы адам құқығын қорғау мен адамның бостандығына, сондай-ақ адам өмірінің жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей бағытталған десек, артық айтқандық болмас. Сондықтан да, бүкіл Еуропа елдері мен жалпы Еуропа әлемі Қазақстанның осындай басымдықтарын бағалап, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына өз төрін ұсынды. Ұсынып қана қоймай, еліміздің осы Ұйымға төрағалық етуін жан-жақты қуаттап қолдады. Енді, міне, Қазақстан – өзінің аршынды қадамымен Ұйымға төрағалық етуге бар ынта-ықыласымен белсене кірісіп те кетті. Бұл ретте біз төрағалықтың екі қыры бар екендігін есте сақтауымыз керек. Біріншісі – әлемнің ең беделді де белді Ұйымына Қазақстанның төрағалық етуі – бұл ел үшін, жұрт үшін сөзсіз абырой, сөзсіз мәртебе. Ал екіншіден, бұл төрағалық Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі, төрағалыққа қол жеткізуіміз – біздің еліміздің күллі ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы беделін айқындап қана қоймай, олардың арасында бұл мәртебені бірінші болып иеленгендігін көрсетеді. Яғни, бұл Қазақстанның осы елдердің арасынан суырылып шығып, “бірінші мемлекет” болғандығын айғақтайды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы тек қана Қазақстанның мүддесін ғана ойлап қоймай, осы біздің географиялық жүйедегі ТМД, Орталық Азия мемлекеттерінің де мүдделерін қорғайтын болады. 1 қаңтарда Қазақстан КСРО елдерінің ішінен бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығын қабылдады.

   Күні кеше ғана  Елбасымыз осыдан 10 жылға жуық уақыттан бері аталған Ұйымның саммиті өтпегендігін атап айтқан болатын. Осы ретте Мемлекет басшысы бұл саммитті биыл, яғни 2010 жылы Қазақстан елордасы – Астанада өткізу туралы бастама көтерді. Осы орайда, аталған саммитте көп мәселе шешімін табар. Бұл шешімдердің бір тетігі – төзімділік мәселесіне келіп тіреледі дер едім. Себебі, төзімділік – Қазақ елінің беделді Ұйымға төрағалық етуі кезінде ұстанатын басты ұрандарымыздың бірі болып саналады. Толеранттылық, яғни төзімділік өз тамырын Қазақстанда кеңінен жайған деуге болады. Себебі, дәл қазіргі таңда еліміз түрлі конфессиялар мен түрлі этностар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, дінаралық татулық бағытында батыл бастамалар көтеріп жүрген жас мемлекет ретінде айдай әлемге танылды. Бүгінде елімізде 140 этнос өмір сүріп, 40-тан астам конфессия өз жұмыстарын еш кедергісіз жүргізуде. Бұл ненің белгісі? Бұл, ең алдымен, мемлекет саясатында төзімділік ұстанымының берік орнағандығының, түрлі этнос арасындағы мамыражай, тату-тәтті тіршіліктің көрінісінің бір белгісі. Ал осы төзімділік ұстанымын кеңінен сөз еткенде мынаны айтуға болады. Төзімділік мәселесінде басқа мемлекеттерге ұқсамайтын Қазақстанның өз жолы, өз тәжірибесі бар. Қазіргі таңдағы біздің мемлекетіміздің ең негізгі саясаттарының бірі – ол Қазақстанда шоғырланған 140 этнос пен 40-тан астам конфессияны бір тудың астына біріктіру. Бұл ретте Қазақстан өз ұстанымын жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді деуге болады. Бұған біз айтып отырған конфессияаралық, этносаралық татулық дәлел бола алады.

Қазақта “Бірлік болмай, тірлік болмас” деген жақсы мақал  бар. Біздің негізгі ұранымыз да осы. Осының арқасында біз толеранттылық деген қағидамызды әлемге танытып келеміз. Ол біздегі түрлі діндер арасындағы тату-тәтті тіршіліктен көрінеді. Астанада үш мәрте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінде рухани қалыпты, адам бойындағы моральдық құндылықтарды, ұлттар арасындағы бірлік пен өзара сенімді сақтау үшін не қажет деген өзекті сауалдар төңірегінде қаншама пікір алмасылды. Мұны халықты төзімділікке жетелейтін батыл бастама ретінде әлемнің жетекші мемлекеттері қазірдің өзінде мойындап үлгерді. Екіншіден, біздегі Қазақстан халқы Ассамблеясын алып қарайықшы. Бұл – әлемде үлгісі жоқ қазақстандық жоба. Яғни, ешқандай елде мұндай жоба жоқ десек те болады. Міне, сол себепті біз “Әртүрлі этносты бір тудың астына біріктіру” деген ұстанымды дүние жүзіне танытуымыз қажет. Танытып қана қоймай, таратуымыз қажет. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі 4 ұранның бірі – төзімділік осы мақсатты көздейді. Бұл, ең алдымен, бүкіл әлемдегі еларалық ынтымақты, бірлікті, татулықты көздегендіктен туып отыр.

Информация о работе Қазақстан республикасының сыртқы саясаты